Эстетикалыќ тєрбие мен адамгершілік тєрбиесініњ мєні мен міндеттері, олардыњ алатын орны мен єдіс-тєсілдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 17:35, контрольная работа

Описание работы

1. Эстетикалық тәрбиенің міндеттері мен мәні.
2. Эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдары мен єдістері
3. Бала тәрбиесіндегі адамгершілік тәрбиенің алатын орны.
4. Мектеп жасына дейінгі балаларда адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың әдіс-тәсілдері.

Файлы: 1 файл

эстетикалық тәрбпие.doc

— 109.00 Кб (Скачать файл)

Таќырыбы: Эстетикалыќ тєрбие мен адамгершілік тєрбиесініњ мєні мен міндеттері, олардыњ алатын орны мен єдіс-тєсілдері

 

Жоспар

  1. Эстетикалық  тәрбиенің міндеттері мен мәні.

2. Эстетикалық  тәрбиенің негізгі құралдары  мен єдістері

3.Бала тәрбиесіндегі  адамгершілік тәрбиенің  алатын орны.

4.Мектеп жасына  дейінгі балаларда адамгершілік  құндылықтарды қалыптастырудың  әдіс-тәсілдері. 

 

  1. Эстетикалық  тәрбиенің міндеттері мен мәні.

         Эстетикалық тәрбие  тәрбие дегеніміз  баланың қоғамдық өмірдегі, табиғаттағы  ,еңбектегі, тұрмыстағы  қолөнердегі әсемдікті дұрыс қабылдау, түсіну қабілетін  тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие балалардың әсемдік жөніндегі  түсінігін кеңейтіп, сұлулықты тану, сүйе білу, оны шығармашылықпен  жасап, өміірге ендіре білу қабілетін, эстеиткалық талғамын, қиялын дамытады.

     Өмірде <Эстетикалық тәрбие>, <Көркемдік  тәрбие>, <Эстетикалық даму> дееген  үш түрлі түсінік  бар.

Соның ішіндегі зерттелетін тәрбиенің бірі төменгі  сынып оқушыларының сыныптан тыс  эстетикалық  міндеттері мен мәні болып отыр.

   Эстетикалық – бұл өте кең ұғым. Ол әсемдікті сезе білуге тәрбиелейді.

   Эстетикалық  тәрбие көркемөнер  құралдары арқылы  ғана емес, қоғамдық өмірдің , оқудың , еңбектің, табиғаттың әсемдігін тану  процесін де  тәрбиеленеді .

Көркемдік  тәрбие – ккөркемөнер құралдары  арқылы тәрбиелеу. Көркемдік  тәәрбие эстетикалық тәрбиенің ең негізгі  бөлімі  болып саналады.

  Ал енді эстетикалық дамуға келетін болсақ – ол дегеніміз баланың эстетикалық нәр аалуға мүмкіндік тудыратын сезім мүшелері мен шығармашылық қабілетін  ұштау, өмірдегі , көркемөнердегі әсемдікті түсініп қабылдауына , жан құбылысының  тебіренуіне  педагогикалық жағынан ықпал ету арқылы баланың эстетикалық сезімін дамыту.

  Эстетикалық сезім дегеніміз өмірдегі , сұлулықтағы, көркемөнердегі әсемдікті қабылдаудан  туатын эстетикалық нәр алу, толқу, рахаттану. Ол – адамға  ғана тән жоғарғы сезім.

Төменгі сынып  оқушыларының  сыныптан  тыс тәрбиесіне баса назар аударайық. 

   Н. К.  Крупская : <төменгі сынып балаларды  тәрбиелеушілердің  алдындаа  кптеген міндеттері тұр, сол істі барынша өрістету, оқушыларға қоғамдық тәрбие беру өте қажет>, - деп мектепке дейінгі тәрбиенің міндеттерін  белгілеп берген.

Эстетикалық тәрбие баланы өмір құбылыстарын  терең  ққабылдауда , органикалық процестерін  дұрыс дамытуға, білімге құштарлығын  артыруға ықпал етеді. Эстетикалық әсерлену әсемдікті қабылдауға ғана негізделіп қоймайды, өнер шыығармасының мазмұны мен идеясын терең түсінуге  де негізделеді. Бұл эстетикалық  тәрбиенің аақыыл – ой, адамгершілік, еңбек, дене тәрбиесімен тығыз байланысын байқатады.

Төменгі сынып  оқушыларды көркем шығармаларға, табиғаттың әсемділігіне ,адамның  жақсы тәртібіне  және тамаша мінез – құлықының  ілтипатына мойын ұсындыру ,адамның  адамгершілік  парасатына үлкен  әсерін тигізері сөзсіз. Әсемдікті сезіну баланың өмірін байытып, бір – біріне достық қарым – қатынас , жақсылық істеуге талпынысын, белсенділігін тудырады.

