Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2012 в 12:30, реферат
Кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіру туралы Елбасы Жолдауында «Біз кәсіптік және техникалық білімберудің мазмұнын толық жаңартпақ ниеттеміз» деп атап өтті. Ол үшін Үкіметке бизнес қауымдастығы мен жұмыс берушілер өкілдерін қатыстыра отырып,кәсіптік-техникалық кадрлар дайындау жөнінде ұлттық кеңес құруды тапсырды.Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында біздің аймақта кәсіптік білім берудің еңбек нарығына қажетті мамандар даярлауға, қайта даярлауға, кадрлар біліктілігін арттыруға бағытталған үш бағдары белгіленді. Кәсіптік білім беру саласын жұмыс берушілердің сұранысы мен еңбек нарығын бағдарлай отырып әрекет етуге бейімделуде.
Оқушыларды кәсіби бағдарға баулу.
Кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіру туралы Елбасы
Жолдауында «Біз кәсіптік және техникалық білімберудің
. Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) бұл қазынаның
барлығын халық жасайды, ол адал да ерінбей
еткен еңбектің жемісі деген болатын.
»Адамға ең бірінші тәрбие берілуі қажет,тәрбиесіз
берілген білім адамзат үшін қауіпті ».
деді .Тәрбиенің түрлері
Адамгершілік-рухани, патриоттық, сыр
мен сымбат , еңбек пен өнер , ақыл-ой тәрбиесі.
Соның ішінде біз еңбек пен өнер тәрбиесіне
тоқталаиық .
Халқымыз
еңбек пен өнерді егіз санаған. Жүн
иіріп, өрнек тоқу, киіз басып, үй жабу,
ою ойып, сырмақ, түс киіз өрнектеу,
тері илеп, бас киім тігу қыздар, әй
Мектепте еңбекке тәрбиелеу – тәрбиенің
жалпы жүйесінің құрамды бөлігі. Еңбекке
тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар,
мектеп оқушыларының қоғамдық пайдалы
өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға
деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің,
азамат болып өсудің жеке адамды адамгершілік
және зиялылық жағынан қалыптастырудық
негізгі көзі болып табылады, осымен қатар
мұны еңбек тәрбиесінің мақсаты деп түсінуіміз
қажет.
Еңбек тәрбиесінің негізгі мақсаты –
жас жеткіншектерге еңбек туралы тәрбие
беру және жеке адамды жан-жақты дамыту.
елдер үшін ерекше өнер санаған.
Еңбекке тәрбиелеудің міндеттері:
• Еңбекке сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына
құрметпен қарау.
• Оқушыларды халық шаруашылығы салаларындағы
еңбектің түрлерімен таныстыру, еңбек
іс-әрекетінің барысында олардың дағдысы
мен іскерлігін қалыптастыру.
• Мамандықты таңдауға дайындау
. К.Д .Ушинский талаптарының ең бастыларының
бірі – еңбек-сүйгіштікке, еңбек ете білуге
және еңбекке ынталы болуға тәрбиелеу.
Кімде-кім пайдалы еңбекпен айналысса,
сол адам қоғамның лайықты азаматы бола
алады деп білді Ушинский баланың санасына
сәби кезінен-ақ, еңбек етудің қажеттілігі
мен маңыздылығын ұялатуды, пайдалы іс
істеуге тырысушылыққа және Қазақ ағартушыларының
бірі Ы.Алтынсарин педагогикалық тақырыптағы
өлеңдері мен әңгімелерінде, аудармаларында
өнімді еңбек – еңбек тәрбиесінің құралы
деп тұжырым жасады.
Абай нағыз пайдалы еңбек деп әр түрлі
қолөнерді, егіншілікті және білім алуды,
оқуды есептеді. Ақыл-білім алу күрделі
еңбек арқылы келеді деп философиялық
тұжырым жасады.
Ол жастарды ең алдымен отбасында, мектепте
және әдебиет арқылы тәрбиелеуді маңызды
рөлін ерекше бағалады.
