Мемлекет теориясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2015 в 17:17, реферат

Описание работы

Мемлекет нысаны– бұл басқару нысанынан, мемлекеттік құрылым нысанынан және саяси режим нысанынан тұратын қоғамның құрылымдық ұйымы.

Басқару нысаны – жоғарғы мемлекеттік билік органдарының құрамы, құрылу тәртібі және өкілеттіліктерінің арақатынасы.Басқару нысаны мынадай негізгі түрлерге бөлінеді: монархия және республика.

Мемлекеттік құрылым нысаны – бұл мемлекеттің құрамды бөліктерінің арасындағы, сондай – ақ олардың әрқайсысының мемлекетпен арасындағы өзара байланысын сипаттайтын мемлекеттің аумақтық құрылымы. Барлық мемлекеттер өз мемлекеттік құрылым бойынша жай және күрделі болып бөлінеді.

Файлы: 1 файл

Мемлекеттің нысаны.docx

— 35.90 Кб (Скачать файл)

Барлық мемлекеттік билікті бір адамның немесе адамдар тобының қолына шоғырландыру арқылы, саяси бостандықтарды барынша жоғары немесе аз деңгейде шектеуді білдіретін саяси режим түрінің бірі. 

80-90 жылдары авторитарлық мемлекеттерге  Оңтүстік Корея,Чили, Китай, Въетнам  және т.б. жатады. Бірқатар Азия, Африка, Латын Америкасы (Иордания, Марокко, Саудовская Аравия, Иран) елдерінде  бүгінгі күнге дейін авторитарлық  саяси жүйелер орныққан. Олар  бүл тәртіптің орнығуын ұлт  азаттығы мен қайта дәуірлеуі  үшін қажет деп бүркемелейді. Мұнда авторитарлы басқарушылар  халықтың мойындауына тек күшпен  ғана емес, заңдастырудың харизмалық  әдісін қолдану арқылы қол  жеткізеді. Авторитарлы билік шын  мәнінде қоғамдық тәртіп орнатуда, қоғамдық құрылымдарды қайта  құруда, аса маңызды мәселелерді  шешуге қажет ресурстар мен  күшті жұмылдыруда тиімді. Алайда, қазіргі таңда авторитарлы саяси  жүйелер өтпелі кезеңге тән  құбылыс ретінде сипатталады. Одан  әрі не демократизмге, не тоталитаризмге  ұласады.

Құқықтық  мемлекеттің  негізгі  қағидалары  (принциптері) 

  Құқықтық мемлекеттің негізгі  қағидалары адамзат тарихын мың  жылдық дамуы барысында саяси-құқықтық  ой-пікірде біртіндеп, эволюциялық  жолмен қалыптасты. Олардың пайда  болуларының ең негізгі себебі  – жалпы адамның табиғатына  жат бассызжық пен заңсыздыққа  тосқауыл қою және деспотизммен  бір адамның мемлекеттегі шексіз  билігін тежеу қажеттігі болды. Бұл жалпы адам табиғатының  сұранысы, бостандық, теңдік, бақытты  өмір сүруге ұмтылудың негізгі  талаптарының бірі. Құқықтық мемлекет  ғасырлар бойы қалыптасқан гуманистік  ой-сананы, прогрессивтік құқықтық  идеялардың қортындылаудың нәтижесінде  арнайы қағидаларды қалыптастырады. Сол қағидалар үстемдік еткен  мемлекетте ғана құқықтық мемлекет  орнайды. Қазіргі заң әдебиетінде  құқықтық мемлекеттің қағидаларының  бөлінуін, олардың қанша екенін  әр зерттеуші өздерінің тараптарынан  баға беруде. Осы күнге дейін  қалыптасқан қағидаларға баға  беріп, таладу жасап қарасақ, мынандай  түрлерге бөліп қарауға болады:    

