Оқытудың белсенді әдістерін қолдану арқылы оқушыларды ынталандыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Января 2014 в 02:12, доклад

Описание работы

Оқытудың белсенді әдістері деген не? Оның тиімділігі қандай?
Ең бірінші оқытудың белсенді әдістерін пайдалану арқылы оқушының Райан мен Деки (2009ж) анықтаған «ішкі уәж» (мотивация) деп аталатын қасиетін оятуға мүмкіндік аламыз. Осы арқылы оқушылар өзін-өзі ынталандыра алады және қызығушылық пайда болады. Ішкі уәж оқушының жаман баға алып қалмау, жазалауға ұшырамау үшін түрткі болып табылатын сыртқы ынтадан айырмашылығы осы. Ғалымдардың зерттеулері нәтижелі оқу үшін оқушының бойындағы ішкі уәж мәні оқушының интеллект мәнінен жоғары болғанын көрсеткен екен.

Файлы: 1 файл

белсенді әдіс.doc

— 57.50 Кб (Скачать файл)

Оқытудың белсенді әдістерін қолдану арқылы оқушыларды ынталандыру.

 

Оқытудың белсенді әдістері деген не? Оның тиімділігі қандай?

Ең бірінші  оқытудың белсенді әдістерін пайдалану  арқылы оқушының Райан мен Деки (2009ж) анықтаған «ішкі уәж» (мотивация) деп аталатын қасиетін оятуға мүмкіндік аламыз. Осы арқылы оқушылар өзін-өзі ынталандыра алады және қызығушылық пайда болады. Ішкі уәж оқушының жаман баға алып қалмау, жазалауға  ұшырамау үшін түрткі болып табылатын сыртқы ынтадан айырмашылығы осы. Ғалымдардың зерттеулері нәтижелі оқу үшін  оқушының бойындағы ішкі уәж мәні оқушының интеллект мәнінен жоғары болғанын көрсеткен екен. Орта деңгейлі қабілеті бар оқушыда жоғары деңгейде ішкі уәж болғанда ол жоғары көрсеткіштерге қол жеткізе алады. Егер жағдай керісінше болса, оқушының ішкі уәжінсіз оның туа біткен жоғары  қабілеті ешбір жақсы нәтиже бермейді.

Біз балаға қалай оқу керектігін үйретеміз. Қоғамда болып жатқан күрделі өзгерістер  қазіргі мектеп алдына жаңа мақсаттар қояды. Оқытушылар баланың  бойында  кез келген жағдайға тез бейімделе алу, күрделі сұрақтарға икемділік пен шығармашылық таныту арқылы шешім таба алу, әр түрлі адамдармен тіл табыса алу сияқты дағдыларды дамытуы қажет.

Біз үлкендердің  өзіне ұзақ уақыт, бір қалыпты ырғақпен оқылатын дәріс қалай қабылданатынын есімізге түсірейікші.Оқушыларымыз осындай сезімнен арылу үшін сабағымызды басынан бастап оқушыны белсендіруден бастаған жөн.

Сабақты қалай  бастауға болады? Егер кез келген баланың ынтамен орындайтын іс- әрекет түрі ойын болатын болса, жақсы нәтижеге жету үшін баланың осы әрекетін білім мен тәрбие үдерісімен ұштастыруымыз керек. Сабақтың басынан бастап сыныптағы әр іс-әрекетімізді ойын түрінде ұйымдастырсақ, әрбір бала өз мүмкіндігін көрсете алатын еркін жаймашуақ орта  қалыптасады.

Сонымен оқытудың белсенді әдістері деген не?

  Оқытудың белсенді әдістері – бұл әдіс оқушының танымдық, практикалық іс-әрекет белсенділігін арттыратын, негізінен оқушы мен оқытушының арасындағы белгілі бір мәселені  шешуге бағытталған  диалог болып табылады. Бұл әдісті қолдану оқытушыдан оқушының жас ерекшелігін, әр оқушының топта жұмыс жасай алу ерекшелігін білу сияқты психологиялық және методологиялық білімнің болуын талап етеді. Сабақтың әр кезеңінде қолданылатын өзінің белсенді әдістері болады. Мен бір сабақтың мысалында оқытудың қандай белсенді әдістерін қолдануға болатынын ұсынып отырмын.

Ұйымдастыру кезеңдері:

    • оқушыларды топқа бөлу, тақтаға түрлі түсті шуақ шашып түрған күннің суреті ілінеді. Оқушыларға кірген бетте өзіне ұнаған түсті шуақты таңдап алу ұсынылады. (осы әдіс арқылы оқытушы баланың сол сабақтағы көңіл күйін де аңғаруына болады).Таңдап алынған түсіне байланысты топқа бөлінеді.
    • «Шынтақпен сәлемдесу» әдістері:

Мақсаты: сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнату.

Оқушы саны - бүкіл сынып оқушылары.

