Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Апреля 2014 в 15:00, лекция
Педагогика ғылымын дамытуда үлкен үлес косқан ірі ғалым-педагог. Н. К. Крупская; Ол Ұлы Қазан төнкерісінен кейін А. В. Луначарский, М. Н. Покроеский сияқты халық ағарту ісінің белгілі қайраткерлерімен бірте қызмет істей отырып, педагогика ғыдымын дамытуда татымды еңбек етті. «На путях к новой школе» журналының беттеріңде маңызды педагогикалық мәселелерді үнемі жариядяумен қатар, оны әлеуметтік-педагогикалық ойлардың органына айналдырды.
Н.К.Крупская еңбектері оның он томдық педагогякалық шығармаларында жинақталған.
Педагогика ғылымының дамуы және оның қазіргі кезеңдегі міндеттері
Педагогика ғылымын дамытуда
үлкен үлес косқан ірі ғалым-педагог. Н.
К. Крупская; Ол Ұлы Қазан төнкерісінен
кейін А. В. Луначарский, М. Н. Покроеский
сияқты халық ағарту ісінің белгілі қайраткерлерімен
бірте қызмет істей отырып, педагогика
ғыдымын дамытуда татымды еңбек етті.
«На путях к новой школе» журналының беттеріңде
маңызды педагогикалық мәселелерді үнемі
жариядяумен қатар, оны әлеуметтік-педагогикалық
ойлардың органына айналдырды.
Н.К.Крупская еңбектері оның он томдық
педагогякалық шығармаларында жинақталған.
Ол педагогика ғылымының барлық салаларына
қөніл бөлді. Әсіресе, ересек адамдар арасындағы
сауатсыздықты жою, мектепке дейінгі тәрбие,
үйелмен тәрбиесі, политехникалық білім,
балалар ұжымының рөлі, оқушылардың өзін-өзі
басқарушылығы, мінез-құлық еңбек, эстетикалық
және интернационалдық тәрбие мәселелерін
ерекше зерттеп, құнды педагогикалық мұра
калдырды. Бұл Н, К. Крупская-ның 20 жылдан
астам істеген кызметінің нәтижесі. Оның
басты еңбектері: «Халыққа білім беру
және демократия», «Семья және мектеп»,
«Неміс мұғалімдерінің Берлин конгресіндегі
еңбек мектебі туралы мәселе» т. б.
Педагогика ғылымы философия, социология,
психология ғылымдарына сүйеніп, жастарға
тәрбие және білім берудің мақсаты мен
міндеттерінің мазмұны мен принциптерін,
формалары мен әдістерін анықтап жетілдіреді,
жалпы, политехникалық және кәсіптік білім
берудін практикасы мен байланысын зерттейді,
тәрбие ісінде мектептің үйелменнің және
жұртшылықтың рөлі мен бірлігін анықтайды,
адамды дамытуда және қалыптастыруда
еңбектің рөлін жан-жақты зерттейді, озат
педагогика-теориялар мен тәжірибелерді
таратып оларды оқу-тәрбие басында шығармашылықпен
пайдаланудың тиімді жолдарын іздестіреді.
Ағартушы-педагог Ахмет Байтұрсынов (1873-1937)
бай пе-дагогикалық мұра қалдырды. А. Байтұрсынов
өзнің барлық сапалы өмірін қазақ қоғамында
білім-ғылымының дамуына, мектеп ағартушылық
ісінің жанданып, кемелденуіне бағыштанды.
Ол ауыл мектебінде, семинарияларда бала
оқытты, оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру
саласында көп ізденді.
А. Байтұрсынов «Қазақ — газетінде» (1914.ж.),
«Мектеп керектері» деген мақаласында:
ең әуелі мектепке керегі-білімді, педагогика,
методикадан хабардар оқыта білетін мұғалім.
Екінші — оқыту ісіне керек құралдар қолайлы
һәм сайлы болуы. Құралсыз іс істемейді
һәм кұралдар қандай болса, істеген іс
те сондай болмақшы. Үшінші мектепке керегі
белгіленген Бағдарлама. Әрі іс көңілдегідей
болып шығу үшін оның үлгісі я мезгілді
өлшеуі боларға керек. Үлгісіз я «өлшеусіз
істелген іс — ол я артық, я кем шықпақшы...»,
деп оқытудың дидактикалық принциптерін
ғылыми тұрғыда нақтылы белгілеп берді.
