Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2014 в 21:09, доклад
В работе описаны научно-педагогические основы совершенствования информационно-логической компетентности учителей в условиях информатизации общества.
Білім беру жүйесіндегі өзгерістер оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын қолдануды, жеке тұлғаның жан-жақты шығармашылық тұрғыдан дамуына жол ашуды көздеп отыр. Бұл міндеттерді жүзеге асырушылар білім беру жүйесінің күрделі мәселелерін шешетін кәсіби құзыретті ұстаздар болмақ. Сондықтан педагогика ғылымында кәсіби құзыреттілік коммуникативтік, ақпараттық, регулятивтік, операционалдық және интеллектуалды-педагогикалық құзыреттілік ретінде қарастырылып келеді. Ал, жаңа қоғам мұғалімі тек кәсіби шеберлігі жоғары адам ғана емес, рухани дамыған, шығармашыл, мәдениетті, білім құндылығын түсінетін, педагогикалық технологияларды меңгерген, ғылым мен техника жетістіктері негізінде кәсіби құзыретті болуы тиіс.
А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №1, 2011
Р.А.МЕДЕТБЕКОВА
физика-математика ғылымдарының кандидаты
М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ
Б.Д.СЫДЫҚОВ
педагогика ғылымдарының докторы
М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ
Г.М.АБДИМАНАПОВА
М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің магистрі
КӘСІБИ АҚПАРАТТЫҚ-ЛОГИКАЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
В работе описаны научно-педагогические основы совершенствования информационно-логической компетентности учителей в условиях информатизации общества.
This paper describes the scientific and pedagogical basis to improve information-logical competence of teachers in terms of information society.
Білім беру жүйесіндегі өзгерістер оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын қолдануды, жеке тұлғаның жан-жақты шығармашылық тұрғыдан дамуына жол ашуды көздеп отыр. Бұл міндеттерді жүзеге асырушылар білім беру жүйесінің күрделі мәселелерін шешетін кәсіби құзыретті ұстаздар болмақ. Сондықтан педагогика ғылымында кәсіби құзыреттілік коммуникативтік, ақпараттық, регулятивтік, операционалдық және интеллектуалды-педагогикалық құзыреттілік ретінде қарастырылып келеді. Ал, жаңа қоғам мұғалімі тек кәсіби шеберлігі жоғары адам ғана емес, рухани дамыған, шығармашыл, мәдениетті, білім құндылығын түсінетін, педагогикалық технологияларды меңгерген, ғылым мен техника жетістіктері негізінде кәсіби құзыретті болуы тиіс [1].
Атап айтқанда мұғалімнің кәсіби-педагогикалық құзыреттілігі оқу үдерісі барысында кәсіби шеберліктерін мақсатты жетілдірумен қоса, педагогикалық шығармашылық қызметке тікелей қатысуымен астарласуы тиіс. Ол мұғалімнің жалпы мәдени, әдіснамалық, психологиялық-педагогикалық, пәндік блоктарды өмір талабына сәйкес арттырып отыруын қамтамасыз етеді.
Бірқатар зерттеушілер мұғалімнің кәсіби-педагогикалық құзыреттілігін зерттей отырып, оның құрамына әдістемелік құзыреттілікті де жатқызады. Олар әдістемелік құзыреттіліктің барлық пән мұғалімдері үшін ортақ қасиеттері болып табылатын компоненттерін нақтылайды. Ал біздіңше мұғалімнің ақпараттық-логикалық құзыреттілігі кәсіби-педагогикалық құзыреттілік, әдістемелік құзыреттілік ұғымдарының анықтамасы мен құрылымына қайшы келмейтінді және ақпараттық-логикалық құзыреттілік жалпы кәсіби құзыреттіліктің негізгі құраушысы болып табылатындығын атап көрсетеміз [2,3].
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында соңғы жылдары кәсіби-педагогикалық, әдістемелік және ақпараттық-логикалық құзыреттіліктің жаңа компоненттері анықталып, толықтырылуда. Бұл өз кезегінде мұғалімдердің кәсіби ақпараттық-логикалық құзыреттілігін арттыруға бірден-бір себеп болады.
Ақпаратты-логикалық құзыреттілік ұғымына арналған басты бағыттар дидактикалық нәтижеге жеткізетін мұғалімнің тұлғалық кәсіби шеберлігі, оқытудың ақпараттық-коммуникациялық, жаңа педагогикалық технологияларын пайдалана отырып, өз пәнін оқытуға теориялық, практикалық және әдістемелік дайындықтарының үйлесімділігі деп анықтауға болады. Ал ақпараттық логикалық құзыреттіліктің компоненттеріне тұлғалық, іс-әрекеттік, танымдық, аналитикалық-синтетикалық болжау, жүйелік-іс-әрекеттік ыңғай, жобалау, модельдеу, бағдарламалау қабілеттерін жатқызуға болады.
