Қолмен доғалы пісірудегі және кесудегі кешенді жұмыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2015 в 18:15, дипломная работа

Описание работы

Бүгінгі күні елімізде қоғам мен мемлекеттің қазіргі заманғы қажеттілігіне бағытталған тұтас тәрбие жүйесі қалыптасқан.
Өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қойылатын талаптар «Қазақстан – 2030: барлық Қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының артуы» атты ел Президентiнiң Қазақстан халқына Жолдауында, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi «Бiлiм туралы» Заңында, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңында, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шiлдедегi «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы» Заңында көрсетілген.

Файлы: 1 файл

Қолмен доғалы пісірудегі және кесудегі кешенді жұмыс.docx

— 88.21 Кб (Скачать файл)

Осы мәселенің төңірегінде көптеген көкейкесті сұрақтар пайда болуда. Мұғалім, қазіргі таңда қай технология болмасын ұтымды және тиімді пайдалануы шарт. Мен, өз шығармашылық жұмысымда Н.А. Оразахынованың «Сатылай кешенді талдау» технологиясы (СКТТ) жөнінде пікір бөлісемін деген ойдамын.

«Сатылай кешенді талдау» технологиясының негізін қалаған Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының докторы, профессор, әдіскер – ғалым Нұрша Алжанбайқызы Оразахынова.

СКТТ дегеніміз қазақ тілін оқытудан бас алып, халқымыздың әдебиетін, тарихын, географиясын тағы басқа пәндердің жиынтығын құрап, оқушыларға жан-жақты білім беретін, олард өз елінде, жерінде ұлтының биік тұлғалы азаматы етіп қалыптастыра алатын оқыту түрі.

«Сатылай кешенді талдау» технологиясы бұл қазақтың төл технологиясы деп атауға болады. Бұған дәлел ретінде осы технологияның авторы Нұрша Алжанбайқызы Оразахынова ХХ ғасырдың 20-30 қазақ ғалымдарының оқыту-тәрбие туралы жасаған ғылыми тұжырымдамаларын және әдістемелік кешендерін негіз етіп алған. СКТТның (Ораханованың «Сатылай кешенді талдау» технологиясы) теориялық негізін А. Байтұрсынов, Ж. Аймаутов, М. Жұмабаев, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов тағы басқа қазақ ғалымдарының ғылыми әдістемелік тұжырымдамалары автор арқылы басшылыққа алынып, ағартушылық негізін Ыбырай, Абай, Шоқан тағы басқа ағартушылардың педагогикалық ұстанымдарын, ұлттық құндылыққа негізделген әдіс тәсілдерін еңгізіп, бастауыш сыныптардан бастап, төмендегідей пәндерге еңгізудің жолдарын көрсетеді. Олар: қазақ тілі, ағылшын тілі, әдебиет, математика, тарих, георафия, физика, химия, информатика секілді негізгі пәндер.

СКТТ оқушыларға қазақ ғылымының мазмұны мен жүйесін, оның сөздік құралы мен грамматикалық құрылысын, сөйлеу тілінің байлығын және әдеби тіл нормасын үйретіп, дұрыс сөйлесу, сауатты жазу дағдысын қалыптастырады. Сол арқылы басқа пәндерді сауатты меңгеруге негіз қаланады.

СКТТ тек қана білімді белгілі бір көлемде беріп, қажетті шеберлік пен дағдыны қалыптастырумен ғана шектелмейді, сонымен қатар баланың жалпы тұлғалық дамуына, ойлау, есте сақтау, қиялдау, ізденушілік, зерттеушілік әрекеттерін ұйымдастыру да басты назарда ұсталады. Өл үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезінетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып, ол білім алуға әрекеттенеді.

