Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 17:00, реферат
Мұғалім – жалпы білім беретін мектептерде жас ұрпақты оқытып, әрі оларды тәрбиелеу қызметін атқаратын маман.
Мұғалім – байырғы мамандықтардың бірі.
Қоғамдық тәжірибені жаңа жас ұрпаққа беру және ол ұрпақты өмірге, еңбек етуге даярлау қажеттігі оқу мен тәрбиені өз алдына дербес қоғамдық қызметке айналдырды. Ежелгі Шығыс елдерінде мұғалім негізінен (дін иелері) болатын. Капитализм дәуірінде мектеп ісінің дамуына байланысты мұғалімдік кәсіп кең тарап, түрлі типті училищелер мен мектептерде штатты қызметке айналды. Осылайша мұғалімдік өз алдына мамандық болып танылды
Менің мамандығым
Мұғалім – жалпы
білім беретін мектептерде жас
ұрпақты оқытып, әрі оларды тәрбиелеу
қызметін атқаратын маман.
Мұғалім – байырғы мамандықтардың бірі.
Қоғамдық тәжірибені жаңа жас ұрпаққа
беру және ол ұрпақты өмірге, еңбек етуге
даярлау қажеттігі оқу мен тәрбиені өз
алдына дербес қоғамдық қызметке айналдырды.
Ежелгі Шығыс елдерінде мұғалім негізінен
(дін иелері) болатын. Капитализм дәуірінде
мектеп ісінің дамуына байланысты мұғалімдік
кәсіп кең тарап, түрлі типті училищелер
мен мектептерде штатты қызметке айналды.
Осылайша мұғалімдік өз алдына мамандық
болып танылды.
ХIX ғасырдың 2-жартысында қала мұғалімдері
шыға бастады. (орыс-қазақ училищелері,
жаңалыққа бет алған жеке дара оқытушылар).
Олар орыс халқының ұстаздық тәжірибесіне
зор көңіл аударды. Қазақ жастары түсіп
оқитын бірнеше мұғалімдер семинариясы
ашылды. Ел ішіндегі мұғалім правосыз
және жалақысыз, көбінесе өз белсенділігімен
қызмет атқарды.
Ұлы Октябрь социалистік революциясынан
кейін халық Мұғалімдері толық правосын
алып, өзінің басты мақсатын коммунистік
тәрбие мүддесіне бағыттады.
Қазақ Мұғалімдері өзінің өсу және толысу
жолын мол қамтитын жас ұрпақты тәрбиелеу,
мәдени революция міндеттерін өтеу жұмысына
белсене кірісті. Осы биік мақсаттарға
сай оның беделі барынша арта түсті. Коммунистік
партияның әр кезеңде Мұғалімге деген
қамқорлығы, мұғалімнің беделін өсірді,
педагогикалық тәжірибесін жетілдірді.
Біздің елде арнаулы “Мұғалімдер күні”
белгіленген. Мұғалімдер ордендермен,
медальдармен марапатталады. Арнайы мұғалімдердің
білімін жетілдіру институттары ұйымдастырылған.
Көптеген арнайы газет, журналдар бар.
Мұғалім – мектептің айнасы, бәйтерегі.
Мұғалім еңбегінің әлеуметтік мәніне,
елдің мәдени өміріндегі белсенді рөліне
кезінде қазақ зиялылары көп көңіл бөлген.
Ахмет Байтұрсынұлы “Жақсы мұғалім мектепке
жан кіргізеді, басқа кемшілігі болса,
мұғалімнің жақсылығы жабады, білдірмейді”
– деген болатын. Мұғалім білім нәрін
себуші, мұғалім жақсы білімді болса, білген
білімін алдында отырған шәкірттеріне
үйрете білсе, ол мектептен бала көбірек
білім алып шығады.
Өсіп келе жатқан ұрпақ – адамзаттың болашағы,
жалғасы.
Артта қалған ұрпақ саналы болса, адам
баласының жер бетінде жасауы да сан ғасырларға
жалғаса береді. Білім күші құдіретті.
Ол бар жерде үздіксіз даму үрдісі жүреді.
Бұдан біз білімнің қаншалықты маңызды
екеніне көз жеткіземіз.
Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп,
тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды
танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің
болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты
көңіл бөлінуі қажет.
Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке
бастар жолдың бастауы – мектеп десек,
мектептің басты тұлғасы, жүрегі – МҰҒАЛІМ.
Адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен
қатар, мұғалімнің де рөлі зор.
Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі
қазіргі ұстаздардың қолында.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –
деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі
маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын
мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр
жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай
мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға
деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің
дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай.
Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей,
қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік
емес пе?!
Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы
батыры Бауыржан Момышұлы “Ұстаздық -
ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді.
Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын
да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де
ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды
қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін
ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз”
деген.
Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой,
адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық
сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім.
Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай
қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып,
өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді
де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың
жөні де, жолы да бөлек.
“Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден
балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз
еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты,
шығармашылық еңбек екендігін баршамыз
мойындаймыз.
«Ұстаз» – құрметті сөз. Ол – адамдардың өмірге көзқарасын, бір-біріне деген сый, құрмет сезімін қалыптастыратын, білім мен тәрбиенің ұрығын шашатын, адамгершіліктің нұрын төгетін адам. Ұлағатты ұстаздан тәрбие алған адам жақсы қоғамдық қайраткер, ұлы тұлға болып өседі, өмірін дұрыс бағытқа бейімдеп, көркейтеді.
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген сөз де орынды айтылған. Баланың бойындағы шынайы білім, біліктілік дағдылары, мінез-қалпы, шарапаттылығы жақсы ұстаздан қалған әдет болса керек.
Үйретуден балаға, - деген Абай сөзін өзінің өмір қағидасы еткен ұстаз әрдайым құрметті. Ол өзінің бойындағы бар аталық мейірімін, білімін, тәжірибесін алдындағы шәкірттеріне беріп, олардың рухани дүниесін байытады, өмірде неғұрлым адаспай, дұрыс жолмен жүруге дайындайды. Халықтың «Ұстазыңды атаңнан да әзіз тұт» дейтіні де сондықтан.
Шәкірт – ұстаздан дәріс қана емес, өмірлік ұлағат, тәрбие алады. Мәселен Абылай хан өзін Төле бидің, Шәкәрім, осы замандағы көптеген дарын иелері өздерін Абайдың шәкірттері деп есептеген.
Шәкірттің өмір сүрудің мәнін ұғындырып, оның қыр-сырын ашқан, адамдардың дүниелік түсінігін тереңдеткен ұстазға деген сый-құрметі де айрықша болса керек.
Ұстаз бен шәкірт арасындағы осындай өзара қамқорлық, сыйластық сезімі олардың бірлесіп атқаратын білім мен біліктілікті шыңдау әрекетіне жағымды ықпал етері анық.
«Мұғалім мамандығы
– барлық мамандықтың анасы» деп қалай
дәл тауып айтқан. Ұстаз алдынан тәрбие
алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие
әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ
болары анық.
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр
да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні
темір балқытқан жұмысшы да, егін салған
диқан да, мал бағып терін төккен шопан
да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер
де бәрі – бәрі ұстаздан білім, тәлім алған,
сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл
адам баласы құрметпен бас иеді.
Қиындығы да, қызығы да жетерлік, ең бастысы
- жауапкершілігі жоғары мамандықтың бірі
ұстаздық ету екені ақиқат. Өйткені бұл
мамандық иелерінің мойнына ешнәрседен
хабары жоқ, мыңдаған тарыдай ғана бүлдіршіндердің
бойына білім нәрін сеуіп, тәрбие ұрығын
егіп, таудай азамат етіп шығару міндеті
жүктелген «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік
жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаев бүгінде мұғалімдер алдында
үлкен жауапкершілік жүктеді. Әрбір тұлға
өмірінде үлкен тәрбие мен таусылмас білім
ошағын санасына ұялатқан ұстазын мәңгілік
есінде сақтайды. Нағыз мұғалім, міне,
осы. Өйткені, әрбір мемлекеттің өсіп өркендеуінің,
бәсекеге қабілетті болуының ең басты
ошағы – ұстаз берген білімде. Сондықтан
да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі
келген кез келген мемлекет ең алдымен,
білім беру саласын дұрыс жолға қойып,
сапасын көтеруді мақсат етеді.
Математика (грекше: μάθημα — ғылым, білім, оқу; μαθηματικός — білуге құштарлық) — әлдебір әлемнің сандық қатынастары мен кеңістіктік формалары, оның ішінде — структуралар, өзгерістер, белгісіздік жөніндегі ғылым. Ол абстрактілендіру және логикалық қорыту, есептеу, санау, өлшеу және физикалық нәрселерді жүйелі түрде орнықтыру, бейнелеу мен өзгерістерді оқыту арқылы көрініс табады.
Математиктер
жаңа тұжырымдамаларды сипаттайтын
осы түсніктерді ретімен
[өңдеу] Математика
тарихы [өңдеу] Көне Мысыр
Көне Мысыр
әлемдегі ең байырғы мәдениет ошақтарының
бірі. Ніл өзенінің екі жағалауына
орналасқан бұл ел б.з.б. 3200-ші жж біртұтас
мемлекет болып бірікті. Ніл өзені
әр жылда тасып, жағалаудағы егістік
жерлерді шайып кетіп отырған, тасу
мезгілі аяқталған соң
Көне Мысырдың Ахмосе немесе Райнд папирусы
Б.з.б. 2900-шы жж кейін патшаларының мазары ретінде көне мысырлықтар көптеген алып пирамидаларды тұрғыза бастаған. Пирамидалардың құрылысына қарай отырып, сол кездегі көне мысырлықтардың геометрия мен астрономияны аз білмегенін аңғаруға болады. Мысалға, пирамида табаны мен бүйір бет ауданы арасындағы қатынас пен табанындағы бұрыштарды атауға болады.
