Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2014 в 20:07, реферат
Өткенде де, қазіргі күнде де педагогикалық қызмет жөнінде ғалымдар пікірі үш бағытта өрбіген. Бірінші топ ғылым өкілдерінің ойынша педагогикалық қызмет адамзат білімдерінің пəнаралық аймағын құрайды. Осыдан мұндай көзқарас педагогиканың дербес теориялық ғылым екендігін, яғни педагогикалық құбылыстардың идеялық түйіні боларын тіпті де мойындамайды. Бұл жағдайда педагогикалық нысан ретінде əртүрлі күрделі болмыс объекттері (космос, мəдениет, саясат жəне т.б.) қабылданары сөзсіз.
Педагогикалық қызметтің маңызы туралы түсінік
1. Педагогика нысаны, пəні жəне
қызметтері
2. Педагогикалық ғылымдар жүйесі
Өткенде де, қазіргі күнде
де педагогикалық қызмет жөнінде ғалымдар
пікірі үш бағытта өрбіген. Бірінші топ
ғылым өкілдерінің ойынша педагогикалық
қызмет адамзат білімдерінің пəнаралық
аймағын құрайды. Осыдан мұндай көзқарас
педагогиканың дербес теориялық ғылым
екендігін, яғни педагогикалық құбылыстардың
идеялық түйіні боларын тіпті де мойындамайды.
Бұл жағдайда педагогикалық нысан ретінде
əртүрлі күрделі болмыс объекттері (космос,
мəдениет, саясат жəне т.б.) қабылданары
сөзсіз.
Ендігі ғалымдар тобы педагогиканың басқа
ғылым салаларынан (психология, жаратылыстану,
əлеуметтану жəне т.б.) алынған білімдерді
жанама түрде пайдаланып, оқу жəне тəрбие
аймағында туындайтын мəселелерді шешуге
икемдестірілген қолданбалы пəн рөлін
таңдады. Бұлай болғанда педагогикалық
практиканың іске асуы мен өзгерістеріне
тұғырлы тірек болар тұтастай теориялық
негіз қалыптасуы мүмкін емес. Мұндай
педагогика мазмұны педагогикалық құбылыстардың
жеке тақырыптары жөніндегі кездейсоқ,
жүйеленбеген, байланыссыз деректер жиынтығы
күйінде көрінері екінің біріне аян.
Қазіргі кезеңде ғылым мен практикаға
үшінші ғылыми тұжырым өз тиімділігімен
танылып отыр: педагогика- өзіндік нысаны
мен зерт-теу пəніне ие салыстырмалы дербес
білім саласы («Педагогика» оқулықтарының
ең соңғы басылымдары: Б.Т.Лихачев, И.П.Подласый,
В.А.Сластенин жəне т.б.).
Педагогика нысаны. Педагогика ғылымының
нысандық ерекшелігі жөнінде батыл ой
ұсынған ғалым жəне практик А.С.Макаренко
болды. Оның пікірі: көпшілік педагогика
нысаны бала деп біледі, алайда бұл дұрыс
емес. Ғылыми педагогика зерттеулерінің
объектісі– бұл «педагогикалық дерек
(құбылыс)». Дегенмен, бала, адам да зерттеуші
назарынан тыс қалмайды. Керісінше, адам
жөніндегі ғылымдардың бірі болғандықтан,
педагогика аталған объекттердің тұлғалық
дамуы мен қалыптасуына мақсатты бағдарланған
саналы іс-əрекеттер аймағын зерттейді.
Осыдан, педагогика өз нысаны ретінде
тек өкілі (индивид) не оның психикасын
қарастырмай (бұлар психология объекті),
оның дамуына байланысты педагогикалық-тəрбие
құбылыстар жүйесін зерттеуге алады. Сондықтан
да педагогика нысаны деп қоғамның мақсатты
бағдарланған іс-əрекеттері үдерісінде
дара адам дамуына себепкер болған болмыс
құбылыстарын айтамыз. Бұл құбылыстар
педагогика ғылымында білімдену (образование)
атамасымен белгіленіп, педагогика шұғылданатын
шынайы дүниенің бір бөлігін танытады.
