Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 19:06, доклад
Логика (гр. λογική - «талдауға құрылған», λόγος — «сөз», «сөйлем», «ойлау», «ақыл») — ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылым теориялар жиынтығын құрайды.
Ғылым ретіндегі логикадан логикалық дұрыс ойдың байланысы мен динамикасын (ойлау логикасы) айыра білу қажет. Ғылыми логика саласына белгілік құрылымдарды жасау мен зерттеу (есептеу, формальдік жүйелер), жалпы касиеттері логикалық оймен көрінетін және белгілік құрылымда белгіленетін шындықтың белгілі бір үзінділерін қарастыру (модельдер) енеді.
Логика
Логика (гр. λογική - «талдауға
құрылған», λόγος — «сөз», «сөйлем»,
«ойлау», «ақыл») — ойлау, оның формалары
мен заңдылықтары туралы ғылым. Логика
дәлелдеу мен теріске шығарудың
белгілі бір әдіс-тәсілдері
Ғылым ретіндегі логикадан логикалық дұрыс ойдың байланысы мен динамикасын (ойлау логикасы) айыра білу қажет. Ғылыми логика саласына белгілік құрылымдарды жасау мен зерттеу (есептеу, формальдік жүйелер), жалпы касиеттері логикалық оймен көрінетін және белгілік құрылымда белгіленетін шындықтың белгілі бір үзінділерін қарастыру (модельдер) енеді.
Логикалық форма
Логикалық форма — бұл мазмұнды тұжырымдардың байланыс әдісі. Мысалы, пікірдің екі түрлі нақты мазмұнын қарастырайық:
Барлық ағаш — өсімдік.
Барлық өзендер теңізге құяды.
Екеуінің мазмұндары жағынан айырмашылығын аңғару қиын емес, сонымен бірге біріншісі пікір ақиқат та, екіншісі — жалған пікір. Осы пікірдің мазмұнын шетке шығарып тастайық та, оларды S және Р ауыспалы бөлшектерімен алмастырайық. Нәтижесінде осы пікірлер "Барлық SP-нің негізі" деген логикалык формада кұрылады. Әр түрлі мазмұнды пікірлер "Егер от болса, түтін де болады" және "Егер тарих ғылымы болса, оның өз зандары да болады" деген пікірлер де бірдей логикалық формада "Егер А болса, В да болады" деген пікірді білдіреді. Сонымен, белгілі бір ойдың логикалық формасы сол ойдың қүрылымы, оның нақты мазмұны бөліктерінің байланыс тәсілі болып табылады. Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, логика ғылымына нақты анықтама беруге болады. Логика—адам ойының логикалық формалары жағынан және кіріспе білім алу үдерісі кезінде, ақиқатқа жетуін оның заңдары мен пәнін қалыптастырушы қажетті шарттарды реттейтін ғылым. Логика жалпы логикалық тәсілдерді (әдістерді) зерттейді. Логикалық әдістер адамның накты емірді тануында ете қажетті кұрал болмақ.
Негізгі мақсаты мен зерттеу пәні
Логика ұғымы объективті дүниенің, шындықтың даму заңдылықтарын бейнелеу мағынасында да қолданылады. Кең мағынада Логика ойлаудың ғана емес, болмыстың да байланыстарын көрсетеді, бұл жағынан ол онтологиямен сабақтас. Ойлау мен таным қатар жүретіндіктен Логика таным теориясымен (гносеологиямен) байланысады. Логика философияның негізгі бөлігі болып табылады, өйткені философия “оймен басталып, оймен жалғасады, сондықтан оны кейде “ойлау туралы ойлау” деп анықтайды.
Логика тарихы философия тарихымен тығыз байланысты. Логиканың алғашқы тарихи нұсқасын б.з.б. 4 ғасырда ежелгі грек философы Аристотель жасаған. Ол дедуктивтік ой қорытулар теориясын (яғни силлогистиканы) қалыптастырып, логика қателердің алғашқы жіктелімін жасап берді және Логикалық дәлелдеу туралы ілімнің негізін қалады. Дәстүр бойынша Аристотельдің Логикасы — аподейктика — анық, ақиқат білім туралы ілім, ол Аристотельдің “Аналитикасында” баяндалған.