Еңбектің бейнеті мен зейнетін басынан
өткізген халқымыз баланы еңбекке тәрбиелеуді
отбасынан бастаған. Ер бала мен қыз бала
тәрбиесін бөлісіп алған.
Еңбекті дәріптеп жастарға еңбек адамын
үлгі-өнеге ретінде ұсыну "Аяз би"
ертегісіндегі Аяз би "Кер құла атты
Кендебайдағы" Кендебай, т.б. бейнелері
арқылы беріліп отырған.
Қазақ халқы жастарды еңбекке баулығанда
күнделікті кәсібіне, тұрмыс тіршілігіне
байланысты төрт түлік малды бағып-қағуды,
аң аулап кәсіп етуді ойластырған.
Кәсіп-адамның қабілетілігі мен бейімділігін
бір іспен айналысуы.
Біздің кәсіптік лицейіміз темір жол мамандарын
даярлайтын оқу орыны
Кәсіптік бағдар беру дегеніміз – педагогтардың,
психологтардың, дәрігерлердің және басқа
да қызметкерлердің қоғамның қажеттілігіне
қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен
бейімділігін ескере отырып, кәсіптік
қызығуы мен қабілеттілігін қалыптастыруға
және мамандық таңдауға көмектесуде, мақсатты
істелетін жұмыс.
Кәсіптік бағдар беру жүйесінің құрамды
бөліктеріне (компоненттерге), кәсіптік
ақпарат, кәсіптік ағарту жұмысы, кәсіптік
ақыл-кеңес және кәсіптік іріктеу (профотбор),
кәсіптік бейімделу жатады.
Кәсіптік ақпарат – орта мектептегі кәсіптік
бағдар берудің ең негізгі нысандарының
бірі. Кәсіптік ақпарат арқылы оқушылар
әр түрлі мамандықтардың маңызы мен мәні
туралы түсініктер алады. Мамандық бойынша
адамға қойылатын талаптармен таныстырылады.
Мамандықтың ерекшелігі, оның қоғамда
алатын орны туралы түсініктер беріледі.
Кәсіптік ақпарат өте қиын, жан-жақты
жұмыс. Ол әрбір экономикалық ауданның
мамандарға қажеттілігі мен оның даму
келешегі ескеріле отырып жүргізіледі.
№5 5 кәсіптік лицейде мына шеті Ақтау,
мына шеті Жаңақорғаннан студенттер келіп
білім алуда.
Кәсіптік ақпараттың мазмұны, ұйымдастыру
мен әдістері әр жас кезеңінде әр түрлі
болады. Сондықтан да мектеп оқушыларының
жас ерекшеліктерін ескере отырып жүргізу
керек. Біздің кәсіптік лицейіміз бірнеше
мамандықтар боиынша білім алуда .
Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының
ішінде кәсіптік ақыл-кеңес ерекше орын
алады. Негізгі мақсаты – балалардың денсаулық,
анатомиялық-физиологиялық және әлеуметтік
психологиялық жағдайын талдау негізінде
жоғары сынып оқушыларының назарына кәсіптік
топтар мен мамандықтарды ұсыну. Косіптік
ақыл-кеңес жұмысына ата-аналар құрамынан,
шефтік мекемелер мен өндіріс орындарынан
қызметкер мамандар тартылады. Кей жағдайда
кәсіптік ақыл-кеңес жұмысы өндіріс орындарында,
кәсіптік техникалық училищелерде өндірістік
оқу цехтарында, кәсіптік бағдар беру
кабинеттерінде жүргізіледі
Біздің лицейіміз жастарға тәлім-тәрбие
беруде ,жұмысшы кадрларын даярлауда үлес
қосқаны үшін 1986 жылы Бүкілодақтық Ленин
сыйлығының
қандай істе болса да шын ниетпен және ұқыпты орындауға тәрбиелеуді ұсынды.
