Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2014 в 23:04, реферат
Тарихи дамудың маңызды аспектілерінің бірі этникалық қатынастардың кеңеюі болып табылады. Коммуникацияның дамуы, халық мобильділігінің артуы, бұқаралық ақпарат құралдарының дамуы – бұның барлығы этностардың бөлектігін бұзып, олардың бір-бірімен байланысы мен тәуелділігін арттырады. Сонымен қатар мұнда қарсы тенденциялар да көрініс табады. Қазіргі таңда әлемде 2 мың этнос бар, олардың арасында 96,2% 1 млн. тұратын этностардан тұрады. Саны үлкен этностардың көбеюі мен халқы аз этностардың төмендеуі орын алып отыр.Этникалық қауымдастықтар өздерін, өз тарихи тәжірибесін, мәдениетін сақтап қалуға тырысады.
11.3. Этника аралық қақтығыстардың ерекшеліктері.
Тарихи дамудың маңызды
аспектілерінің бірі этникалық
қатынастардың кеңеюі болып
Көптеген саясаткерлер, әлеуметтанушылар мен географ ғалымдардың айтуынша егер мемлекеттің шекарасы онда өмір сүретін этностардың тілдік және территориалдық шекараларына сәйкес келмесе, ол өз мәнін жоғалтады. Бұл тенденцияның нәтижесі тәуелсіз мемлекеттердің 190-нан 300-ге дейін артуы (25-30 жыл аралығында) болып табылады. Екінші тенденция этникааралық қатынастарда маңызды болып, көп жағдайда этникааралық қақтығыстарға әкеледі.
Этникааралық қақтығыстар әртүрлі этностардың өкілдері мен олардың әлеуметтік топтары арасындағы қақтығыстарды, екі немесе одан көп этностардың конфронтациясы ретінде көрініс табады. Этникааралық қақтғысытрадығ түрі ретінде тұлғааралық, этно-әлеуметтік, этникааралық қақтығыстарды бөуле болады.
Этникааралық қақтығыстардың себептері.
Этникааралық қақтығыстар бірден туындамай, уақыт аралығында қалыптасады. Оған апаратын себептер түрлі болып табылады. Этникаралық қақтығыстың пайда блуына үш фактор қажет:
1. Біріншісі
адекватты, төмен және аяқталған
болуы мүмкін ұлттық сана
2. Ұлттық болмыстың барлық жақтарына әсер ететін «сыни» тобырлық мәселелердің орын алуы;
3. Екі бірінші
фактор күресте пайдалануы
Энтикааралық қақтығыстардың себептерін объективтік талдау, берілген құбылыстың барлық аспектілерін: этнопсихологиялық, әлеуметтік-экономикалық, саяси, әлеуметтік-мәдени ескеруді талап етеді.
1. Этнопсихологиялық фактор
– қақтығыс жағдайындағы
2. Әлеуметтік-мәдени
3. Әлеуметтік-экономикалық
фактор барлық этникааралық
4. Саяси фактор.Этниканың
пайда болуы кез-келген елде
азшылықтың саяси
Этникааралық қақтығыс – бұл
материалдық және рухани
Этникааралық қақтығыстарды ешшу жолады.
Бұл қақтығыстар – күрделі, шешілуі
қиын құбылыстар болып
· Олардың көпшілігі тарихи тамыларға и;
· Олар адамдардың санасыздық жағына байланысты болады;
· Олар діннің қатты әсеріне иеді.
Этникааралық қақтығыстан шығу жолдары әртүрлі – ол компромситен бастап күш қолдануға дейін баруы мүмкін. Этникааралық қақтығыстарды шешу барысында сырттан әскери күштің араласуын болдырмаған жөн. Себебі сырттан кез-келген араласу қарсы-жақтарға әртүрлі әдістерді пайдалану еркіндігін береді.
Екінші жағдай – қақтығысқа қатысушылар арасында күрес әрекеттерін тоқтату мен саяси компромисқа жету болып табылады.
Этникааралық қақтығыстарды реттеу жүйесі институционалдық және инструменталдық бағыттардың негізінде болуы мүмкін.
