Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2014 в 16:41, доклад
Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» деп аталған халқына Жолдауында «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуына тиіс. Біз кәсіптік және техникалық білім берудің мазмұнын толық жаңартпақ ниеттеміз.» деп атап көрсеткені мәлім. Кәзіргі кезде білім саласында аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздар, балаға сапалы білім берудің әр түрлі әдістері мен тәсілдерін қолдану үшін көптеген еңбек етуде. Осы ізденіс барысында әр бір ұстаз өзінше табыстарға да жетіп жүргені бәрімізге мәлім.
Кейс - әдісінің келешегі.
Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» деп аталған халқына Жолдауында «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуына тиіс. Біз кәсіптік және техникалық білім берудің мазмұнын толық жаңартпақ ниеттеміз.» деп атап көрсеткені мәлім. Кәзіргі кезде білім саласында аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздар, балаға сапалы білім берудің әр түрлі әдістері мен тәсілдерін қолдану үшін көптеген еңбек етуде. Осы ізденіс барысында әр бір ұстаз өзінше табыстарға да жетіп жүргені бәрімізге мәлім. Бүгінгі ұстаздың мақсаты - әрбір болашақ маман иесіне сапалы білім беру, оның жан – жақты дамуына мүмкіншілік жасау, оқуға деген қызығушылығын арттыру. Біздің Астана қаласының менеджмент және бизнес колледжінде экономика пәнінен сабақ беретін оқытушыларға қойылатын талап өте жоғары деңгейде – яғни біздің алға қойған мақсатымыз өзіндік ой тұжырымымен көзқарасы бар, өз пікірін ашық айта алатын, ақпараттық ағымдардан хабары бар, өз жолдары мен мамандықтарын таңдай білген, болашақта беделді қаржы, аудит саласында немесе басқада кәсіпорындарда қызмет ете алатын мамандарды дайындау. Сондықтан оқыту барысында колледж білім алушыларына, тек қана оқулықтардан сабақ беру, білім алушының қызығушылығын жоғалтады, ал сабақ барысында олардың қызығушылығын арттыру оқытушының бірден бір міндеті. Ол үшін озық технологияларды, беделді педагогтардың тәсілдерін қолдану маңызды, менің білім беру барысында назар аударғаным: білім алушылар экономика сабағында іскерлік ойын тәсілдерін және кейс әдісін қолданғанда, қатты қызығушылық танытқандары болды.
Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Осндай мақсаттың толық орындалуы оқу – тәрбие жүйесінің үлесіне тиетінін ескеретін болсақ, жас колледж жеткіншектерінің білімді, білікті болуында кейс - әдісінің алатын орны ерекше. Кейс – әдісі арқылы оқушыны білім алуға, оқуға қызықтыра отырып болашақ маман ретінде тұлғаның дамуын қалыптастыруға болады. Кейс – әдісінің шығу тарихына тоқтала кетсем, ең алғаш «кейс – стади» әдісі Гарвард университетінде 1924 жылы қолданылған. Содан бері бұл әдіс осы күнге дейін өзінің маңыздылығын жойған жоқ. Кейс әдісі – нарықтық экономикада және әлеуметтік жағдайларды суреттеу арқылы, оқу барысында қолданылатын оқыту техникасы. Жағдай (кейс) деп – ұжымдағы, қоғамдағы қандай да бір нақты шынайы жағдайдың жазбаша берілуін айтамыз. Мысалы, кәсіпорынның құрылуы, оның дамуы, бизнестегі табыстары мен қиыншылықтары, т.б. Білім алушылар ұсынылған жағдайды талдап, мәселенің маңызын түсіндіріп, шешу жолдарын көрсетуді және олардың ішінен ең тиімдісін таңдап алулары тиіс. Осы талдау барысында білім алушылар, өздерінің алған білімдерін ұтымды пайдалана алады. Ал ұстаздың міндеті, осы кейс әдісін қолдану барысында, оқушылардың белсенділігін бақылап, барлығының қатысуын қадағалауы керек. Сонымен қатар, оқушылардың талдауына берілетін кейстің түсінікті және пән тақырыптарына сай болуы өте маңызды. Кейс әдісі, оқытудың басқа технологияларына қарағанда күрделі жүйе екені рас. Кейс әдісін қолдану барысында оқытушының іс - әрекеті екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – кейс (жағдай) таңдап алу және сұрақтар құрауға арналған шығармашылық жұмыс. - жағдайларды тақырыпқа сәйкес таңдап алу; - мақсат пен міндетті анықтау; - жағдайды құрастыру және суреттеу. Екінші кезең – оқытушының аудиториядағы іс - әрекеті. Аудиториядағы кейс әдісін қолдану кезеңі. - кейске кіріспе; - жағдайдың талдануы (шағын топтарда); - пікірталас; - қортынды шығару. Экономикалық пәндерді оқыту барысында сабақтың мазмұнына, психолгиялық ерекшеліктеріне қараудың маңызы өте зор. Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларына мән беріп, оны меңгермегенше сауатты, жан жақты маман дайындау мүмкін емес.
