Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2015 в 13:09, курсовая работа
Дене тәрбиесі мәдениеті – жалпы мәдениеттің бір бөлігі, қоғамның адам денесін жетілдіру саласында қоғамдық - тарихи практика процесінде жиналған табыстарының жиынтығы. Ден тәрбиесімәдениеті – дене тәрбиесі теориясының барлық ұғымдарының ішіндегі ең кең ұғым. Ол оғарыда қарастырылған ұғымдардың бәрінің мазмұнын қамтиды.
Дене тәрбиесі теориясы – адам денесін жетілдіру процесін басқарудың жалпы заңдары туралы ғылым. Ол педагогикалық ғылымдар жүйесіне енеді, психологиямен және педагогикамен, спорттың жекелеген түрлерінің теориясы және методикасымен тығыз байланыста болады.
Кіріспе бөлім
Дене тәрбиесінің жалпы мәселелері .........................................
3-5
Негізгі бөлім
1 тарау. Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары...........................................................
6-11
2 тарау. Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесі жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.........................................
12
2.1. Балабақшадағы ұйымдастыру жұмысына жауапты адам...................................... .......................................................
12-14
2.2. Дене тәрбиесіне дәрігерлік бақылау.................................
14-17
2.3. Мектеп жасына дейінгі әр түрлі мекемелерде және отбасында балалармен дене тәрбиесі жұмысын ұымдастырудың ерекшеліктері...............................................
18-19
Қорытынды.................................................................................
20-21
Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................
22
Тәрбиешілердің жұмысын тексеріп, көмек көрсету мақсатында меңгеруші физкультура сабақтарына, ертеңгілік гимнастикаға, серуендеп жүргенде және дене тәрбиесінің басқа да ұйымдастыру түрлеріне бақылау жасайды. Бақылау жазбаларын қорытындылап отырып, ол жетістіктерін, кемшіліктерін көрсетіп, жұмысты жақсарту жөнінде практикалық кеңестер береді. Меңгеруші сонымен бірге методикалық құжаттарды тексереді және тәрбиешілерге жоспар құруға, берілген есептерді талдап белгілеуге және т.б. көмектеседі.
Дене тәрбиесі бойынша теориялық және практикалық дайындықтың тиісті шамада болуы мектепке дейінгі мекемелердегі қызметкерлерге өз міндеттерін неғұрлым жетік атқаруларына және балаларға үлгі көрсетулеріне көмегін тигізеді.
Тәрбиеші-әдіскер – ірі балабақшада балалардың дене тәрбиесі бойынша тәрбиешілердің жұмысына тікелей басшылық жасайды. Тәрбиешілердің білімдерін жетілдіру, олардың жұмыстарын бақылау сияқты көрсетілген шаралардан басқа ол әдістемелік кабинетті қажетті әдебиеттермен, құжаттармен жабдықтауға көп көңіл бөледі: дене жаттығуларын бір жылға бөлінген жоспар-кестесін, апталық жоспар, физкультура сабақтарының, ертеңгілік гимнастиканың қимыл-қозғалыс ойындарының жоспар-конспектілері, физкультминуткалар, серуен, кешкі бос уақыттар, мерекелер және т.б.; денсаулық жағдайын есепке алу журналы, денесінің дамуы, дайындығы; дене жатттығуларының техникасы мен жүргізу әдісін бейнелейтін суреттері, фотографияларф бар альбомдар: физкультура алаңдарының макеттері, ата-аналар үшін материалдар.
Сонымен қатар әдісткер жұмыстың жақсы тәжірибелерін жинақтап, оны таратуға көп көңіл бөледі.
Балалармен дене тәрбиесі жұмыстарын тікелей тәрбиеші жүргізеді. Ол қажетті теориялық және практикалық дайындықта болуы керек. Тәрбиеші баланың жағдайын бет өзгерістеріне, терлеуіне, тыныс алысына, жүрек жұмысына, ынтасының өзгеруіне, қызығуына, белсенділігіне тәртіптілігіне, сонымен қатар дене жаттығуларын орындау сапасына қарап анықтауға үйрену керек.
