Әкесі жақсының ұстамы жақсы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2013 в 21:50, творческая работа

Описание работы

Мақсаты: Отбасы және балабақша арасындағы ынтымақты нығайту, ата-ананы сыйлауға, қадірлеуге, татулыққа тәрбиелеу, әкелер мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, әке мен бала арасындағы бірлікті, достықты нығайту. Өз отбасы үшін мақтаныш сезімдерін арттыру. Халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі арқылы балалардың бойында асыл да адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру. Өз баласына деген мейірімділігін, тәрбие беру қабілетін бағалау болып табылды.
Көрнекіліктер: нақыл сөздер жазылған плакаттар, слайд, доп, түрлі түсті картон дөңгелекшелер, карточкалар.

Файлы: 1 файл

әкелер сайысы.docx

— 38.46 Кб (Скачать файл)

Әкесі жақсының ұстамы жақсы.

 

Мақсаты: Отбасы және  балабақша арасындағы ынтымақты  нығайту,   ата-ананы сыйлауға, қадірлеуге, татулыққа тәрбиелеу, әкелер  мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып,  әке мен бала арасындағы  бірлікті,  достықты нығайту. Өз отбасы үшін мақтаныш сезімдерін арттыру. Халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі арқылы  балалардың бойында асыл да адамгершілік  қасиеттерді қалыптастыру. Өз баласына деген мейірімділігін, тәрбие беру қабілетін бағалау болып табылды.

Көрнекіліктер: нақыл сөздер жазылған плакаттар, слайд, доп, түрлі түсті картон дөңгелекшелер, карточкалар. 
Дәйексөздер:

1. Ата- асқар  тау, ана- бауырындағы бұлақ, бала –жағасындағы құрақ. 
2. Ата-бәйтерек, бала-жапырақ. 
3. Алты аға бірігіп – әке болмас, Жеті жеңге бірігіп – ана болмас 
4. Жақсы әкенің даналығы балаға мың жылдық азық

5. Әкеден артық арман жоқ, әкеден артық қорған жоқ, әкеден артық дана жоқ, әкеден артық пана жоқ.

Жүргізуші: Қайырлы күн,  құрметті қонақтар, әріптестер, бүгінгі  «Жұлдызша» тобымен өткізілгелі отырған «Әкесі жақсының ұстамы жақсы» әкелер сайысына хош келдіңіздер. Бүгінгі сайыскерлерімізді қошеметпен ортаға шақырамыз.

Әуен ырғағымен  залға балалары мен әкелері  қол ұстасып кіреді. 
Жүргізуші: Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Алғашқы рет балалар  мен жастарды адамзаттық құндылықтарға тәрбиелеу міндетін мемлекеттік деңгейде «Өзін-өзі тану» жобасының авторы С.А.Назарбаева ұсынды.

 «Өзін-өзі тану» пәні  — баланы жастайынан отаншылдыққа,  әдептілікке, достыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, мейірімділікке, табиғатты сүюге, отбасын сыйлауға, ұйымшылдыққа үйретеді.  Сондай ақ,  адам бойына кішіпейілділік, сыпайылық, рақымшылық, жанашырлық, сыйластық, тілектестік сияқты қасиеттерді дарыту және өзгелерді қадірлей, сыйлай, құрметтей білу, тыңдай білу, қолынан келгенше адамдарға көмектесу, кешірімді болу, қоршаған ортасына да үлкен ілтипатпен қарауға үйрету де «Өзін-өзі тану» пәнінің үйлесіне тимек. Кішкентай кезінен адамгершілік қағидаларын бойына жиып өскен бүлдіршін, келешекте үлкендерді сыйлауға, қасындағы жолдастарына адал болып тәрбиеленіп, жақсы жолға бағыт алады. Еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызының «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру жобасы бүкіл адамзаттың даналығы мен тәжірбиесін өзіне жинаған жоба. «Өзін-өзі тану» пәнін болашақ ұрпақтың рухани даму кілтімен байланыстырды. Әке мейірімімен құрышын қандырып, ана сүтінен нәр алып, әке ұлағаты мен ана тағылымын көріп өскен ұрпақ елін, жерін, халқын сүйетін ұлтжанды тұлға болып  қалыптасады. 
         Қай заман болсын адамзат алдында тұратын басты міндет – адал, білімді, еңбек сүйгіш ұрпақ тәрбиелеп өсіру. Бұл міндетті әр халық салт-дәстүріне орай іске асырады. Яғни әр халық ғасырлар бойы сыннан өтіп, сұрыпталған озық салт-дәстүрлерін жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдаланып келген.  Әке – әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Отбасындағы ұл тәрбиесінде әкелердің орны ерекше. Бұл жағынан аналардың балаларына: «әкеңмен ақылдас», «әкең біледі», «әкеңнің айтқанын істе» т.б. сияқты дәстүрімізде бар сөздерді айтып отыруы қандай ғанибет!

