Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 19:41, реферат
Педагогикалық этика педагогикалық мораль мен моральдік құндылықтардың негізгі санаттарының түпкілікті мәнін қарастырады. Адамдардың адамгершілік қасиеттері мен мінез – құлқына, іс - қимылына және өмірлік алуан түрлі құбылыстарға т.с.с. өзіндік баға беретін мейірімділік пен зұлымдық, адалдық пен ар-намыс туралы түсініктер жүйесін моральдік құндылықтар деп атауға болады. Әділдік дегеніміз жалпы алғанда, адамдардың адамгершілік қасиеті мен олардың қоғамдық танымал болуы, құқықтары мен міндеттері арасындағы өзара сәйкестілік деуге болады;
Педагогикалық этика / әдеп / - этика ғылымының өзіндік тарауы болып табылады және педагогикалық мораль ерекшелігін зерттейді, педагогикалық еңбек саласындағы жалпы адамгершілік ұстанымдарының жүзеге асыру өзгешелігін анықтайды, оның функциясын, этикалық санат мазмұны принциптерінің өзгешелігін ашып көрсетеді. Сонымен қатар, педагогикалық әдеп оқыту - тәрбиелеумен кәсіби түрде айналысатын адамдар арасындағы және кәсіби ортадағы адамгершілік қатынастар мен мұғалімнің адамгершілік қызметтерін және мұғалімдер ортасында қалыптасқан өзгеше тәртіп пен мінез –құлық т.б. зерттейді.
Педагогикалық этика педагогикалық мораль мен моральдік құндылықтардың негізгі санаттарының түпкілікті мәнін қарастырады. Адамдардың адамгершілік қасиеттері мен мінез – құлқына, іс - қимылына және өмірлік алуан түрлі құбылыстарға т.с.с. өзіндік баға беретін мейірімділік пен зұлымдық, адалдық пен ар-намыс туралы түсініктер жүйесін моральдік құндылықтар деп атауға болады.
Әділдік дегеніміз жалпы алғанда, адамдардың адамгершілік қасиеті мен олардың қоғамдық танымал болуы, құқықтары мен міндеттері арасындағы өзара сәйкестілік деуге болады; педагогикалық әділдіктің: мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы барысында олардың тәртібін, қылығын, оқуға деген көзқарас- құлшынысын, адамгершілік тәрбиелілік деңгейін анықтау мен бағалау барысындағы мұғалімнің обьективтілігі мен оның адамгершілігіне өзіндік баға беретін ерекше сипаты болады. Педагогикалық әділдік өзгешелігі оқушылар мен педагогтардың іс қимылды бағалау және оған қатысты жауап рекциясының әр түрлі адамгершілік деңгейде болуында; педагог обьективтілігінің өлшемін анықтау көбінесе педагогқа байланысты болады; өзіндік қорғаныс деңгейі әр түрлі тараптар ара-қатынасының көбінесе жалпы моральдік бағалауға түсетіндігінде; ең ақыр аяғында педагогпен алдын ала бағдарламаланған педагогикалық қажеттіліктерді балалардың түсінбеуінде;
Кәсіби педагогикалық борыш – педагогикалық әдептің ең маңызды санаттарының бірі. Өзінің еңбегіне деген шығармашыл көзқарас, өз-өзіне қатаң талап қою, кәсіби білім-білігі мен педагогикалық шеберлігін арттыруға деген құлшыныс, оқушыға , оның ата-анасына деген құрмет көрсету және талап қою қажеттілігі, мектеп өмірінде кездесетін қиын да, күрделі шиеленістерді шеше білу тәрізді өзгеше іс –қимыл педагогтың кәсіби борышына жатады.
Кәсіби ар-намыс – бұл педагогикада мұғалімнің өз маңыздылығын түсініп қана қою емес, сонымен қатар оның қоғаммен танылуы және моральдік сипаты мен сіңірген еңбегіне деген қоғамның құрметі деген түсінікті білдіреді. Педагог мамандығында жеке бастың ар-намысы мен қасиетін түсіну сезімі ерекше байқалып тұрады. Егер мұғалім өз мінез –құлқында және тұлғалармен ара –қатынас барысында педагог идеалына қойылатын талаптарды бұзған болса, осыған сәйкес кәсіби ар-намысқа, педагогтың адамгершілік сипатына немқұрайлы қарау әрекеті демонстарцияланады. Мұғалімнің ар-намысы – оның кәсіби борышын орындау барысында көрінетін нақты кәсіби ар-намысына қоғамдық баға беру.
Мұғалімнің педагогикалық беделі- оның оқушылар мен мұғалімдер және әріптестер ұжымындағы моральдік статусы , бұл құрмет пен қошаметке ие болып жүрген беделді де, құрметті ұстаздың тәрбиеленушілердің тәртібі мен нанымдарына әсер ететін өзіндік тәртіп түрі. Педагогикалық бедел мұғалімнің осыған дейінгі алған моральдік-этикалық және психологиялық-педагогикалық даярлығына байланысты. Оның деңгейі білімнің , зеректіктіктің , шеберліктің тереңдігімен және өз еңбегіне деген ерекше қатынасымен т.б. анықталады.