Еңбек тәрбиесінің ең басты да, негізгі міндеттерінің бірі -жасөспірімдерді қоғамдық пайдалы, ауыл шаруашылығының жетістіктерін жете түсіну және оған өздері тікелей араласу, өндірісті білу, онымен жұмыс істеу тәжірибесін бойына сіңіріп отыру дейді. Сондай-ақ, ол "Балалар жұмыс істейтін бағы, бақшасы, аз да болса жері жоқ мектеп шын мәніндегі мектеп бола алмақ емес", – деп атап көрсетті. Сонымен бірге Ушинский ой еңбегі мен дене еңбегінің алмасып отыруына да ерекше мән бер-ді. "Ой еңбегінен кейін дене еңбегімен айналысу жанға жайлы ғана емес, ол өте пайдалы тынығу" – деп есептеді.
Ал тері, ағаш, темірмен байланысты
кәсіптерді ер адамдар
Ағаштан – ашамай, арба, шанажасайтын
балташыларды темірден – құрал-сайман
еңбек құралдарын немесе әшекей зергерлік
бұйымдар жасаушы ұсталарды халық жоғары
бағалаған.
Халық педагогикасынан орын алған еңбек
және еңбекке тәрбиелеу қазіргі педагогика
теориясы принциптерімен ұштасып жатыр.
Еркін еңбек барысында өзінің және бүкіл
қоғам мүшелерінің қажеттілігін қанағаттандыру
үшін адам материалдық және рухани құндылық
жасайды. Шығармашылық еңбек барысында
адам өз күшінің шамасын және қабілетін
анықтайды. Қоғамның басты талаптарының
бірі – әр азаматтың өмірде өз орнында
толық күш-жігерін жұмсап, қоғамдағы байлықты
еселей түсуге еңбек үлесін қосуы, еңбекке
адал, саналы қатынасу болып табылады.
Еңбек тәрбиесінің мақсаты еңбекке даярлау
ғана емес, сонымен қатар жас жеткіншектерді
біліммен, іскерлікпен және дағдымен мен
қаруландыру қабілеттілігін дамыту, мамандық
таңдауға көмек беру болып табылады.
.
Еңбектің тәрбиелік қызметін оқушы бойына
дарыту барысында оның экономикалық (дәрежесіне)
нәтижесіне мән беру қажеттілігін ғалымдар
дәлелдеп берді. Еңбек нәтижесіз болса,
ол адам бойында еңбекке деген жек көрушілік
сезімін туғызады. Ең маңыздысы, мақсатты
ұйымдастырған еңбек үрдісінде еңбектің
бір түрінен екінші түрі туындап, үздіксіз
еңбек ету адам ағзасының күнделікті дағдысына
айналады.
Тұлғаның ақыл-ой, дене, адамгершілік және
басқа жақтарынан дамуының нәтижесі оның
мамандық таңдау даярлығына жггкілікті
дәрежеде әсер ететін болады.
Бүгінгі заманда жұмысты жалпы адамзаттың
құндылыққа, өзара түсінушілікке, ынтымақтастыққа
бағдарлау мен құра білу табысты еңбек
етудің кепілі болып табылады.
Еңбек тәрбиесінің мазмұны және жүйесі
Оқу барысындағы еңбек. Сабақ барысында
еңбек дағдылары, іскерлік, төзімділік
қалыптасып, кейін жаппай еңбек іс-әрекеті
түрінде байқалады.
Еңбек тәрбиесі үшін еңбек сабағы өте
маңызды, онда оқушылар еңбек дағдыларына
үйренеді, техникалық білімді игереді.
Еңбек сабақтарының процесін жетілдіру,
оқушылардың еңбекке шығармашылық қатынасын
қалыптастырады. Оқушылар өндірістік
бригада базасында, демалыс лагерьлерінде
ұйымдастырылған еңбек сабақтарына қатыса
жүріп, әр түрлі өсімдіктер өсіреді, тәжірибелер
жасайды, кейбір мамандықтың түрлерін
игереді.