СКТТмен оқытуда мұғалім мен оқушы қарым қатынасы жаңа қағидаларға негізделеді. Олар: ынтымақтастық, түсіністік, әріптестік секілді қасиеттер. Бұл технологияның маңыздылығы, тағы бір ерекшелігі оқушыларды «жақсы», «жаман», «орташа» деп бөлмей тек материалды өте жылдам, баяу, қабылдауына қарай тапсырманы он деңгейге икемдеп барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызуды мақсат тұтады.Ал деңгейлер төмендегідей болып бөлінеді:

1-деңгей:

Бұл деңгейде оқушымен мұғалімнің іс-әрекеті қатар жүреді: жазу, дауыстап айту, есту, көзбен көру, естіген нәрені ұзақ есінде сақтау, яғни коммуникативті әрекеттер орындалады.

2-деңгей:

Бұл деңгейде іс әрекет аталым-жазылым- түрінде жүзеге асады.Оқушы талдауды ауызша толық баяндап жазуға, талдаудың қысқаша түрін қолданады.Ал дұрыс баяндауға қажетті толық үлгісі сөйлем құрылысы алдыңғы сатыда үйретілген.

3-Бұл деңгейде тілдік қатынас айтылым-жазылым-тыңдалым әрекеттері қатар жүреді. Бұл талдау күрделілігімен ерекшеленеді де оқушыларды ой ұшқырлығына баулау, танымдық дүниесін кеңейту көзделеді.

www.jospar.kz күнделікті сабақ жоспарын сатып алуға ең сенімді сайт.

4-Тілдік материалды жазылым бойынша символдар арқылы ықшамдау принципы мен өрнектеу, айтылым бойынша ауызша толық талдау жүргізіледі. Бұл деңгейде оқушылар алдынғы білім-білік дағдыларын жинақтап, сауатты әңгіме әдісі қолданылады.

5-Диалог арқылы талдау. Бұл деңгейдегі талдау үлгілері ауызша орындалады.оқушылар бұл талдау арқылы аңғарымпаздыққа, әріптесінің жауабын мұқият тыңдауға, ойын ары жалғастырып кетуге дағдаланады. Мұндай талдау көбінесе ойын түрінде жүргізіледі.

6-Жад жазу. Бұл деңгейде оқушылардың СКТ арқылымеңгерген теориялық білімді жадқа жазу: теориялық білімді меңгеру, орфоргафиялық сааттылық, пунктуациялық белгілерді дұрыс қоюын байқаймыз және қорытынды шығарамыз.

7-Уақытқа талдау: «өте жылдам»-3 минут; «жылдам»-5 минут; «баяу»-3 минут;

8-Компьютерлік талдау;

9-Ашық тест

10-Шығармашылық жұмыс;

СКТда оқушы ғылыми тілде сөйлеуге үйренеді, қарапайымнан күрделіге, уақиғаны сатылап түсіндіре алып, тұжырым жасауға үйренеді, оқушыны болжамнан сөйлеуден құтқарады.

СКТТ ның мақсаты:

1-Барлық оқушыны  табысты оқыту, білім – білік дағдысын қалыптастыру

2-Білім алуға деген ынтасымен іскерлігін арттыру, оқу танымдылық белсенділімен оқытуды жеделдету;

3-Шығармашылық қабілеттерін  дамыту және ғылыми ізденіске  жетелеу;

Міне, осы жоғарыда айтылған СКТТмен 2011 жылы Н.А. Оразахынованың «Прақтикалық қазақ тілі», «Әдебиет сабағында сатылай кешенді талдау технологиясы» атты кітабы арқылы таныстым. Сабақтарымда технологияның тиімділігін ұғынған соң қолдана бастадым. Бұл әрекетке итермелеген басты бір жағдай, сол жылдары білім жүйесінде қарқын дамып келе жатқан 9-сыныптардағы МАБ және 11-сыныптардағы ҰБТ еді. Осы білім сынақтарына дайындауда да СКТны тиімді қолдана білдім. Және де әдебиет сабағының күре тамыры көркем мәтінмен жұмыс жасау деп есептейді. Оның ерекшелігі сол — ол оқушының жүрегіне, сезім қылына әсер етуі. Оқушылармен бірге көркем шығармамен жұмыс істей отырып, олардың ойлануына, толғануына, пікір айтуына ықпал жасайды. Сөз құдіретін баяндау, түсіндіру жолымен емес, ондай інжу- маржанды оқушының өзіне таптыру, сөзбен жұмыс істей алуға, мазмұнын игерту барысында жанды байланыста болу, логикалық ойын жеткізуде ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру сияқты жұмыстарға баса назар аударады. Шығармашылық жұмыстарды (пікір алмасу, табиғатқа өзінше сипаттама беру, екі шығарманы салыстырып пікір айту) орындатып, ой қорытындыларын жасатады.

Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді талдау» технологиясы оқушылардың әдебиеттен теориялық білімдерін нығайтуға, танымдық деңгейін көтеруге мол септігін тигізеді. Оқушылардың сөздік қорын молайтуға поэзия тілін ұғынуға үйретеді. Сонымен қатар, белгілі ақын-жазушылардың еңбектерін саралай алуға дағдыландырады, оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландырады.

Аталған технология бойынша өткізген ашық сабақтарым бірлестік отырысында «өте жақсы» деп бағаланды. Және де тәлімгер ретінде бірлестігімдегі жас мамандарға осы технолгияның қыр-сырын меңгертіп, сабақтарында қолдануға үйретіп жүрмін. Және де ұсынысым:

-«Әдебиет- сөз өнері» тақырыбында қосымша сабақтар жүргізілсе;

-СКТТ бойынша  мектебімізде семинар, көрнекі сабақтар  жоспарлы түрде өткізіліп тұрса;

-Аталған технолгия  бойынша курстарға мұғалімдер көптеп жіберілсе;

-Мұғалімдердің  іс-тәжірибелері таратылса;

Бүгінгі таңда Қазақстан алдыңғы дамушы әлем мемлекеттері қоғамының құрамына кіріп отыр. Бұл жетістік ғылым беру саласының алдына аса зор міндеттерді артып отыр, соның ең бастысы білім беру үрдісін 21 ғасырдың жаңа талаптарына сай сәйкестендіру болып табылады.

Белгілі ұстаз-ғалым М.М. Поташник: «Әр мұғалім өзінің бағыты мен қойған мақсатына байланысты мемлекет пен қоғамның сұраныстарына, ғылым мен техниканың дамуына байланысты технологияны таңдай білу қажет», – деп атап көрсеткен. Қазіргі кезде мемлекетімізде де, Ресейде де, шет елде де түрлі авторлар әртүрлі инновациялық технологияларды заман талабына сай деп ұсынып отыр. Бірақ кез келген технологияны білім беру және тәрбиелеу жүйесіне ендіріп лайықтандыру оңай іс емес, себебі кейбір технологиялар білім беруде тиімді болғанымен, оқушыларды заман талабына сай тәрбиелеу жүйесіне сәйкес етпей, білім беруде де қайшылықтары көп кездеседі. Ал бұл процессті тиімді ұйымдастырудың бірден бір жолы – Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді талдау» технологиясын білім беру және тәрбие жүйесіне толығымен енгізу болып табылады.

Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Ақын ініме»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: өлеңнің мазмұны мен идеясын меңгерту.

Дамытушылық: әдеби-теориялық білімдерін тереңдету, сауатты жазуға, дұрыс сөйлеуге, шапшаңдыққа, тез ойлауға машықтандыру.

Тәрбиелік: оқушыларды білімге, адалдыққа, адамгершілікке баулу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, сатылай кешенді талдау.

Сабақтың көрнекілігі: ақынның өмір жолы, шығармашылығына құрылған презентация, ақынның кітабы

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

А) оқушылармен сәлемдесу

Ә) оқушыларды түгендеу

Б) сынып тәртібі мен тазалығына мән беру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1.Ахмет Байтұрсыновтың  өмірі мен шығармашылығы

2.«Екі шыбын»  жатқа айту

Сұрақтар:

1.«Екі шыбын»  өлеңі қандай жанрда жазылған? (Мысал)

2.Өлеңде айтылатын  өзекті ойдың мәнісі

3.Автор оқушыларына  нені ескертеді?