Педагогика пəні. Білім, білімдену процесі
тек педагогиканың ғана меншікті зерттеу
аймағы емес, оның зерттеуімен философия,
əлеуметтану, жантану, экономика жəне
де басқа ғылымдар шұғылданады. Мысалы,
экономист білім жүйесінде өндірілген
«еңбек ресурстарының» шынайы мүмкіндіктер
деңгейін анықтай отырып, олардың дайындығына
жұмсалатын қаржы мөлшерін белгілеуге
тырысады.
Социолог өз міндетіне орай білім жүйесінде
дайындықтан өткен адамдардың əлеуметтік
ортаға икемдесу қабілеттері мен ғылыми-техникалық
үдеріске жəне əлеуметтік өзгерістер
жолында ықпал ету мүмкіндіктерін білгісі
келеді.
Философ, өз кезегінде, ауқымдылау бағдарын
негізге ала отырып, білім саласының жалпы
міндеттері мен мақсаттары жөніндегі
сұрақтарға жауап іздестіреді: Білімнің
бүгінгі жайы қалай? Ол келешекте қандай
болмақ? Психолог білімді педагогикалық
үдеріс ретінде қарастыра отырып, оның
психологиялық қырларына назар аударады.
Саясаткер қоғам дамуының нақты кезеңіндегі
мемлекеттік білім саясатының тиімділік
деңгейін тануға ұмтылады т.с.с.
Əлеуметтік құбылыс болған білімді зерттеудегі
əртүрлі ғылымдардың қосқан үлесі, əлбетте,
құнды да қажетті, бірақ олардың бəрі де
адамның күнделікті өсу жəне даму процестерімен
байланысқан білімнің мəндік астарын
жəне сол даму процесіндегі педагог пен
оқушы ықпалдастығы мен оған сəйкес жүйелік
құрылымдарды назардан тыс қалдырады.
Солай болуы заңды да, себебі аталған проблемалардың
баршасы арнайы ғылым – педагогиканың
зерттеу нысандары.
Осыдан, педагогиканың пəні – арнайы əлеуметтік
мекемелерде (институттарда): отбасы, білім
беру жəне мəдени-тəрбие орындарында –мақсат
бағдарлы ұйымдастырылған шынайы біртұтас
педагогикалық процесс ретінде көрінетін
жүйеленген білім саласы. Бұл тұрғыдан
педагогика əрбір адамның бүкіл өмір бойы
дамуының кепілі жəне құралы болған педагогикалық
процестің мəні мен мазмұнын, заңдары
мен заңдылықтарын жəне оның бүгінгі бағыт-бағдары
мен болашақ өркендеу жолын зерттеуші
ғылым жүйесін аңдатады. Осы негізде педагогика
тəлім-тəрбие процесінің ұйымдасу теориясы
мен технологиясын, педагог іс-əрекетін
(педагогикалық қызметті) жəне оқушылардың
əрқилы оқу жұмыстарын жетілдірудің формалары
мен əдістерін əрі олар арасындағы оқу
істері төңірегінде туындап отыратын
қарым-қатынас, ықпалдастық стратегиялары
мен тəсілдерін нақтылап, ашып отырады.
Педагогика ғылымының қызметтері. Дербес
ғылым ретінде танылған педагогиканың
қызметтері оның жоғарыда аталған пəндік
сипаттарымен сабақтас, яғни табиғи бірлікте
іске асырылуы қажет теориялық жəне технологиялық
міндеттер.
Педагогиканың теориялық міндеттері үш
деңгейде жүзеге асырылады:
- сипаттау немесе түсіндіру – озат əрі
жаңашыл педагогикалық тəжірибені зерттеу;
- анықтау (диагностикалық) – педагогикалық
құбылыс жағдайын, педагог пен оқушы іс-əрекеттерінің
нəтижелілігі немесе тиімділігін жəне
оларды қамтамасыз етуші шарттар мен себептерді
айқындап алу;
- болжау (прогноздау) – барша педагогикалық
жағдаяттарды табиғи тұтастық күйінде
эксперименталды зерттеуден өткізу жəне
оның негізінде сол педагогикалық болмыстың
жаңаланған моделін құрастыру.