Педагогикалық әдеп құрамына адамгершілік санадан адамгершілік тәжірибеге көшудегі адамгершілік шығармашылық элементі енеді. Мұғалімнің адамгершілік шығармашылығына көптеген жиынтықтар енгізіледі, оның ішінде аса маңызды деп саналатын: педагогикалық мамандықтың қоғамға қатысты нормалары мен оның маңыздылығын түйсіну; түрлі күрделі оқиғалар орын алған жағдайда, оның пайда болу жағдайын түсіну; адамгершілік-педагогикалық нормаларға сәйкес ең үлгілі әрекетті таңдау қажеттілігі;
Педагогикалық тәртіп - мұғалімнің қызметінде оның ойы мен әрекеті ұштасып жататын педагогикалық моральді іске асыру түрі. Тәртіп – іс-қимылдың барлық обьективтік әсері мен оның субьективтік қабылдануын алдын ала көре білуді көздейтін адамгершілік тәртіп. Осы арқылы мақсатқа жетудегі барынша жеңіл және мейлінше жағымсыз түрде жету ізденісі көрінеді. Педагогикалық тәртіп – үнемі шығармашылықта және ізденісте болу деген сөз.
Мұғалімнің тұлғаға деген құрмет сезімі, жоғары талап қоюы, әңгімелесіп отырған адамды тыңдай білуі , оны түсіне білуі, ара-қатынастағы іскерилік, бірбеткейсіз ұстанымдылығы, сабырлылығы , адамдарға қатысты ерекше зейіні мен сезімталдығы т.б. педагогикалық тәртіпке жатады.
Мұғалімнің
педагогикалық мәдениетіне
Педагогтың кәсіби тәртіп кодексі педагогикалық ұстанымдар мен моральдан туындайтын адамгершілік талаптар үйлесімін анықтайды және оның педагогикалық қызмет үдерісіндегі ара-қатынас жүйесі мен тәртібін реттейді. Педагогтың кәсіби тәртіп кодексінің басты мақсаты мұғалімнің өз-өзіне , педагогикалық еңбекке , оқушылар мен мұғалімдер ұжымына деген ара-қатынасын анықтайтын негізгі талаптарды белгілеу болып табылады.
Педагог тәртібі оның педагогикалық әрекеттеріне адамгершілік тұрғыдан реттейді. Барынша толыққанды кәсіби- этикалық сипаты мен мақсатқа сәйкестігі педагогикалық тәртіптің келесі сипаттарында ( мінез- құлықта) ұсынылған:
- талапшылдық , жеке бастың қасиетін қорламау, түртпектей бермеуінде;
- қарым-қатынас барысында табиғилық, қарапайымдылық танытып, мәймөңкелік пен өрескелдікке жол бермеуінде;
-бірбеткейліксіз ұстанымшылдығы және табандылығында;
- аса дабыраламайтын зеректік пен сезімталдығында;
-тұлғаның жеке басын қорламайтын әзіл-сықақ қолдана білуінде;
-иландыру, нандыру, ескерту, ұсыныс жасау және қысымшлық пен қорлықсық жазалай білуінде;
-өз білімі мен кәсіби даярлық деңгейіңнің артықшылығын атап айтпай-ақ білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу білу қабілетінде;
-білім алушыларды тыңдай білуі, оның және өзгелердің сұрақтарға берген жауаптарына тыңғылықты қарай білуінде;
Жоғарыда аталған педагогикалық тәртіп түрлері педагогтың түрлі оқу –тәрбиелік міндеттерін шешу барысында көрініп, олардың кәсіби қызметінің тиімділігі мен сапасын арттыруға ықпал етеді.
Кәсіби әдеп сипаты келесі жағдайда көрінеді:
- педагогтың сыртқы келбетінен;
- кез келген орын алған жағдайды жылдам және дұрыс бағалай білуі, сондай –ақ өз тәрбиеленушілерінің тәртібі мен қабілеті туралы қорытынды жасауға асықпауынан;
- өз –өзін ұстай білу, қиын жағдайда сезімге жол бермей, салқынқандылық танытуынан;
- оқушыларына қоятын талаптарының ойға сыйымдылығы мен оларға деген сезімталдығынан;
- оқушылардың жас және жеке –дара ерекшеліктерін жақсы білуінен;
- өз еңбегіне сыни көзқараспен бағалай білуінен;
Әдепті педагог жұмысқа, іскери кездесулерге уақытында келеді; өзінің әріптестеріне, оқушыларына, олардың ата-аналарынан алған заттарын уақтылы қайтарады; айналасындағы адамдарға залал келтіретін , алып-қашпа сыбыс пен расталмаған фактілерді дауыстап қайталамайды;
Педагогикалық тәртіп қолданылатын педагогикалық әсер етудегі әдіс, тәсілдердің негізділігімен және икемділігімен сипатталады. Ол бір қалыптылық пен формализмге төтеп бермейді. Тәртіп негізі – педагогтың шыдамдылығы мен салмақтылығында. Педагог ретінде шығармашыл ұжымды басқарушы тәртіпті басшының басты қасиеті - жоғары талап қоя білу, тәрбиеленушілерге шынайы құрмет көрсету. «Тәртіп» түсінігі көптеген жиынтықтардан құралады, бірақ, олардың бәрі кішкентай адаммен және оған деген ерекше сезімталдықпен, қамқорлықпен байланысты. Педагогикалық тәртіп – мұғалімнің педагогикалық қызметіндегі сан түрлі жоспарлы рөлі шартты мұғалім мінезі мен тактикасының икемділігін көздейді. Сабақта — нақтылық, сыпайылық, ұжым сабаққа дайын болмағанда қаталдық. Сабақтан тыс уақытта — жеке әңгімелесу , саяхат кезінде, серуен барысында аса қажет болатын шынайылық, ақжарқындық.