4.Ең соңғы шумақтағы  өзекті ойдың мәнісі қандай?

ІІІ. Жаңа сабақ

1.Сабақтың мақсаты түсіндіріледі

2.Өлеңді мұғалім мәнерлеп оқиды.

3.Оқушыларға мәнерлеп оқытады.

Өлең қазақтың аса көрнекті ағартушысы,қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері Міржақып Дулатұлына арналған.

Өлеңде ақын інісіне кекесінмен айтқан ақылдарында ирониялық сарын басым.

Енді осы өлеңді болымсыз түрде оқып көрелік.

Міне, ақынның нағыз айтар ақылы енді белгілі болды.

4.Сұрақ-жауап

·Ақын өлеңде адам мінездеріндегі қандай қасиеттерді сынайды?

·Одан қандай жақсы қасиеттерді уағыздайтынын байқауға болады?Өлеңде ақынның халық алдындағы парызы, міндеті қандай болу керек екенін Ахан қалай аңғартуға тырысады?

·Өлеңнің соңғы шумағынан ақынның айтқысы келген өзекті ойын қалай байқауға болады?

IV. Сабақты бекіту. Өлеңге сатылай кешенді талдау жүргізу

Ақын ініме

1.Авторы – А.Байтұрсынов. Қазақтың тұңғыш тіл білімі негізін қалаушы ғалым, публицист, аудармашығмысалшы, саясаткер.

2.Тақырыбы — тақырып –бұл өнер туындысының іргетасы. Бұл өлеңнің тақырыбы- атқамінер шонжарлардың мінез-құлқын әшкерелеу.

3.Жанр түрі- поэзия (өлең) Өлең дегеніміз- белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырылып,үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі.

4.Идеясы — атқамінер шонжарлардың мінез-құлқын әшкерелеу. Халқына пайдасы тиетін, адал қызмет ететін адам болып қалыптасуға үндейді. Идея дегеніміз- автор тақырып арқылы өмір шындығын суреттегенде оны өз көзқарасы ,өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді. Сол арқылы өзінің арман-мақсатын,қиялын білдіреді.

5.Шумақ-аяқталған синтаксистік тіртұтас ой. 8 шумақты

6.Тармақ-өлеңнің әр жолы. 30 тармақты

7.Бунақ — белгілі дауыс ырғағымен бөлінуі. 3 бунақты

8.Буын саны — дауысты дыбысқа байланысты. 11 буынды.

9.Ұйқас түрі — қара өлең ұйқасы (а-а-б-а) Ұйқас-өлең мазмұнымен тамырлас келіп, оған ерекше саз,әуен беретін өле тармақтарындағы сөздер үндестігі.

10. Әдеби-теориялық ұғымдар.

10.1. Троп –сөздерді тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелепойды өзгертіп айту.

Теңеу: доңыздай, балдай, Аплатондай

Эпитет: ақылға жарлы, сүйікті милләт

Дөрекі сөздер: қақыр, лапыр, пақыр, айғырсып.

Ирония- кекесін, келемеждеу

Сүйікті милләтіңа болам десең, Нашардың көбірек же хақын ,інім.

Сыйласын десең жұртың қадір тұтып,

Айғырсып момындарға ақыр,інім.

Білімді ел ішінде болам десең,

Шешенсіп, жақты сөйлеп, лапыр,інім.

Қолыңнан мұның бірі келмес болса,

Кісімсіп ең болмаса қақыр,інім.

Сөзіңді тыңдатайын десең жұртқа,

Ет асып таба-табақ шақыр,інім.

10.2. Фигура-айшықтау.

Арнау- жазушының көбіне –көп ақынның өзіне не өзгеге, кейде тіпті жалпы жұртқа арнайы тіл қатуы, көпшілікке қайырыла сөйлеуі, олармен іштей кеңесуі.