Теориялық қызметтің болжау, болжастыру
деңгейі педагогикалық құбылыстардың
мəнін ашу, педагогикалық процестің түп-төркінінде
орын алатын құбылыстарды таба білу, сонымен
бірге болып қалуы мүмкін ықтималды өзгерістерге
ғылыми негіздеме бере алу сынды іс-əрекеттермен
байланысты. Осы деңгейде анықталған деректерге
орай оқу жəне тəрбие теориясы анықталып,
білім беру практикасына жетекші рол атқарушы
озық педагогикалық жүйе моделі құрылады.
Педагогиканың технологиялық қызметтері
де үш көрініс береді:
- жобалау (проекттеу) – педагогикалық
іс-əрекет пен оның мазмұны əрі сипатын
қалыптастыру жəне реттеуге нұсқау болғандай
теориялық тұжырымдар мен анықтамаларды
қамтыған қажетті əдістемелік материалдарды
(оқу жоспары, бағдарлама, оқулықтар мен
оқу құралдары, педагогикалық ұсыныстар)
жасауға байланысты;
- жаңалау – тəрбие жəне білім беру тəжірибесін
жетілдіру мен қайта түзу мақсатына орай
педагогика ғылымының замандық жетістіктерін
мектеп өміріне енгізе, пайдалану;
- ықпал таныту (рефлексивтік)жəне реттеу-түзетулер
енгізу (коррекциялық)- ғылыми зерттеу
нəтижелерінің оқу-тəрбие ісіне болған
əсер-ықпалын бағалау жəне одан соңғы
ғылыми теория мен тəжірибелік іс-əрекеттер
байланысына қажет болып қалатын реттеу-түзетулерді
іске асыру.
Өзінің қоғамдық қызметтерді орындауға
қажет қабілеттерінің дамуына себепші
болған əлеуметтену процесінде адам тұлғалық
кемелдену сатысына көтеріледі. Адамның
əлеуметтенуі оның қоғамдағы ауыспалы
жағдайлар мен шарттарға икемдесе білуі
ғана емес, ол өз ішіне жеке тұлғаның дамуы,
өзіндік танымы мен өз мүмкіндіктерін
өз күшімен іске асыра алу сияқты процестерді
де қамтиды. Дегенмен, аталған процестерге
байланысты міндеттердің шешімі бірде
мүдделі, жүйеленген болып, бүкіл қоғам,
сол үшін арнайы ұйымдастырылған мекемелердің
қолдауымен жəне жеке адамның ынта-ықыласына
негізделсе, кейде кездейсоқ келеді. Ал
осы əлеуметтенуге орай жүргізілетін,
нақты мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған
басқару процесі білім (образование) деп
аталады. Білім мəні – əр адамның өте күрделі
өзіндік басқару жүйесінің тиімділігін
көтеру жəне оны жоғары моральдық жəне
азаматтық мұраттар рухында тəрбиелеу.
Сонымен, əлемде кең таралған педагогикалық
ойдың дамыған екі бағыты танылған – үлкендердің
бедел – абыройына жəне балалардың бағыныштылығына
негізделген əкімшіл (авторитарлы) ағым,
шəкірт құқығы мен еркіндігін құрметтеуші
– гуманистік ағым. Олардың арасында –сан
қилы педагогикалық бағыттар өрбіген.
Əлемнің ізгілікті педагогикасы өзінің
гуманистік таңдауын қабылдады.
2. Педагогикалық ғылымдар жүйесі
Педагогика – кең ауқымды ғылым. Оның
шұғылданатын оқу жəне тəрбие мəні мен
олардың барша байланыстарын жеке бір
ғылым шеңберінде қамту мүмкін емес. Педагогика
дамудың ұзақ жолын басынан кешіріп, көптеген
білімдер жинақтап, бүгінгі күнде ғылыми
білімдердің кең тармақты жүйесіне айналып
отыр. Сондықтан бүгінгі педагогиканы
тəрбие жөніндегі ғылымдар жүйесі деп
атаған дұрыстау келеді.