Тәрбиенің бұл  саласын бала дамуының  алғашқы  сатысы – мектепке дейінгі кезеңнен басталу керек.

Балалардың  эстетикалық қабылдауын жүйелі түрде дамыту.   

Осының негізінде қоғамдыық  өмір мен айналаны терең тану және олардың адамгершілік  бейнесін қалыптастыруда  үлесі кең. Тәрбиеші баалалардың зейінін өміірдегі , табиғаттағы , еңбектегі адамдардың тәртібі мен іс - әрекетіндегі , тал бойындағы әсемдікті көре білуге, өмірдегі шын әдемділікті жасанды әдеміліктен ажырата білуге , өмірдегі  шын әдеміліктен  ажырата білуге аудару, оны д±рыс  баѓалауѓа ‰йретеді.

Бала µмірініњ алѓашќы  к‰нінен бастап , кµз тартатын ашыќ т‰стерге ,ойыншыќтарѓа ,заттарѓа талпынады. Анасынан естіген бесік жырыларынан ,ертегілерден,єндерден балада ќанаѓаттану, ќызыѓу сезімдері оянады. Осы эстетикалыќ тєрбие процесінде  баланыњ санасыз єрекеті бірте – бірте єсемдікті саналы ќабылдауѓа ауысады.

    Балалардыњ  эстетикалыќ т‰сінігі мен ќ±штарлыѓы, сезімталдыќ  ќабілетін  дамыту. Эстетикалыќ жан ќ±былысын тудыратын <ќуану, ќайѓылану, єрі- сєрлену> кµркемдік ќабылдау баланыњ шыѓармада бейнеленген кейіпкердіњ ќуанышы мен ренішіне, табысына бірге ќуанып, бірге бірге єлсіреуін , кµњіл к‰йініњ толќуын ќажет етеді. Балалар ќуанышы мен ренішін , ±натќаны мен ±натпаѓанын , єдеттері арќылы, маќ±лдауы, кінєлауы, ќимыл єрекеті, мимикалары арќылы тікелей байќатады. Б±л балалардыњ белгілі шыѓармаѓа деген ќарым-ќатынасын, ойын, кµзќарастарын танытады. Кµркем шыѓармаларыныњ к‰ші баланыњ санасына , сезіміне, еркіне єсер етіп, ќ±былыстарѓа  ќарым-ќатынасын тєрбиелейді : мысалы, балалар кµњілді єнніњ сазына ќуанады, ќызыќ ертегілерді ‰нсіз тыњдайды, сєтсіздікке кездесетін кейіпкерге жаны ашып, тілектестік білдіреді.

Эстетикалыќ тєрбиеніњ  міндеті- кµркем шыѓарманныњ мазм±нымен т‰рін бірлікте ќабылдау ќабілетін  дамытуѓа кµркем шыѓарманыњ идеясын  ќабылдауѓа, єдеміліктен нєр алуѓа, жаќсыдан ‰йреніп , жаманнан жиренуге баѓыт беру.

Эстетикалыќ тєрбие міндеттерініњ бірі – балалардыњ  кµркемдік талѓамын тєрбиелеу. Балаларды жаќсы мен жаманды , с±лулыќ пен кейіпсіздікті,нєзіктік пен дµрекілікті, бір т‰стілікпен ала – ќ±лалыќты ажырата білуге , µлењ ,єн, музыка.суреттіњ не себептен ±найтынын, не себептен ±намайтынын айта білуге ‰йретеді.

Эстетикалыќ талѓам - µте кењ т‰снік. Ол µнер шыѓармаларын  т‰сініп, нєр алу ѓана емес, сонымен ќатар табиѓаттыњ , µмірдіњ, ењбектіњ , т±рмыстыњ ,киімніњ єсемділігін т‰сіну.

Талѓамды тамытуда оќыту  процесі негігі роль атќарады.Сабаќта балалар кµркем єдебиет, музыка , кескіндеу туындыларымен танысады, єсемдік єлеміне саяхат  жасайды, лєззат алады,т‰сіну, кµру,сезу талѓамы ќалыптасады, б±л баланыњ болашаќтаѓы рухани д‰ниесініњ  баюына негіз болады. Эстетикалыќ тєрбие балалардыњ кµркемдік-творчестволыќ  ќабілетін дамыту  жєне тєрбиелеу міндетін іске асырады.

Н.К.Крупская балалар қабылдап қана қоймай, әрекет істеуі керек, еліктеп қана қоймай,жасайда білу керек деп атап көрсеткен.

Эстетикалық тәрбие берудің  толықтылығы – мекткптен тыс орындарда, семьяда,  жалғастырлуымен қамтамасыз етіледі.

