Курстық жұмысты таңдауға қатысты әдістемелік нұсқаулар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2015 в 12:28, реферат

Описание работы

Курстық жұмысты орындауға дайындықты универсииеттің мамандандырушы кафедралары ұйымдастырады.
Мамандандырушы кафедралар курстық жұмыстың тақырыптарын жыл сайын өзгертіп, ғылым саласының қазіргі және болашақта даму деңгейінің талаптарына сәйкестілігі ескеріледі.

Файлы: 1 файл

курстык жумыс.docx

— 16.10 Кб (Скачать файл)

Курстық жұмыстың тақырыптарын таңдау

 

Курстық  жұмысты таңдауға қатысты әдістемелік нұсқаулар

 

Курстық жұмысты орындауға дайындықты универсииеттің мамандандырушы кафедралары ұйымдастырады.

Мамандандырушы кафедралар курстық жұмыстың тақырыптарын жыл сайын өзгертіп, ғылым саласының қазіргі және болашақта даму деңгейінің талаптарына сәйкестілігі ескеріледі.

Кафедра студентке ұсынған тақырыптардың біреуін өз еркімен  таңдауды талап етеді. Бұларға ең алдымен тақырыптың актуальділігі мен сол ғылым саласының қазіргі кездегі талаптарына сәйкестілігі жатады.  Өткізілетін зерттеу жұмыстарына міндетті түрде қойылатын талап – оның жаңалығы.

Студенттік дипломық жұмыс түбегейлі ғылыми жаңалықтар ашуды көздемейді, олардағы зерттеулер,  әдетте қарапайым болады, дегенмен студенттің қазргі даму деңгейі мен оның болашақ бағыттарын айқын түсінуі шарт. Бұл қарапайым болғанмен, өзбетінше жасалынатын, яғни бұрынғы шындықты қайталауіа жатпайтын, зерттеу жұмысының орындалуы үшін қажет.

Сонымен бірге студентке ғылыми талдау, жинақтау, қортындылау жасай алу талабы қойылады.

Орындалатын зерттеулерге қойылатын келісі маңызды талап – зерттеулердің тәжірибелік мәні, нақты қажеттіліктерді қамтамасыз етуге жарамдылығы.

 

 

 

       Студенттің курстық тақырыппен жұмыс істеу әдістемесі.

 

Жетекшісінен тапсырма алған студент курстық тақырыппен жұмыс істеуге кіріседі. Тапсырма бойынша талданылатын мәселелердің тізімін ескерте отырып, алдын ала керекті  әдебиетпен танысудың, барлық мәліметтерді сараптаудың негізінде ол алда тұрған жұмыстың мақсаты мен міндеттерін анықтайды, күнтізбелік жоспарын жасайды. Кез келген  зерттеудің мақсаты алған қойған мәселені шешудің бағытын сілтейді, ал міндеттер осы мақсатты нақтылайды. Курстық жұмысқа қатысты айтатын болсақ, мақсат пен міндеттерді айқындау арқылы оны орындаудың сенімді бағыты анықталады.

Күнтізбелік жоспар тапсырмада көрсетілген талаптарға сәйкес жұмыстың жеке кезеңдерінің орындалуының қисыны мен реттілігін және мерзімдерін белгілейді. Бұл  мерзімдерді, әдетте, студенттер өздері шамалайды, жетекші қажетінше түзетулер жасайды. (мерзім зерттеу тақырыбының, мақсаттың және міндеттердің, жалпы уақыттың жұмысты аяқтауға бөлінген мөлшері мен қажетті материалдардың тәжірибелік сынақтардың күрделілігі сияқты нақты ерекшеліктерімен байланысты шарттарға тіреледі.

Күнтізбелік  жоспардан басқа студент курстық жұмыстың мазмұнын және баяндаудың реттілігін көрсететін жоспар жасауы керек. Ол курстық жұмыстың  жоспары немесе курстық шығарманың немесе  курстық жұмысқа түсінік түсінік жазбаның  жоспары деп те аталынады.

Курстық жобаның жоспары да күнтізбелік жоспары сияқты жұмысқа кіріскенде немесе кей жағдайларда ең алғашқы кезеңде, әдебиет және басқадай көздерді таңдаумен қатар жасалынады. Курстық жұмыс жоспарының бірінші нұсќасы бірнеше рет өзгертіліп, кейбір бөлімдері кеңейтіледі, нақтыланылады немесе қосымша мәліметтермен толықтырылады және тақырыпты мазмұндаудың түрі (стилі мен синтаксисі) де өзгертіледі. Жоспар қажетті  материалдарды жүйеге келтіруге көмектесетіндіктен, оны міндетті түрде ќұрып, кейннен курстық жобаның ақтық мәтінін жазғанда негіз ретінде пайдалану керек, өйткені жоспарда тақырыптың барлық бөлімдері көрсетілген.

Курстық жұмыс зерттеуідің қарапайым түрі болғандықтын, студенттің ғылыми – зерттеу  әдістерімен  таныс болып, оларды қажетті деңгейде меңгеруін талап етеді.

Курстық жұмысты орындауға қажетті негзгі әдістер: әдеби және мұрағаттық тағы сол тектес көздерді білу; бақылау жєне өздігінен байқау, экспримент, жұмыс тәжірибесімен танысу, әңгімелесу; сауалнамалар мен сұхбаттасулар өткізу, сандық нәтижелерді математикалық әдістермен  өрнектеу. Аталған әдістерді кешенді түрде пайдаланған тиміді, бірақ пәннің ерекшелігі мен нақты жағдайларға қарай олардың кейбіреулері басымдырақ  қолдануы да мүмкін.

Курстық жұмыс керекті  әдебиетті іріктеп алып, танысудан басталады. Курстық жұмыстың нұсқаларынада әдебиетті (оқулықты, оқу ќұралдарын, монографиялар,  мерзімді  жарияланымдар, шетелдік журналдар, нормаландыру  әдебиетін т.с.с.) терең  зерттеп білу талап етіледі.

 

5.8 Кіріспе

Кіріспе курстық жұмыс тақырыбының өзектілігін, ғылыми жаңалық және ғылыми жаңалықтардың жағдайын, практикалық қажеттілігін, сонымен қатар зерттеудің мақсаты, міндеті мен объектін айқындауы тиіс.

Кіріспе бөлімде «ҚР –ның 2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық», 2011-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысын дамыту, «2015 жылға дейінгі құрылыс индустриясын дамыту» мемлекеттік бағдарламаларына сәйкес жергілікті шикізаттық материалдарды қолдана отырып берілген эксплуатация қасиеттері бар бетондарды алу үшін ғылыми эерттеу жұмыстарын жүргізудің маңызы жайлы мәліметтерді келтіреді. Сонымен бірге курстық жұмыста қолданылған инновациялық шешімдер мен олардың өндірісте қолданылып жүрген шешімдерден артықшылықтары көрсетіледі (әдеби көздер, жеке кәсіпорындардың тәжірибесі негізінде және интернет мәліметтеріне сәйкес). Жұмыста қолданылған жаңа ашылулар мен стандартты емес технологиялар жайлы мәлімет беріледі.

Кіріспеде талаптар болмауы керек. Кіріспені нөмірлемейді және жеке парақта орналастырады.

 


Информация о работе Курстық жұмысты таңдауға қатысты әдістемелік нұсқаулар