Институционалдық бағыт ішкі қақтығыстардың алдын алу мен реттеудің ерекше инфрақұрылымын қалыптастыруды сипаттайды. Ол ұлттық, аймақтық және глобальді институттардан тұруға тиісті.
Инструменталдық бағыт этникааралық қақтығыстарға әсер етуді реттеуге бағытталған арнайы әдістерден тұрады. Олардың арасында тактикалық, оперативтік және стратегиялық шешімдерді ерекше атауға болады.
Тактикалық шешім
Оперативтік шешім қақтығыстың
етек алуына шек қоюға
Стратегиялық шешім ұлтаралық
қарым-қатынастардағы
Этникааралық қақтығыстарды
· Ұлттық құрылымдардың территориялық шеңберінің өзгеріссіздігі;
· Барлық даулы сұрақтарды заңға сәйкес, тек қана қақтығыссыз жолмен шешу;
· Демократиялық федерализм принципін ұстану;
· Экономикалық теңдік;
· Ұлттық және территориалдық-әкімшілік құрылымдардың комплекстық дамуы;
· Территориалдық басқарудың децентрализациясы;
· Аймақтық айырбастың эквиваленттілігі.
“Этнос” гректiң – еtпоs — тайпа,
халық деген сөзiнен шыққан. Ғылымда “халық”
терминiнiң орнына “этнос” терминi орынды
қолданыла бастады. Бұл термин этностың
негiзгi тарихи түрi – “тайпа”, “ұлыс”
(“народность”), “ұлт” ұғымын түгел қамтиды.
Оның үстiне, “халық” сөзiнiң “бiр топ
адам” (мәселен, “халық жиналды” десек)
деген мағынасы бар екенi белгiлi. Сондықтан
“этнос” терминiн қолдану қолайлы. Адам
ұжым болып тiршiлiк етедi. Оған әлеуметтiк
бiрлестiк деп те, этностық бiрлестiк деп
те қарауға болады. Шындығында, әрбiр адам,
бiр жағынан, белгiлi бiр қоғамның мүшесi
бола отырып, сонымен бiрге ұлттың (этностың)
да мүшесi болып саналады. Адам баласының
әлеуметтiк дамуы жақсы зерттелген және
оның даму заңдылығы жан-жақты қарастырылған.
Ал халық тарихы жөнiндегi (бiз ендiгi жерде
оны шатастырмас үшiн “этнос” деп алып
қараймыз) зерттеулер түсiнiксiз, шатастырулық
көп. Шын мәнiсiнде, этностан тысқары бiрде-бiр
адам өмiр сүрмейдi. Кiмге де болса, “сен
кiмсiң?” деген сұрақ қойса, ойланбастан
“орыспын”, “французбын”, “ағылшынмын”,
“немiспiн”, “парсылықпын” немесе “түрiкпiн”
деп жауап бередi. Олай болса, адамның санасындағы
этнос жайындағы түсiнiк көпке ортақ. Ал
жоғарыдағы сұраққа жауап берушi әрбiр
этнос мүшесiне: “Сен неге ол халықты немесе
ұлтты өз ұлтым деп санайсың?” деп сұрақ
қойса, оған анықтама беруге қиналады.
Әсiресе, “сенiң ұлтыңның басқа ұлттан
қандай айырмашылығы бар?” деген сұраққа
бұрынғы Кеңес Одағында, бүгiнгi ТМД елдерiнде
тiршiлiк ететiн ұлт өкiлдерi тиянақты жауап
бере алмайды. Ол заңды да. Себебi, 70 жыл
бойы “бiрыңғай тiл, бiрыңғай мәдениет
жасаймыз” деген ұранмен тiршiлiк еткен
Кеңес халқы, “Келешек коммунизм кезiнде
дүние жүзiнде бiр ұлт, бiр тiл болады. Ол
француздың да, ағылшынның да, немiстiң
де, орыстың да тiлi емес. Оған барлық ұлт
өз үлесiн қосады” деген сталиндiк волюнтаристiк
теорияға имандай ұйыған ғалымдар әр ұлттың
өзiндiк ерекшелiгiн зерттеуге онша мән
бермедi. Ұлт мәдениетi мен ұлт тiлдерi бiртiндеп
кiрiгiп жоғалатын өткiншi процесс деп қарады.