Ыстық-ау, кім-кімге де әке деген, 
Суыққа шалындырмай мәпелеген. 
Өмірдің соқпағымен өрге тартып, 
Алдымен адам бол деп жетелеген.

 

Жүргізуші: Балалар, сайысымызды бастамас бұрын  сендерді дәстүрлі шаттық шеңберіне шақырамын.

Шаттық  шеңбері.  Балалар  қол ұстасып шеңберге   жиналады:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырады күніміз,

Жарқырады даламыз.

Қайырлы күн, әкелер,

Қайырлы күн, қонақтар!

 

Жүргізуші: 

Бүгінгі сайысқа жеті отбасы қатысқалы отыр.

Сайысқа қатысатын  отбасылармен таныстырып өтейін

 

  1. «Барыс» тобы,  әкесі Рауан, баласы Қазтай Ерлан
  2. «Тұлпар» тобы,  әкесі Даурен, баласы Еркінғали Арман
  3. «Бәйтерек» тобы,  әкесі Жанат, баласы Жанатұлы Әділ
  4. «Ұландар» тобы,  ағасы  Олжас,  Еділбаев Арман
  5. «Көкпар» тобы, әкесі Сымбат, баласы Мәжікен Санжар
  6. «Сұнқар» тобы,  әкесі Дархан, баласы Кокенов Алихан
  7. «Қуаныш» тобы,   әкесі Самат, баласы Саутбек Дәурен

 

Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, сайыстың жеңімпазын анықтайтын әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

  1. «Алпамыс» бөбек - жай балабақшасының  әдіскері - Ұ.Е.Қайсанова
  2. Балабақшаның психологы - Р.Ж.Апимолданова
  3. Аға тәрбиеші - У.С.Садуақасова

 

Жүргізуші:  Сайыс 6 кезеңдерден тұрады. 
1. Өздерін таныстыру  
2 . Өз өнерлерін көрсету

3. «Білгенге маржан....»  сұрақ - жауап 
4. «Мұқият әкені»  анықтау. 

5.   Эстафеталық  жарыс «Кім жылдам?».

6. Үй тапсырмасы 
Тренинг «Менің сүйікті әкем». 
Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін! 

 

Жүргізуші: 

Білімнің  ұшқыр болсын табыстары 
Қол соғып қошеметтеп отырайық. 
Отбасылар міне бүгін сайысады 
Әр отбасы өздерін таныстырады.

 

Бірінші кезең. Өздерін  таныстыру

 
1. Бірінші кезең бойынша балалар өлең шумақтары арқылы өздерін таныстырады. Слайдпен өзі және әкесімен түскен суреттер көрсетіледі.  
Ерлан:

Қазтай  тегі Рауан  әкем аты 
Ұлымын отбасымның Ерлан  атты  
Өнеге алдым Гүлім  анашымнан 
Жасым менің алтыға аяқ басты.

 
Еркінғали Арман:

Таныстырайын  бәріңізге   өзімді

Арманмын  ата анамның қуанышы.

Әкем Дәурен   менің үлкен қорғаным

Анам  Марал   менің асыл ардағым.

 

Әділ:

Асқар тау  әкешім бар Жанат   деген, сүйенішім, 
Ізгілік, адалдықты сүйеді шын.

Аяулы анашым бар Айгерім   деген,  мақтанышым

Әділ  деген  ақылды ұлдарымын  ата анамның.

 

Арман:

Атым  Арман, анашым Маржан,

Мен дегенде  әрқашан жанын салған.

Жетемін мен  көздеген мақсатыма

Арнаймын  жеңісімді анама мен.

 

 

Санжар:

Әкем Сымбат өмір тірегім

Анам Айгүл  менің жүрегім.

Есімім  Санжар мен бақытты баламын

Ата анамның  айтқан тілін аламын.

 

Алихан:

Әкем Дархан, атым Алихан

Анам Нүриля, мені жақсы жолға бастар.

Шығып тұрмын алдыңызға

Жеңісті сәтке  қадам жасап.

