Әлеуметтік педагогика пәні және оның міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Января 2014 в 11:48, доклад

Описание работы

Әлеуметтік педагогика пәні - әлеуметтік қажеттілікке, емдеуге, әлеуметтендіруге байланысты біріккен жеке адамды, топты оқыту мен тәрбиелеу теориясы мен тәжірибесі. «Әлеуметтік педагогика» терминін ХІХ ғасырдың ортасында неміс педагогы Пауль Наторп енгізді, бірақ бұл термин ХХ ғасырдың басында ғана жаппай қолданыла бастады. Педагогика оқу-тәрбие мекемелеріндегі тәрбие теориясы мен әдістемесі ретінде пайда болып, дамыды.

Файлы: 1 файл

Баяндама1.docx

— 34.22 Кб (Скачать файл)

прагматической точки  зрения» атты еңбегінде әлеуметтік педагогиканың

маңызды мәселелеріне тоқтала  отырып, «...тәрбиенің негізгі міндеті -

әлеуметтік тәртіпке тәрбиелеу, дағдыны игеру, мәдениетке баулу, моральдық

тәрбие беру»,- деп есептеді.

Ф. Шлейермахер тәрбиені ұрпақтар арасындағы қарым-қатынасты

жалғастырушы ретінде  қарастыра отырып, тәрбиенің әлеуметтік

маңыздылығына үлкен мән  берсе, Г.Гегель «Адамның адамдығы тәрбиеге

байланысты, себебі тұлға  қоршаған ортамен ӛзара әрекеттескенде қалыптасады, ал тәрбие арқылы ол мәдениетке, социумға белсенді араласады»,- деп есептеді.

Сондай-ақ, Г.Гегель: «...тәрбие мен білім беру индивидті қоғамда  және

мемлекетте субъективті  сферадан объективті сфераға шығаруға бағытталуы

керек, сондай-ақ тәрбиенің  басты міндеттерінің бірі баланың өзіндік

құндылығын сезінуді қалыптастыру»,-деп  пайымдады. Дегенмен ол, қажет

болса, оқушыларды жазалауға  да болады деп есептеді. Г.Гегель отбасы мен

мемлекетті балалар бойында  адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудың

әлеуметтік формасы ретінде  қарастыра отырып, тәрбиені мемлекеттік  етуді

жақтап, оны бастауыш мектеп, гимназия, университет жүзеге асыруы тиіс деп есептеді. Ал шіркеуді әлеуметтік институт ретінде қарастыра отырып, балаға тәрбие мен білім беруде оның маңызды орын екенін атап өтті. Баланың дамуында басты рольді ортамен тәрбие алатындығын социал – утопистер де мойындады. Жеке тұлғаның жарасымды дамуы мен қалыптасуында өндірістік еңбек пен қоғамдық жұмысқа балаларды үйретудің маңыздылығына үлкен мән берді. Социал – утопистер қоғамдық тәрбиенің мемлекеттік экономикалық даму жағдайына байланысты екендігі жӛніндегі пікірлерін жүйелі түрде білдіріп отырып, негізгі әлеуметтік міндет ретінде бала бойында мораль негіздері мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруды қойды. Мәселен Ш.Фурье баланың жеке тұлға ретінде адамгершілік тәрбиелілігінің, яғни, жолдастық, достық, мейірімділік, қайырымдылық сияқты сезімдері мен әділетті болу, қоғамға қалтқысыз еңбек ету т.б. қасиеттері ұжымда дамиды деп есептеді. Шынайы адамгершілікті адам болып қалыптасудағы дұрыс ұйымдастырылған ақыл-ой, эстетикалық және дене тәрбиесінің маңызына ерекше тоқталды. К.Маркс, Ф.Энгельс тәрбие мен білім беруді таптық күреске қажетті байланыс ретінде қарастырды. Олар сондай – ақ адам тек орта мен жағдайдың тәрбие ӛнімі емес, барлық қоғамдық қатынастардың өнімі деп есептеді. 19 ғасырдың ортасындағы О.Конт, Дж.Милль, Г.Спенсер сияқты ағартушылар қоғам дамуына байланысты әлеуметтік фактор ретінде тәрбие жоғары мәнге ие болады деп есепетеді.

Педагогикалық ой пікірдің дамуына үлес қосқандардың бірі И.Г.Песталоции. И.Г.Песталоции тәрбиені әлеуметтік үрдіс ретінде түсіне білді. Бірақ ол еңбекшілердің тұрмысын оларға білім берумен, тәрбие берумен жақсы жолға қоюға болады деп қате түсінді. Адамдардың әлеуметтік және праволық теңсіздігінің себебі сол қоғамдағы қоғамдық қатынастың нәтижесі екенін ол түсінбеді. Халықтың кедейлігінің себебін экономикалық жағдайдан емес, оның қараңғылығынан көрді.