Уақыт – 2-3 минут.

Дайындық : оқушылар емін еркін қозғалатындай жағдай жасау үшін  алдын ала парталар мен орындықтарды жылжыту қажет.

Барысы :

Мұғалім оқушыларды шеңбер бойына тұрғызып, бір оқушыдан бастап бір, екі, үш ретімен санауды сұрайды. Содан соң:

• Әр «бірінші» оқушы қолдарын желке тұсында айқастырады ал шынтақтары екі жаққа жазылады;

• Әр «екінші» оқушы шынтақтары екі жаққа жазылатындай етіп қолдарын мықындарына қояды;

• Әр «үшінші» оқушы еңкейіп қолдарын тізелеріне қояды, шынтақтары екі жаққа қарауын екертеміз.

Енді әр оқушы бір біріне  шынтақтарын тигізіп неғұрлым көп  оқушымен сәлемдесіп шығуы керектігін және осы жаттығуға қанша уақыт  берілетінін ескертеді. Мұғалімнің өзі де қатысуы  оқушыларға еркіндік береді.

«Жеміс бағы»

Мақсаты: Сабақтың мақсатын айқындау (оқушылардың сабақтан не күтетінін, қандай күдіктерінің барын анықтау).

Оқушы саны - бүкіл сынып оқушылары

Уақыт - 5-7 минут

Дайындық: алдын ала  лимон мен алманың пішінінде әзірленген  түрлі түсті қағаздар, скотч, маркерлер. Тақтада «Алма ағашы» мен «Лимон ағашы» суреттері ілінген.

Барысы: мұғалім оқушыларға бүгінгі сабақтағы күтетін және күдіктерін неғұрлым нақты етіп жазуларын сұрайды.Оқушылар «алмаға» бігінгі сабақтан не күтетінін (нені білгілері келетінін), «лимонға» қандай күдіктері барын жазып, «алма ағашы» мен « лимон ағашына» іледі(күтетіні мен күдіктеріне: сабақтың өту әдістері, іс-әрекет түрлері, сыныптағы атмосфера, оқушылар арасындағы қарым-қатынас, оқушының жеке көңіл-күйі жатады). Тапcырманы мұғалімнің өзі де орындауы оқушылардың өздеріне сенімділігін арттырады.

Оқушылардың барлығы тапсырманы орындаған соң оқушылардың жазғанын мұғалім дауыстап оқып, сабақты қай  бағытта жүргізу керектігі жөнінде  қорытынды жасайды.

Жаңа сабақтың тұсаукесеріндегі белсенді әдістер:

«Автобус аялдамасы» әдісі.

Мақсаты: берілген тақырыпты шағын топтарда талдау, өз беттерімен меңгеру.

 Оқушы саны: бүкіл сынып оқушылары шағын топтарға  5-7 адамнан бөлінген.

Уақыты : 20-25 мин.

Алдын ала  дайындық: А3 беттер,ватман, плакат,  флипчат беттері, түрлі тұсті маркерлер.

Барысы:

Мұғалім меңгерілу  керек тақырыпты сыныптағы топтардың  санына байланысты бірнеше тақырыпшаларға бөледі. Әр тақырыпша бойынша 4-5 сұрақ жазылған бетті топтардың қасындағы қабырғаға жапсырады. Әр топтың мүшелері сұрақтарға жауап іздеп өзара талдайды. Алдарында жатқан плакатқа сызба немесе сурет, қысқаша негізгі ұғымдар жазуға болады. Мұғалімнің қалауы бойынша тақырыптың күрделігіне байланысты тапсырманы орындауға берілетін уақытты алдын ала хабарлайды мысалы 5 минут. Уақыт біткен соң әр топтың мүшелері өздері жазып отырған плакатты немесе беттерін сол жерге қалдырып сағаттың бағытымен келесі «аялдамаға» барады. Келесі тапсырма бойынша берілген қабырғаға ілінген сұраққа жауап іздейді (3 минут). Өздеріне дейінгі топ мүшелерінің жұмысымен танысады, олардың бастап жазған түсіндірмелерін жалғастыруға болады немесе өздері қалаулары бойынша толықтырады, бірақ түзетуге болмайды . Осы әрекет бірнеше рет қайталанған соң әр топ өз «аялдамаларына» қайта оралады.Толтырылған парақтағы түсіндірмені қорытындылап ортаға шығып өз тараулары бойынша тұсаукесер жасайды.

Екерту: бұл  әдістің басқа әдістерден (тақырыпты  бірнеше абзацқа бөліп әр оқушы өз абзацын оқып, түсіндіру) тиімділігі - әр топ мүшелері  бүкіл тақырыпты меңгереді.

«Ақ бет» әдісі

Мақсаты : жаңа сабақты ұсыну, оқушылардың зейінін тақырыпқа шоғырландыру.

Оқушы саны : барлық сынып оқушылары.

