Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2013 в 16:47, реферат
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.
Танымдық әрекет – шәкiрттiң бiлiмге деген өте белсендi ақыл – ой әрекетi. Ол танымдық қажеттiлiктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекеттiң негiзiнде оқушыларда танымдық белсендiлiктерiнен iзденiмпаздық қалыптасады.
Психологиялық аспект - тұрғысынан белсендiлiк С.Л. Рубинштейн көзқарасындағы жалпы психика жөнiндегi детерминистiк түсiнiк беру сұрағының бiр бөлiгi ретiнде қарастырылады. Мұнда белсендiлiк iшкi шарттар арқылы болатын сыртқы себептерiнiң әрекетiнде көрiнедi, сыртқы шарттардың нәтижесi және ол iшкi сапаларға тәуелдi. Iшкi мен сыртқының қарым – қатынасы өзбеттiлiктiң және сыртқы әсер жауап беру белсендiлiгiнiң өсуiнде көрiнетiн күрделi шарттардың жоғарылауына сай өзгерiп отырады. Белсендiлiк адамның жаңа қарым – қатынасына айналады, бұл – адам жеке тұлға ретiнде көрiнгенде және белсендi әрекет қарым – қатынас иесi болған жағдайда болады.
С.Л.Рубинштейн адамның белсендiлiгiн былай түсiндiредi: «Сыртқы себептер мен сыртқы әсерлер әрқашан iшкi шарттар арқылы әрекет жасайды». Белсендiлiк субъектiнiң объектiге қатынасын қарастырады. Ол қатынас мына сәттердiң болуын қалайды:
- объектiлерге бағытталған ыңғайлы таңдаушылық,
- объектiнi таңдаудан кейiнгi мақсаты,
- тапсырмаларды қою,
- iс – әрекетке объектiнiң қалыптасуы,
- мәселенi шешуге бағытталуы.
Практикалық әрекеттiң жүру барысында субъект қоршаған әлемге әсер етедi, таниды, өз қажеттiлiктерiмен мақсаттарына сәйкес құрады.
Әлеуметтiк тұлғалық аспект мәселелерi iс – әрекет кезiндегi тұлғаның белсендiлiгiн зерттеумен байланысты. тұлғалық белсендiлiк – адамның тек табиғи қасиетi ғана емес дегенге сүйенедi.
Бұл орайда субъект белсендiлiгi сыртқы материалды iшкi психикалық әрекетi өз қатарына қосатын iс - әрекеттiң бiрдей жүйесi болып табылады (Б.Г. Ананьев, В.М. Бехтерев, Л.С. Выготский, С.Л. Рубенштейн). тұлға белсендiлiктiң өзiне ғана тән түрiне ие – әлеуметтiк өзiндiк әрекет, мұнда ол белгiлi әрекетке жетедi. Бұл әрекет өз жеке тұлғасының өзгеруiмен және әлеуметтiк ортаның өзгеруiмен байланысты өзгеруi мүмкiн.
Белсендiлiк тұлғаның
әлеуметтiк сапасы деп қарастырсақ,
оны әрекеттiң қысқа
Педагогикалық аспектiдегi белсендiлiк мәселесiн зерттеу берiлген түрлi түсiндiрумен байланысты:
Репродуктивтi таным деңгейiнде объект (оқу материалы) сырттай қабылдауда сол деңгейде қабылданады. Т.И.Шамова репродуктивтi танымның мәнiн мақсатқа бағытталған iс – әрекет ретiнде ашады танымның жоғарғы деңгейi – өнiмдi келген белсендi таным болып табылады.
Педагогикалық аспект тұрғысынан белсендiлiктiң үш түрiн бөлiп қарауға болады: ақыл – ой белсендiлiгi, интелектуалды және таным белсендiлiгi.
Ақыл – ой белсендiлiгi элементарлы iс – әрекеттен бастап шығармашылықтың күрделi түрiне дейiнгi барлық деңгейдегi нағыз әмбебап iс – әрекет шарты болып табылады. Ол түрлi модификацияларда көрiнуi мүмкiн:
- ынталандыру жаңалығынан туған зейiн белсендiлiгi және бағдарлы – зерттеу iс – әрекетiне бағытталған зерттеу белсендiлiгi ретiнде;
Ақыл – ой белсендiлiгiнiң орталық ядросын когнитивтi функциялар мен процесстер құрайды. Н.С.Лейтес «балалық шақтың әр кезеңi - белсендiлiк дамуының өзiндiк сапалы сатысы» деген қорытындыға келдi.
Интелектуальды белсендiлiк
Танымдық белсендiлiк – жалпы танымдық белсендiлiк феноменiнiң маңызды саласы, оның негiзi ретiнде адамның ең маңызды қасиетi болып табылады: қоршаған әлемдi тек шындықтағы биологиялық және әлеуметтiк мақсатта ғана тану емес, сонымен қатар адамның әлемге деген ең мәндi қарым – қатынасымен, яғни оның алуан түрлiлiгiне енуге ұмтылуымен, санада мәндi жақтарын бейнелеуiмен, себеп – салдарлы байланыстар, заңдылықтар, қайшылықтармен түсiндiрiледi.
Танымдық белсендiлiк адамға өте
маңызды және күрделi құрылым ретiнде
өзiнiң психологиялық
Танымдық белсендiлiк
көп түрлi тұлғалық қатынастардың
қалыптасуымен тығыз
Балалардың жеке тұлғасында танымдық белсендiлiгiнiң дамуы бес – алты жас аралығында қарқынды келедi. Бұл әсiресе баланың логикалық тапсырмаларды белсендi орындауы, жауап кiлтiн табуға ширақ келуi, бiлуге деген ұмтылысы танымдық ойындар арқылы оқу әрекетiнiң мiндеттерiн шешуде айқын көрiнедi
Информация о работе Оқушылардың танымдық қызығушылығының теориясы.