Аристотель дедуктивтік-силлогист. ілімді дамытса, Эпикур мен оның ізбасарлары индуктивтік Логиканың бастауын ашып, индуктивтік жалпылаудың бірқатар ережелерін тұжырымдаған. Аристотельдің Логикалық идеяларының сақталуына, олардың мән-маңызының ашылуы мен тарихи жалғасын табуына ортағасырлық ислам философтары әл-Кинди, әл-Фараби, ибн Сина, ибн Рушдтың сіңірген еңбегі зор. Аристотельдің дәлелденбейтін пікір, индукция туралы ілімін әл-Фараби жүйелі түрде дамытты. Ол предикат түрінде “өмір сүретін” құбылыстың бары жайында мүлде жаңа мәселе қойып, шартты силлогизм теориясын егжей-тегжейлі талдады, сөйтіп, Логикадағы диалектикалық мәселелерді түсінуге елеулі үлес қосты.
Неміс философы Кант Аристотельге қарсы философияның зерттейтін формаларының деректік мәні жоқ, олар әншейінгі бос форма болып табылады, сондықтан, олардың мазмұн мен ақиқатқа қатысы жоқ деген пікір айтты. Кант пікірі бойынша, жалпы Логика ғылымның формасын ғана емес, оның мазмұны мен генезисін де зерттейді. Жалпы Логиканың ең жоғарғы принципі — қайшылық принципі (немесе қайшылыққа жол бермеу принципі), ал трансцендентальді Логиканікі — әр түрлі пікірді біріктіріп, қисындастыру синтезі. Гегель “рухтың” тарихы, яғни мәдениет тарихы Логикада синтезделуге тиіс, Логика бұрынғы философияның, ең алдымен, онтологияның орнын басады, сонда болмыс пен ойлаудың тепе-теңдігі пікірдің дамуын, оның өз бетімен дамуының ішкі ырғағына сәйкес имманентті, диалекттка түрде болатынын дәлелдейді.
17 ғасырда Бэкон тәжірибеге
сүйенген ғылымның басты
Логикалық сөйлемдерді геометрия фигуралар арқылы түсіндіру әдісі И.Г. Ламберг және Б.Больцано еңбектерінде кездеседі. Сөйтіп, Логикалық мәселелерді шешуде математика әдістерді қолдану кеңінен таралды. Қазақстанда математика Логиканың дамуына академия А.Д. Тайманов зор үлес қосты. Ол Логиканың ойлау формаларын (ұғым, пікір, ой-қорытынды) зерттеп, олардың мәнін, түрлерін, арақатынастарын, олармен операциялар жасаудың тәртібін ашып, оларға тән ережелер мен түпкілікті ойлау заңдарын саралады. Формальді Логиканың (қазіргі Логика) символик. (немесе математика Логика) саласы дәстүрлі Логиканың тарихи сабақтасы болып саналады. Мұнда дәстүрлі Логиканың қойған мәселелерін шешу үшін символдар тілі, математика әдістер, Логикалық есептеулер қолданылады. Бұлайша қарастыру ойлаудың жаңа заңдылықтарын ашуға, ойлау процесін автоматтандыруға, сөйтіп, осыған негізделген жаңа техника мен технологияны жасауға жағдай жасайды. Қазіргі кезде Логика, негізінен, үш бөлімнен (пайымдаулар теориясы, математика және Логикалық методология) тұратын, жан-жақты тармақталған ғылымға айналды. Тұтас алғанда, мұндағы зерттеулер тіл мен ойдың арақатынасының қай қырынан келетіне байланысты Логикалық семиотика мен Логикалық семантика тұрғысынан жүргізіледі. Логикалық семиотикада тіл байламдары таңбалық объектілер ретінде қарастырылса, Логикалық семантикада тіл мен Логикалық теориялар олардың мазмұны жағынан зерделенеді.
Қазіргі Логикада түсініктеме
(интерпретация) ұғымы маңызды рөл
атқарады, өйткені бұл ұғым арқылы
Логикалық заң және Логикалық
жалғасу ұғымдары анықталады. Кейінгі
кездері Логикалық зерттеулерде
жаңа математика аппарат — категориялар
теориясының тілі кеңінен қолданылуда.
Логикалық теориялар оларда зерделенетін
Логикалық лебіздердің
Логикалық методолдар да қазіргі Логиканың бір бөлігін құрайды. Оны жалпы (яғни, ғылым білімнің барлық салаларында қолданылатын танымдық амалдарды зерттейтін) және жекелеген ғылымдардың методологиясы (дедуктивтік ғылымдардың методологиясы, эмпирик. ғылымдардың методологиясы, әлеуметтік және гуманитарлық білімнің методологиясы) деп бөледі. Логикалық-методолдар ізденістерде, әсіресе дедуктивтік ғылымдар методологиясы саласындағы жетістіктерді атауға болады (Логиканың дедуктивтік теория ретінде құрылуы, математиканы негіздеу, білімді аксиоматизациялау және формальдандыру әдістерінің қолдау табуы, т.б.).