Бұл өлең жарлай арнауға құрылған. Өлең М.Дулатұлына арналған.

11. Түсіндірме сөздік

Милләт-араб сөзі, халық,ұлт. Аплатон, Платон-ертедегі грек оқымыстысы, правосы-құқы

12. Тәрбиелік мәні . Өлең адамгершілікке үндеп, адал еңбек,қызмет етуге, шақырады. Жаман әдеттерден, жамандардан бойды аулақ ұстауға шақырады.

V. Үйге тапсырма беру. Өлеңді жаттау. Ақынның ақыл-кеңесін болымсыз түрде,қарасөзбен жазып келу.

VI.Бағалау. Сабаққа белсенді араласып отырған оқушылардың білімін бағалап, тиісті бағасын қою.

 

 

 

 

 

 

Доғалы пісіруге арналған жұмыс орнын ұйымдастыру. Қолмен доғалы пісіру техникасы

Жарияланды 17-05-2013, 05:06 Категориясы: Ұстаздарға 

Өндірістік оқытудың 
№2 САБАҚ ЖОСПАРЫ 
Күрделі құрылымдар әдетте, жекелеген элементтерді (бөлшектерді, агрегаттарды, түйіндерді) өзара біріктіру нәтижесінде алынады. Пісірудің көмегімен алынған ажырамайтын қосылыстарды пісіру қосылыстары деп атайды. Пісіру арқылы көбінесе металдардан жасалған бөлшектерді жалғайды. Пісірудің доғалық әдісі жағдайындағы қыздыру көзі – газ. Ортада екі электродтың немесе электрод пен бөлшектің арасында өтетін, тұрақты электр разрыдын көрсететін пісіру доғасы болып табылады 
 
Сабақтың тақырыбы: Доғалы пісіруге арналған жұмыс орнын ұйымдастыру. Қолмен доғалы пісіру техникасы. 
Сабақтың мақсаттары: 
Білімділік: Дәнекерлеу жабдықтарымен жұмыс істеуге үйрету. 
Дамытушылық: Оқушыларға терең және берік білім беруге, еңбекке деген жоғары кәсіптік шеберлік шығармашылығын қалыптастыру. 
Тәрбиелік: Оқушыларды бір - біріне көмек көрсетуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты таныстыру сабағы. 
Әдістемелік құралдар: Плакаттар, сызбалар, әр түрлі аспаптардың кесінділері, балқытылған үлгілері 
Пән аралық байланыс: Арнайы технология 
Қолданатын көрнекі - құралдар: Пісіру трансформаторлары, түрлендірушілер мен түзеткіштер, Төмен көміртекті болат тіліктері өлшемі 250х150х10 мм, Э - 42 немесе Э - 46 электрод типтері. D= 4 - 5 мм. Дөңгелек сымдар Б=30 - 40 мм, Б=3 - 5 мм, балғалар, болат щеткалар, соққыштар, сызғыштар, бор, жікті өлшегіштер, тақтайлар мен маскалар, арнайы киімдер – брезент кеудешелер, шалбарлар, бас киімдер және қолғаптар. 
 
САБАҚТЫҢ ӨТУ БАРЫСЫ 
1. Ұйымдастыру кезеңі: 
1. Оқушылардың қатысуын тексеру. Топ старостасының (бригадирінің) рапорты. 
2. Оқушының сыртқы түрін тексеру. (арнайы киімнің болуы) 
3. Оқу құралдарын тексеру (өндірістік оқыту бойынша күнделіктер) 
 