Тәрбиеші бөлмеде және учаскеде гигиеналық жағдайлардың сақталуын, физкультура жабдықтарының, құрал-саймандардың сақталуы мен тазалығын қадағалап отыруға міндетті.
Бала бағушы дене тәрбиесінің міндеттерін жүзеге асыруға көмектеседі. Ол бөлмелердің, физкультура залының тазалығы мен ауасының тазаруын қадағалап отырады. Сәбилерге серуендеуге, дене шынықтыру сабағына барарда киінулеріне көмектеседі. Бала бағушы балаларға өз жұмысымен үлгі көрсете білсе, олардың тәрбиесі міндеттерін дұрыс шешулерінде атқаратын ролі зор.
Музыка жетекшісі тәрбиешімен тығыз байланыста жұмыс істейді. Олар дене және музыка тәрбиесі жоспарларын өзара үйлестіре отырып, біріңғай дене жаттығуларын жасайды, сонымен қатар мерекелік бағдарламаларды, таңертеңгілік жаттығулардың кешендерін талқылайды.
2.2. Дене тәрбиесіне дәрігерлік бақылау.
Дене тәрбиесін дәрігерлік бақылауға алу, біздің елімізде дәрігерлік көмек көрсетудің біріккен жүйесінің құрамды бөлігі. Дәрігерлік бақылау – физкультура, спортпен шұғылданатын әрі түрлі жастағы адамдардың денсаулық жағдайын, дамуын тексеретін дәрігерлік білімнің арнаулы саласы.
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесін жүргізу барысында дәрігерлік бақылаудың негізгі міндетін, олардың денсаулығын, дене және жүйке психикасының дамуын нығайтуға көмектеседі.
Мектепке дейінгі мекемелердегі дәрігерлік бақылауға мыналар кіреді:
Дәрігерлік бақылауды ұйымдастыру дәрігерлің, аяжанның, педагогтың бірлескен жұмысы бойынша қарастырылады.
Дәрігерлік тексеру және балалардың денсаулық жағдайына, денесінің дамуына, функциялық мүмкіндіктеріне баға беру – мектепке дейінгі мекемелер дәрігерінің әр жылдағы тыңғылықты дәрігерлік тексеруімен жүзеге асады. Керекті жағдайларда балалар емхананың дәрігер-мамандарымен қосымша тексеріледі.
Денсаулық жағдайына баға беру кешенді түрде: дәрігерлік тесеріс деректері, ауру-сырқаулықтың, нервтік-психикалық және дене дамуының ерекшеліктері негізінде жүргізіледі.
Дәрігерлік-педагогикалық бақлау – бұл балалардың жас ерекшеліктері мен функционалды мүмкіндіктеріне қарай дене тәрбиесінің әр түрлі формаларын өткізудің мазмұнына әрі әдістеріне тән бағаны қамтиды.
Дәрігер, аяжан, меңгеруші дене тәрбиесі сабағына, таңертеңгілік гимнастикаға, қимыл-қозғалысы ойындары мен жұмыстың басқа түрлерінің өткізілуіне дәрігерлік-педагогикалық бақылау жасай отырып, топ тәрбиешісінің оны өткізу жөніндегі жоспар-конспектісімен танысуы керек. Сабаққа бақылау жасалып болғаннан кейін сабақтың жоспары мен мазмұны сол топтағы балаларға арналған бағдарламаның талап-тілектеріне сай жауап бере ме, жоқ па, сондай-ақ қолданылған жаттығу балалардың жасына және дайындық деңгейіне сәйкес келетін-келмейтініндігін атап өткен жөн.