Педагогикалық тәртіп икемділігінің орнына айқай салу, көп сөйлеу, ызақорлық таныту кезінде педагогикалық кәсіби қызметті тез арада керісінше сипаттағы педагогикалық әлсіздікке айналдыруға болады деп тұжырымдайды психологтар. Бұл дәрігердің сырқат адамға көмек көрсетудің орнына, оны ұрып тастауымен пара-пар деген сөз.
Кәсіби- педагогикалық қарым-қатынас әдебінде стиль де маңызды рөл атқарады. Педагогтың оқушыларымен ара-қатынас стилі – бұл әлеуметтік және адамгершілік санат. Ол көптеген маңызды факторларға сай қалыптасуымен қатар, соған тәуелді болады:
- адамның психикалық қалыптасуына;
- оның құндылық бағытына;
- білім деңгейі мен жалпы мәдениетіне;
- маңындағы әлеуметтік ортаның әсеріне;
- адамдардың беделіне (педагогтың қалыптасыуына барынша ықпал еткен тәжірибелі педагтардың өнегесі)
Ешқандай сауалнама жинақтары мен ешбір сауал-сұрақ өткізу жұмыстары мұғалім мен оқушы , тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы тікелей қарым-қатынасты ауыстыра алмайтынын тәжірибе көрсетіп отыр. Бұл үрдісте мұғалім тарапынан көбіне ақпараттық мәлімдеме басым болады. Мұғалім осындай қысым көрсеткен жағдайда, қарым-қатынас жоғалып, түсініспеушілік орын алады. Мектеп педагогы өзінің оқушыға жасайтын психологиялық ықпалын ескере бермейді, ал бұл болса назардан тыс қалмайтын жағдай. Педагог әр баланың жүрегіне жол тауып, оның жан дүнесінің «құлпын» аша білуі тиіс. Ол өзінің бір ауыз сөзі бала өмірінде үлкен рөл атқаратынын және оны өмір бойы есіне сақтап қалатынын білуі керек.
Педагог пен оқушы қарым-қатынасының талаптарын қалыптастыру қажет десек, олар:
— сенімділік;
— баланы тыңдай білу;
—өз ара түсінушілікті негізге алу;
— іскери қарым-қатынас;
— ықпал етуден өз ара әрекет жасауға көшу қабілеті;
Бұл үрдерістің барысындағы ең маңыздысы мұғалімнің қарым-қатынас шығармашылығы болып табылады. Бірдей тапсырманы, бірдей әңгімені мұғалім әр түрлі ырғақпен , әр түрлі көңіл-күймен беріп, өткізе алады.
Сонымен қатар ынталандыру, жазалау және мадақтау тәсілдерін пайдалана отырып, мұғалім әр балаға қатысты ерекше әдепті болуы тиіс. Оқытушыны ұжымы қолдамағанда немесе оқушылар бұл мақтау негізсіз деп есептеген жағдайда мадақтау әдепсіздік. Жаза қолдану кезінде тәрбиеленушіге құрмет пен талапты біркелкі қоя білу өте маңызды. Оқушы қылығына ренжуге, әсіресе бар ашуды баладан алуға , жеке басын қорлауға жол бермеңіз.
Кәсіби этика әріптестерімен және басқа адамдармен түрлі жағдайларда, ресми және бейресми қарым –қатынастар барысында көрінетін маманның жалпы мәдениеттілігі деңгейінің жоғары болуын көздейді. Демек, педагогтың өмірінде қарым-қатынас мәдениеті ерекше рөл атқарады.
Әдепті және қарым-қатынас мәдениетінің негізгі талаптарын білу педагогтың өзіне де, өзі оқытып, тәрбиелеп жатқан балаларға да қажетті.
Мұғалім сенімділік, сыйластық және сүйіспеншілік тәрізді сезімдерді тудыра білуі керек, оларсыз ұстаз шынайы бедел болмайды. Өзіңізге айналадағы адамдардың қалай қарайтыны жөнінде және ол неге байланысты екенін ойланып көріңіз.
Адамдармен жақсы қарым-қатынас құру мұғалімнің кәсіби қасиеті - оқушыны тыңдай, ести білуіне тәуелді. Педагогтың ең маңызды кәсіби қасиетінің бірі – көшбасшылық қабілетінде.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Едрісова Р.Б. – “Педагогтың кәсіби мәдениет этикасы”