Қазіргі кездегі Көне Мысыр математикасы туралы зерттеулер негізінен, сол кездегі монахтар жазуы және руни жазуымен жазып қалдырған екі кітапқа сүйенеді: бірі Лондонда (1858 жылы ағылшын жинаушысы Райнд тауып, өз меншігіне алған, сондықтан көбінесе Райнд папирусы (жоғарғы суреттегідей) деп аталады, ол папирус б.з.б. 1700 жылға жатады, бұл Мәскеу папирусына қарағанда үлкенірек). Енді бірі Москвада сақтаулы. «Мәскеу папирусы» деп аталады. (суреттегідей)
Оны 1893 жылы ескі
заттарды жинақтап сақтаушы орыс әуесқойы
Голенищев сатып алған, ал 1912 жылы
ол Мәскеудегі әсемдік өнерлер мұражайына
берілген. Папирус — қамыс текті
өсімдік. Мысырда, Ніл өзенінің жағалауында
өседі. Оның өзегін тілімдеп алып, тілімдерді
қатарластра орналастырады. Олардың
үстіне көлденең осындай тілімдердің
екінші қабатын салады. Қысқышпен
екі қабатты біріктіріп жаныштағанда
тілімдерден шығатын желім
Папирустар 9 ғ.-дан бастап мүлде қолданылмайтын болған, оның орнына қағаз пайдаланылады.
Қағаз ең алғаш бұдан 2000 жыл бұрын, Қытайда шыққан, оны Чай Лунь деген адам ойлап шығарған деп жазылады Қытай тарихнамаларында.
Қағаз жасауды қытайлардан Орталық Азия халықтары үйренген. 7 ғ. Самарқандта қағаз өндірісі болған. Осыдан арабтар үйренген, олар арқылы Еуропаға тараған.
Көне Мысырдың ертедегі әріптері сурет пішіндес әріптер болған, соңынан ретке келтіріліп демотикалық жазу пайда болған. Осы екі кітаптан басқа да кітаптар теріге, тастарға ойылып жазылған, олар қазір дүнйенің түкпір-түкпірінде сақтаулы. Екі кітаптың жазылған уақыттары шамамен б.з.б. 1850-1650 жж. сәйкес келеді.
Көне мысырлықтар ертеден ондық санау жүйесін қолдануды білген, бірақ оның әрбір орындағы сандардың жазылу ережесін білмеген, мысалға 111-ді жазу үшін, 1-ді үш рет қайталап жазбаған, керісінше әр орындағы 1-лерді әр түрлі белгілермен бейнелеген. Көне мысырлықтардың негізгі амалы қосу болған, ал көбейту қосудың қайталанып келуі ретінде есептелген. Олар бір айнымалысы бар бірінші дәрежелі теңдеулерді шеше алған, әрі арифметикалық, геометриялық прогрессиялардың қарапайым есептерін шеше алатын болған.
деген теңдеудің иероглифтермен жазылып
берілуі.
Сол кітапта («Мәскеу
папирусы») және де шеңбердің ауданын
есептеуді де көрсеткен: диаметрінің
-ін алып тастағаннан кейін
Көне Мысырда математиканың туумен қатар ертедегі Бабыл тұрғындары және шумерлер мен аккадтықтар өз алдына өздерінің дербес математикасын жасап шығарды. Бұл халықтар сына сияқты сызықшалардан құралатын таңбалар арқылы (19 ғ-да археологиялық қазбалар кезінде табылған) күн көзіне қойғанда тастай қатайып қалатын, балшықтан жасалған саз балшықты тақталарға (плиткаларға) білімдерін жазып қалдырған. Мұндай балшық тақталар Бабыл жерінен мыңдап табылады.
Бабыл сандары
Бабылдықтардың барлық математикалық жетістіктері жинақталып жазылған (шамамен айтқанда б.з.б. 200-шы ж., яғни Бабыл мәдениеті өркендеп өзінің ең жоғарғы сатысына көтерілген кезге жатады) қырық төрт кестеден құралған бабылдықтардың математикалық энциклопедиясы табылған. Бұл энциклопедиядан бабылдықтардың сол ертедегі заманда күнделікті мұқтаждықтары алға қойған практикалық есептерді: егіншілік, жер суаруды реттеу, сауда жасаудағы есептерді шешудің бірсыдырғы тиімді тәсілдерін білгендігі көрінеді.