Кейс-стади. Бұл әдістің «отаны» Америка Құрама Штаттары, Гарвард университетінің бизнес мектебі болып табылады. Алғаш рет ол 1924 жылы қолданылған. Кейс-әдістің пайда болуы мен дамуының мәдени негізі «түрткіден» немесе «оқыстан» болған. Кейс-әдіс академиялық теорияны
нақты оқиғаларға көзқарас тұрғысынан көрсетіп беруге мүмкіндік береді. Ол «оқып жатқан пәнге студенттің қызығуына мүмкіндік береді, әр түрлі жағдайларды сипаттайтын ақпараттарды жинау, өңдеу және талдау» дағдылары мен білімдерді белсенді игеруге мүмкіндік береді (О.Г.Смолянинова). Кейс-стади әдісі әртүрлі практикалық дағдылардың дамуына ықпал етеді. «Олар бір ғана сөйлеммен – проблеманы шығармашылық тұрғыдан шешу және жағдайға талдау жасай алу
және шешім қабылдай алуды қалыптастыру» (О.Г. Смолянинова). Кейс-стади әдісі төмендегі дағдыларды дамытады:
1. Талдау жасау дағдылары. Оларға: мәліметтерді ақпараттардан ажырата алу, шынайы және жалған ақпараттарды ашып көрсету, жіктеу, оларды талдау, ұсыну және табу, қалыс қалған ақпараттарды табу және оны қалпына келтіре алу жатады. Анық және нақты ойлау. Бұл, әсіресе, ақпарат жоғары сапалы болмаған жағдайда маңызды.
2. Практикалық дағдылар. Кейсте берілген нақты жағдаятпен салыстырғанда күрделілік деңгейі төменірек мәселелер, экономикалық теорияларды, әдістер мен ұстанымдарды практикада қолдану дағдыларының қалыптасуына ықпал етеді.
3. Шығармашылық дағдылар. Бір ғана логикамен case-жағдаятты шешу мүмкін емес. Логикалық жолмен табу мүмкін болмағандықтан, шығармашылық дағдылар мен баламалы шешімдер өте маңызды.
4. Коммуникативтік дағдылар. Олардың ішінен пікірталас жүргізе алу, айналадағыларды сендіре алу сияқтыларды бөліп көрсетуге болады. Көрнекі құралдар мен басқа медиа-құралдарды қолдану, топ болып ұйымдасу, өзінің көзқарасын қорғау, қарсыластарды сендіру, қысқа әрі сенімді есеп жасау.
5. Әлеуметтік дағдылар. Кейс-стадиді талдау барысында белгілі-бір әлеуметтік дағдылар қалыптасады: адамдардың мініз-құлқын бағалай алу, басқаны тыңдай білу, пікірталасты жалғастыра білу немесе қарсы пікірін дәлелдей алу, өзін-өзі бақылай алу т.б.
6. Өзін бағалай білу. Пікірталаста келіспеу басқалардың да, өзінің де пікірін түсінуге және талдай алуға мүмкіндік береді. Бұдан пайда болатын моральдық және этикалық проблемалар әлеуметтік дағдылардың қалыптасуын және олардың шешілуін талап етеді (О.Г. Смолянинова).
Нақты өмірден алынған фактілер негізінде мәселелер жағдай туғызу кейс-стади әдісінің ерекшелігі болып табылады.
Осылайша, медициналық білім беруде нақты және ойдан шығарылған сырқатнама, анамнез, клиникалық мәліметтер қолданылады. Оқу үрдісінде кейспен жұмыс істеу 17технологиясы келесі кезеңдерден тұрады:
1) білім алушының кейс материалдарымен дара, өз бетінше жұмыс істеуі (проблемаларды біртектендіру, негізгі баламаларды жинақтау, шешім ұсыну немесе ұсынатын іс-әрекеті);
2) басты проблемалар бойынша келісу немесе оны шешуде шағын топтарда жұмыс істеу;
3) жалпы пікірталас нәтижелері
бойынша шағын топтарда
және тәжірибелер (оқу топтары аясында).
Кейс-стадиді білім беруде қолдану мүмкіндіктері. Кез келген кейс-стади оқытушыға оны білім беру үрдісінің әртүрлі кезеңдерінде, яғни білім беру сатысында және білім беру нәтижесін тексеру сатысында қолдануға мүмкіндік береді. Соңғы кездері кейс-стадиді студентті оқыту сатысында ғана емес, оқыту нәтижелерін тексеру барысында, яғни, емтихан алуда да қолдану кең етек жаюда.
