Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 08:49, практическая работа
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: «Абай жолы» роман-эпопеясы бойынша алған білімді, оның басты түйінін меңгеру арқылы романға сүйене отырып, Құнанбай бейнесін ашу;
ә) Дамытушылық: әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік беріп, өзінше ой қорытуға, ой түюге баулу.таным түсініктерін дамыту;
б) Тәрбиелік: ұлы адамдардың өмірін өнеге тұтып, оқушыларды адами қасиеттерге баулу, өзін-өзі ұстай білуге, елжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу;
Өтілетін пән: Қазақ әдебиеті 11- сынып
Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов «Абай жолы» роман- эпопеясындағы Құнанбай бейнесі.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: «Абай жолы» роман-эпопеясы бойынша алған білімді, оның басты түйінін меңгеру арқылы романға сүйене отырып, Құнанбай бейнесін ашу;
ә) Дамытушылық: әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік беріп, өзінше ой қорытуға, ой түюге баулу.таным түсініктерін дамыту;
б) Тәрбиелік: ұлы адамдардың өмірін өнеге тұтып, оқушыларды адами қасиеттерге баулу, өзін-өзі ұстай білуге, елжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Жаңа білім үйрену сабағы.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Ғылыми ізденіс, қосымша әдебиеттермен жұмыс, мәтінмен жұмыс, диалог-монолог, ой шақыру, деңгейлеп оқыту, мини дебат, тест- интервью,сауалнама-интервью.
Сабақтың технологиясы: Логикалық- евристикалық жобалау технологиясы, Қ.Бітібаеваның жаңа білімді меңгерту технологиясы.
Пәнаралық байланыс: музыка, тарих.
Сабақтың ұраны: Ізденеміз,зерттейміз, салыстырамыз, табамыз.
Сабақтың барысы:
Мақсат:
Әдіс- амалдар, тәсілдер: ұйымдастыру, Абай «Желсіз түнде жарық ай » әні.
ІІ бөлім Үй тапсырмасы ,қорытындылау.
Мақсаты:
Әдіс-амалдар. тәсілдер: өзіндік ізденіс, монолог-диалог, ой шақыру.
Үй тапсырмасы «Абайды білмек керек ойлы жасқа» деген айдармен топтастырылып тиянақталды. (монолог- диалог әдісі)
1- оқушы Абай атынан «Атаның емес, Адам ұлымын!» атты цитатты монолог-толғау бойынша.
2- оқушы Дәрменнің диалогы- «... Абай аға, қадірлім! Ол дәндерің өлген жоқ, жойылған жоқ...» тақырыбы бойынша.
3- оқушы Бүгінгі ұрпақ сөзі: «... Атам Абай, арманыңа бер тыным...» (Оқушыларға алдын ала инсценировкалық тапсырмалар беремін )
Сонымен балалар, бір сәт роман парақтарына үңіліп, ой шақырсақ:
Романның бірінші кітабі
Әкесінің үміті болған,
Ой - санасы өсіп толған кім ? (Абай – шыңға шыққан жас шынар)
2- кітапта қамтылған : Зере әжеден ғибрат алып, Шөже ақынмен табысқан, Лермонтов, Пушкиндермен, Алғыр оймен жарысқан кім ? (Ой -санасы, ақыл-парасаты толысқан, азамат- ақын).
3- 4 кітап бойынша. Кедейлерге жақ болған, Қазағына бақ болған кім ?
(Абай- халық қамқоршысы).
Міне, балалар, осындай қасиеттерді бойына жиған Абай образы- эпопеяның жаны мен жүрегі. Абай- елдің алысты болжай алған, ілгері сүйреген ойы болса, біз бүгін- елдің тоқырап қалған өз биігінен аса алмаған ескі ойы, романдағы типтер мен характерлердің жиынтығы, сақасы сияқты сонша сұм, сонша аруақты, сонша бір кесек образ- Құнанбай бейнесінің ұнамды, ұнамсыз жақтарын сомдайтын боламыз.
ІІІ бөлім Жаңа сабақты меңгерту.
Қолданылатын технология:
Қ.Бітібаеваның жаңа білімді меңгерту технологиясы
І кезең. Жаңа тақырып бойынша берілетін алдын-ала тапсырмалар жүйесі
Мақсат:
Бірінші деңгейлік тапсырма
Құнанбай туралы қосымша материалдар
мен әдебиеттерден реферат
ІІ кезең. Тапсырмалар негізіндегі сұхбат-әңгіме пікірлесу.
Мақсат:
Мақсат: шебер, ұйымды сөйлеуге, тапқырлыққа баулу; өзге оқушылардың пікірін тыңдай білу; өз ойын, дәлелді, айқын жеткізуге талаптандыру. Мұғалімнің кіріспе сөзі: (Өтілетін тақырып туралы)
Әдіс-тәсілдер: мини дебат.