 

Дәурен:

Мұрат әкем ардақты.

Надя анам салмақты.

Дәурен деген  баламын,

Мен бақытты  баламын.

Жүргізуші: Құрметті әділқазылар алқасы, бағаларыңызды беруіңізді сұраймын.

 

Екінші кезең. Өз өнерлерін көрсету

Жүргізуші: Ендігі кезекте  отбасылар өз өнерлерін көрсетеді.

Он саусақтан  өнер тамған шебер болу керемет 
Өлең айтып, би билеген ол да бір керемет  
Өнеріңді көрсетші, әулеттерім, кәнекей, 
Сөз берейік әулеттерге жекелеп.

 

Үшінші кезең. «Білгенге маржан....»  сұрақ - жауап

Жүргізуші: Сайысымыздың үшінші кезеңіне де келдік. Сіздер қазір үстелден  бір конверттен  таңдайсыздар. Әкелер, сіздер конвертте берілген сұрақтарға жауап берулеріңіз керек.

 

Төртінші кезең.   «Мұқият әкені» анықтау. 

Жүргізуші:    Ал, енді, бір жағынан ойын, бір жағынан жарыс «Мұқият әкені» анықтайық. Шарты  мынадай: көздері байланған әкелер сахна төріне шыққан қалың баланың ішінен тек алақандарын ғана ұстау арқылы өз баласын тауып алулары керек болады.  

Бесінші кезең. Эстафеталық  жарыс  «Кім жылдам?».

Жүргізуші:  Келесі сайысымыз «Кім жылдам?»  спорт  жарысы. Шарты мынадай: балалар алдыда тұрған жалаушаға дейін үлкен допқа отырып, секіріп жетеді. Қораптың ішіндегі түрлі-түсті картон дөңгелекшелердің ішінен  бес  қызыл дөңгелекшені теріп алып, допқа отырып, секіріп кері қайтады. Келесі әкесі бір аяқпен секіріп, қораптың ішінен бес көк түсті дөңгелекшені жинап, кері қайтады. Кім бірінші тапсырманы орындап, орнына бірінші жетсе, сол топ жеңіске жетеді.

Мақсаты: Балаларды шапшаңдылыққа тәрбиелеу, отбасының спортқа деген қызығушылығын арттыру, әке мен бала бірлігін нығайту.

Алтыншы кезең. Үй тапсырмасы.

Жүргізуші:  Алтыншы кезең үй тапсырмасы   деп аталады. Үйде әкесі мен баласы бірге жасаған қол өнерін әкесі қорғайды.

 

Тренинг «Менің сүйікті әкем».

Жүргізуші: Енді, назарларыңызды экранға аударуларыңызды сұраймын.

Топта алдын  ала түсірілген балаларының әкелері  туралы сөйлеген бейнефильмді  слайд  арқылы көрсету.

 

Жүректен жүрекке.  Ата аналар, балалар шеңберге тұрып, бір біріне тілектер, алғыс сөздер айтады.  

Жүргізуші:

Әділ  қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтағанша ортаға  «Жұлдызша» тобы қыздарының орындауындағы «Гүлдер» биін  қабыл алыңыздар.

Өнерсіздік зор айып, 
Ән мен күйге басайық. 
Бимен шашу шашайық. 
«Жұлдызша» тобы қыздарының орындауында  «Гүлдер» биі .

Қазтай Ерланның орындауында «Анашым» әні.

Жүргізуші: Әділқазылар алқасы сайыстың қорытындысын жариялауға  дайын болған сияқты, сөз кезегін «Алпамыс» бөбек - жай балабақшасының  әдіскері - Ұ.Е.Қайсановаға беріледі.

Жеңімпаздарды марапаттау. Сайысқа қатысушыларға «Өнерлі отбасы», «Бірлігі жарасқан отбасы», «Бақытты отбасы», «Үлгілі отбасы», «Үшінші орын», «Екінші орын», «Бірінші орын» номинациялары бойынша жүлделер беріледі,  сыйлықтармен марапатталады.

Жүргізуші:  Осылайша, бүгін  асқар таудай ардақты әкелеріміз сахна төрінде сайысқа түсіп, көпшілікті қуанышқа бөлді деген сенімдемін. «Әкесі жақсының ұстамы жақсы» атты сайысымыз өз мәресіне жетті.  Барлықтарыңыздың отбасыларыңызға бақыт, береке және бірлік тілейміз. Қош, сау болыңыздар!