Педагогиканың ірге тасы- философия, дəлірек
айтсақ, тəрбие проблемаларымен арнайы
шұғылданатын оның тəрбие философиясы
тармағы. Тəрбие философиясы өз алдына
білім саласы ретінде тəрбиелік практикада
əртүрлі философиялық жүйе идеяларын
пайдаланады. Философия – педагогикаға
танымның жалпы бағыт-бағдарын, педагогикалық
құбылыстар мен процестерді зерттеудің
əдіс-тəсілдерін көрсетеді. Сондықтан
да, философияны оның біртұтас жəне жүйелік,
құрылымдық талдау əдістерімен бірге
педагогиканың əдіснамалық негізі деп
атау қабылданған.
Қоғамдық құбылыс ретінде тəрбие дамуы
мен педагогикалық білімдердің өткен
жолын педагогика тарихы зерттейді. Өткенді
түсіне отырып, болашаққа көз тігеміз.
Бастан кешіргенді зерттеу жəне оны бүгінгімен
салыстыру осы заманғы құбылыстардың
негізгі даму кезеңдерін нақтылаумен
бірге бұрынғы қателерді қайталаудан
сақтандырады.Педагогика жүйесі келесі
салаларды қамтиды: жалпы педагогика;
жас кезеңдер педагогикасы; əлеуметтік
педагогика; арнайы педагогика.
Жалпы педагогика – адам тəрбиесі заңдылықтарын
зерттеп, барша типтегі тəрбиелік мекемелердегі
оқу-тəрбие процесінің жалпы негіздерін
теориялық тұрғыдан қарастыратын іргелі
ғылыми пəн. Қалыптасқан дəстүр бойынша
жалпы педагогика төрт бөлімнен тұрады.
1) оқу-тəрбие процесінің негіздері; 2) дидактика
(оқу теориясы); 3) тəрбие теориясы; 4) мектеп
тану. Жас кезеңдер педагогикасы педагогиканың
мектепке дейінгі жəне мектептік жүйелерін
өз алдына бөліктеп қарастырады. Олар
өсіп келе жатқан əулеттің белгілі жас
тобына байланысты оқу-тəрбие іс-əрекеттері
ерекшеліктерін бейнелейтін тəрбие заңдылықтарын
зерттейді. Бүгінгі күнде жас кезеңдер
педагогикасы орта білім берудің барша
жүйесін қамтиды. əрқилы жас топтарында
немесе оқу-тəрбие мекемелеріндегі тəрбие
айырмашылықтарын танытушы дербес педагогикалық
салалар пайда болуда. Олардың ішінде
қазіргі күнде өз алдына пəн ретінде оқылатындары
– мектепке дейінгі педагогика, кəсіби
техникалық мектептер педагогикасы, өндірістік
педагогика, ұзақтан оқыту педагогикасы
жəне т.б.
Ғылыми пəндер ішінде ересектердің педагогикалық
проблемаларымен айналысып, қарқынды
даму жолына түскен – жоғары мектеп педагогикасы.
Оның міндеттері- барша деңгейдегі ресми,
ресми емес тіркелген жоғарғы оқу орындарында
жүріп жатқан оқу-тəрбие процесінің заңдылықтарын
ашып беру, қазіргі ауыспалы кезеңде жоғары
білім алудың арнайы проблемаларын зерттеу,
жоғары технологиялық жəне компьютерлік
оқу жүйелерінің принциптерімен таныстыру.
Дипломнан соңғы білім педагогикасы еңбек
педагогикасымен тығыз байланыста мамандық
көтеру, сонымен бірге нарықтық экономикаға
орай көкейкесті болып тұрған халық шаруашылығының
əртүрлі салаларында қызмет етіп жатқан
жұмысшылардың қайта мамандану, егделік
жасқа келгенде жаңа білімдерді, жаңа
кəсіпті игеру мəселелерімен шұғылданады.