Жақтаушы топ дәлелдеуі:
Аргумент: 1. Абайдай ұлы дананың әкесі
2. Қажы, рухани таза адам.
3. Қолы ашық, данышпан (Мешіт салғызуы, Бөжей асы, т.б.)
Даттаушы топ дәлелдеуі:
Аргумент: 1. Қатігез (Қодар, Қамқа, Кәмшат өлімі т.б.)
2. Әміршіл (Үнемі бұйрық беріп отырады)
(екі жақ та өз пікірлерін
романнан нақты мысалдар
Мұғалім пікірі
- Қалай ойлайсыңдар. Құнанбай
мен Абай арасындағы
Проблемалық сұраққа ойымызды жұмылдырайық:
ІІІ кезең. Оқушылардың тапсырмалар негізіндегі жұмысын, болжамдарын саралау.
Мақсат:
2. Деңгейлік тапсырма
Сонымен, Құнанбай азулы жыртқыш қана емес, ол- ақылды, жетер түбін ойлай білетін, терең ойлы адам. Сонымен бірге көкірегі ояу көреген, ашуы мен қайратын қатар ұстайтын қайсар рухты адам екеніне көз жеткіздік.
ІҮ кезең: Қосымша материалдар, ғылыми еңбектерден.
3.Деңгейлік тапсырма «Алыптан алып туады» (реферат-интернеттен)
Мақсат:
Ү кезең: Оқулықпен жұмыс, пысықтау
Құнанбай образы- шебер жасалған образ
(оқушылар оқулықтан ой
Мақсат: Оқулықтың білім көзі, әрі өз бетімен білім алудың дидактикалық үлгісі екендігін ескеріп, онымен жұмыс арқылы оқушылардың ынтасы, танымдық іс-әрекетін басқару.
Әдіс-тәсілдер: практикалық жұмыстар (өз бетімен жеке тапсырма орындау)
ҮІ кезең Жинақтау, қорытындылау. Бекіту. Коррекция
Мақсат: Жаңа білімді меңгертудің бес кезеңі бойынша алған білімдерін саралау, тиянақтау;
(Өткір тілді,сөзге шешен, ақылды, терең ойлы, қайратты, қатыгез, қызба қан,...) | |
Ескерту:өзің жауап қосуыңа болады. | |
2. Құнанбай бейнесі өзіңе ұнады ма, жоқ па? Неліктен? |
|
3. Құнанбай тобындағылардың |
|
4. Құнанбай бейнесі арқылы |
|
Қорытынды.
Міне, балалар, романдағы және өмірдегі Құнанбай бейнесі арқылы ой түйіндедік.
Ұл туындының иесі М.Әуезовке Бауыржан Момышұлы былай деп реншіш білдіреді: «Абайды көтерем деп Құнанбайды кеміттің. Құнанбай қазақтың Иван Грозныйы еді. Ол мақсатына жетті. Құнанбай жете алмады.Құнанбай- қазақ мемлекетін құруға ұмтылған жан.». М.Әуезов бір сөзінде: «Абайды көтеру үшін, Құнанбайды құрбандыққа шалуға тура келді»-, делінген. Ой қорыта келе, сабақ соңын айтыскер – ақын М.Тазабековтың «Дінислам- діңгегім» термесімен аяқтаймын:
Кешегі Құнанбайлар
Салмақты болған екен кір тасындай.
Арсызға қатал, қатты
Халқына болған құстың
Кешегі Кенесары тұлпарына,
Доңыздың басқан шөбін
Тектілік белгісіндей Зере әжеміз.
Құнанбайды дәретсіз емізбеген.
Атаның бойындағы тазалықтан
Абай туды тектілік негізбенен.
(Тектілік, имандылық туралы қысқаша айтамын)
Өзіңді-өзің таны, өз біліміңді өзің сарала. (білім жүйесін басшылыққа ал)
Тапсырма: Мына жүйе бойынша жұмыс істеп, өз біліміңе өзің зерттеу жүргіз. Білім деңгейіңді өзің бақыла.
Баға қою ( Бағалау, мадақтау)
ІҮ бөлім: Үй тапсырмасын беру
Мақсат:
Мәтінімен өзіндік жұмыс.
Міндетті тапсырмалар:
-оқулықпен жұмыс
- Абай- Құнанбай (Венн диаграммасын құру)
Өз қалауалары бойынша орындалатын тапсырмалар.
- Логикалық-эвристикалық
романдағы халық өкілдері және әйелдер бейнесін ашу, талдау.
ШҚО, Аягөз ауданы, Айғыз ауылы «Айғыз жалпы білім беретін орта мектеп» КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі - Оспанова Бақкамал Нығметқызы
Информация о работе М.Әуезов «Абай жолы» роман- эпопеясындағы Құнанбай бейнесі