Ф.Фребель өзінің әйгілі «Адамды тәрбиелеу» атты педагогикалық еңбегінде адамның ішкі әлемінің диалектикалық түрде сыртқа айналатынына ерекше көңіл бөлді. Тәрбие мен білім беру жұмысы барлық жастағылар үшін

педагогикалық мекемелерде  жүйелі іске асырылуы керектігін қарастырды.

19 ғасырда әлеуметтік  педагогика ғылым ретінде қалыптасты. «Әлеуметтік

педагогика» терминін алғаш  А.Дистерверг енгізген болып саналады, дегенмен кейбір зерттеушілер әлеуметтік педагогиканың қалыптасуына неміс философы П.Наторп зор үлес қосып, алғаш «Әлеуметтік педагогика» терминін енгізген деген пікір айтуда. П.Наторптың негізгі педагогикалық еңбегі «Әлеуметтік педагогика» 1898 жылы жарық көрді. Алғашқы 2 бөлімі автордың дүниетанымдық көзқарасын неоканттық көзқараста философиялық

пайымдаудан тұрады. Алғашқы 2 бөлімі - бұл этика жүйесі яғни мұны бір

уақытта әлеуметтік философия  ретінде қарастыруға болады, себебі Наторп

мұнда әлеуметтік даму заңын, техникамен өзара байланысты, құқық,

шаруашылық қоғамдық идеал  және т.б мәселерді қарастырады. Үшінші

бөлімді Наторп отбасы тәрбиесі теориясына, мектеп теориясы және «еркін

өзін - өзі тәрбиелеу» теориясына арнады. Оның дәлелдеуінше: адам мен қоғам тұтас алғанда бір заңмен дамиды. Сондықтан П.Наторптың «Әлеуметтік педагогикаға» берген анықтамалары халықтың мәдени деңгейін көтеру мақсатында қоғамның тәрбие күштерін интеграциялау мәселеріне арналды. Әлеуметтік өмірдің басты компоненттері ретінде ол еңбекті пен саяси құқықты ұйымдастыруды және білім беруді ұйымдастыруды қарастырды. Прогрестің басты факторы П.Наторп бойынша жекелеген адамдар мен барлық «қоғамның» тұтастай «сана прогресі» болып табылады. Ерікті тәрбиелеу Наторп пікірінше педагогтың басты міндеттерінің бірі болуы керек. Наторп адам ерік – жігерінің даму сатыларын және сол сатыларға сәйкес тәрбиенің үш типін: отбасы тәрбиесі, мектеп тәрбиесі, өзін - өзі тәрбиелеу типтерін көрсетеді.

Жалпы алғанда ХІХ ғасыр  педагогтары мектеп пен тәрбиенің

функцияларының өскендігін атап өтумен қатар, мемлекеттік білім беру жүйесін қолдады. Сонымен, ғасырдың аяғына таман педагогиканың бір саласы ретінде барлық жастағы және әлеуметтік жағдайдағы адамдардың әлеуметтік тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік педагогика қалыптасты.

 

 

2. Әлеуметтік педагогика  пәнінің міндеттері

Әлеуметтік педагогика пәнін оқып үйренуде төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру көзделеді:

- тұлғаны әлеуметтендіру  процесінің педагогикалық аспектісіндегі  ғылыми

білімдерді қалыптастыру;

- әлеуметтендірудің негізгі  институттарының әлеуметтік педагогикалық  іс-

әрекетінің сипаты және ерекшелігі жайлы теориялық және практикалық

білімдерді студенттердің  меңгеруін қамтамасыз ету;

- тұлғамен социумда әлеуметтік  педагогикалық жұмыстың практикалық

біліктері мен дағдыларын студенттерде қалыптастыру;

-мейірімділік, әділеттілік,  басқа адамдарды түсінушілік  жолдарына және

барлық тірі дүниеге сүйіспеншілік  түсінігін бала санасына тәрбиелеу;

-өмірдің мақсаты мен міндеттерін қоршаған адамдармен қарым – қатынас

жасауға үйрету, қиындықтан өз бетінде шыға білу дағдыландыру;

-адамдарды оның физиологиялық және рухани ерекшелігін, қоғамдағы

міндеттері мен құқықтарын қоршаған ортаны танып – білуге құштарлығын

дамыту;

-өзіне деген сенімділік пен өз мүмкіндіктерін сезінуді дамыту;

-кішкене және үлкен топтармен, жолдастарымен, отбасы мүшелерімен,

сыныптас және жұмыстас құрдастарымен, адамдармен келіспеушілікті өз

бетінше жоюға.