2. Кіріспе нұсқауы: Жұмыс орнын дайындап, нұсқауларды мына жоспар бойынша жүргізіледі: 
1. Оқушыларды дәнекерлеу жабдықтары мен аппараттарымен таныстыру, олардың қызмет көрсету ережелері. 
2. Жұмыс орнын ұйымдастыру мен еңбек қауіпсіздігін сақтауға нұсқау 
1. Сабақтың тақырыбын мәлімдеу: Оқушыларға ток пісірушілердің жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру жөнінде мағлұмат беру. 
2. Сабақ тақырыбын түсіндіру (қысқаша тезистер) Оқушыларды пісіру доғасының қандыру яғни пісіру трансформаторымен, түрлендірумен және түзеткіш көзімен таныстыру. 
3. Өндірістік оқыту тәсілдерін көрсету (жаңа материалды) Күрделі құрылымдар әдетте, жекелеген элементтерді (бөлшектерді, агрегаттарды, түйіндерді) өзара біріктіру нәтижесінде алынады. Пісірудің көмегімен алынған ажырамайтын қосылыстарды пісіру қосылыстары деп атайды. Пісіру арқылы көбінесе металдардан жасалған бөлшектерді жалғайды. Пісірудің доғалық әдісі жағдайындағы қыздыру көзі – газ. Ортада екі электродтың немесе электрод пен бөлшектің арасында өтетін, тұрақты электр разрядын көрсететін пісіру доғасы болып табылады. Қажетті ұзақтықтың осындай разрядын ұстап тұру үшін доғалар қоректендірудің арнаулы көздерін қолдану қажет. Доғаларды ауыспалы тоқпен қоректендіру үшін пісіру трансформаторларын, тұрақты ток жағдайында – пісіруші генераторларды немесе пісіруші түзеткіштерді қолданады. 
4. Кіріспе нұсқауды бекіту: (оқушылардың оқытылған материалды игеру деңгейін тексеру, оқушыларды топ алдында жаңа тәсілдерді еске түсіру үшін шақыру) 
Жұмыс орнын дайындау және ток пісіру құралдары мен аспаптарын қауіпсіздендіру жағдайда қолдану ережелері. 
Пісіру трансформаторларын және түрлендірулер мен түзеткіштерді өшіру, қосу, реттеу. 
Пісірушінің құралдарымен, аспаптарымен танысу. 
Доғаны жағу және электродты балқыту. 
1. 5. Ағымды нұсқау: 
Оқушылармен жаттығулар орындау. 
о/ө шебері оқушылардың жұмыс орындарын аралап шығуы. 
1 - ші айналым: жұмыс орнын ұйымдастырудың дұрыстығын тексеру. 
2 - ші айналым: Т. Қ. ережелерінің сақталуын тексеру, санитарлық талаптар 
3 - ші айналым: жұмысты орындау дұрыстығын тексеру: Дәнекерлеу сымдарын іске қосу. Доғамен дәнекерлеуді қоздыру мен оның жануын электрод толық балқып біткенге дейін ұстап тұруға үйрету. 
4 - ші айналым: Оқушылардың көзінше жабдықтардың кейбір бөліктерін талдау және жинау, олардың жекелеген бөліктерінің атауларын атап, пісіру тогының қосылу күшін түсіндіру. 
 
6. Қорытынды нұсқау: 
1. Ө/О сабағы үшін жұмыс қорытындысын шығару. 
2. Оқушылардың жұмысын өзіндік талдау. 
1. Оқушылардың ө/о шеберімен орындаған жұмыстарын талдау (тапсырманы табысты орындаған оқушыларды бөлу, ерекше кемшіліктерді, үздік атқарылған жұмыстардан табылған қателіктерді талдау). 
2. Орындалған жұмыстардың сапасын бағалау. 
7. Үй тапсырмасын беру. 
А. Тапалав «Газ және электрмен пісірушіні өндірістік оқыту» 8 - 10 б. 
8. Жұмыс орнын ретке келтіру 
Пайдаланған әдебиеттер: А. М. Әбдіров, Ғ. Қ. Сейфуллина «Қауіпсіздік техникасы», А. Тапалав «Газ және электрмен пісірушіні өндірістік оқыту»,

Информация о работе Қолмен доғалы пісірудегі және кесудегі кешенді жұмыс