  1. Эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдары мен єдістері

Эстетикалық тәрбиенің  негізгі құралдары: балаларды қоршаған дүниенің, ортаның эстетикасы, табиғаттан, өмірден алған әсері, көркем өнер шығармалары, бейнелеу өнері, мерекелер және сауықтар: а)өзін қоршаған дүниенің, ортаның эстетикасы – тұрмыс  эстетикасы. Баланы қоршаған материалдық тұрмыс эстетикасы, балалармен қарым - қатынас жасап, араласып жүретін адамдардың морльдық бейнесі, тәртібі – эстетикалық тәрбие құралының тиімді түрі болып табылады. Тұрмыыс эстетикасын ұйыдастыру – балаға эстетикалық тәрбие берудегі ең басты шарттардың бірі деген

А.С. Макаренко. Тұрмыс эстетикасы оқушыларға күнделікті әсер етеді: тазалық  пен реттілік, қарапайымдылықпен мақсаттылық, мектептің педагогикалық талапқа сай безендірлуі. Тазалық пен реттілік тұрмыстың әдемілігі мен ыңғайылығын қамтамасыз етеді.

Эстетикалық тәрбие беруде балалардың және оларды қоршаған адамдардың сыртқы көрінісінің , жүріс-тұрысы, тәртіп үлгілерінің маңызы зор.

Оқушылардың киімдері жасына лайықты, ыңғайлы, таза болуы керек. Оқушыларды өзіінің сыртқы бейнесіне  қарауға баулу керек, бірақ ол теріс бағыт алмауын көздеу, яғни тек өзінің сыртқы көрінісіне ғана көңіл бөлу, қылмысушылық, сәнденушілікке айналып кетпеуін ойластырып отыру қажет.

ә) эстетикалық қабылдау мен жан құбылысының қайнар көзі - өмір болып табылады. Оқытушы оқушыны болмыстан алған әсерін эстетикалық тәрбие берудің құралы ретінде пайдаланады.

б) табиғат - оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің құралы.

в)көркем өнер шығармалары- эстетикалық тәрбиелердің әсерлі құралы.классикалық  көркемөнер шығармалары, халықтық өнер, қазіргі кездегі реалистік көркемөнер туындылары үлкен  тәрбие құралы болып  отыр. В.Г. Белинский <бала сол көркем шығарма арқылы ненің жақсы, ненің жаман екенін ешкім түсіндірмей-ақ өзі ұғынатын, өзі сезінетін болады>, деген.

г) бейнелеу өнері  эстетикалық  тәрбие құралы.

Қазіргі кезде Егеменді елімізде жастарға әсемдік тәрбие беруде қазақ халқының мәдени мұрасы айрықша роль атқарады. Сол себепті әсемдік тәрбие халық өнерінің  ерекше бір түрі . Өйткені өнер халіқтікі, оны тудыратын да, бағалайтын да оның өзі.

Өнерн халық қолдауын тапса ғана өмір сүреді. Өнерді қоғамға телуші де, қоғамнан аластаушы да халық.

Қазақтың ағартушы- демократтары Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаевтардың халқымыздың рухани дамуына үлкен үлес қосқаны барша қазақ халқына мәлім.

Эстетикалық тәрбиенің  әдістері – оның мақсатымен міндеттеріне байланысты анықталынады. Әдістер баланың жас және іс- әрекет ерекшеліктеріне байланысты қолданады. Әр адамның эстетикалық қабылдауында  жеке ерекшеліктері  болады. И.П.Павлов адамдардың нерв қызметіне байланысты 2 түрлі негізгі типтері бар: көркем және ойшыл типтер деп көрсеткен. Көркем  - тез әсерленгіш типтер, қоршаған ортаны тікелей бірінші сигнал системасы арқылы қабылдайды.

Бұндай типтер көркем шығарма ықпалына тез берілгіш келеді. Ойшыл типтер талдау қызметіне, сөзге, құбылыстарды қортындылауға күшті. Ол екінші сигнал жүйесі арқылы негізделеді. Бұл белгілердің барлығы балаларда мектептегі сыныптан тыс , тәрбие жұмысы кезінде сол ерекшеліктерді дамытуға бағытталады.

Эстетикалық тәрбиенің негізгі  әдістері: бақылауды дұрыс ұйымдастыру, оқушылардың әсерленуін  молайту, түсіндіру, әңгімелесу, үлгі көрсету, бейнелеу өнеріндегі әрекеті үшін мақтау және жетістіктерін бағалау.

Бақылауды ұйымдастыру – бұл  әдіс айналадағы әсемдікті көре білуге, байқауға үйрету- эстетикалық тәрбиенің  негізгі әдістерінің бірі. Оқытушы  белгілі бір құбылысты бақылауға  үйретуде баланың зейінін аударатын сұрақтар қояды, сол жайында өлең оқииды, мазмұнын түсіндіреді.

