Этнопедагогика (ұлттық дәстүр)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2013 в 09:05, реферат

Описание работы

Әр халықтың ғасырлар бойы мысқылдап жиналып, бейне бір арнасы кең өзендей асқар таудай болып қалыптасқан өзіне тән салт-сана, дәстүрлері болады. Бұл салт-сана, достүрлер сол халқықтың адам тәрбиесі, адамгершілік дүниеге, өмірге көзқарасы мен рухани күйінен туған. Сол үшін де ол халықтың жан дүниесінің айнасы, ұрпақтарының кәдір тұтар мұрасы болып қалады.

Файлы: 1 файл

этнопедагогика.docx

— 54.47 Кб (Скачать файл)

 Қорыта келе айтарымыз, қазақтың ежелгі дәстүрлерінде суға дегсн көзқарас — оны бүлдіру, былғау, ластау емес, қайта оны қадірлеу, қасиеттеу, аса жоғары бағалау болған.

 Табиғат қорғау және экология проблемаларын дер кезінде және тиімді шешу үшін, әрине маман кадрлар керек, Халық шаруашылығы салаларында табиғат байлықтарын пайдалану процестеріне тікелей қатысатын, басқаратын адамдардың экология және табиғатты қорғау жүйелерінен хабары, тиісті білімі болуы керек.

 Табиғатқа жанашыр болу — адамзат қоғамына оның келешегіне жанашырлық жасау болып табылады. Сондықтан табиғат қорғау және экология мәселелерін негізінен мектептен бастап, жоғарғы оқу орындарын бітіріп халық шаруашылығына жолдама алатын мамандардың өзі мен бірге ала жүретін төл ісіне айландыру керек.

 Қазіргі кезде халықаралық табиғат қорғау және экология қоғамы жер жүзіндегі әрбір халықтың ежелден бері қарай, сонау алыс дәуірлерден бастап, өз өмірінде қолданып келе жатқан табигатты қорғау экология мәселелерін шешу дәстүрлерін жинауға кірісті. Әрбір халықтың халық болып тарихта белгілі бола бастауына, олардың географиялық орналасуына, әлеуметтік-экономикалық жағдайларына, кәсіп етіп келген шаруашылығына байланысты әр халықтың табиғатты қорғауға және экологияға деген көзқарасы бұрын да әр түрлі болғаны, қазіргі кезде әр түрлі екені белгілі бола бастады.

 Жер шарында табиғи ресурстар мол болғанымен ол сарқылмайтын дүние емес. Адам өмірі үшін шикізат күннен күнге көп керек. Тіпті жекелеген адамдардың табиғатқа немқұрайлы, селқос қарауы қаншама зиянды екенін әрбір адам борышындай сезінуі керек. Қазақ жерінің биосферасын пайдалануға біздің ғана емес, кейінгі ұрпақтардың да мүмкіндігі болуға тиіс екенін ұмытпауға міндеттіміз.

 Халықтың табиғатты қорғауға және экологияға деген дәстүрлерін жинақтау, оны кеңінен тарату адамдарды табиғатты сүюгс ғана емес, оны сақтауға, қорғауға тәрбиелеу — аса маңызды мәселе. Табиғатты сүю — Отанды, туған елді, жерді сүю деген сөз, оның барлық табиғатын еселендіріп көбейту, байлығын тасыту деген сөз.

 Бұрынғы ата-бабаларымыз өз елінің табиғатына қалай қарады, біз ата-баба жақсы дәстүрін, қалдырған мұрасын орындап жүрміз бе, жоқ па деген сұрақты әркім өзіне ғана қоймай, басқаға да, әсіресе жастарға үйрете білсе, туған жер табиғаты бұрынғыдан да бетер жайнай түсуіне, байи түсуінде көбейе беруінде күмөн жоқ.

 Саялы орман-тоғайсыз, айдынды шалқар келсіз, бітік шыққан егінсіз мыңғырған төрт түлік малсыз адамзат қоғамының шарықтап өсуі мүмкін емес. Сондықтан да табиғи ресурстарды үнемді пайдалану кезек күттірмейтін мәселе.