Студенттер кейс-стадиді емтиханның алдында алады, олар оны талдауы қажет және ондағы сұрақтарға жауап беріп, жауабын емтихан алушыға әкеп беруі тиіс. Әрине, кейс-стадиді тура емтихан кезінде де беруге болады, онда шектеулі уақытта жауап беру үшін сұрақтар қарапайым және әлдеқайда қысқа болуы керек. Кейс-стадиді білім беру үрдісінде қолдану екі әдіске
негізделеді. Олардың біріншісі дәстүрлі Гарвард әдісі деп аталады – ашық пікірталасқа негізделген.
Оның баламалы әдісі дара және топтық сұрақтармен байланысты, оның барысында студенттер жағдятқа шартты, ауызша жауап береді және ұсынылған кейс-стадиге талдау жасап, өздерінің шешімдері мен ұсыныстарын айтады. Бұл әдіс кейбір студенттердің оқуда көп күш жұмсамауына әкеп соқса да (сабақ барысында әр студентке сабақта бір-екі рет қана сұрақ қойылады),
оқытушының бақылау жасауын жеңілдетеді. Бұл әдіс студенттердің коммуникативтік дағдыларын дамытады, өздерінің ойларын анық айтуға үйретеді. Алайда, бұл әдіс Гарвард әдісіне қарағанда баяу қимылды болып келеді. Ашық пікірталас кезінде қатысушыларды бақылау және ұйымдастыру өте қиын. Еркін пікірталас кезінде оқытушы: «Қалай ойлайсыздар, бұл жердегі негізгі мәселе қайсысы»?–деген сұрақ қояды. Сонан соң ол пікірталасты басқара отырып, олардың жақтаған және қарсы шыққан пікірлерін тыңдайды, бірақ мазмұнын айтпайды, себебі аяғына қарай жеке
қатысушылардан немесе топтан сұраққа жазбаша жауап алады. Бұл есеп пікірталастың аяғында немесе біраз уақыт өткен соң берілетіндіктен, студенттердің пікірталас барысында алған ақпараттарды толығырақ талдауларына мүмкіндік береді (О.Г. Смолянинова).
Кейс-стадидің тапсырмалар мен жаттығуларға ұқсайтын жерлері бар, алайда оның көптеген айрықша ерекшеліктері бар: студенттің бірнеше практикалық дағдыларды меңгеруіне көмектеседі, құрылымданбаған күрделі мәселелерді шешуге үйретеді. «Бір қарағанда ойдан шығарылған жағдаят сипатталған тапсырма кейс-стадиге ұқсайтын сияқты, алайда білім беруде тапсырма мен кейс-стадиді қолдану мақсаттары әртүрлі. Тапсырма студенттің жекеленген теорияларды, әдістер мен ұстанымдарды оқып үйренуіне мүмкіндік беретін материалдармен қамтамасыз етеді. Кейс-стадидің көмегімен оқыту студенттің әртүрлі дағдыларды кеңінен меңгеруіне жәрдемдеседі. Тапсырманың осы шешімге әкелетін бір ғана жолы және бір ғана шешімі болады. Кейс-стадидің осы шешімге әкелетін көптеген шешімдері және көптеген баламалы жолдары бар. Кейс-стадидің негізгі қызметі –
аналитикалық жолмен шешу мүмкін емес және құрылымды емес күрделі мәселелерді шешуге үйрету» (О.Г. Смолянинова).
Кейс-стади әдісін қолданудың жалпы технологиясы жасалған. Сабақ басталғанға дейін оқытушы:
а) кейсті таңдайды
б) негізгі және көмекші материалдарды анықтайды
в) сценариін даярлайды.
Студенттің міндеті – кейс пен ұсынылатын әдебиеттер тізімін алып, сабаққа дайындалу.
Сабақ кезінде оқытушы:
а) кейісті алдын ала талқылауды ұйымдастырады
б) топтарды шағын топтарға бөледі
в) кейсті талқылауды басқарады.
Студент:
а) сұрақ қояды
б) шешімнің нұсқаларын ұсынады
в) шешім қабылдайды
г) жұмыс туралы жазбаша есеп береді.
Медицина университетіндегі кейс-стади әдісі дегеніміз – нақты клиникалық жағдаят, «ойдан шығарылған» науқастар, күрделі клиникалық жағдаяттар т.б. Батыстың университеттерінде кейсті талдауға оқу уақытының 30-40 % бөледі. «Онда типтік жағдаятты талдауға орта есеппен оқу уақытының 35-40 %-ын жібереді. Чикаго университетінде «кейстің» үлесіне уақыттың 25 %-ы, Колумбия университетінде 30 %-ы, атақты Уортонда 40 %-ы кетеді, сабақта бұл әдіске уақыт бөлу жағынан оның «алғашқы бастамашысы» Гарвард ең алда келеді. HBS-тің қатардағы студенті оқу кезінде 700 «кейсті» талдайды» (Е. Маргелашвили). «Кейсті» қолдану шекарасы: оқытудың бұл әдісі көп уақытты талапетеді, оны көп адамдық аудиторияда қолдану мүмкін емес (Т.И. Краснов)