Дәрігер, меңгеруші және аяжан дене жаттығулары сабағы жүргізілетін бөлмелердің санитарлық жағдайын, сондай-ақ дене тәрбиесі алаңдарындағы физкультура құралдарды мен жабдықтарының гигиеналық жайын бақылауды жүзеге асырады.
Дәрігер, аяжан тәрбиешілер мен ата-аналардың гигиена, дене тәрбиесі мәселелері бойынша және оның балаларды дамытудағы ролі жөніндегі білімдерін көтеруді жүзеге асырады.
2.3. Мектеп
жасына дейінгі әр түрлі
Балалардың дене тәрбиесі балабақшадан басқа да, қоғамдық кәсіпорындарда, емдеу-профилактикалық мекемелерде, сондай-ақ отбасында жүзеге асырылады.
Балалардың спорт мектептері – ерікті спорт қоғамдары жанынан ұйымдастырылады. Бұл мектептерде балалар мәнерлеп сырғанаумен, жүзумен, гимнастикамен, стол теннисімен шұғылданады. Сондай-ақ балалар спорт мектептерінде спорттың таңдаған түрін оқыту дене дайындығының жалпы негізінде, балалардың жас ерекшелігін ескере отырып және тұрақты дәрігерлік-педагогикалық бақылаудың барысында жүргізіледі.
Мектепке дейінгі балалармен жұмыстың басым көпшілігі мәдени және демалыс парктерінде, стадиондарда, сондай-ақ балалар паркінде, балалар қалашықтарында жүргізіледі. Балаларға арналған алаңдағы жабдықтарды, физкультура құралдарын пайдалануға мүмкіндік береді.
Бассейндерде балалармен сабақ өткізу үшін топтар ұйымдастырылады, олардың басты міндеті – жалпы дене дайындығын жақсарту, сондай-ақ балаларды жүзуге үйреті.
Скверлерде, үйлердің алаңдарында мектеп жасына дейінгі балалар үшін физкультура алаңдары жасалынады, мұнда текпешектер, шағын дуалдар, өрмелеуге арналған сатылар, тербелмелер, әткеншектер, шығырлар, аяқпен, шанамен сырғанауға арналған шағын таулар орнатылады, қимыл-қозғалысы ойындарын өткізуге, велосипед тебуге, шаңғымен қозғалуға арналған орындар бөлінеді, сырғанақтар құйылады.
Балалармен жұмыс істеуге спорт қоғамдарының жаттықтырушылары, ата-аналар, спорт мектептеріне қатысатын жоғары сынып оқушылары тартылады.
Балалар емханасының жанындағы емдеу физкультура кабинеттерінде денсаулығына байланысты дене дамуында қандай да бір кемістігі бар балалармен жұмыс жүргізіледі.
Балалар ауруханаларында әр түрлі емдеу құралдарымен қатар дене жаттығуы мен массаж қолданылады.
Санаторий типтес балбақшаларда денсаулық жағдайының қандай да бір ауытқулары бар балалар орналастырылады, сондықтан да дене тәрбиесіне зор маңыз беріледі.
Есту, сөйлеу, көру, т.б. кемістіктері бар балалар мектеп жасына дейінгі арнаулы мекемелерде немесе кәдуілгі балабақшадағы арнайы топтарда тәрбиеленеді. Бұл мекемелерде дене жаттығуларын оқытудың ерекшелігі оқытудың әдістері мен тәсілдерінің мазмұндылығында болып табылады.
Балалар үйлерінде ата-аналары жоқ балалар тәрбиеленеді, сондықтан балалар мекемесінде дене тәрбиесі міндеттері толық жүзеге асырылуы қажет.
Отбасындағы дене тәрбиесі. Мектеп жасына дейінгі баланың отбасындағы және мемлекеттік мекемелердегі дене тәрбиесінің міндеттері біртұтас, сондықтан ол ата-аналар мен балабақша қызметкерлерінің бірлескен күш-жігерімен шешіледі.