Қазіргі кезде эмпирик. ғылымдар методологиясының Логикалық проблематикасы да (мысалы, гипотеза түзу және тексеру процесі, білімнің эмпирик. және теория деңгейлерінің арақатынасы, эмпирик. теориялардың Л-лық құрылымы, т.б.) белсенді зерттеліп келеді.
Ой тұжырымы
Ой тұжырымы – берілген бір немесе бірнеше өзара байланысты пайымдардан жаңа пайым қорытып шығаратын ойлау формасы.
Алғышарттары
Ой тұжырымының алғышарттары деп аталатын қорытуға негіз болатын пайымдардан және тұжырым деп аталатын алғышарттардан логикалық жолмен шығарылатын жаңа пайымнан тұрады. Алғышарттардан тұжырымға логикалық түрде өтуді қорыту дейді. Ой тұжырымы – бұрыннан бар білімдерден жаңа білімдерді қорытып шығарудың логикалық формасы. Мұндай білімдер қорытынды білімдер делінеді. ‘’Силлогизм’’ деп аталатын ең қарапайым ой тұжырымы екі алғышарттан және тұжырымнан құралады. Алғышарттары екіден көп күрделі. Ой тұжырымын силлогизмдер тізбегіне бөліп қарастыруға болады. Алғышарттардан тұжырымға логикалық өту олардың арасындағы мазмұны бойынша байланысты қажет етеді. Ондай байланысы жоқ пайымдардан ой қорыту мүмкін емес.
Пайымдау барысы
Пайымдау барысында жаңа ақиқат білім алу үшін екі шарт орындалуы тиіс:
алғышарттардың ақиқат болуы;
қорыту ережелерінің қатаң сақталуы.
Сонда ғана ой тұжырымы ақиқат тұжырым береді және логикалық жағынан дұрыс құрылған болады. Қорыту ережелерінің қатаңдығына орай ой тұжырымын демонстративті (қажетті) және демонстративті емес (шындыққа ұқсас) болып екіге бөлінеді. Демонстративті ой тұжырымы тұжырым алғышарттардан қорытылып шығатын, демонстративті емес ой тұжырымы тұжырымның алғышарттардан қорытылып шығуы ықтимал сипат алады. Ой тұжырымы ой қозғалысының бағытына орай үшке бөлінеді: индуктивтік (жекеден жалпыға қарай), дедуктивтік (жалпыдан жекеге қарай) және аналогия бойынша (жекеден жекеге қарай). Берілген бір пайымды түрлендірудің арқасында іске асатын ой тұжырымы тікелей ой тұжырымы деп аталады. Олардың төрт түрі бар: айналдыру, ауыстыру, предикатқа қарсы қою, логикалық квадрат бойынша ой тұжырымы. Бұлардың әрқайсысының өз логикалық қорыту ережелері бар. Бірнеше (екі және одан көп) пайымнан тұратын ой тұжырымы орағытылған деп аталады. Орағытылған ой тұжырымының ең кең тараған түріне қарапайым кесімді силлогизм жатады. Мұнда алғышарттар есебінде берілген екі кесімді пайымнан қорытылатын тұжырым да кесімді пайым болып шығады. Силлогизмнің құрамына кіретін ұғымдарды силлогизмнің терминдері деп атайды. Олар кіші, үлкен және орташа болып үшке бөлінеді. Кіші термин деп тұжырымның субъектісі болатын ұғым саналады, ал оны өзіне кіргізіп тұрған алғышарт кіші алғышарт делінеді; тұжырымның предикаты үлкен термин деп, ал оның өзінде тұтатын алғышарт үлкен алғышарт деп аталады; екі алғышартта да бар, бірақ тұжырымда жоқ ұғым орташа термин болады. Бұл терминдер ретіне қарай S (кішісі), P (үлкені) және M (орташасы) деген латын әріптерімен белгіленеді. Орташа термин шеткі екеуін байланыстырып, логикалық қорытуға жол ашады, ол болмаса қорыту да мүмкін емес. Қарапайым кесімді силлогизмнің өз логикалық (жалпы және айрықша) ережелері бар. Орташа терминнің алғышарттарда алатын орнына байланысты силлогизмнің фигуралар деп аталатын төрт түрі, өз ретінде әр фигураның 16 модусы болады. Барлығы 64 модустың тек 19-ын ғана дұрыс қорытумен аяқталады, яғни логикалық ережелердің талабына сай келеді; бұлар дұрыс модустар деп аталады. Кесімді силлогизмдерден басқа күрделі ой тұжырымдары да болады. Мысалы, гипотетикалық ой тұжырымы, т.б.