Кәсіптік бағдар беру жұмысының жүйесі
Косіптік
ақыл-кеңес жұмысына ата-аналар құрамынан,
шефтік мекемелер мен өндіріс
орындарынан қызметкер мамандар тартылады.
Кей жағдайда кәсіптік ақыл-кеңес жұмысы
өндіріс орындарында, кәсіптік техникалық
училищелерде өндірістік оқу цехтарында,
кәсіптік бағдар беру кабинеттерінде
жүргізіледі.
Кәсіптік білім көкжиегін кеңейтуге бағытталған
2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның
негізгі қағидалары жақында қабылданған
2011-2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту
бағдарламасында да көрініс тапты. Бүгінгі
таңда облыстағы 13 кәсіптік лицейде 25
мамандық бойынша мамандар дайындалуда.
Әр маманды әзірлеуге кететін шығынның
көлемі шамамен 112 мың теңгені құрайды.
Кәсіптік лицейлер еңбек нарығына қажетті
мамандар дайындағанда ғана бәсекеге
қабілетті болатынын дәлелдеудің қажеті
шамалы. Сонымен бірге бизнес-жоспар жасап,
оны оқушыларға кәсіби бағдар берумен
ұштастыру, түскен пайданы мекеме қажеттіліктеріне
жұмсау сияқты жаңашыл бастамаларды көтерген.
Мұның барлығы кәсіптік білім берудің
мазмұнын толық жаңартуға негізделген
Елбасы Жолдауындағы тапсырмамен үндесіп
жатыр.
Мамандық туралы жеткіліксіз білу – мамандық
таңдауда кездейсоқтыққа әкеліп соңтырады.
Мамандық таңдауда қателесу сайып келгенде,
таңдаған мамандығын жек көріп, жұмыс
орнын жиі өзгертуге себепші болады.
Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының
негізгі міндеттері төмендегідей:
• Оқушыларды көпшілік мамандықтар туралы
түсінікпен қаруландыру.
• Кәсіптік қызығуы мен бейімділігін,
қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту
мақсатында оқушылардың дара ерекшеліктерін
зерттеу.
• Мектеп бітірушілерге мамандық таңдауға
көмектесу.
• Оқушыларды белгілі мамандықтың түрін
меңгеруге бейімдеу.Мектеп жұмысының
негізгі міндеті – өзіне-өзі қызмет етудің
берік жүйесін жасап, тұрмыстық еңбекті
әр адамның күнделікті өмір игілігіне
айналдыру. Жалқау, еріншек балаларға
дұрыс бағыт беру мұғалімдердің, ата-аналардың
адамгершілік борышы.
Қоғамдағы пайдалы еңбек – қоғамдағы
қажеттілікті қанағаттандыру, жеке адамның
жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау құралы.
Қоғамдық пайдалы еңбек барысында оқушылардың
дүниетінымы қалыптасады. Мамандықты
тануда көзқарасы кеңейіп, денсаулығы
жаңсарады, саяси сенімі және мәдени-адамгершілік
ұғымы артады.
Сыныптан тыс үйірме және жаппай жұмыстың
еңбек тәрбиесін іске асыруда тәрбиелік
мүмкіндігі өте зор. "Жас натуралистер",
"Жас техниктер", "Жас тәрбиешілер"
сияқты үйірмелер оқушыларды еңбекке
баулиды, олардың шығармашылық ойларының
дамуына көмектеседі.
Әрбір оқушының үйірме сабақтарында шығармашылық
қатынасы байқалады, әдебиеттерімен жұмыс
істеу, жазып алу, мәліметтерді жинақтай
білуге де үйретеді.
Оқушының қызғылықты, үлкен тәрбиелік
мәні бар көптеген шараларға қатысады
және оларды тікелей ұйымдастырады.
