Оқушының өзіндік жұмысы. Өзін-өзі бағалау және бақылау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2013 в 20:09, реферат

Описание работы

Оқушы жетістігін нақты бағалау мәселесі - білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі. Көптеген жылдар бойы оқушы жетістігі басқа оқушы жетістігімен салыстырмалы түрде бағаланып келді. Бұл жағдайда білім алуға деген қызығушылықты жоғарылатуға мүмкіндік жасайтын бағалаудың нақты критерийлері, мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс болмады. Көптеген мектептерде төрт баллдық жүйеге негізделген бағалаудың дәстүрлі жүйесі сақталып келеді: 2 («қанағаттанарлықсыз»), 3 («қанағаттанарлық»), 4 («жақсы») 5 («өте жақсы»). Теория жүзінде 1 (бірлік) баллы бар болғанымен, тәжірибе жүзінде тіпті қолданылмайды. Баға әр уақытта субъективті. Осыған орай, мұғалім талассыз бедел мен ақиқат иесі болып табылмақ. Алайда бұл іс жүзінде шындыққа сай келе бермейді

Файлы: 1 файл

баяндама 9.docx

— 29.51 Кб (Скачать файл)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ 

ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ  УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:

Оқушының  өзіндік жұмысы. Өзін-өзі бағалау  және бақылау.

 

 

 

Орындаған: Каримшиков Х.Б.

Қабылдаған: Нуржанова Ж..Ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АСТАНА-2013жыл

Оқушының  өзіндік жұмысы. Өзін-өзі бағалау  және бақылау.

Оқушы жетістігін нақты бағалау  мәселесі - білім беру жүйесіндегі  өзекті мәселелердің бірі. Көптеген жылдар бойы оқушы жетістігі басқа оқушы жетістігімен салыстырмалы түрде бағаланып келді. Бұл жағдайда білім алуға деген қызығушылықты жоғарылатуға мүмкіндік жасайтын бағалаудың нақты критерийлері, мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс болмады. Көптеген мектептерде төрт баллдық жүйеге негізделген бағалаудың дәстүрлі жүйесі сақталып келеді: 2 («қанағаттанарлықсыз»), 3 («қанағаттанарлық»), 4 («жақсы») 5 («өте жақсы»). Теория жүзінде 1 (бірлік) баллы бар болғанымен, тәжірибе жүзінде тіпті қолданылмайды. Баға әр уақытта субъективті. Осыған орай, мұғалім талассыз бедел мен ақиқат иесі болып табылмақ. Алайда бұл іс жүзінде шындыққа сай келе бермейді. Бес баллдық бағалау шкаласы басқа да таза нормативтік бағалау құралы сияқты дәлдігі жетіспейтін құрал ретінде ұсынылатындығы күмән туғызбайды. Халықаралық бакалавриат мектептеріндегі бағалаудың басты функциясы білім алу ағымының ерекшеліктерін айқындауға және сәйкес келетін түзетулер енгізуге мүмкіндік беретін талдау үрдісі болып табылады.

Бағалау-одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. «Бағалау» термині «жақын отыру» латын тіліндегі мағынада-бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып,не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады.

Оқушыға және оның ата – анасына қойылған бағасы түсінікті және маңызды болуы үшін, дамыта оқытудың маңызды міндеттерінің бірі болып саналатын өзіндік бақылаумен бағалау тәсілдері оқушы алдын-ала меңгеруі қажет. Өзін-өзі бағалаудың басты мазмұнына өз әрекетін реттеу және жөндеуде тұлғаның белсенді қатысуы жатады. Бірақ өзін-өзі бағалауды осындай тар шеңберде қарастыру жеткіліксіз. Менің ойымша, оқушы белсенділігін оятумен бірге, оқушыны өзіндік бағалауды қажетсінуге баулу, өзін-өзі бағалауға бейімдеу және қалыптастыру қажет.

Сөйтіп, өзіндік бағалау білімді игерудің ғана емес, алған білімді пайдалана білу тұрғысынан да білім алудың процессуалдық қырының жетілуіне жағдай туғызады. Бұл жерде оқушы бұрынғы тәжірибелеріне сүйеніп оқуды әрі қарай нәтижелі жалғастыруға мүмкіндік беретін білім деңгейіне қойылатын талаптарды басшылыққа алып отырады.