Бүгiнде этностық мәдениет пен ұлт тiлдерiнiң
өткенi мен келешегiне көз жiберу ұшiн этностардың
шығу тегiн ғылыми методологиялық тұрғыдан
қарастыру қажеттiгi туып отыр. Бұл жөнiнде
соңғы жылдары ұлт мәдениетiн ғылыми-методологиялық
тұрғыдан терең зерттеп, тұңғыш рет құнды
еңбек жазған атақты тарихшы ғалым Лев
Гумилев болды. Ол өзiнiң “Халықтар қалай
пайда болады және жоғалады?” (изд-во Ленинградского
университета, 1989) деген атақты еңбегiнде,
дүние жүзiндегi халықтардың пайда болу,
өсу, өркендеуiн және олардың бiртiндеп
өшiп, жоғалу заңдылықтарын диалектикалық
тұрғыда, тарих, география және биология
(оның iшiнде экология және генетика саласы)
ғылымдары негiзiне сұйене отырып, “этнос”
туралы ғылыми дәйектi анықтама берген
едi. Л.Гумилев “этнос” туралы соңғы уақытқа
дейiн әр түрлi түсiнiк-анықтамалардың болғанына
тоқталады. Айталық, бiреулер “этнос дегенiмiз
— шығу тегi бiр халықтар” десе, екiншiлер
“этнос — тiлдiң бiрлiгiне негiзделген мәдениеттiң
тууы” дейдi. Ал үшiншiлерi “этнос — бiр-бiрiне
ұқсас адамдар тобы” десе, төртiншiлерi
“этнос - сана-сезiмдерi бiр адамдар тобы”
дейдi. Бесiншiлерi “этнос” - белгiлi бiр
қоғамдық формациядағы адамдардың шартты
түрде топтасқан тобы” десе, ал алтыншылары
“этнос — табиғаттың сыйы, этнос — әлеуметтiк
категория” дейдi (19, 13). Тарихтан белгiлi
болғандай әр түрлi халықтар белгiлi бiр
аймақта пайда болып, сол аймақтың өзiндiк
ерекшелiгiне (климатына, өсiмдiгiне, жер
бедерiне, географиялық аймақтың хайуанаттары
мен жәндiктерiне) бейiмделiп, тiршiлiк етедi.
Өзiндiк мәдени және рухани мұрасын жасап
қалдырады. Осы ерекшелiктерiне сүйене
отырып, көрнектi тарихшы-этнограф Лев
Гумилев: “Этнос дегенiмiз – жер бетiндегi
белгiлi бiр тiршiлiк аймағы мен әлеуметтiк
ортаның бiлiгiнде жатқан салт- дәстүрi,
тұрмыс-тiршiлiгi, шаруашылық кәсiбi, мiнез-құлқы,
тiлi мен мәдени мұрасы бiр халықтар тобы”(19,13)
деген анықтама бередi. Бiз осы анықтаманы
басшылыққа алған жөн деп есептеймiз. Ендi
“Жаңа этностардың пайда болу себептерi
неге байланысты?” деген сұраққа жауап
iздесек, бiрiншiден, көршi этностардың бiр-бiрiмен
соғысып, жеңiлгендерiнiң қоныс аударуынан,
сөйтiп олардың жаңа жерге келiп, жергiлiктi
халықтармен, тайпалармен биологиялық
қан араласынан (миграцияланудан) жаңа
этностар дүниеге келедi; екiншi, бiрнеше
тайпалар мен халықтардың жаңа жердi отарлап,
игеруiнен пайда болады. Мысалы, ХIҮғ. аяғында
ағылшындар мен испандықтардың Солтүстiк
Американы жаулап алып, жаңа жерге қоныстануынан
американ этносы пайда болды. Үшiншi, климаттық
өзгерiс (қуаңшылық, су тасқыны т.б.) адамдарды
туған жерiнен ауа көшуге мәжбүр етедi.