Бабылдықтар астрономия ғылымының негізін салған. Бір аптаны жеті күнге бөлу, шеңберді 360 градусқа, сағатты 60 минутқа, минутты 60 секундқа, секундты 60 терцияға бөлу солардан бізге мирас болып қалған. Жұлдыздарға қарап болашақты болжау, яғни астрология да солардың арасында туған.
Бабылдықтар санаудың
негізіне қазіргідей 10-дық жүйе емес,
көп жағдайда арифметиканың аса
қиын амалы — бөлу амалын жеңілдететін
60-тық санау жүйесін
Әрбір өлшеуіш алдыңғысынан 60 есе артық болып келіп отыратын өлшеуіштер мен таразылар жүйесін де солар жасаған. Біздің қазіргі уақыт өлшемдеріміз — сағатты, минутты және секундты 60 бөлікке бөлуміз содан басталады.
Бабылдықтар екінші дәрежелі теңдеулерді, ал арнаулы кестелер арқылы үшінші дәрежелі теңдеулерді шеше білген. [өңдеу] Ежелгі Урарту математикасы
Б.з.б. екінші мыңжылдықтың орта шенінен бастап бір жағынан Бабыл патшалығына, кейіннен оның орнына келген Ассирия патшалығына, екінші жағынан Кавказ сыртына шектескен территорияда Ван патшалығы немесе Урарту патшалығы болды, бұл патшалық 8 ғ-да Кавказ сыртының оңтүстік облыстарын жаулап алды.
Урарту халықтары Бабыл математикасын меңгеріп, қазіргі позициялық ондық (тұрған орнына қарай бір цифрдің өзі әр түрлі разрядтардың белгісі болатын) нумерацияға жақын және позициялық принципті білмейтін, мысырлық ондық нумерацияға мүлде ұқсамайтын, ондық нумерацияға көшкендігі анықталған.
Урарту арифметикасы
көбінесе ертедегі Армян арифметикасына
ұқсас. Бұлай болса ертедегі бабылдықтардың
математикасы Урарту халықтары арқылы
Кавказ сыртындағы халықтардың, әсіресе
армяндардың өте ерте замандағы
математикалық мәдениетіне
Орта ғасырдағы Орта Шығыс, Солтүстік Африка және Испания сынды мұсылман мемлекеттеріндегі араб жазуы арқылы жазылған математикалық шығармаларды айтады. Араб математикасының дамуына арабтар ғана емес, парсылар, сүриянилер, т.б. үлес қосты. Бұл шығармалар қолжазба түрінде осы күнге жеткен, олар әлемнің әр түкпіріндегі кітапханаларда сақтаулы тұр.
Араб математикасының дамуы орта ғасырдағы араб мәдениетінің дамуымен бірге дамыды. Оның дамуын үлкен жақтан үш кезеңге бөліп қарауға болады: 8 ғ. бастап 9 ғ-дың ортасына дейін әл-Мансұр халиф Бағдатта ішінде телескоп пен кітапханасы бар «Даналық үйін» (арабша: بيت الحكمة Bait al-Hikma) ашып, оған сол кездегі Сүрия, Үндістан т. б мемлекеттерден ғалымдарды жинайды, бұл кезең негізінен басқа тілдегі математикалық шығармаларды аударып, оны үйрету кезеңі деп айтуға болады. Ең алдымен Евклидтің «Геометрияның бастамалары», одан кейін үнді математигі Брахмагупта еңбегі араб тіліне аударылады. Содан бастап Архимед, Аполлониус, Диофант, Птолемей сынды ертедегі гректің ұлы математиктерінің шығармалары іркес-тіркес араб тіліне аударылды. Бұл дәуірдегі атақты математик әл-Хорезми болды. Ол тек аудармамен айналысып қана қоймай, сонымен бірге «Хорезми арифметикасы» (көптеген кітаптарда «Liber Algoritmi» деп аталынып жұр), «Әл-жәбр уә-л-Мұқабала» т. б атты атақты кітаптары бар. Қазіргі кездегі математиканың маңызды бір саласы болып табылатын алгебраны осы әл-Хорезми енгізген. IX-ғасырдың ортасынан XIII ғ-ға дейін араб математикасының гүлдену дәуірі деп қарауға болады. Осы кезеңде Бағдадта, Бұхара, Қаһира және Испанияның Кордова және Толедо қалаларында көптеген ғылыми зерттеу орталықтары пайда болды, бұл дәуірдегі атақты математиктерден Батани, Әбу-Уафа, Карачи, әл-Бируни, Омар Хайям, Насыреддин Туси, Банналарды атауға болады. XIV ғ-дан соң XV ғасырдағы Әмір Темірдің Самарқандтағы телескоп мен сонда зерттеумен айналысқан әл-Кашиды айтпағанда, бүкіл араб математикасының құлдыраған кезеңі болып табылады.