Қорытынды.
Мектеп жасына дейінгі кезеңде денсаулықтың ірге тасы шыңдалады, әр түрлі қабілеттрі дами бастайды, сапалы қасиеттірі көрінеді және мінез-құлық ерекшеліктері қалыптасады. Осы жылдарда балаланың қалай тәрбиеленуі – оның болашақтағы оқуына, жеке азамат болып қалыптасыуна негіз болады.
Баланы алғашқы жылдары жан-жақты тәрбиелеудің негізгісі – дене тәрбиесі болып табылады.Дұрыс дамып келе жатқан бала ылғи да қозғалысқа қабілетті болады. Қозғалыс ықпалымен жүре-буын, тыныс алу және жүйке жүйесі қызметі жақсарады, тірек-қимыл жүйесі жетіліп, зат алмасу реттеледі. Олар бала ағзасының ауруға қарсы әрекетін күшейтіп, қорғаныс күшін реттейді. Бала қимыл арқылы әлемді таниды, оның психикасы, еркі дербестігі, үлгерімі, ұжымшылдығы дамиды.
Әсіресе қол саусақтарының қимылы зор мәнге ие болады. Мидың үлкен жарты шеңбер белсенділігін арттырып,тіл қозғаушы орталықтың дамуын реттейді. Сондықтан бала неғұрлым түрлі қимыл-қозғалыстарды меңгерсе, соғұрлым сезім, қабылдау және де басқа психикалық процестерді дамуын кеңейтуге мүмкіндік туғызады.
Жалпы ден тәрбиесі – бұл адамдарға дене шынықтыру жатттығулары, гигиеналық іс-шараларды және тұлға бойынша салауатты өмір салтын құру туралы білім, ептілік және дағдыны қалыптастыру мақсатымен ұйымдастырылатын процесс.
Дене тәрбиесі бір мақсат - өмірге, еңбекке, Отан қорғауға даярлау үшін жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі балалық шақ дене тәрбиесінің міндеттері жалпы мақсаттық бағытты сақтай отырып, жас ерекшеліктерін ескере нақтыланады.
Мектепке дейінгі жаста дене тәрбиесінің сауықтыру, білім беру және тәрбиелік міндеттері жүзеге асырылады.
Мектепке дейінгі мекемелерде жалпы жұмыс жоспары жасалады; одан бақса әрбір топ үшін бір жылға дене жаттығуларын белгілейтін жоспар-кесте; апталық күнтізбелік жоспар; физкультура сабақтарының, ертеңгілік гимнастиканың, қимыл-қозғалыс ойындарының және дене тәрбиесінің басқа да формаларының жоспар конспектілері талдап жасалады. Сондай-ақ тәрбиеші әдістемелік жұмысты және ата-аналармен өткізілетін шараларды да жоспарлайды.
Жоспарлау – бұл белгілі бір уақыт аралығында қандай құралдармен, әдістермен, қандай ұйымдастыру формаларында дене тәрбиесінің міндеттерін шешетінін, сондай-ақ одан қандай нәтижелер алынуға тиісті екенін алдын ала көре білу.
Есепке алу – бұл денсаулық жағдайын, дененің даму деңгейі мен дайындығын анықтау. Осы есепке алудың негізінде жұмыс жоспары жасалады. Есепке алу балалардың түрлі көрсеткіштерінің өзгеруін көруге жоспарлаудың дұрыстығын анықтауға және оған дер кезінде кейбір өзгерістерді енгізіп отыруға мүмкіндік береді.
Жоспарлау мен есепке
алу бір – бірімен тығыз байланысты. Тек
дер кезінде мұқият есепке алу және жұмысты
дұрыс жоспарлау арқылы ғана денені жетілдіруде
жоғары көрсеткіштерге жетуге болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Информация о работе Мектепке дейінгі мекемелердегі дене тәрбиесі