Еңбекке тәрбиелеу бірқатар педагогикалық
шарттарға байланысты:
• баланы еңбекке неғұрлым ертерек қатыстыруына;
• балалардың еңбек әрекетінің қоғамдық
мағынасы және өнегелік негізі болуына;
• еңбек тапсырмасын орындағаннан кейінгі
нәтиже баланың сенімін қуаттануына, қуаныш
сезімін артуына;
• еңбекті балалардың психикалық және
физологиялық ерекшеліктеріне сай ұйымдастыруына;
• кіші мектеп жасындағы балалардың еңбегін
ойынмен ұштастыруға.
Әрбір оқушының жеке қабілеттері мен
ерекшеліктерін, мүмкіндіктерін, шеберлігін,
қызығушылығын ескеріп бағыт-бағдар беру,
жекелеген мамандықтар туралы терең білім
беру – біздің басты міндетіміз. Ал, мектебіңде
қанша оқушы болса сонша оқушының жеке-жеке
қабілетін, бейімділігін анықтап бағыт
беріп отыру, мамандықты дұрыс таңдауға
жол сілтеу – үлкен мәселе. Сондықтан,
әр мамандықтың адамға ұсынатын ерекшелігін,
талабын алдымен өзіміз жақсы біліп алуымыз
керек. Содан кейін ғана оқушыларға сенімді
түрде толық ақпарат бере аламыз.
Мектепте бастауыш сыныптардан бастап
баланың бейімін анықтау үшін түрлі анкеталар,
сауалнамалар, тесттер алынып, диагностикалық
картамен жұмыстар жасалады. Осылардың
нәтижесіне сүйеніп әр баланың қай мамандыққа
бейім екенін білгеннен кейін әрі қарай
қандай жұмыстар жасалуы керек? Оқушының
таңдаған мамандығына сәйкес дұрыс бағыт-бағдар
беру үшін қандай жұмыстар жүргізуге болады?
Олардың ата-аналарының пікірін тыңдау
маңызды ма? Оқушының таңдаған мамандығы
жоғары немесе орта білімді қажет етеді
ме? Осы сияқты сұрақтарға жауап іздеп,
оқушының дұрыс, өзінің қабілетіне сай
келетін мамандықты қателеспей таңдауына,
мектеп оқушылары мен ата-аналарына кәсіп
туралы білім беруді дамытуға үлес қосуымыз
керек.
Сондай-ақ, дұрыс таңдалмаған мамандық
– мамандық иесінің өзіне ғана емес, қоғамға
да кері әсерін тигізетінін ұмытпағанымыз
жөн.
Профессор М.Кон мамандық таңдаудың 4 кезеңін
атап көрсеткен:
Бірінші кезең – әртүрлі мамандықтағы
адамдарды бейнелейтін балалар ойыны.
Екінші кезең – өтпелі кезеңде балалар
арманынан туындайтын керемет мамандықтарды
бейнелейтін фантазия.
Үшінші кезең – бүткіл өтпелі кезең мен
бозбалалық кездің бір бөлігін қамтиды.
Осы кезеңде әртүрлі іс-әрекет түрлері
өздерінің мүмкіндіктеріне қарай және
құндылықтарына сай жинақталады және
бағаланады.
Төртінші кезеңде нақты мамандық таңдау
жүзеге асырылады. Бұл кезең екі бөлімнен
тұрады: болашақ жұмыстың деңгейі қандай
(жоғары не орта білімді қажет етеді ме?)
және нақты мамандықты таңдау.
Қазіргі балалар, бақылап қарасаңыздар,
ойнамайды. Ойнамаған балада жаңаша ой,
идея болмайтыны анық. Сондықтан, баланы
ойнау арқылы ойлай білуге үйретуіміз
керек. Ол үшін біздің бастауыш сыныптармен
жұмысымыздың дені маман болып ойнау,
сол мамандықтың жақсы, «жаман» («қиындығын»
деген мағынада) жағын оқушымен біріге
отырып талдауға қойылуы керек. Бірыңғай
тест, сауалнама алу арқылы баланы жалықтырып
алмайық!
