Ұлттық ойындар- дене және еңбек тәрбиесінің құралы ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2014 в 00:05, реферат

Описание работы

Ұлт ойындарының әлеуметтік-педагогикалық маңызы туралы ілімнің дамуы туралы әлемдік ой-пікірдің ғасырлар түкпірінен орын алатындығы туралы адам баласының үздік ойлы саңлақтары ойынға соқпай, ойын туралы ой бөліспей, ойынның адам әрекетінің басты атрибуты екенін айтпай кетпегендігі жөнінде сөз етпекпіз. Ойын атаулы, оның ішінде ұлт ойындары-жастықтың символы. Олай болса дүниеге келген әрбір адамның сәби шағынан қарттыққа дейін ұзақ
өмір жолындағы жан серігі. Адамды адамдық дәрежеге жеткенге дейін дене, ой, ес, қиялын шынықтырып жаттықтырушы, ой арманын ұштап қанағаттандырушы – өмір серігі.

Файлы: 1 файл

этнопедагогика 7.pptx

— 909.09 Кб (Скачать файл)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
  
Ш. ЕСЕНОВ атындағы  
КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК  
ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ  ИНЖИНИРИНГ  УНИВЕРСИТЕТІ 
   
   
«Педагогика » факультеті  
  
«Педагогика және психология» кафедрасы  
 
 
 
Тәжірибелік сабақ – 7  
Тақырыбы: Ұлттық ойындар- дене және еңбек тәрбиесінің құралы ретінде.  
 
 
 

 

Пәннің жетекші оқытушысы: 
Ш.Сапарбайқызы.п.ғ.к. 
Орындаған: УСИЯ 13-3 тобының                                                                         студенттері: Адаева Ф., Кенжекенова Г.  

     Ұлт ойындарының әлеуметтік-педагогикалық маңызы туралы

ілімнің дамуы туралы әлемдік ой-пікірдің ғасырлар түкпірінен орын

алатындығы туралы адам баласының үздік ойлы саңлақтары ойынға

соқпай, ойын туралы ой бөліспей, ойынның адам әрекетінің басты

атрибуты екенін айтпай кетпегендігі жөнінде сөз етпекпіз. Ойын

атаулы, оның ішінде ұлт ойындары-жастықтың символы. Олай болса

дүниеге келген әрбір адамның сәби шағынан қарттыққа дейін ұзақ

өмір жолындағы жан серігі. Адамды адамдық дәрежеге жеткенге дейін

дене, ой, ес, қиялын шынықтырып жаттықтырушы, ой арманын ұштап

қанағаттандырушы – өмір серігі.

     Жақсы мен жаманды, оң мен солды, әділдік пен әділсіздікті айыра білуге жетекші. Адамның әр кезде жанында жадында жүретін ақылшы- серігі. Сондықтан ол өзінің табиғатынан әр кезде де әлеуметтік, әр кезде де оқытушы –педагог рөлін атқаратыны сөзсіз. Ол дүниеге келген сәбидің жанынан екі елі қалмайтын көлеңкесі іспеттес. Бала оған саналы, санасыз түрде әр кез мұқтаж болып келеді. Осы мұқтаждықты айқын бағалай алмаған көптеген ғалымдар дүниеде идеялар күресін қоздырып, бүтін дүниені екі ұдай күрес аренасына бөлген кезде – материализм мен идеализмнің күрес аренасына айналдырған, ұзақ дәуірге ұластырып келеді. Біз ішінара бұл мәселелер туралы пікірімізді айта отырғанмен негізгі

мәселе ұлт ойындарының әлеуметтік-педагогикалық қоғамдық, жалпы

әлемдік құбылыс екеніне баса көңіл бөліп пікір өрбітпекпіз.