Олар басқа жерден тұрақ iздейдi. Мысалы,
қырғыз халқы ХV ғ. басында Алтайдың солтүстiгi
мен Енисей өзенi бойынан, ойраттардан
бөлiнiп шығып, қырғыз Алатауына көшiп келiп,
жергiлiктi түркi тайпалармен қан араласуынан
жаңа этнос пайда болды. Бұл жерде жаңа
жерге келiп тiршiлiк етушi этностар тобының
жергiлiктi этностар тобымен бiрiгуiнен
(қан араласуынан үшiншi бiр жаңа этностың)
пайда болатынын ескеру қажет. Яғни этникалық
тiршiлiктiң географиялық ортамен байланыстылығын
ескерген жөн. Осыдан келiп, Э.Семплдiң
“Адам – жер бетiнiң өнiмi” деген теориясы
туындайды. Ал жер бетiндегi тiршiлiк күн
нұрының күшеюiне, ғарыштық сәулелердiң
әсерiне байланысты. Ғарыштық сәулелер
ауа қабаттарын жарып өтiп, бiрнеше қиындықтарды
жеңiп барып жер бетiне жетедi. Осыдан келiп
себептестiк және қарама-қайшылық заңдылықтары
туындайды. Табиғатта да, қоғамда да қарама-қайшылықсыз,
себеп-салдарсыз даму мүмкiн емес. Этностардың
бiр-бiрiнен этногенездiк айырмашылығы
олардың нәсiлiне, тiлiне, дiнiне, бiлiмiне
байланысты емес, тек мiнез-құлқы мен жер
бедерiнiң табиғатына үйренiп, бейiмделуiне
байланысты деп қарауды география ғылымы
қуаттайды (19,5). Мысалы мұхит жағалауындағы
ұлттар мен ұлыстардың салқын қанды болуы,
олардың балық аулап, бұғы өсiрiп, ет жеп
тiршiлiк етуi, ал оның керiсiнше, Оңтүстiк
Африка халықтарының ыстық қанды болып
келуi және тропикалық өсiмдiктермен қоректенуi
географиялық - климаттық жағдайға бейiмделуiне
байланысты ерекшелiк. Әр ұлттың өзiне
тән мiнез-құлық құрылысы ұрпақтан-ұрпаққа
көшкен сайын өзгерiп отырады. Мысалы ХVIII-ХIХ
ғ.ғ. қазақтар мен бүгiнгi қазақтардың мiнез-құлқы
бiрдей емес. Тiптi қазақстандық жергiлiктi
қазақтар мен Иран, Түркия, Моңғол қазақтарының
мiнез-құлқындағы айырмашылық бiрден сезiледi.
Ол – этникалық топтардың жергiлiктi халықтың
психологиясы мен кәсiби ерекшелiгiне қарай
бейiмделуiне байланысты. “Этнос мүшелерiнiң
мiнез-құлық құрылымының бiрiздiлiгi қарым-қатынас
нормасына негiзделген. Олар: 1) жеке адам
мен ұжымның арақатынасына; 2) жеке адамдардың
өзара қатынасына; 3) этникалық топтардың
арақатынасына; 4) этностар мен этникалық
топтар арасындағы қарым-қатынасқа құрылады.
Басқа этностардың басқаша нормалармен
байланысқа түсуiне әр этностың мүшелерi
таң қалады және өзiнiң тұқымдастарына
басқа халықтардың “өрескелдiктерi” туралы
таңдана айтатын болады. Мысалы, ертедегi
афиналықтар скифтердiң үйiнiң жоқтығын,
ал өздерiнiң мейрамдарында есi кеткенше
iшетiнiн ызалана айтады екен. Ал римдiктер
еврейлердiң сүндетке отырғызуын жаратылысқа
қарсы әрекет деп айыптаған. Палестинаны
жаулап алған рыцарьлар арабтардың көп
қатын алуын ызалана сөз етсе, ал арабтар
француз әйелдерiнiң бетiн ашық ұстауын
сөлекет санаған. Иудейлер римдiктердi
шошқа етiн жегенi үшiн жек көрген. Заман
өзгерген сайын мiнез-құлық нормалары
да жаңарып отырады. Мысалы, қазан төңкерiсiнен
кейiн қазақтарда “қалыңмал” берiп, әйел
алуы мүлде жойылды немесе өзбек әйелдерi
пәрәнжi жамылуды қойды.