1. Заң тыйым салмағанның бәріне  рұқсат. Ежелгі Рим заңгерлері   қалыптастырған және кейін барлық елдердің құқықтық жүйелеріне енген «Libertas est potestas faciendi quod iure licet» «Бостандық еткен құқық рұқсат еткен әрекеттердің істеу» талабы жаңа заманда қайта жарияланып, мемлекеттің негізгі қағидаларына ұласты. Құқықтық мемлекетте мемлекеттің парламенті, президенттің және басқа да конституция бекітіп, құзыр берген барлық органдар шығарған нормативтік-құқықтық кесімдер адамдар мен азаматтардың қайсы бір әрекеттерді жасауға тыйым салмаса, оларды жасауға рұқсат етіледі, яғни ешқандай қылмыстық, азаматтық, әкімшілік, тәртіптік жауапқа тартылмайды. Құқықтық мемлекетте субъектілердің әрекеттері тиімді реттеледі де, көп салада рұқсат ету идеясы кең қолданылады. Тыйым салатын нормалар негізінде қоғамға қауіпті әрекеттер мен халықтың құлықтылық құндылықтарына зиян, нұсқан келтіретін мінез-құлықтарды тежеуге, болдырмауға батталған. Мысалы, дін бостандығын жамылып, дінді басқа мақсатта пайдалану. Адамдардың, топтардың мүделері құқықтық мемлекетте іс жүзіне асырылуы барысында тыйым салынбаған әрекеттер санатына болулары шарт. Тыйым салынатын әрекеттерді болдырмау мемлекеттің бақылауында және жауаптылығында. Ал мемлекеттік органдар мен заңды тұлғаларға құқықтық мемлекетте «Тек заңда тікелей көрсетілген ғана рұқсат»деген қағида іс жүзіне асады.      

2. Мемлекеттің барлық саласында  заңның үстем болуы. Бұл қағиданың  талаптары бойынша құқықтық мемлекетте  заң өмірдің, қоғамдық қатнастардың  барлық саласында үстемдік етіп, заңдылықтың орнауы қатаң түрде  қамтамасыз етілуі тиіс. Заңның  үстем болуы негізінде екі  бағытта іс жүзіне асырылады: Біріншіден, Президенттен бастап барлық мемлекеттік органдар, мекемелер, лауазымды тұлғалар мен барлық адамдар заңға бағынулары тиіс. Ешкім заңсыз әрекеттері үшін жауапкершіліктен босатыла алмайды. Жасаған әрекеттерінің қоғамға қауіптілігіне қарай жауапқа тартылатыны ешқандай дау туғызбайтын аксиома болуы қажет.Екіншіден, атқарушы оргындардың шығарған нормативтік құқықтық кесімдер Конситутцияға және басқа Парламент шығарған заңдарға қарама-қайшы келмеулері тиіс. Үшіншіден, қабылданған барлық заңдар құқықтық идеяға ұласулары қажет. Яғни, құқықтық қағидалар мен талаптар барлық заңдардың ең негізгі өзегіне айналулары тиіс. Олай болмаған жағдайда шығарылған заңдар репрессиялық, жауыздық және антигуманистік сипат алып, адам құқын аяққа таптауға кеңінен жол ашылуы әбден мүмкін. Мысалы, өткен ғасырдың отызыншы жылдары Кеңес мемлекетінде осындай оқиғалар кең етек жайды. Қылмыстық  жауапқа,  тіпті  атауға  дейін  он екі жастан бастап тартылды, отанды сату деген айып тағылумен сотталғандардың кәмелеткетолған отбасы мүшелері сайлау құқықтарынан айырылып, бес жылға жер аударылды. Ал, 1931 жылы қабылданған заң бойынша жұмысқа себепсіз шықпай қалғаны үшін жұмыстан қуылып, тұратын тұрғын үйінен айырылатын болған. Қабылданған заңдар әділетсіз, гуманизм, құқықтық қағидалардан мүлдем ада.   

  3. Адам құқықтарының ең жоғарғы құндылық деп танылыуы, мазғымас болуы және жариялық өкімет тарапынан тиімді қорғалуы. Бұл қағида негізінен XVII-XVIII ғасырларды Орта ғасырлық саяси-құқықтық жүйеге, әсіресе Еуропада кең етек жайған  инквизицияға  қарлысық   білдіруден    туындады.  Буржуазяилық  қатынастар   қалыптасып  келе  жатқан   Еуропа  елдерінде  жаңа  күш,  буржуазия  табы  биліке  ұмтылу  барысында  адам  құқықтарының  аяққа  тапталмай  олардың  мызғымас  болып, ең  жоғарғы  құндылықтар  екенін  саяси-құқықтық  ой-пікірден  асқан  мақтанышпен  паш  етті.  Атап  атқанда  өмір  сүру  құқы,  меншікке  ие  болу ,  жеке  адамның   құқықтарына  қол  сұқпау,  дін, сөз  бостандықтары,  тең  құқылы  сияқты  адамдардың  құқықтарын  табиғи  деп  жариялады,  оларды  қорғау,  қамтамасыз  ету  адамның  шыққа  әлеуметтік  тегіне  баиланысты емес,  адам  болғандығынан  қамтамасыз  етілуі  тиіс.  Адам  құқықтарының  мызғымас  болуы  туралы  тұңғыш  рет  Англияның  «Еркіндіктің  ұлы  хартиясы»  1215жылы  жариялауға  ынта  білдірді.  БҰЛ  Құжаттың  бірнеше  баптарында  заңсыз  қамалмау,  заңсыз  меншіктен  айыруға  болмайтындығы,  еркін,  ешқандай  кедергісіз  Англиядан  кетіп  және  қайтып  келу ( 39,  41-баптар) және  тағы  басқа   нормалар   енгізілді.   