Мұғалімнің ақпараттық-логикалық құзыреттілігін кәсіби дайындық тұрғысынан арттыру жөнінде зерттеулердің тапшылығы жоғары оқу орындарында информатика мұғалімінің кәсіби дайындығының мақсатын, педагогикалық алғы шарттарын, әдістерін, құралдарын, оқыту технологияларын, әдістемелерін айқындай түсіп, мұғалімнің кәсіби ақпараттық-логикалық құзыреттілігі дидактикалық тұрғыда нәтижелі болатын тұлғалық кәсіпкерлігінен, практикалық іскерлігінен және өз пәнін оқытуда жаңа педагогикалық технологияларды қолдану шеберлігінен құрылатындығын анықтайды.
Бүгінгі қоғам үшін информатиканың, кибернетиканың, синергетиканың, экологияның, микроэлектрониканың және т.б. жаңа ғылымдардың рөлі мен мәні туралы түсініктерді дамыту – қазіргі кезең – ғылыми-техникалық төңкерістер кезеңіне тән ерекшеліктердің бірі.
ХХ-шы ғасырдың 50-60 жылдары басталған бұл даму осы ғылымдардың қалыптасуына және адамзат әрекетінің көптеген салаларына, яғни өндірістік кәсіпорынға, ғылыми зерттеулерге, білім беруге, әлеуметтік мәселелерге және т.б. әсер етті. Бұл жүйелерде өзін-өзі ұйымдастыру, өзі-өзі дамыту, жүйелілік және басқару сияқты факторларды ескеру қажеттігіне алып келді.
Бүгінгі таңдағы оқу үдерісінде қолданылатын ақпараттық технологиялар ЭЕМ қолдануға негізделген. Заманауи ЭЕМ-дер формальданған білімдерді өңдеу мен бейнелеу үшін үлкен есептеу мүмкіндіктеріне ие және білімді ұйымдастырудың мейлінше жетілдірілген формаларын жасау және оларды оқытуда қолдану үшін жағдай туғызады. Дегенмен біздің анықтауымыз бойынша ЖОО оқу үдерісі білімді формальдау әдістеріне оқытуға толық дайын еместігі анықталды. Бұл студенттерге болашақ кәсіби іс-ерекетінде қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды тиімді қолдану мүмкіндігін бермей отыр.
Сондықтан қазіргі кездегі оқыту әдістемелерінде, маман даярлауда ЭЕМ мүмкіндіктері толық жеткілікті түрде қолданылмауда, бұл өз кезегінде ақпараттық технологиялардың дамуының қол жеткен деңгейімен, осы кезде қалыптасқан оқыту әдістемелері мен технологияларының арасында қарама-қайшылықтың пайда болуына алып келеді.
Бұл қайшылықты шешу үшін педагогика ғылымы мен оқыту теориясынан терең ойластырылған, дербес білім беру міндеттерін шешуге бағытталған жаңа инновациялық білім беру технологияларын құру қажет болады.
Оқыту технологияларын жетілдірумен бірқатар ғалымдар шұғылданып келеді. Дегенмен бұл еңбектерде болашақ мұғалімдер үшін оқытылатын әртүрлі пән саласы бойынша білімдерді формальдауға оқыту әдістемесі мен технологиясы мәселелері жеткілікті түрде көрініс таппай отыр. Бұл осы бағыт бойынша ғылыми-зерттеулердің қажеттілігі туралы қорытынды жасау мүмкіндігін береді. Себебі болашақ мұғалімдердің бұл әдістерді меңгеруі оларды болашақ кәсіби іс-әрекеттерінде қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды неғұрлым тиімді қолдану мүмкіндігін береді.
Осы айтылғандарға байланысты мұғалімнің ақпараттық-логикалық құзыреттілігін арттыруды бағдарламалық қамтамасыз етуді, құралдарды жобалауға, жасауға, қолдануға, байланысты ақпараттық технологиялардың құралдарын өзіндік ұйымдастыру үдерісін, олардың техникалық құралдарға тікелей қатынасын ескере отырып баламалы модельмен сипатталатындығын болжауға болады [4, 5, 6]. Мұндай модельді құру үшін АТ құралдарын дамыту үдерісіне әсер ететін басқа да құраушыларды: олар негізделген формальды аппараттардың даму деңгейін; бағдарламалық қамтамасыз ету деңгейін; АТ құралдарын адамзат іс-әрекетінің түрлі салаларында қолдану арқылы және т.б. ескеру керек.
Сондықтан мұғалімнің ғылыми дүниетанымда жаңа технологиялардың орны ерекше, себебі ол заманауи ақпараттық технологияларды қоғамның барлық саласында және ғылыми-техникалық зерттеулерде кеңінен қолданылуынан келіп туындайды. Ғылыми-техникалық революциямен бірге өмірге келген ақпараттанудың ғылыми салалары, ақпараттық технологиялардың дамуындағы ішкі заңдылықтары мен логикасын, оны өндіргіш күшке айналу үдерісін арттыра түсті.
Қорыта айтқанда оқыту үдерісінде ақпараттық технологияларды қолданып оқыту арқылы дүниенің тұтастығын түсінеміз, жалпы интеллектің артуына ықпал жасаймыз. Ал біздіңше жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындау үдерісінде және мұғалімнің өз іс-тәжірибесінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқу үдерісінде қолдануы оқу пәндерінің сапасының артуына алып келеді және осыған байланысты оқытудың жаңа формалары мен тәсілдерін қарастырудың өзектілігі артады.
ӘДЕБИЕТТЕР