Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Мая 2014 в 21:34, лекция
Оқыту процесі - мұғалімнің бір мезгілде барлық оқушыларды бірыңғай оқытуы болғанымен де, негізінен ол оқушының жеке дара жұмысының түрі. Себебі, әрбір оқушы оны өзінің шама-шарқысы, дайындық жағдайына байланысты өзінше қабылдап, меңгереді. Соған орай жеке дара жұмыс әр оқушының өз бетімен жұмыс істеуге, білімді саналықпен ұғынуға дағдыландырады, оларды қоршаған ортадағы құбылыстар-дың заңдылықтарын оқып білуге ықыласын тудырады, ойлау белсенділігін арттырады. Оқушылардың жеке дара жұмыс түрлеріне: Оқулықпен жұмыс істеу. Практикалық жұмысы: ауызша, жазбаша жұмыстары (есеп шығару, шығарма жазу, диалог құру т.б.). 3. Мұғалімнің тапсырмасы бойынша әр түрлі лаборатория-лық тәжірибелерді орындау. Жеке дара жұмыс оқушыларды өз бетімен білім алуға ынталандырады, тәртібін күшейтіп, оқуға ықыласын арттырады.