Өзін - өзі бағалау оқушының оқу танымдық әрекетінің бағыттылығына қол жеткізеді, себебі оқу - танымдық әрекет кезінде оқушы өзіне қоятын талаптарды да реттеп отырады, оқу әрекеті барысындағы өзін-өзі бағалаудың құрылымы өзіндік әрекеттің мақсатын айқындау, оқыту нәтижелерімен оған қол жеткізу жолдарын анықтау, өзіндік іс-әрекетті жүзеге асырудан алынған нәтижелерді оқыту нәтижелерімен салыстыру, орындалатын іс-әрекет барысын бағалау жіберілген қателерді анықтау, оның себептерін ашу өзін-өзі бағалау негізінде жұмысты түзету, әрекет жоспарын нақтылау, жетілдіру, қорытындылау деп аталатын бірнеше буыннан тұрады.

Өзін - өзі бағалау бойынша оқушылар жұмысының психологиялық мағынасы жөнінде ХХІ ғасырда француз философы Мишель Монтень жасаған тұжырым бойынша «Кез-келген адам қандай да бір істі атқарудан бұрын ол алдымен өзінің кім және не нәрсеге бейім екенін білу қажет» деген. Ал оқушы өзінің білім шекарасының қайдан өтетінін біле бермейді. Өзінің нақты нені білмейтінін біліп алмай, нені білу керектігін түсінбейді және оны білу үшін ұмтылмайды да.

Бағалаудың ең басты мақсаты, ол баланың өсіп жетілуін анықтап, оқушының қай деңгейге жеткенін бағалап, оқу  бағдарламасындағы сабақтарды солардың талаптарына сай етіп, әр баланың  тәжірибесінің табысты болуына  себін тигізу. Ерекше талаптары бар  қосымша көмек немесе араласуды  қажет ететін баланы анықтау бағалаудың тағы бір себебі болып келеді. Дұрыс  жасалған бағалау, нұсқау беру әдісі  нені үйреніп, нені жаттап жатқандығы арасындағы белсенді байланысты қамтамасыз етуі керек.

Бүгінгі таңда ынталықпен белсенділікті арттыруда осындай  қосымша бағалау әдістері өзін-өзі  ақтап отыр. Бағалау процесіне  мұғалімдер, оқушылар, ата – аналар және мектеп әкімшілігі қатысуы тиіс. Мұғалімдер оқушылардың өсіп жетілуін және білім алуын үнемі бақылап  отыруы тиіс. Үздіксіз бағалау мұғалімдерге балалар мен олардың жасаған  жұмыстары жайлы сөйлесіп, осы  мәліметті оқу бағдарламасына бағыттау үшін негіз етіп қолдануына мүмкіндік  береді.

Бағалау ісіне ата –  ананың қатысы тек табельді қабылдап, баланың жазған жұмыстарын анда-санда  қарап шығу міндеттерінен әлде-қайда  кеңірек болуы тиіс. Баланың жасаған  жұмыстарынан деректі дәлелдер көрсе, ата-аналар баланың қаншалықты ілгерілегендігі  жөнінде анық мағлұмат алады. Баланың  жасаған жұмыстарының жинағы, оның уақыт аралығындағы ойлау мен  даму сапасын анық көрсетеді. Мәліметтерді қорытындылап отыру, ата – аналарға есеп беру процесін түсінікті де тиімді етпек. Бастауыш мектептерге арналған бағдарламаның моделін алға жылжыту  үшін бағалаудың осы түрлерін қолдану  қажет. Сонда біз оқыту және бағалау  бірін-бірі толықтырып, оқу процесінде дұрыс бағыттағы даму тәжірибелерін  қолданылып жатыр деп айта алатын боламыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (негізгі) деңгей.

2. Дарынды оқушы сайты. «Дарынды оқушылардың қабілетін дамыту» баяндамасы.

3. Алтын-Урпак-3 сайты. «Дарынды балалар-ұлт болашағы» баяндамасы.

4.http://bilimdiler.kz/bastaush/1461-okushylardyn-kyzmet-natizhesin-bagalau.html

5. http://45minut.kz/?p=58633


Информация о работе Оқушының өзіндік жұмысы. Өзін-өзі бағалау және бақылау