Мұғалімнің берген мәліметтерінен өзіне
қажетін алып, оған өз ойын қосып, тамаша
мамандықты ойлап тапқан бала, сол кәсіптің
өзі білмейтін жақтарын сұрастырып біліп
алуға ұмтылары хақ.
Ауыл балалары үшін, көбінесе, «маңызды»
мамандықтар – мұғалімдік пен дәрігерлік.
мектептер жүзеге асыратын бағдарлы оқыту
бағдарламалары туралы ақпарат алуды
қарастырады.
Қорыта келе, мектепте кәсіп туралы білім
беруді жетілдіру үшін мына нәрселерді
ескеру қажет деп есептеймін:
• КТМ (кәсіптік техникалық мектеп), лицей,
колледж, ЖОО-мен үздіксіз байланыста
болу. Осы оқу орындарындағы оқытылатын
мамандықтар туралы тереңірек білуге
ұмтылу;
• Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп,
арнайы кәсіп туралы білім беру бағдарламасын
құру, сонымен жұмыс жасау;
• Тек қана оқушылармен емес, ата-аналармен
де ағарту жұмыстарын жүргізу;
• Мектептің мүмкіншілігіне қарай оқу
орындарына саяхат жасау т.б.
Менің жобалауымша осы талаптардың орындалған
жағдайында біздің мектеп түлектерінің,
болмағанда, 90% өзінің мүмкіндіктеріне
сәйкес мамандықтарды қателеспей таңдай
алады.
Еңбек сабақтарының педагогикалық тиімділігі,
олардың білім және тәрбие беру мәнділігінде.
Еңбекке тәрбиелеу мен оқытудың міндеттері
еңбек пәні сабағында шешіледі. Яғни, оқушылар
бастауыш сыныптан бастап еңбек сабағында
алған тәжірибелерін, мектеп жанындағы
үлесті жер бөлшектерінде еңбек еткен
кезде пайдаланады. Өзіне-өзі қызмет көрсету.
Балалар өзіне-өзі қызмет көрсете отырып,
әр түрлі еңбек іс-әрекеттерін орындаудық
тәсілдеріне үйренеді, өздерінің жауапкершілігін
сезеді, өзімнің адамгершілік борышым
деп есептеп, үлкендер еңбегін бағалайды,
олардан үлгі алады.
Мектеп жағдайында өзіне-өзі қызмет көрсету:
оқу-құралдарын, кабинеттерді, сынып бөлмесін,
дәліздерді жинау, т.б.
Отбасында өзіне-өзі қызмет көрсетуге:
төсек-орынды, пәтерді жинау, кір жуу, тамақ
дайындау, т.б. жатады.
Адамның өзіне де, қоғамымызға да пайда
келтіретін маман дайындауға үлесімізді
қосуға барымызды салайық. Сонда ғана
біздің тәуелсіз еліміз дамыған елдердің
алдыңғы қатарында болып, ешқашан сол
тұғырдан түспесі анық.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1. Иманғалиева, Г. Қ. Кәсіптік бағдар беру-оқушы
құзыреттілігін 2. дамытудың алғы шарттары
/ Г. Қ. Иманғалиева
2. Қалмақбаева, Б. С. XXI ғасырдағы қосымша
білімнің жаңа көкжиегі / Б. С. Қалмақбаева
3. Еңбекке тәрбиелеу мен оқыту тұжырымдамасы.
//Қазақ-стан мұғалімі. 19 аңпан, 1993 жыл.
4. Қазақстан Республикасының «Білім туралы»
Заңы // Алматы 2010.6-б
5. Қазақстан Республикасында 2015жылға
дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы//Астана.
2004. 3-4б.
6. Қазақстан Республикасында білім беруді
дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы // Астана . 2004. 28-б
7. «Қазақстан мектебі» журналы № 8 2010 ж.
8. Қазақстан мектебі журналы № 10 2011 ж.
Информация о работе Оқушыларға кәсіби бағдар беруді жүзеге асыру