 Кейінгі  ғасырларда  адам  құқықтарының  негізгі  қағидалары  « АҚШ –тың тәуелсіздік  декларациясынан» ( 1776.4 шілде )  өзінің  нақтылы  шешімін  тауып,  кейінгі  қабылданған  құқықтық  құжаттарға  өзінің  нақтылы  шешімін  тапты. Атап  айтқанда  1789 жылы  Франция  ұлы  төңкерістің  « Адам  және  азамат  декларациясы»: «Адамдар  өз  құқықтарында  еркін  және  тең  болып  туылады. Қоғамдық  айырмашылықтар  тек  қана  көптің  пайдасына   негізделуі  мүмкін», - деген  норманы   дүние  жүзінде  үлгі  реттінде  паш  етті.   

 Қазақстанның  саяси-құқықтық  ой-пікірінде  адам  құқықтарының   мызғымастығы,  тиімді  қорғалуы  туралы   илдеиялар  негізінде  ХХ  ғасырдың   басында   тұңғыш  рет « Қарқаралы   петиясында»  ( 1905 ) өзінің  шешімін  тапты.  Адам  құқықтарының   табиғи екені  және  олардың   ең  жоғарғы  құндылық   болуы  қажетілік  туралы  1911 жылы  ірі  реформатор,  Қазақстанның  тұңғыш  Канституциясының  авторы,  қоғам  қайраткері,  демократ  Барлыбек  Сыртанов  (1866-1914)  өзінің  « Қзақ елінің  уставында» нақтылы,   консептуалдық  мағынада  жариялады.  «Қазақ  еленде  адам  баласының  бәрі  тең  құқылы.   Дініне  қанына  , тегіне,  нәсіліне   қарап  адамдарға  қорлауға  жол  жоқ. Адам  тек  закон  һәм  құдай   алдында  жауап  береді.  Қазақ  елінде  адам  балалары  бостандықта,  тендікте  һәм бақытты  өмір  сүруге  құқығы  бар.    

 Мұндай  талаптар   жалпы  мемлекеттің  адамның   өмір  сүруіне  оның  құқықтарын  қамтамасыз  етумен  қатар,  жағымсыз  қасиеттері  де  өзінің  функцияларына  айқын  көрініс  береді.  Атап  айтқанда  кеңес  үкіметіндегі,  сыбайластықты  жемқорлыққа, адам  құқықтарын  аяққа  таптау , заңсыз  әрекетерге  жол  беру  және  тағы  басқа  көптеген  бассыздықтар. Мемлекет  және  адамға  тек  қана  билік  жүргізу   тұғырынан  қарамауы  тиіс,  оның  барлық  қызыметі  құқық  шеңберімен  шектеліп  отыруы  тиіс. ХХ ғасырдың  басында  өмір  сүрген  А. Эсмен  деген  ойшыл  аталмыш  мәселеге  мынадай пікірін  білдірді  : « Жеке  құқықтардың  жалпы  сипаттарын  тән  бір  қасиет бар:  олар  мемлекеттің  құқықтарын  шектейді,  мемлекет  белгілі  бір  салаларға  араласудан  сақтануы  тиіс,  жеке  қызыметтілікке  белгілі  дәрежеде  жол  ашу  тиіс».  