Қазіргі заманға сай тенденциялардың  бірі гуманитарлық конверсия болып табылады. Ол – адам, оның мәдениеті, даму деңгейі және адамға тән қасиеттері қоғамдық және тарихи прогресстің мақсаты болуымен ерекшеленеді. Кейінгі кезде қоғамдық өмірдің барлығына дерлік гуманистік бағыт берудің қажеттілігі мен ондағы адамның жоғары құндылық ретіндегі ролі және адамдық фактор жөнінде көп айтылып жүр. Басқаша айтқанда адамның объективті- мақсатты маңыздылығының (индивид, тұлға, жеке тұлға) артқандығын көруге болады. Осы уақытқа дейін терең мән беріліп келген техникалық прогресс, экономика мен ғылымның дамуы өз бетінше құнды бола алмай отыр. Себебі, бүгінгі күні техникадағы, экономика мен ғылымдағы жетістіктер «кім үшін және адамға қандай пайдасы бар?» деген сұрақтар жиі қойылуда. Барлық қоғамдық прогресске қоғамдық құндылықтың тән екені даусыз. Бірақ, мәселе, оның қоғамдық маңызының қандай екендігі мен адамға қоғам мүшесі ретінде не беретіндігі жөнінде.

Сондықтан тарихи үрдістегі  субъект ретіндегі адамның роліне терең мән беріліп, қоғам адам құндылығын тарихи үрдістің субъектісі ретінде тани

бастады. Қазіргі таңда қоғам гуманистік тенденцияларды қалыптастырумен ғана шектеліп қоймайды, сол тенденцияларды мақсатты жетілдіруді, яғни тұтас гуманистік концепцияларды құруды және қоғамда әлеуметтік механизмдар мен әлеуметтендіру технологияларын құру арқылы жүзеге асыруды қажет етеді. Ал, бұл концепциялар, әрбір адамды субъектке айналдырумен қатар, өзін-өзі анықтау мен өзін-өзі жетілдіруді қамтамасыз етеді. Аталып отырған міндеттердің орындалуында әлеуметтік педагогика пәнінің маңызы зор. Мықты орнығып келе жатқан гуманистік бағыт философия, педагогика, психология, әлеуметтану, әлеуметтік психология сияқты дәстүрлі гуманитарлық ғылымдардың мазмұны мен әдіс-тәсілдерін жаңа тұрғыдан қайта қарауды қарастырады. Барлық қоғамдық прогресске қоғамдық құндылықтың тән екені даусыз. Бірақ, мәселе, оның қоғамдық маңызының қандай екендігі мен адамға қоғам мүшесі ретінде не беретіндігі жөнінде. Себебі, аталған ғылымдардың өзіндік ерекшеліктері жеке тұлғаны

әлеуметтендіру концепцияларын толық жүзеге асыруды шектейді. Мұндай

қиыншылықтарды жаңа пәнаралық  ғылым - әлеуметтік педагогика жүзеге

асырады және қазіргі таңда  әлеуметтік педагогиканың пайда  болуы мен

қажеттігі анық байқалуда. Оны логикалық байланысы бар төмендегідей звено

ретінде көрсетуге болады:

- қоғам дамуындағы адамның  объект және субъект ретіндегі  жоғары

құндылығын мойындау;

- қоғамның жеке тұлғаны әлеуметтендірудің көп аспектілі және бағалы екенін түсінуі;

- әлеуметтік-педагогикалық  әрекеттің маңызын түсіну;

- әлеуметтік педагогиканы  ғылыми-теориялық және практикалық  тұрғыдан

қабылдау.

Сондай-ақ, әр түрлі әлеуметтік тәжірибе көрсеткендей адам субъект ретінде қатысып отырған қоғамдық өмірдің қай саласы болмасын әлеуметтік-

психологиялық сипаттағы  әлеуметтік тапсырысты орындауға дайын. Осындай тапсырыстардың ішінен түрлі әлеуметтік-педагогикалық технологияларды, аймақтық білім беру бағдарламаларын даярлау және әлеуметтік қызмет көрсету жүйелері арқылы халыққа әлеуметтік көмек көрсету жұмыстары жиі кездеседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

 

1. Андреева И.Н. Антология по истории и теории социальной педагогики,

Москва, 2000 г.

2. Басов Н.Ф. История  социальной педагогики, Москва, 2007 г.

3. Усманов Ә.Ә., Сәрсенбаева  М.Б. Педагогика, Алматы, 2005 ж.


Информация о работе Әлеуметтік педагогика пәні және оның міндеттері