Әрбір әдістің өзіне тән ерекшеліктері  бар. Әңгіме әдісін пайдалану арқылы баланың ойын негізгі мәселеге аударып, қызығушылығын оятады. Оқушыларға өз пікірін айтуды, баға беруді үйретеді. Әңгіме үлгі көрсету әдісімен жалғасып, үндесіп келуі қажет.

Абай Құнанбаев: Адамның адамшылдығы  – Ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы  әке, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады деген.

3. Бала тәрбиесіндегі адамгершілік тәрбиенің алатын орны.

Адамгершілік  тәрбиесі дегеніміз – баланың  бойында мінез-құлықтың белгілі  бір сипатарын қалыптастыру және оларға өздерінің бір-біріне, отбасына, басқа адамдарға, мемлекетке, Отанға деген қатынасын анықтайтын мінез  нормалары мен ережелерін дарыту жөніндегі тәрбиешілердің арнаулы мақсат көздеген қызметі.

Адамгершілік, адамгершілікке баулу дегеніміз не? Біздіңше, ол адамдардың үлкен бе, кіші ме, әрбір  істеген ісін, сөйлеген сөзін, өзгелермен қарым-қатынасын ақылға салып, ар-ұят  таразысынан өткізіп, біліммен ұштастырып, ең әділ, ең дұрыс жолын таңдап ала білуі. Сондықтан адамдыққа баулу жұмысының ережесі балабақшадан бастап, нақтылы мақсатты көздеуі шарт. Тәрбиеші балалардың орынды іс-әрекеттерін мақұлдай отырып, азды-көпті жіберген кемшіліктерін өздері түсініп, түзетуге бағыттай білуі тиіс. Әр бала өз ісімен қылығына жауапкершілікпен қарап, ұялу, кешірім сұрау сияқты әдетерді үйренуі керек. Балалардың рухани дүниесін байыта отырып, талғамдарын арттыруға ат салысу, жаңа, озық тәжірибені дер кезінде насихаттап, өмірге енгізу – барша қауым, педагогтардың бірлесе атқаратын абыройлы міндеті.

Ата-аналар балаларын жақсы  мінез-құлыққа саналы түрде тәрбиелей  отырып, қалыптасқан дағдыға, әдетке айналдыру арқылы адамгершілік қасиеттерді  олардың бойына сіңіреді. Бала бойында жақсы мінез-құлықтарды сіңіруде ата-ананың, жанұя мүшелері үлкендерінің жеке басын үлгі-өнегесі ерекше роль атқарады. Бала оларға қарап, еліктеп өседі. Кейбір ата-ананың балаға айтар өсиеті мен күнделіктегі тіршіліктегі іс-әрекеті, мінез-құлық сай келе бермейді. Балаға өтірік айтпа, ұрлық істеме, біреудің ала жібін аттама, кісіге қиянат жасама дей отырып, ата-ана немесе отбасының өзге мүшелерінің өзі осы қылықтармен айналысса, бала тәрбиесіне теріс әсер етері сөзсіз.

Балабақшадағы тәрбие –  барлық тәрбиенің бастамасы. Мектепке дейінгі шақ бала бойындағы адамгершіліктің негізін қалайтын кезең. Сондықтан да бала бойында жас кезінен бастап ізгілік, мейірімділік, инабаттылық сезімдерін қалыптастыру ата-аналар мен тәрбиешінің міндеттері.

Мектепке дейінгі педагогика ғылымы мен практикасының алда тұрған негізгі міндеттері – балалардың бойында адамгершілік қасиетін қалыптастыру үшін ең тиімді жағдайлар туғызу. Ол мыны жағдайлармен түйінделеді: гуманизм бастамасын тәрбиелеу, балалар мен үлкендер арасындағы саналы қарым-қатынас ( тұрмыстың қарапайым ережелерін орындау, кеңпейілділік, қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен қарау және т.б.) көпшілікке тәрбиелеу, балалардың өзара көпшілік қарым-қатынасын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, әр-түрлі ұлт өкілдерін қадірлеу, сыйлау, құрмет көрсету. Педагогтар мен ата-аналар балаларды гуманизм негізінде тәрбиелей отырып, үлкендерді қадір тұтуына, олардың айтқанын тыңдауына баса назар аударуы тиіс. Аса көрнекті Кеңес педагогы В.А. Сухомлинский бұл жөнінде: «Адамгершілікті, мейірбандықты, қайырымдылықты тәрбиелейтін шын мектеп – отбасы. Анаға, әкеге, атаға, әжеге, ағаға, ініге, апа-қарындасқа қарым-қатынас, адамгершілікке сын болып табылады.»,- деп атап көрсетті. 

Информация о работе Эстетикалыќ тєрбие мен адамгершілік тєрбиесініњ мєні мен міндеттері, олардыњ алатын орны мен єдіс-тєсілдері