 

 

 

 

Сайысқа қатысатын әкелер мен балалар тізімі:

 

  1. «Барыс» тобы,  әкесі Рауан, баласы Қазтай Ерлан

 

  1. «Тұлпар» тобы,  әкесі Даурен, баласы Еркінғали Арман

 

  1. «Бәйтерек» тобы, әкесі Жанат, баласы Жанатұлы Әділ

 

  1. «Ұландар» тобы, ағасы  Олжас, Еділбаев Арман

 

  1. «Көкпар» тобы, әкесі Сымбат, баласы Мәжікен Санжар

 

  1. «Сұнқар» тобы, әкесі Дархан, баласы Кокенов Алихан

 

  1. «Қуаныш» тобы,   әкесі Самат, баласы Саутбек Дәурен

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аты- жөні

Таныс-тыру

Өнер көрсету

Сұрақ- жауап

«Мұқият әкені» анықтау

«Кім жылдам?»

жарыс

Үй тапсырмасы

Қорытынды

«Барыс» тобы әкесі-Рауан,

баласы Қазтай Ерлан

             

«Тұлпар» тобы-әкесі Даурен,

баласы Еркінғали Арман

             

«Бәйтерек» тобы-әкесі Жанат, баласы Жанатұлы Әділ

             

«Ұландар» тобы-ағасы  Олжас,          

Еділбаев Арман

             

«Көкпар» тобы-әкесі Сымбат,

баласы Мәжікен Санжар

             

«Сұнқар» тобы-әкесі Дархан,

баласы Кокенов Алихан

             

«Қуаныш» тобы- әкесі Самат, баласы Саутбек Дәурен

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Қазақ үйдің бөліктерін атаңыз? (Кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық)
  2. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған жылы? (1991 жыл)
  3. Достық туралы   мақал айтыңыз.

 

  1.  Қазақстан  Республикасының Рәміздеріне нелер  жатады?  (Ту, елтаңба, әнұран)
  2. Мал сүтінен жасалған қандай тағамдарды білесіз? (Құрт, май, ірімшік, сүзбе, т.б.)
  3. Ана  туралы   мақал айтыңыз

 

1. Қазақстан халқы өзінің тұңғыш Президентін қашан сайлады? (1991 ж. 1 желтоқсан) 
2. Жеті атаны ата? (әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат)

3. Отан  туралы  мақал  айтыңыз

 

1. Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды?               (Түйеқұстар ұша алмайды)

2. Қазақтың ұлттық ойындарын ата?

     (қыз қуу, орамал тастау, тоғыз құмалақ, сақина салмақ,   көкпар, т.б.)

3.  Дос  туралы    мақал айтыңыз

 

1.   Абай атамыз атап көрсеткен 5 дұшпанды ата? 
       ( Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек , бекер мал шашпақ)

2.    Аттың ер-тұмандарына нелер жатады?

       (Жүген, ішкілік, тоқым, ер, үзеңгі, аткөрпе, тартпа, қамшы)

3.  «Бір жылдығынды  ойласаң - арпа ек.

       Он жылдығыңды  ойласаң - тал ек.

       Бүкіл ғұмырыңды  ойласаң -  бала тәрбиеле»   деген сөздің мағынасын түсіндіріңіз.

 

1.  Жер көлемі жағынан  ең үлкен мемлекет?  (Ресей)

2.  Қазақ халқының  ұлттық киімдерін атаңыз.

      (тақия, бешпент, камзол, сәукеле, тон, ішік, кимешек т.б)

3.  Жұмбақтың шешімін табыңыз:

      Белін буған, қоқысты қуған.

1.  Іле өзенінде қандай су электр станциясы бар? (Қапшағай)

2. Қазақша ай аттарын атаңыз.  (Наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан,      қараша, желтоқсан, қаңтар, ақпан)

3.  Жұмбақтың шешімін табыңыз:

      Құс сияқты, құс емес, самғап ұшады биікте

      Қақпайды бір қанатын жүрсе де тым биікте.

      Қонса- аяғы көп,  ұшса-аяғы жоқ.

 

 

 

 

Сайыстың бөлімдері:

 

  1. Өздерін  таныстыру 

 
2 .  Өз өнерлерін көрсету

 

    3.  «Білгенге маржан....» сұрақ - жауап

 
    4.   «Мұқият әкені»  анықтау 

 

     5.   Эстафеталық жарыс «Кім жылдам?»

 

     6.   Үй тапсырмасы 


Информация о работе Әкесі жақсының ұстамы жақсы