Уақыт : тақырыптың күрделігіне байланысты.

Алдын ала  дайындық: ватман беттері, әр түрлі түсті маркерлер.

Барысы :

Мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбын атайды. Қабырғада ақ ватман жапсырылған беттің ортасында тақырып жазылған. Беттің басқа бөлігі таза ақ қалпында, бірақ секторларға бөлініп нөмірленген. Мұғалім 1 сектордан бастап тақырыпша жазады да, оқушылардан осы тақырыпша бойынша қандай аспектілер туралы сөз болғалы тұрғаны туралы ойланып жауап берулері сұралады.Оқушылардың айтқандарын маркермен мұғалім секторға жазып шығады.Оқушылардың ойларын негзгі ұғымдарға, дұрыс жауапқа бағыттап толықтырады.Осы әрекет алдын ала бөлінген секторлар бойынша қайталанады. Нәтижесінде бүкіл «ақ бет» толтырылады, жаңа сабақ меңгеріледі (оқушы енжар тыңдаушыдан, сабақты түсіндірудің белсенді мүшесіне айналады). Осы әдіс арқылы жаңа тақырыпты секторларға, негізгі ұғымдарға  бөлу  арқылы меңгереді.

Ескерту: егер сабақ барысында оқушылардың шаршағанын байқасаңыз, сергіту сәтін ұйымдастырыңыз.

Сергітудің  белсенді әдістері.

«Жер,ауа,от және су»

Мақаты: оқушылардың белсенділігін арттыру.

Оқушы саны – бүкіл сынып оқушылары.

Уақыт – 2-3 минут

Барысы :

Мұғалімнің  нұсқауы бойынша оқушылар жер,ауа,от және су күйлерін көрсетулері керек.

Ауа. Оқушыларға терең тыныс алу одан кейін біртіндеп тыныс шығару жаттығуын жасау ұсынылады. Тыныс алу кезінде ауаның мұрын қуысынан өтіп барлық жасушаларына сіңіп жатқаны туралы ойлану тапсырылады.

Жер. Мұғалім оқушыларға аяқтарымен еденге салмақ салып қатты басып, орындарында бірнеше рет ақырын секіріуге болатыны және аяқта нық тұру оқушының өзіне деген сенімділігі мен тұрақтылықты білдіретіні жайлы нұсқау береді.

От. Оқушылар қолдарын жоғары көтеріп қимылдатып, денелерін жан-жаққа қозғап оттың жалынының тілдерін бейнелейді.

Су. Оқушылар көздерін жұмып ойша сынып бөлмесін бассейн деп елестетіп, суда жүзген қимылдар жасауларына болады.

Ескерту. Осы жаттығуларды мұғалімнің балалармен бірге орындауы оқушыларда, әсіресе, ұялшақ оқушылардың ашылуларына мүмкіндік туғызады.

Сабақты қорытындылаудағы белсенді әдістер.

«5-5-1» әдісі

Мақсаты: оқушылардың жаңа сабақты меңгеру деңгейін анықтау.

Мұғалім оқушыларға бүгінгі сабақта қалыптасқан ұғымдарды 5 сөйлем түрінде жазуды тапсырады.

Келесі қадамда  осы 5 сөйлемді негізгі деп ойлаған 5 сөзге қысқарту қажеттігі айтылады.

Ең соңында  осы тақырып бойынша бір маңызды сөзбен қорытындылайды.

Ескерту: Оқушылар бірін бірі қайталамауы керек.

«Ресторан» әдісі.

Мақсаты:оқушылармен кері байланыс орнату.

Уақыт: 5 мин. 

Құралдар: стикерлер, түрлі түсті маркерлер

Барысы:

Мұғалім оқушыларға бүгінгі күнді ресторанда өткіздік деп ойлап, келесідей сұрақтарға жауап беру керектігін айтады.

 - мен тағы ..... тапсырыс берер едім

- маған бәрінен ұнағаны...…

- менің асқазаным қорытты…

- келесіде маған қосыңызшы…

Оқушылар өздерінің  жазғанын оқып, қысқаша түсіндіріп тақтаға жапсырады.

Ескерту: мұғалім үшін осы кезең ең маңызды, себебі оқушылар нені ұғып, нені ұқпағаны соған қарай келесі сабақта мұғалім қандай әрекет жасау керектігі  көрінеді.

 Осы сияқты  белсенді  оқытудың көптеген әдістері  бар, менің ұсынып отырғаным  бірнеше түрі ғана. Осы әдістерді  кез келген пәнде қолдануға болады. Қандай әдісті қолдансақ та оқушы тақырыпты өзі меңгеретіндей жағдай жасау, баланың өз -өзіне сенімділік ұялату мүмкін болатын орта қалыптастыру екенін ұмытпағанымыз жөн.

 

 

 

 

 




Информация о работе Оқытудың белсенді әдістерін қолдану арқылы оқушыларды ынталандыру