Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2014 в 19:57, доклад
Бүгінгі жас ұрпақ - болашақ Қазақстан азаматы. Олар өзімізді қоршаған ірі өркениет орталықтарын, түрлі мәдениетті меңгеріп, өзін сыйлата алатын, рухани дүниесі бай, интеллект деңгейі жоғары, білімді де білікті жаһандану заманына сай болуы шарт.
Бастауыш мектепте тәрбие жұмысын жан-жақты ұйымдастыра отырып, оқушыларды тәрбиелеу болашақ қоғам мүддесі үшін еңбектене алатын, Отанын сүйетін, нағыз патриот тұлға етіп даярлауға бағытталады.
Жалпы білім беретін мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеу мәселелерін зерттеген ғалымдардың еңбектерінің корытындылары мен тікелей мектеп практикасындағы мұғалімдердің іс-тәжірибелерінің корытындыларына сүйене отырып, біз мектептегі патриотизмге тәрбиелеу - оқушылардың нақты іс-әрекеті, мінез-құлқын ұйымдастыру, оған бағыт беруді негізге алу қажет деп шештік. Патриотизмге тәрбиелеу үрдісінің танымдық мәнін естен шығаруға болмайды, бірак ол әрбір оқушыда патриоттық сана, патриоттық сезім қалыптастырудан бастау алғанда ғана тиімді болмақ.
Патриоттық тәрбие берудің бағыттары
Бүгінгі жас ұрпақ - болашақ Қазақстан азаматы. Олар өзімізді қоршаған ірі өркениет орталықтарын, түрлі мәдениетті меңгеріп, өзін сыйлата алатын, рухани дүниесі бай, интеллект деңгейі жоғары, білімді де білікті жаһандану заманына сай болуы шарт.
Бастауыш мектепте тәрбие жұмысын жан-жақты ұйымдастыра отырып, оқушыларды тәрбиелеу болашақ қоғам мүддесі үшін еңбектене алатын, Отанын сүйетін, нағыз патриот тұлға етіп даярлауға бағытталады.
Жалпы білім беретін мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеу мәселелерін зерттеген ғалымдардың еңбектерінің корытындылары мен тікелей мектеп практикасындағы мұғалімдердің іс-тәжірибелерінің корытындыларына сүйене отырып, біз мектептегі патриотизмге тәрбиелеу - оқушылардың нақты іс-әрекеті, мінез-құлқын ұйымдастыру, оған бағыт беруді негізге алу қажет деп шештік. Патриотизмге тәрбиелеу үрдісінің танымдық мәнін естен шығаруға болмайды, бірак ол әрбір оқушыда патриоттық сана, патриоттық сезім қалыптастырудан бастау алғанда ғана тиімді болмақ.
Мектеп окушыларына патриоттық тәрбие берудің іс-тәжірибелерін зерттеушілер олардың әдістері, формалары мен мазмұнын анықтаған (С.Ешімханов, С.Иманбаева, Л.Сейдахметова, т.б.) ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, патриоттық тәрбиені калыптастырудың төмендегідей бағыттарын белгіледік:
1. Патриоттық білім
2. Патриоттық сана.
3. Патриоттық іс-әрекет.
Қазіргі қоғамның әлеуметтік сұранысын мектепке койып отырған талап тұрғысынан қарастырғанда, патриоттық білім беру маңызды мәселе болып отыр. Патриоттық білім ол қоғамда білімнің тез және шапшаң қарқынмен дамуына байланысты туындауда. Өйткені оқушылардың мектепте алған білімдерімен шектеліп қалуына болмайды.
Әр оқушы білімді өздігінен ізденіп, ғылыми және техникалык ақпараттардың ағымына бағдар ұстау дағдысын қалыптастыру қажет. Бұл патриоттық білім үрдісін оқушы тұлғасын қалыптастыруға бағыттау үшін қажет.
Патриоттық білім - оқушылардың іс-әрекет тәсілдерді меңгеруі мен білім алуы, іскерлік пен дағдыны игеруге даярлау.
Патриоттық білім қасиеттілігі осы заманда ақпараттық алмасу үлгісінің қарқындығымен байланысты.
Ал " Ақпараттандыру - бұл адамзат өмірінің барлық жағына ақыл-ой, қызметтің интеллектілік құндылығы мен ықпал етушілік дәрежесінің артуына байланысты туатын объективтік үрдіс. Осыған орай білімді ақпараттандыру бүгінде оқушылардың жан-жақты дамуының басты шарты болып табылады". Бүгінгі таңда білімді ақпараттандыру нарықтық қарым-қатынас жағдайында оқушыларды өмірге жан-жақты даярлауды талап етеді.
