Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Мая 2015 в 21:52, реферат
Мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда кейс-стади амал-тәсілін қолдану - қазіргі білім беру талабына оқушының сабаққа деген қызығушылығын туғызатын жеке педагогиканың жаңа инновациялық жүйесі.
Кейс амал-тәсілдерін пайдалануда мына мәселелер:
1. Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын жетілдіруге алдын-ала дайындалған мәтіндер не тапсырмалар беру;
2. Микротоптардың басшыларымен өздерінің ойларын бөлісу,бірге талдау, басшының оқушылар түсінбегенде микросабақтар өту;
3) Сыныптың бірнеше микротоптарға бөлінуі;
4) Әрбір топтың өзінің басшысы болуы;
5) Мұғалім бағыт-бағдар беруші, бақылаушы рөлінде ойнауы ескеріледі.
Мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда кейс-стади амал-тәсілін қолдану - қазіргі білім беру талабына оқушының сабаққа деген қызығушылығын туғызатын жеке педагогиканың жаңа инновациялық жүйесі.
Кейс амал-тәсілдерін пайдалануда мына мәселелер:
1. Оқушылардың
ауызша сөйлеу дағдысын
2. Микротоптардың
басшыларымен өздерінің ойларын бөлісу,бірге
талдау, басшының оқушылар түсінбегенде
микросабақтар өту;
3) Сыныптың бірнеше
микротоптарға бөлінуі;
4) Әрбір топтың өзінің
басшысы болуы;
5) Мұғалім бағыт-бағдар
беруші, бақылаушы рөлінде ойнауы ескеріледі.
Сонымен қатар кейстік амал-тәсілде жағдаяттарға
байланысты мынадай бес түрлі пікірсайыс
ұйымдастырылды:
1) Мұғалім оқушыға
қарсы сұрақ береді.
2) Мұғалім-оқушыдан
өзінің тапсырма жайлы болжамын сұрайды.
3) Оқушы-оқушы рольдік
ойындар да қолданылады.
4) Мұғалім оқушыдан
өзінің тапсырма жайлы болжамын сұрайды.
5) Оқушы-оқушы пікірталасады.
Кейс бірыңғай ақпараттық
кешен болғандықтан, ол үш түрлі бөлімнен
тұрады:
1) кейс дайындау
бөлімі
2) нақты жағдаяттар
бөлімі
3) кейске кіретін
қосымша тапсырмалар.
Мектеп оқушыларының
ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда
кейс мынадай кезеңдер бойынша дайындалды.
1-кезең. Мектеп
оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын
қалыптастырудың мақсатын айқындау.
2-кезең. Кейсті
түзуге материалдар жинау. Сыныптағы оқушылар
саны және олардың қазақ тілі пәнінен
білім деңгейлері мен сөздік қорының көрсеткіші;
3-кезең. Мектеп
оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын
қалыптастыруға арналған тапсырмаларды
жинақтау;
4-кезең. Сабақтың
қай кезеңінде кіргізуге болатынын болжау;
5-кезең. Оқушылардың
күтілетін нәтижені болжау;
6-кезең. Нәтижеге
қол жеткізу үшін кейсте кемшіліктерді
жою.
7-кезең. Мектеп
оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын
қалыптастыруға арналған тапсырмаларды
қазақ тілі сабағына енгізу.
Кейс амал-тәсілдері
қолданылған сабақтарда сыныпты төрт
адамнан тұратын микротоптарға бөлдік.
Олар:
1. Сарапшы – әрбір
топтың өзінің сарапшысы болады. Сарапшының
міндет микротоптарға қатысып отырған
оқушылардың жауаптарын қорытындылау.
Керек болса, микросабақтар өту. Оқушылар
жауаптарының дұрыстығы не бұрыстығы
сарапшыға тексертеді.
2.Жол сілтеуші
– бұл-тапсырманы басқалардан ерте шығаратын,
әдетте жақсы оқитын оқушы. Ол оқушылар
жауап таба алмай жатқанда, дұрыс жолды
айтады.
3.Баяндаушы –
бұл тапсырмада берілген мәтін
не басқа жағдаяттарға еніп, басқа
оқушыларға түсіндіреді. Өзі ойнап
тұрған образдың жүрісін, қимылын, ым-ишрасын
айнытпай салу арқылы дұрыс жолды сілтейді.
Мысалы, доп жайлы жұмбақ жасырылғанда,
доптың келбетін салу керек.
4.Қарсы сұрақ қоюшы
– бір оқушы басқа оқушылардың айтқан
пікірлеріне келіспей әдейі сұрақ қояды.
Бұл сұрақтарға басқа оқушылар жауап берулері
қажет.Бұл оларды өз пікірлерін басқа
біреуге дәлелдеуге үйретеді. Кейс сабақтарында
берілетін тапсырмалар оқушыларды қызықтыруға,
олардың диалогттік және монологтік сөйлеу
дағдыларын жетілдіруге, ауызша сөйлеу
дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.
Оқушыларға тәрбиелік мағынасы жоғары
ұлттық педагогика элементтері бар шешендік
сөздер, мақал-мәтелдер үйретілді. Кейс
технологиясының дәстүрлі оқытудан басты
айырмашылығы мұнда оқушы – өздігінен
ізденетін, алдарында тұрған проблеманы
шешетін субъект. Мұғалім сабақта тек
бағыт-бағдар беруші қызметін атқарады.
Кейс технологиясында оқушылар санына
қарай бірнеше микротоптарға бөлінеді.
Әрбір топ проблеманы шешуде өзінің пікірін
дәлелдейді