Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2015 в 14:00, курсовая работа
Педагогикада өздігінен орындайтын жұмыстар деп берілген тапсырманы, мұғалімнің басшылығымен оның тікелей қатысуынсыз, оқушылардың өздері атқаратын жұмыстарды айтады. Оқушылар өздігінен орындайтын жұмыстар жөнінде сөз қозғағанда, оның өзара тығыз байланысты екі міндетін ескерген дұрыс. Бұл міндеттердің біріншісі-оқушылардың танымдық қызметіндегі дербестікті дамыту және одан әрі өрістету оларды білімді өздігінен игеруге, дүниеге көзқарастарын қалыптастыруға үйрету; екіншісі – оқушылардың алған білімін өздігінен іс жүзінде қолдана білуге баулу.
КІРІСПЕ 3
1. ӨЗДІК ЖҰМЫС – ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ
ЖОҒАРҒЫ ФОРМАСЫ
1.1 Өздік жұмыстың анықтамасы 7
1.2 Өздік жұмысқа қойылатын негізгі талаптар 8
1.3 Өздік жұмысқа оқытуда сыныптан тыс жұмыстың
салыстырмалы сипаттамалары 10
2. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА
ӨЗДІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК
ІС-ӘРЕКЕТІ
2.1 Озат мұғалімдердің іс-тәжірибелерінен оқушыларды
өздік жұмыс жасауға үйрету жолдары 14
2.2 Оқушылардың өздігінше жұмысын ұйымдастырудағы
мұғалімнің рөлі 22
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 28
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде, әр оқушының психологиялық жас ерекшеліктеріне, тәжірибелеріне қарай өздігінен жұмыс орындау дағдысын қалыптастырудың танымдық мәні зор. Әр түрлі жұмыстарды орындау барысында оқушының психологиялық жағынан көңіл-күйі де өзгеріп отырады. Мысалы, төменгі сынып оқушылары көбіне сұрақ- жауап әдісімен орындалатын жұмыстарға бейім, ал жоғарғы сыныптарда оқушылар қызықты оқиғаларды, тарихи оқиғаларды, әлеуметтік жағдайларды спорт пен ғылымдағы жаналықтарды көбірек білуді қалайда. Сондықтанда психологиялық жас ерекшеліктерін, сыныпқа бейімделуін есепке алу өздігінен жұмыс істеу дағдыларына қарай жұмыс түрлерін таңдаудың, белгілеудің басты талаптарының бірі болып қала береді. Мұны әрбір ұстаздың есте ұстағаны абзал.
Оқушыны өздік жұмыс жасауға үйрету негізінде әр бір жеке тұлғаның өзіндік табиғатын қалыптастыру, білімдік деңгейін көтеру болып табылады. Математика ғылым мен техниканың тілі болып табылады, сондықтан оны оқып білу адамның ақыл - ойының дамуына үлкен әсер етеді. Мұғалімнің білімділігі мен мәдениеттілігі оқушының білім алуына үлкен әсерін жан-жақты тигізеді. Демек, мұғалім әр оқушыға қамқорлықпен қарауға тиіс. Оқушы қашан өздігінен білім алу жолдарына жаттығып төселгенше мұғалім оған көмек жасап, оның жолдарын көрсетуі керек. Яғни, оқушының өздігінен орындайтын жұмыстарына сенімділікпен қараған дұрыс. Өйткені ол психологиялық жағдай туғызумен қатар, білімді саналы меңгеруге ықпал етеді. Оқушыларға ықылассыз жұмыс істеттіруге болмайды. Олардың өздігінен жұмыс істеу дағдыларының қалыптасуы тек икемділік дағдылары арқылы ғана орындалады. Мұндай икемділік дағдыларды көптеген әлемдік дәрежедегі педагогтар дәлелдеп көрсеткен болатын.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. «Өзіндік жұмыс түрлерінің оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытудаға рөлі» //Бастауыш білім № 5.- 2005.- 22бет.
2. «Математикадан оқушылардың білімін бақылау»-Г.Жолтаева, Г.Алмабекова //Математика және Физика № 4.- 2005.- 8-10бет
3. «Оқушыларды өзіндік жұмыс жасауға үйрету жолдары» - З.Мінайдарова //Математика және Физика.- № 4. 2005.-43-44бет.
4. «Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге үйрету жолдары» - А.Р.Тайжанова //Математика және Физика. – № 3.- 2002.- 53-56бет.
5. «Оқушылардың өздігінше жұмысын ұйымдастырудағы мұғалімнің рөлі» - Ә.Мүслімов //Ұлт тағылымы.- № 2.- 2002.- 37-39бет.
6. «Өзіндік жұмыс–оқу іс-әрекетінің негізгі
формасы»-И.А.Зимняя.-«
7. «Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру» //Математика және Физика. - № 1.- 2002.- 10бет.
8. «Жекелеп оқытуда оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудың маңызы мен әдістемесі» //Ұлт тағылымы – № 3.- 2005.- 75бет.
9. «Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру» //Бастауыш мектеп.- № 5.- 2001.- 14-15бет.
10. «Өзіндік жұмыстардың маңызы зор» //Қазақстан мектебі. - № 3.- 2004.- 18бет.
11. «Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру» //Математика және Физика. - № 1.- 2002. - 10-11бет.
12. «Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру» //Бастауыш мектеп. - № 8-9.- 1999. - 17-20бет.