Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 12:19, лекция
Мың жылдығыңды ойласаң - ұрпақ тәрбиеле» деген қазақ даналығы. Тарих қойнауына қарасақ дамудың тура жолына түскен ел алдымен тәртіпті де еңбек сүйгіш ұрпақ тәрбиелеуге көп көңіл бөлгені байқалады. Қазақ халқы бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген халық болғаны көптеген өзімізге тән фольклорлық деректерден байқалады. «Тәрбие – бала дүниеге келген сағаттан басталады» деген халқымыздың дана сөзінен ата-бабамыз тәрбиеге қандай көңіл бөлгенін көруге болады. Балаға берілген тәрбие мазмұнының сол бала өмір сүріп жатқан қоғамының балашақ моральдық мазмұнын айқындайтыны анық.