 Өмірлік тәжірибесі мол, ересек адамның жастарға үлгі-өнеге болуы занды десек, кейде керісінше, жас адамның да өзінен үлкен кісіге ықпал етуі мүмкін. Мысалы Шоқан Ф.М.Достоевскийден көп нәрсені үйренумен қатар, оған да ерекше қабілеттілігімен ықпал етті. Сондықтан да Ф.М.Достоевский Шығыс мәдениеті жөнінен Шоқанға тәнті болды. Оның «Шоқан табиғаттың өзі тудырған дара тұлға» деп бағалауы да тегін емес. Шоқан туралы Г.Потанин «біздің жасымыз одан үлкен болса да, ол білім жағынан бізге аға сияқты еді, біз оның қасында жалаңаяқ бала сияқты едік, … ол біздің жолдастарымызға және маған да білім жағынан «Европаға қарайтын терезе сияқты еді…. Деген болатын.

 Адамның жан-жақты үйлесімді жетіліуіне, яғни біліміне, кәсіптік ебдейлігіне, өндірістік дағдысын дамуына, творчестволық қажеттілігінің өсуіне халық дәстүрлерінің тигізетін әсері ерекше. Кадрлар даярлауда, және олардың біліктілігін арттыруда халық дөстүрлері айрықша роль атқарады. Үздіксіз экологиялық білім беруде де қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін естен шығармауымыз керек. Сондай-ақ, жастарға белгілі бір немесе бірнеше мамандықтарға ие болуға, оларды меңгеруге, еңбек дағдыларын қалыптастыруға халық дәстүрлерінің атқаратын ролі орасан зор.

 Осы айтылғандардың бәрі казақ халқының дәстүрлерінің барлық салаларын педагогикалық, психологиялық, экономикалық және философиялық тұрғыдан комплексті түрде зерттеуді қажет ететіні өзінен-өзі белгілі.

 Халық дәстүрлерінің теориялық жағдайын және практикалық актуальдығын жан-жақты зерттеу Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің міндеті. Қазақ халқының дәстүрлері

1 Г.Потанин биографические  сведения о Ч.Валиханове. В. Кн. Ч.Ч.Валиханов. Собранные сочин.  В томт., Алма-Ата, 1985, С.354.

 Жеке адамның үйлесімді дамуы мен қабілеттілігі, әртүрлі кәсіби мамандықтардың ебдейліктері мен дағдыларының жүйесі, өнді-рістік шеберлігі туралы теориялық және практикалық мәселелерді қазіргі заман талабына сай шешіп береді және халық шаруа-шылығына үлкен экономикалық пайда келтіретініне сеніміміз мол.

 Демократияны жетілдіру,  яғни өндіргіш күштердің өрге басуы еңбек өнімділігінің өсуі, өндірісті ұйымдастыруды жақсарту, қоғамдық белсенділіктің артуы, халықтың әл-ауқатының жақсаратыны т.б. ұлан-байтақ міндеттерді жүзеге асыру үшін жастарға қабілеттілік, ебдейлілік, кәсіби шеберлік сияқты іскерлік қасисттерді меңгерудің ғылыми негізі халықтық дәстүрлерінде жатқанын әрқашанда еске алып отырған жөн.

 Сондықтан да осы еңбекте халық дәстүрлерінің жастардың қабілеттілік, дағды, ебдейлік және шеберлік мәселелерін же-тілдіруге тигізетін пайдасын арнайы қойып, зерттеп, зерттеулердін нәтижелерін баяндауымыз осы тараудың (‘Теориялық жағдайы мен практикалық»), актуалдылығының негізгі мақсаты болды. Әрбір жастың жан-жақты үйлесімді дамуы мен өзінің дарындылық қасиеттерін жетілдіре түсутс қазақ елінің салт-саналары, әдст-ғұрыптары мен дәстүрлерінің педагогикалық, психологиялық, философиялық және эконоимкалық ғылым саналарының дамуына қосатын ролі орасан зор.

 Осы мақсатқа сәйкес Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде қоғамдық негізде ұйымдастырылған «өмір мектебі» жұмыс істеп келеді. Ол қазіргі кезде өзінің көлемін кеңейтіп, басқа да мектептерде ұйымдастырылып, қарқынды жұмыс істеуде. Ол әр түрлі игіліктердің негізгі орынына айналып отыр.


Информация о работе Этнопедагогика (ұлттық дәстүр)