Педагогикалық технологиялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2013 в 08:06, лекция

Описание работы

Дәстүрлі оқытуда жаңа материалды бала игеру үшін сабақтың кез-келген кезеңінде алдымен мұғалімнің шебер басшылығын қажет етеді.
Дәстүрлі оқытуда оқу процесіне қатысушылардың «басқарушылар мен орындаушылар» түріндегі рөлдері белгіленген.
Дәстүрлі жүйеде оқушыға орындаушылық қызмет қана беріледі, онда оқушы белсенділігімен өз бетінше шешім қабылдауға жол берілмейді.

Файлы: 1 файл

педагогикалық технологиялар.docx

— 19.75 Кб (Скачать файл)

Дәстүрлі оқыту мақсаты адамның жинақталған білімін оқушыға беру, икем мен дағдының қалыптасуы ретінде тұжырымдалады. Мұғалім мен оқушының арасындағы қарым-қатынас субъек-объекттік. Мұғалім субъект ретінде, ал оқушы объект ретінде болады.

 

Дәстүрлі оқытуда жаңа материалды бала игеру үшін сабақтың кез-келген кезеңінде алдымен мұғалімнің шебер басшылығын қажет етеді.

Дәстүрлі оқытуда оқу процесіне қатысушылардың «басқарушылар мен орындаушылар» түріндегі рөлдері белгіленген.

Дәстүрлі жүйеде оқушыға орындаушылық қызмет қана беріледі, онда  оқушы белсенділігімен өз бетінше шешім қабылдауға жол берілмейді.

 

Дәстүрлі оқыту  жүйесінің сипаттамалары

  • Оқыту бағдарламаларының Білім министрлігі тарапынан бекітілуі, яғни «қатаң»талаптың қойылуы
  • Пән таңдау мүмкіндігінің болмауы
  • Оқытушыны жоғары оқу орны әкімшілігінің тағайындауы
  • Оқу үрдісінде дәстүрлі әдістің басымдылығы
  • Бекітілген білім мазмұны шеңберінен шықпау
  • Қалыптасқан оқыту әдістемесі негізінде білім беру 
  • Оқытушы қызметінің «жабықтығы»  
  • Оқу үрдісінде білім, біліктілік іскерлікті қалыптастыру
  • Білімді тексеру мен бағалауда баға көрсеткішінің арақашықтығының алшақтығы
  • Психологиялық тұрғыдан есте сақтау мен қабылдау жүйесін дамыту

Тілдесу тәртібі – дерективалық түрде жүзеге асырылып, қателік үшін жазалаудың қарастырылуы

 

Қашықтықтан оқыту тарихы ХІХ ғасырдың ортасынан басталады.  

 

Қашықтан оқыту  – компьютерлік және телекоммуникациялық  технологияларға негізделген оқытудың құралдары мен түрлері, білім  беру үрдісінде үздік дәстүрлі және инновациялық әдістер қолданылатын, күндізгі және сырттай білім алу  ретінде білімді қабылдау түрі болып  табылады.  

 

Қашықтықтан оқу  – жұмыстан қол үзбей қолайлы  уақытта кез келген жерде ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар көмегімен оқу.

 

Жоғары оқу  орындарында қашықтықтан оқытудың 2 технологиясын пайдаланады:

1 - желілік технология – Интернет арқылы оқу. Университеттің білім беру порталында студенттер электрондық курстарға тіркеледі, ондағы бар материалды дәрістер және басқа оқу қорлары бойынша оқиды. Сосын автоматты түрде тестіленеді немесе тапсырмалар орындайды. Оқытушы, тапсырманы тексеріп, пікір жазып, баға қояды.

2 - кейстік технология, студентке оқу-әдістемелік кейс, яғни семестрге барлық материалдар мен тапсырмалар беріледі, ол тапсырмаларды орындап, график бойынша оқытушыға жіберіп отырады.

 

Қашықтықтан оқытудың мынадай артықшылықтары бар:

  • Оқу үрдісінің дәстүрлі сырттай оқыту барысында 40 күннен екі сынақ-емтихандық сессиясын болжайды, жылына сіз жұмыста 80 күн болмауға тиістісіз, ал қашықтықтан оқыту технологиясында университет  қабырғасында Сіз 15 күнде 1 рет қатыссаңыз жеткілікті;
  • Сіз үшін ыңғайлы уақытта үйде немесе офисте курс материалдарын игеру үшін, уақытты ұтымды пайдалану үшін оқытудың еркін графигі бар;
  • Оқуға деген ынта, жас ерекшелктері сияқты қандай да бір жеке шектеулер жоқ.
  • Оқу орнына бару үшін уақытыңыз және жолға ақшаңыз кетпейді, сондай-ақ тұрғылықты жеріңізге байланысты емес;
  • Қабілеттілігіңізге және жеке ерекшелігіңізге байланысты өзіңіз оқу қарқынын белгілейсіз. Курсты игеруге  өзіңізге ыңғайлы аптаның күнін және уақытын белгілейсіз;
  • Интерактивті тестер көмегімен курсты игеру  қабілеттілігіңізді бақылауға мүмкіндігіңіз бар;
  • Игеруге арналған барлық материалдар ыңғайлы электронды түрде берілген;
  • Сізге тек қана Интернет желісіне  қосылған дербес компьютер қажет.

 

 

Кредиттік оқыту  технологиясы

Кредиттік жүйе алғаш рет Америка Құрама Штатында пайда болды. Оның негізін 1870 жылдары Гарвард университетінің Президенті, белгілі Американдық білім қайраткері Чарльз Элиот салып, «кредит–сағат» ұғымын қоғамға енгізген болатын. Бұл жүйе алғашында пәндер көлемі жүйесінің шешуін өлшеуші «кредит-сағат» болып енгізілді. 1892 жылдан бастап «кредиттік-сағаттық» жүйенің екінші кезеңі басталып, осы кезде АҚШ-тың ұлттық білім комитеті университет, колледж, мектеп топтарын жақсарту мақсатында, оқу бағдарламаларын стандарттауда «кредит» ұғымын тек университет пен колледждерде ғана емес, орта мектептерде де, енгізе бастады .

 

Оқу пәні бойынша оқу әдістемелік  кешені мыналардан тұрады:

  1. Әр пән бойынша силабус — бағдарламаларды оқытудан;
  2. Практикалық (семинарлық) сабақтардың жоспарынан;
  3. Студенттің өзіндік жұмысы бойынша тапсырмаларынан;
  4. Студенттің оқытушы басшылығымен орындалатын  өзіндік жұмысы бойынша тапсырмаларынан;
  5. Және тағы басқалардан тұрады.

Кредиттік оқыту  жүйесінің тиімділігі оқытушылар үшін де, студенттер үшін де айқын көрінеді, олар келесідей:

  • оқылатын пәндер саны  қысқарады;
  • студент оқытушыны өзі таңдайды, оқу траекториясын белгілеуге эдвайзер көмекке келеді;
  • сынақ тапсыру болмайды;
  • студент өзінің білімділік бағытын пәндерді таңдау арқылы қалыптастырады,
  • білімді бағалаудың рейтингтік жолы білімді бағалауды шынайы әрі көрнекі етеді, студенттер білімі деңгейі жағынан ұпайлары арқылы айырылады;
  • студенттің күні бойы қолы бос болмайды;

алдыңғы қатарлы  білім беру әдістері мен инновацияларды, интернетті, мультимедиялық сыныптарды  қолдану мүмкіндігі арта


Информация о работе Педагогикалық технологиялар