Патриоттық білім тұлғаны жан-жақты дамыту, патриоттық сана мен сезім қалыптастыру үрдісі ретінде қарастырамыз. Қазақстандық патриотизм өткен замандағы қоғам құндылықтары: тұлға, отбасы, білім, еңбек, Отан, Жер бетіндегі бейбітшілік. Бүгінгі таңдағы патриоттық тәрбие жекелеген бағыттарға ғана емес, қоғам құндылықтарына қарай бағыт ұстайды. Өйткені патриоттық сезімнің басты нысанасы - Отан, оның мазмұны: туған жер, табиғат, дін, тіл, дәстүр, тарих, әдебиет, өнер. Олар жеке тұлғаны ерекше жылылық, сүйіспеншілік сезіміне баулып, патриоттық сезімнің қайнар көзі болады. Ал Қазақстандық патриотизм дегеніміз-Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдері, яғни қазақстандыктардың Отанымызға, елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілігі. Әрине, Отанды сүю - әркімнің сана-сезіміне байланысты, қасиетті сезім. "Бұл сезім әркімді, әр кезеңде (яғни әртүрлі жаста) оянып, кейін кәмелетке келгенде біржола буыны қатып, тәжірибемен, жаспен, уақытпен, біліммен, қоршаған ортаның ықпалымен, мемлекеттік және қоғамдық, әлеуметтік институттардың әсерімен қалыптасады" деп көрсетеді Ә.Қалмырзаев.
Отанға деген сүйіспеншілік, туған жерге құрмет, патриотизм -тұлғаның дамуындағы ең жоғарғы деңгейді сипаттайтын аса маңызды рухани игіліктердің бірі. Ол адамның Отан игілігі үшін қызмет етуінен, қажет болса, сол мақсат жолында ғұмырын құрбандыкка шалуға дейін баруынан көрінеді.
Біз баршаға мүмкіндік беретін қоғам: әрбір адамның жеке басы мен бостандығын құрметтейтін, өзіне-өзі қызмет етуге жағдайы жоқ жандарды қамқорлыққа бөлейтін, қандай еңбекті болса да қадірлейтін, ана мен баланы қорғайтын, зейнеткерлерге қамқор болатын, ардагерлер мен отан қорғаушыларды ардақ тұтатын қоғам құруды аяқтауға тиіспіз. Бұл - Қазақстанның шынайы патриоттарының басты ісі. Сондай-ақ "қазақстандық патриотизмді" еліміздің әрбір азаматының санасына сіңіру - кезек күттірмейтін мәселе. Ұлтына, нәсіліне, сенімі мен нанымына, саяси көзқарасы мен ұстанған бағыт-бағдарына, т.б. ерекшеліктеріне қарамастан, Республикамыздың әрбір азаматы өзі өмір сүріп, ауасын жұтып, игілігін пайдаланып отырған мемлекетін "Туған елім, Отаным" деп тануы қажет. Мемлекетке есімін беріп отырған ұлттың салт-дәстүріне құрметпен қарау, оның тілі мен дінін сыйлау, заңдарына бағыну, рәміздерін ардақтап, жетістіктеріне шаттану - қоғамның әрбір мүшесінің басты міндеті.
Патриоттық сана - сабақта және сабақтан тыс іс-шараларда Отанды сүю. Елін қорғауға байланысты басты ұғымдарды ашып көрсету арқылы қалыптасады.
Елімізде болып жатқан шын мәніндегі тарихи өзгерістер, ұлттық сана-сезімнің өсуі, ұлт арқылы қатынастар үрдісі Отанымыздың ортақ тағдыры үшін жауапкершілікті сезінетін патриоттар тәрбиелеуді ерекше талап етеді. Осыған байланысты мектеп ұжымдарының жас ұрпақтың патриоттық санасын қалыптастыру үрдісіндегі іс-әрекетіне қажетті, адамгершілік ұстанымдар мен тұжырымдардың мәндерін тереңірек анықтау қажет.
Қазіргі коғамдағы патриоттық сана екі топтан тұратын біртұтас жүйе ретінде беріледі:
Бастауыш сыныпта патриоттық сананың негізгі жүйесін мына ретте қалыптастыруға болады:
1.
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік рәміздер Ту, Елтаңба, Әнұранда халқымыздың өткен өмір тарихы, бүтінгі игілікті істері айшықталған. Осы Мемлекеттік рәміздерден басталған тәрбие тұлғалардың қоғамдық бағыт-бағдарын анықтайды, адамгершілік құндылықтарын қалыптастырады, әлеуметтік белсенділігін жоғарылатып, өз іс-әрекеттеріне жауапкершілігін арттырады және Отан игілігі жолында қызмет етуге ұмтылдырады. Сондай-ақ қазақ халқының озық гуманистік құндылықтары негізінде жалпы ұлтжандылыққа, еуразияшылдыққа, қазақстандық патриотизмге, отансүйгіштікке, жастарды ашық пікір таласқа, сөз бостандығына тәрбиелейді.
Баланың әрбір даму кезеңінде жетекші іс-әрекеті болады, мұндай іс-әрекет өзінің мақсаттары, мотивтері және орындалу тәсілдерімен сипатталады.
Патриоттық іс-әрекет - тұлғаның мұқтаждарын қанағаттандыру мен таным немесе психикалық үрдістерін қалыптастыруға бағытталған іс-әрекет.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Білім-Образование.-2007.-№1.-