1. Еңбек –тұрмыс ойындары, ішінара: ойын-сауық ойындары; тұрмыс-салт ойындары, әдет-ғұрып ойындары.Бұл жас ұрпақты адамгершілікке, адам арасындағы  қатынасқа, өнерге, оны сезініп бағалауға үйретеді, өзін-өзі тәрбиелеп, өзіне-өзі білім беруге, өзін-өзі танып білуге жетелейтін ұлт ойындары.

 

2. Дене шынықтыру, спорт ойындары тобына жататындар,өзара бірнеше топтарға бөлінеді. Оларға: жедел қимылды дене шынықтыру спорт ойындары; баяу қимылды дене шынықтыру спорт ойындарына, зат қолданып ойнайтын ойындар, зат қолданбай ойнайтын ойындарға бөлінеді.

 

3.  Ойлау арқылы орындалатын ойындар өзара бірнеше топқа бөлініп классификацияланады. Олар: Логикалық оймен математикалық сызбаларға негізделген ойындар; Тез ойлап, жедел шешімді талап ететін ойындар; философиялық ой-жүйені дамытуға негізделген ойындар; абстракциялық ойлау мен тіл дамытуға негізделген ойындарға бөлінеді де, солардың әрқайсысының өзі іштей: ойша санауға, ауызша есеп шығаруға амалдар қолдануға ойлауды дамытуға негізделген ойындарға; дағдыны, іскерлікті, тез шешім қабылдауды дамытатын ойындарға; ақыл ойды шыңдауға арналған ойындарға; жануарларға байланысты абстракциялық ойды реттеп жүйелейтін ойындарға бөлінеді. Бұл топтағы ойындар ақыл-ойды шыңдауға дүние танымды кеңейтіп, дамытуға арналған ойындардың негізін құрайды.

     Қазақ халқының ұлттық ойындары алуан түрлі, сан қырлы,

мазмұнға бай, адам баласының сәбилік шағынан бастап, бүкіл өмірін

тұтас қамтуға негізделіп жасалған. Бұл мемлекеттік тәрбие беру

мекемелері жалпақ елге жайылмай тұрған кезде, халық жасаған

барлық мәдени істерді өз бойына жинақтап, кайта халыққа беру

мәселесін шешіп отыру үшін, әдейі өмірге келгендей әсер береді.

     Өйткені ұлт ойындары балалардың жас ерекшеліктеріне

орайластырып жасалғандай. Баланың сәби шағынан бастап ер жетіп,

азамат санатына косылғанға дейінгі өмірін қамтып қана қоймайды.

     Адамның бүкіл өмір бойғы жан серігіне айналады. Атап айтқанда,

дүниеге жаңа келген нәрестеден бастап, ер жетіп, етек-жеңін жинағанға

дейін ойын арқылы тәрбие алады. Жігіттік шағында байсалды ұлт

ойындарына қатынасып, жарыс аренасына шығады. Одан кейінгі жігіт

ағасы жасында, ойынды ұйымдастырушы ретінде. Келесі кезеңде сол

халық дәстүріне өз ұрпағын тәрбиелеуші, баулушы, ақылшы-кеңесші

ретінде де, сондай-ақ көрермен ретінде де қатынасады. Қай халыктың

болмасын ұлттық ойындарына тән негізгі ортақ қасиет -дидактикалық

негізі, көздейтін мақсат жас ұрпақты - өз ортасының салт-санасы, 220

әдет-ғұрыпы мен дәстүріне сай, психологиялық ерекшеліктеріне

байланысты білім беріп тәрбиелеу. Олай болса, әр ұлт ойындарының

бойында педагогикалық әлеуметтік негіз бар.

     Ұлт ойындарының әрқайсысына тән қасиет, көздейтін негізгі мақсат - адамға әсер ету, оған қоршаған орта туралы мағлұмат беріп, ықпал ету. Әр ұлт ойынының бойында адамға білімге, білуге, үйренуге, өмірді танып білуге деген ынтаны оятатын, ұжымға деген ынтымак, жолдасқа деген ілтипат, сыйластык, тіл табысу, басқалармен санаса

білу т.б. өмірге аса қажетті адамгершілік негіздерін қалыптастыру секілді дидактикалық негіз, тұтас педагогикалық процесс, іргелі идея бар.

