Контрольная работа по дисциплине "Дидактика" на казахском языке

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Июня 2015 в 10:12, контрольная работа

Описание работы

1. Педагогика – ғылым. Педагогика пәні және оның міндеттері дегенді қалай түсінесің?
2. Бастауыш мектепте «Ондық» тобындағы арифметикалық шаманы оқып-үйренудің әдістемесі қандай ?
3. 900 235 санына сипаттама бер және разрядтық қосылғыштарға жікте.

Файлы: 1 файл

билет.docx

— 19.70 Кб (Скачать файл)

Билет 1

  1. Педагогика – ғылым.  Педагогика  пәні  және  оның  міндеттері дегенді қалай түсінесің?
  2. Бастауыш мектепте «Ондық» тобындағы арифметикалық шаманы оқып-үйренудің әдістемесі қандай ?
  3.   900 235  санына  сипаттама  бер және разрядтық қосылғыштарға жікте.

1.1 Педагогика ( гр. paіda — бала және gogos — жетектеуші) - жеке адамды тәрбиелеп, қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие мен білім беру туралы ғылым.

Кез келген ғылым дамудың ұзақ тарихи жолымен өтеді. Олай болса, педагогиканың ғылым ретіндегі дамуының негізгі кезеңдерін қарастырайық.

Бірінші кезең адамдардың эмпирикалық жолмен жинақтаған педагогикалық тәжірибесін таратумен байланысты. Алғашқы арнайы білім беру құрылымдары Ежелгі дүниенің б.з.д. ІІІ мыңжылдығында пайда болды. Онда білімді оқытудың жеңілдетілген формалары мен тәсілдері болды, мысалы үлкендер үлгісіне еліктеу, көрсеткенді қайталау, бұйрықты орындау, талап еткенге бағыну және т.б. Оқытушы мен білім алушылар арасында осындай қатынас болды.

Екінші кезең тәрбие үдерісінің бағытын, заңдылығын, негізін көрсететін қағидалар мен ережелердің, нұсқаулықтардың жүйелілігімен сипатталады. Бұл кезеңде педагогикалық білім философиялық және саяси білімнің бөлігі болды.

Үшінші кезең – Еуропадағы (б.з.д. V ғ.) ортағасырлық мектептің құрылуы. Оқыту бағдарламасының мазмұны жеті еркін өнерден тұрды: грамматика, риторика, диалектикадан , дәлме-дәл, геометрия, астрономия, музыкадан тұрды.


 

Төртінші кезең – Қайта өрлеу дәуіріне сәйкес келеді.

Қайта өрлеу кезеңіндегі педагогикалық ойлардың ғұлама өкілдері – педагог ойшылдар, испан философы, психолог, педагог, оқыту үдерісінің мәселелерін ойлап табушы – Х.Л. Вивес (1492-1540), неміс педагогы, классикалық гимназияның негізін қалаушы – И. Штурм (1507-1587), италияндық философ, саяси қайраткер, балаларды тәрбиелеуге баса назар аударған, оқытуда көрнекілік әдісін қолдануды ұсынған – Т. Кампанелла (1568-1639), француз философы, ойшыл, тәжірибені оқыту құралы ретінде насихаттаушы – М. Монтень (1533-1592), голландиялық ойшыл, адамгершіліктің критерийі еңбекке деген қатынас дегенді айтқан – Э. Роттердамский (1466-1536) және т.б.

Бесінші кезең – педагогиканың жеке ғылыми теория ретінде қалыптасуы. Бұл чех педагогы Ян Амос Коменскийдің атымен байланысты. «Ұлы дидактика» кітабында (1628 ж.) Я.А. Коменский педагогикалық білімге ғылыми негіз салуға тырысты.

Алтыншы кезең – педагогика ғылымының маңызды құрылымы – дидактиканың дамуына көптеген үлестерін қосқан белгілі педагогтар И.Ф. Гербарттың (1776-1841), И.Г. Песталоццидің (1746-1827), А. Дистервергтің (1790-1816) есімдерімен байланысты.


 

Жетінші кезең – В.Г. Белинский (1811-1848), А.И. Герцен (1812-1870), Н.Г. Чернышевский (1828-1889), Н.А. Добролюбов (1836-1861), Л.Н. Толстой (1828-1910), Н.И. Пирогов (1810-1881) және т.б. белгілі орыстың ғалымдары мен ағартушыларының қызметімен танылды.

Сегізінші кезең – педагогиканың ғылым ретінде дамуы К.Д. Ушинскийдің (1824-1870) іс-әрекетімен байланысты. Ол көптеген мәселелерді бірінші болып шешті, оның ішінде: антропология, физиология, психология және тағы басқа ғылымдарды білуге негізделген жаңа педагогиканың жүйесін ойлап тапты

Тоғызыншы кезең – педагогиканың ғылым ретінде дамуы ХХ ғасырдың басындағы тарихи жайт – 1917 жылғы Ұлы Қазан төңкерісімен байланысты.


 

Оныншы кезең – 1990 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі аралықты қамтиды. Бұл кезең оқытудағы педагогикалық технологиялары, соның ішінде ақпараттық-коммуникативті технологияны және тұлға-бағдарлық білімді беруді енгізу мәселелеріне қатысты қызығушылықтардың туындауымен сипатталады.


 

Осылайша педагогиканың ғылым ретінде дамуына әсер еткен бірнеше кезеңдер болды. Педагогика ғылымының қазіргі міндеттерінің бірі – болашақ мұғалімдерге педагогикалық процестін ғылыми теориялық негіздерін ашу, бастауыш және негізгі мектеп оқушыларына білім беру мен тәрбиулеуге қажетті білім, іскерлік, дағдыларымен қаруландыру болып табылады.

          19 ғасырдың басында нарықтық қарым-қатынастың дамуына, ғылыми-техникалық өркендеуге байланысты педагогика тармақталып, жеке пәндер бөлініп шықты. Олар:

  • жалпы педагогика (тәрбие, білім беру және оқытудың жалпы заңдылықтарын зерттейді),
  • сәбилер мен мектепалды педагогикасы,
  • мектеп педагогикасы,
  • сурдотифло педагогика және олигофрено  педагогика (керең, зағип және ақылы кем балалардың тәрбиесі мәселелерін зерттейді),
  • жеке пән әдістері,
  • Педагогика тарихы.

Педагогика міндеттері:

  1. Халық педагогикасының педагогикаға ғылымындағы орнын айқындау, рөлін көрсету және оның педагогикалық процесте жүзеге асырылу жолдарын айқындау.
  2. Оқыту мен тәлім – тәрбиенің негізгі заңдылықтары мен принциптерін дұрыс қолдана білу.
  3. Білім беру мазмұнының ғылыми негіздерін жасау, жалпы, политехникалық және кәсіптік білім берудің арасындағы қатынасты анықтау, оқу – тәрбие процесін оңтайландыру тиімді әдістерін ашу, ғылыми тәжірбиелік мәнін көрсету.
  4. Педагогика ғылымындағы негізгі бағыттар, б.б жүйесін, мектептегі оқу – тәрбие процесін интеграциялау, гуманитарландыру, интеллектуалдандыру, жекелендіру және демократияландырудың ғылыми теориялық принциптерін шешу.
  5. Балалармен қарым – қатынас жасау мәдиниетіне үйрету, ұстаз шеберлігіне жету жолдары мен шараларын жете түсіну.
    1. Бастауыш мектепте «Ондық» тобындағы арифметикалық шаманы оқып-үйренудің әдістемесі қандай ?

 

 


Информация о работе Контрольная работа по дисциплине "Дидактика" на казахском языке