Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Мая 2014 в 19:07, статья
Еліміздегі қоғам дамуының барлық саласындағы өзгерістерге орай білім саласы да жаңаруда. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономомикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жолдауындағы 7-бөлімінде: «Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор. Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу, екіншіден, оқытушылар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор, үшіншіден, біліктілікті бекітудің тәуелсіз жүйесін құру қажет делінген. Осы міндеттерді жүзеге асыруда басты нысана – білім сапасы. Сапалы білім беру оқытушылардың шеберлігі мен іскерлігіне байланысты.