Оқушыларды сапқа
тұрғызу. Сабақтың мақсатын түсіндіру.
Орында тұрып бұрылу, жүру, жүгіру, олардың
түрлері. Тыныс алу жаттығулары, бой жазу
жаттығуларын жасау.
1. Қапты аяққа киіп секіру жарысы. Топты
2 командаға бөлеміз. Ойыншылар бірінің
артынан бірі тұрады. Қатар тұрған екі
тізбектің арасы бір-бірінен 3-5 қадамдай
қашық болады. Тізбектердің алдына сөре
сызығы сызылады, ал олардың қашықтығы
10-15 м болатын қарсы жаққа бір-бір зат қойылады.
Белгі берілісімен алдында тұрған екі
оқушы қаппен затты айналып өтіп қайта
оралады. Бірінші болып жеткен команда
жеңіске жетеді.
2. «Кім бірінші» (доппен). Оқушыларды екі
топқа бөліп бірінің артынан бірі тұрады.
Тізбектердің алдына сөре сызығы сызылады,
олардан 2-3 м қашықтықта сызық сызылады.
Бұл сызықта әр топтан капитан командасы
қарама-қарсы тұрады. Бергі берісімен
капитан командасы допты өз командасындағы
1-ойыншыға лақтырады, ол допты қайтадан
капитанға лақтырып отырады, ойын осылай
жалғаса береді. Кі бірінші болып ойынды
бітірсе, сол команда жеңіске жетеді.
3. Обручтың арасынан өту. Екі оқушы әр
топтан обручты ұстап тұрады. Оқушыларды
екі топқа бөлеміз. Тізбектердің алдына
сөре сызығы сызылады. Белгі берісімен
алдында тұрған оқушылар тез жүгіріп,
обручтың арасынан өтіп, өз командасына
алақанмен ұрып, эстафетаны береді, эстафета
жалғаса береді. Бірінші болып жеткен
команда жеңіске жетеді.
4. «Кім тез қимылдайды».
Топты екі командаға бөлеміз. Оқушылар
бір-біріне қарама-қарсы сапқа тұрады.
Аралары 5-6 м. Әр команданың оң жағында
бірінші тұрған оқушы обручты тез алып
бас жағынан киіп тез аяғы жағынан шығаруы
керек.
Керісінше аяқ жағынан кіргізіп бас жағынан
шығарып отырады. Қай команда тезірек
бітсе сол команда жеңіске жетеді.
5. Қолмен допты домалату.
Топты екі командаға бөлеміз. Бірінің
артына бірі тұрады. Әр команданың алдында
бір-бір доптан тұрады. Мұғалімнің белгісімен
алдында тұрған оқушы допты домалатып,
5-6 м жердегі затты айналып өтіп өз командасына
береді. Қай команда бірінші бітсе сол
команда жеңеді. .
6. Ракетамен шарикті ұрып жарысу. Топты
екі командаға бөлеміз. Оқушылар бірінің
артына бірі тұрады. Әр команданың алдынан
сөре сызығы сызылады, ал олардың қашықтығы
10-15 м болатын қарсы жаққа бір-бір зат қойылады.
Белгі берісімен алдында тұрған оқушы
ракетамен шарикты алып жүреді, затты
айналып өтіп, қайта оралады. Қай команда
бірінші болып бітірсе сол жеңіске жетеді.
7. Арқан тартыс. Топты екі командаға бөлеміз.
Оқушылар бірінің артына бірі тұрады.
Қатар тұрған екі тізбектің арасы бір-бірінен
3-4 қадамдай қашық болады. Тізбектердің
алдына сызық сызылады. Мұғалімнің белігісімен
оқушылар тартысады, кім сызықтан асыра
сүйреп кетсе сол жеңіске жетеді. Тек қана
мұғалімнің белгісімен басталады.
Оқушыларды сапқа тұрғызу. Саппен жүру.
Денені босату жаттығуларын жасату. Сабақта
ерекше көзге түскен оқушыларды атап өту.
Үйге тапсырма беру. Президенттік сынамаға
дайындалу. Ұйымшылдықпен спорт алаңынан
қайту. |