А. Байтұрсынав ұсынған жаңа емле «1913 жылдардан
бастап мұсылман медреселері мен орыс-қазақ
мектептерінде қолданыла бастады. Қоғам
алдына қазақ даласында оқу-ағарту ісін
дұрыс жолға қойылсын, ол үшін ауыл мектептерінде
балалар қазақша сауат ашатын болсын.
Оқу ана тілінде жүргізілсін» деген талаптарды
бастаушы болды. Осы талаптарды жүзеге
асыру үшін А. Байтұршнов қазақша оқу құралы
(1912 ж.) тұңғыш Әліппе құралын жазды. 1915
жылы «Тіл — құрал» атты кітабы жарыққа
шықты. Бұл — қазақ мәдениетіндегі саны
құбылыс еді. Ол осы оқулығда қазақ грамматнкасына
қатысқаны категориялардың әрқайсына
түңғыш қазақша терминдерді ұсынды, фонетика,
морфология, синтаксис салаларының қазақ
тіліндегі негізін салды.
Педагогикалық ғылымы басқа ғылымдрмен
тығыз байланыста дамиды. Өйткені адамды
жан-жақты және жарасымды етіп тәрбиелеу
проблемасын шешу үшін педагогика басқа
ғылымдардың нақты мағлұматтарға сүйенеді.
Олардың бірі философия ғылымы.
Философия табиғат пен қоғам дамуының
жалпы зандарын, түбегейлі мәселелерін
зерттейді, өмір шындығын танып білу жөніндегі
көзқарастың негізгі жүйесі болып табылады,
адамды күшті идеялық сенімге, айқын түсіне
білуішілікке тәрбиелейді. Тәрбиенің
мақсаттары, халыққа білім берудің мазмұны,
педагогикалық процесті» ұйымдастыру
сияқты проблемаларды зерттеудің барысында,
педагогиқа ғылымы алдын-ала болған нақтылы
әдіснамалық жағдайлардың негізіне сүйенеді.
Ғылыми педагогика тәрбие процесінің
ерекшеліктерін, негізгі кезеңдерін, басқа
кұбылыстармен өзара байланысын қарастырады,
олардың заңдылықтарын анықтап қалыптастырады.
Педагогика материалистік диалектиканың
қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі,
сан өзгерістерінің сапа өзгерістеріне
ауысу және теріске шығаруды, теріске
шығару сияқты не-гізгі заңдарын тәрбие,
білім беру жәле оқыту барыстарында шығармашылықпен
пайдаланады.
Ғылыми философия тұрғысынан қарағанда,
мысалы теріске шығаруды теріске шығару
заңының мәнін былайша түсіндіруге болады-ескінің
орнын жаңа басады, дамудың бір кезеңі
екінші кезеңімен ауысады. Мысалы, қоғамның
тарихи дамуы барысында бір формация екінші
формициямен ауысады. Ғасырлар бойы табиғи
дамудың негізінде жануарлар мен өсімдіктердің
ескі түрлерін жаңа түрлері теріске шығарады.
«Қай салада болмасын өзінің бұрынғы өмір
сүру формасын теріске шиғармайтын дамудың
болуы мүмкін емес». Педагогика ғылымының
даму процесінде көптеген өзгерістер
болып келеді. Жалпы білім беретін мектептердегі
оқыту жұмысының осы заманғы ғылым мен
техниканың, әдебиет пен өнердің даму
дәрежесіне сай емес екендігі байқалады.
Осы жағдайлар ескеріліп, оқыту мазмұнына
байыпты өзгерістер енгізіледі. Бастауыш
және жоғары сыныптар үшін ғылым негізінде
бағдарламалар жасалды. Егер бұл өзгерістерді
философиялық тұрғысынан қарастырсақ
онда жаңа оқу бағдарламалары өмір талабын
қайшы келетін ескі оқу бағдарламаларын
теріске шығарғандық болып табылады.
Информация о работе Педагогика ғылымының дамуы және оның қазіргі кезеңдегі міндеттері