4. Мемлекетте билікті бөлу теориясының  нақтылы  дәрежеде  қалыптасуы. Билікті  бөлу  теориясы  негізінде  Еуропада  буржуазиялық  төңкерістер  кезінде  пайда  болып,  феодализмнің  деспотиялық,  шексіз  билігіне  қарсы  бағытталған   прогрессивтік  идея  болды. Монархтың  тұқым  қуалау  арқылы  қалыптасқан  шексіз  билігін  тежеу,  тосқауыл  қою үшін  ұсынылды  және  келешекте  тиімді  түрде  іс  жүзінде  асырылады.  Бірақ  бұл  идея  ежелгі  Эллада  елінде,  тұңғыш  рет  адамзаттың  саяси-құқықтық  тарихында  Солонның  жасаған  реформаларында  көрініс  берген. Атап  айтқанда,  Солон Афинада  мемлекет  құру  барысында  400-дік  Кеңеспен  ареопага  оргындарын  қалыптастырып,  екеуінің  бір-біріне  тежеп,  биліктің   тепе-тең   болуын  жақтаған. Джон Локк, Шарль Луи Монтескье  сияқты  буржуазия идеологтері  билікті  бөлуді  демкратияның  дамуына  тікелей  ықпал  ететін  тетіктер    ретінде  бағалады. «Егер  заң  шығаратын  және  атқарушы  билік бір  адамның,  немесе  мекеменің    билігінде  болса,  онда  бостандық  болмайды , себебі  , бұл  монарх,  немесе  сенат  тирандық  заң  жасай  бастайды  ...Егер  сот  билігі  заң  шығарушы  және  атқарушы  биліктерден   бөлінбеген  жағдайда  да  бостандық  болмайды». Ал, Барлыбек  Сыртанов Қазақстанның  саяси – құқықтық  ой  пікірінің  тарихында  тұңғыш  рет «Қазақ  елінде  билік  жүргізу  закон  шығаратын , орындайтын   һәм  сот  болып  тұрады. Үш  билік  бір-біріне т бағынбайды,  бассыздыққа  жол  бермеудің  белгісі  болып  тұрады», -деп Ш. Монтескье  идеясын  қазақ  қоғамына  пайдалануды  ұсынды .  

 Билікті  бөлу  теориясы  қазіргі  кезде  барлық  демократиялық  режимдегі  мемлекеттерде  қабылданған. Билікті  бөлу  жоқ  мемлекеттерде  құқықтық  мемлекет  құру  мүмкін  емес,  бір  адамның  еркі  үстемдік  етеді,  заңсыздықтың,  бассыздықтың  орнауына  тікелей  жол  ашады. Үш биліктің бір-біріне  ара  қатынастары  тепе-теңдік  тежемелік  қағида   негізінде  іс  жүзінде  асырылуы  тиіс.  

5. Мемлекеттің жек адам алдында  жауаптылығы, адамның мемлекет алдындағы  жауаптылығы. Мемлекет пайда болғаннан  кейін өсе-өсе, үлкейе келе қуатты  аппараты бар күшке айналады. Басқару, билік жүргізу барысында  мемлекет халықтың бақылауынан  шығып, ағылшындардың ірі ойшылы  Томас Гобос айтқандай, ешқандай  әрекеттермен шектелмейтін алпауыт  күшке айналып, адамдарға үстемдік  ететін құралға айналды. Бірақ, адамдар мемлекетті өздерінің өмірлерін қорғайтын, қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін күш ретінде құрғанымен, олөзінің дегенін істейді, тырп етпей бағынуды талап етеді. Сондықтан мемлекет басқару үшін құрылған саяси жүйе ретінде өзінің заңсыз әрекеттері үшін жеке адам алдында жауап беруі қажет.   

6. Плюрализм (көппікірлік)- құқықтық  мемлекеттің қағидасы ретінде  қоғамда еркін пікірталасқа толығынан  мүмкіндіктер туады. Әркім өзінің  пікірін еркін айтуға құқық  бар және пікірталастың нәтижесінде  әлеуметтік топтар, таптар, мүдделі  азаматтар мемлекетке өз ойларын  білдіреді. Батыс Еуропада плюрализм  негізінде ірі социолог Фишердің  страт теориясымен тікелей байланысты. Фишердің тұжырымдамасы бойынша  қоғам әр түрлі мүделердің (кәсіби, мүліктік, білімдік, жас, діни, жыныстық  т.б) үйымдасқан топтарынан қалыптасады. Оларды ұйымдастырған мүдделер қоғамда басқа мүдделі адамдар арасында еркін пікірталас тудырады. [6].

 

 

 


Информация о работе Мемлекет теориясы