     Ұлт ойындары-кешендік тәрбиенің, тұтас педагогикалық процестің таптырмайтын құралы. Осы идеяларды басшылыққа ала отырып, біз алғашқы зерттеулеріміздің өзінде-ақ ұлт ойындарын кеңестік кеңістіктің аумағында тұңғыш рет ана тілі математика сабақтарының барысында дидактикалык материал ретінде пайдалануды ұсындық. Оны нақты материалдармен бекіттік. Атап айтқанда, ұлт ойындарын қазак тілі, математика пәндерінде және сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында: сабақ аралық үзілістерде, ертеңгіліктер мен кештерде және ұзартылған күн топтарында пайдаланудың нақты жолдарын көрсеткенбіз. Мұны тәптіштей айтуымыздың себебі: біздің осы жұмыстарымыздың байыбына бармаған зерттеушілер, өз ойларына өздері иланып, ұлт ойындарын тек дене шынықтыру сабақтарына пайдалану туралы ғана сөз етіп, осы бағытта жұмыс істеп жүргендердің тізіміне тіркей береді. Қарапайым көзбен қарағанда, ойын деген атынан көрініп тұрғандай, ол дене шынықтыру пәніне көбірек жанасатыны белгілі. Алайда ұлы жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған. Олай болса, барлық ұлттардың ойындарын бір үлгіге салып пішуге болмайтынын біз жоғарыда айтқанбыз. Оның өмірге келуі әр халықтың өзіңдік әлеуметтік-экономикалық ерекшелігіне, түсінігіне, материалдық мүмкіншілігі мен наным-сеніміне байланысты. Сондықтан "идеялық өндіріс, түсіну, сана әуел баста адамдардың материалдық іс-әрекетінен өмірінің ақиқат тілі"

     Қазақтың ұлттық ойындары - адамның дене, ақыл-ой, адамгершілік қасиеттерінің шыңдалып өсуіне жан-жақты әсер ететін әмбебап құрал. Ол өзін-өзі тәрбиелеп, өзіне-өзі білім берудің бүгінгі біртұтас педагогикалық талаптарға сай келетін дидактикалық негізге бай педагогикалық-әлеуметтік ахуалды байыта түсетін оқу-тәрбие құралы.

     Ұлт ойыңдарының бойында тұтас педагогикалық процестің негіздері бар. Тұтас педагогикалық процестің құрамына - оқу, оқыту, білім беру, тәрбие, даму процестерінің табиғи бірлігі - жатады. Ал ұлт ойындарының бойына - ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек, дене тәрбиесінің негіздері сіңіскен.

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.  К.Бержанов, С.Мусин. Педагогика тарихы. - Алматы: Мектеп, 1972.  
2. Е.Сағындықов. Ұлттық ойындарды тәрбие жұмысында қолдану. - Алматы, 1992.  
3.  К.Сейталиев. Тәрбие теориясы. - Алматы, 1986.  
4. Ж. Қоянбаев, Р.Қоянбаев. Педагогика. - Алматы, 1998.  
5. Савин Н.В. Педагогика. - Алматы, 1983.

6. Қазақстан Республикасы әлеуметтік-мәдени дамуының тұжырымдамасы. Алматы; Қазақстан, 1993, 32-б.

7. Адамбеков Қ.І. Педагогические основы физического воспитания учащихся. Автореферат на сочинении уч. степени ДПН. А.: 1995.

8. Асылбек Құралбекұлы., Сәбит Әкімбайұлы. Оқушылар дене шынықтыруының этнопедагогикалық негіздері. Монография. ҚазСТА. Алматы, 2000ж. 295 б.  


Информация о работе Ұлттық ойындар- дене және еңбек тәрбиесінің құралы ретінде