Ой тұжырымы
Ой тұжырымы – берілген бір немесе бірнеше өзара байланысты пайымдардан жаңа пайым қорытып шығаратын ойлау формасы. О. т. алғышарттар деп аталатын қорытуға негіз болатын пайымдардан және тұжырым деп аталатын алғышарттардан логик. жолмен шығарылатын жаңа пайымнан тұрады. Алғышарттардан тұжырымға логик. түрде өтуді қорыту дейді. О. т. – бұрыннан бар білімдерден жаңа білімдерді қорытып шығарудың логик. формасы. Мұндай білімдер қорытынды білімдер делінеді. Силлогизм деп аталатын ең қарапайым О. т. екі алғышарттан және тұжырымнан құралады. Алғышарттары екіден көп күрделі О. т-н силлогизмдер тізбегіне бөліп қарастыруға болады. Алғышарттардан тұжырымға логик. өту олардың арасындағы мазмұны бойынша байланысты қажет етеді. Ондай байланысы жоқ пайымдардан ой қорыту мүмкін емес. Пайымдау барысында жаңа ақиқат білім алу үшін екі шарт орындалуы тиіс: 1) алғышарттардың ақиқат болуы; 2) қорыту ережелерінің қатаң сақталуы. Сонда ғана О. т. ақиқат тұжырым береді және логик. жағынан дұрыс құрылған болады. Қорыту ережелерінің қатаңдығына орай О. т. демонстративті (қажетті) және демонстративті емес (шындыққа ұқсас) болып екіге бөлінеді. Демонстративті О. т. тұжырым алғышарттардан қорытылып шығатын, демонстративті емес О. т. тұжырымның алғышарттардан қорытылып шығуы ықтимал сипат алады. О. т. ой қозғалысының бағытына орай үшке бөлінеді: индуктивтік (жекеден жалпыға қарай), дедуктивтік (жалпыдан жекеге қарай) және аналогия бойынша (жекеден жекеге қарай). Берілген бір пайымды түрлендірудің арқасында іске асатын О. т. тікелей О. т. деп аталады. Олардың төрт түрі бар: айналдыру, ауыстыру, предикатқа қарсы қою, логик. квадрат бойынша О. т. Бұлардың әрқайсысының өз логик. қорыту ережелері бар. Бірнеше (екі және одан көп) пайымнан тұратын О. т. орағытылған деп аталады. Орағытылған О. т-ның ең кең тараған түріне қарапайым кесімді силлогизм жатады. Мұнда алғышарттар есебінде берілген екі кесімді пайымнан қорытылатын тұжырым да кесімді пайым болып шығады. Силлогизмнің құрамына кіретін ұғымдарды силлогизмнің терминдері деп атайды. Олар кіші, үлкен және орташа болып үшке бөлінеді. Кіші термин деп тұжырымның субъектісі болатын ұғым саналады, ал оны өзіне кіргізіп тұрған алғышарт кіші алғышарт делінеді; тұжырымның предикаты үлкен термин деп, ал оның өзінде тұтатын алғышарт үлкен алғышарт деп аталады; екі алғышартта да бар, бірақ тұжырымда жоқ ұғым орташа термин болады. Бұл терминдер ретіне қарай S (кішісі), P (үлкені) және M (орташасы) деген латын әріптерімен белгіленеді. Орташа термин шеткі екеуін байланыстырып, логик. қорытуға жол ашады, ол болмаса қорыту да мүмкін емес. Қарапайым кесімді силлогизмнің өз логик. (жалпы және айрықша) ережелері бар. Орташа терминнің алғышарттарда алатын орнына байланысты силлогизмнің фигуралар деп аталатын төрт түрі, өз ретінде әр фигураның 16 модусы болады. Барлығы 64 модустың тек 19-ын ғана дұрыс қорытумен аяқталады, яғни логик. ережелердің талабына сай келеді; бұлар дұрыс модустар деп аталады. Кесімді силлогизмдерден басқа күрделі О. т. да болады. Мыс., гипотет. О. т., т.б.