Арнайы жағдайларда өтетін тəрбие процестер
ерекшелігін əскери педагогика зерттейді.
Əлеуметтік педагогика ауқымында отбасы
педагогикасы, мəжбүрлі тəрбие (первентив)
педагогикасы, алдын алу (профилактикалық)
педагогикасы дамуда.
Өз дамуында əрқилы мүшелік бұзылыстар
мен ауытқуларға ұшыраған адамдар арнайы
педагогика аймағында зерттеледі. Есітпейтіндер
мен мылқаулар оқуы жəне тəрбиесімен сурдопедагогика,
зағиптар- тифлопедагогика, ақыл-есі кемдер-
олигофренопедагогика шұғылданады.
Педагогика ғылымдарының арнайы тобын
жекеленген немесе пəндік əдістемелер
құрайды. Олар оқу-тəрбие мекемелерінің
барша типтерінде өтілетін нақты оқу пəндерінің
оқытылуы мен игерілуі заңдылықтарын
ашып, мұғалімдерге ұсынады. Өз пəнін оқыту
əдістерімен əрбір педагог жоғары деңгейде
таныс болуы міндетті. Педагогиканы оқыту
əдістемесі де жоқ емес. Қолыңыздағы оқу
құралы осы əдістеме талаптарына лайық
жазылған. Соңғы он жылдықтарда педагогиканың
барша салалары дəстүрлі əдістемелерден
ерекшеленген, нақты жағдайларда жоғары
нəтижеге жеткізуші ең тиімді деген жолдар
мен тəсілдерді түзуге көмектесетін жекеленген
технологиялар жасау бағытында дами бастады.
Тəрбиеге байланысты жаңа ғылым салалары
педагогиканың дəл жəне техникалық білімдермен
тоғысында қылаң бере бастады. Олар –
кибернетикалық, математикалық, компьютерлік
педагогика, суггестология (гипноздық
сендірумен жедел оқыту жүйесі) жəне т.б.
Осы заманғы педагогика адам жөніндегі
басты ғылымдардың бірі ретінде ауқымды
да қарқынды даму жолына түсті.
Сонымен, бұл күнде педагогика кең тармақты
ғылыми жүйе ретінде танылған. Бұл жүйеде
мектеп педагогикасы маңызды орынға ие.
Себебі тəрбие процесі əсіресе балалық
шақта жылдам жүрісте болады, сондықтан
да оны жоғары кəсіптік деңгейде басқара
білу қажет. Өз проблемаларын шешу барысында
педагогика көптеген ғылымдардың деректерін
пайдаланады.
Педагог мамандығының пайда болуы және қалыптасуы, дамуы.
Педагогика бұл-адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас саласы болып табылады. Себебі: педагогикалық білім ұғымы ұрпақты білімге дайындау немесе тәрбиелеу мен байланысты адам әрекетінің ерекше аймағына кіреді. Педагогика барлық ғылымдар сияқты философия ғылымы аясында қарастырылды. Ежелгі грек философтарды Гераклит, Демокрит,Фальс, Сократ, Аристотель, Платон, т.б. ғылымдарының педагогикаға қосқан үлесі зор. «Педагогика» деген ұғым көне грек елдерінде б.з.б. 2,5 жылда пайда болған дейді. Педагогика деген сөз, яғни термин, көне грек тілінен шыққан, ол балаларды ертіп жүру, баланы жетектеп мектепке апаруы деген сөз. Анығырақ айтатын болсақ, «Педагогика» термині гректің екі сөзінен: «пайс» — балалар және «эгейн» — баланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан. Адам өмір бойы тәрбиеленеді және қайта тәрбиеленеді. Педагогика — бала жайындағы ғылым, олай болса ол ұрпақ тәрбиесі жайындағы ілім. Адам баласының ұрпағы үнемі жаңарып, өзгеріп отырғандықтан, педагогика ілімі де үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі кезде тәрбиенің ықпал жасау аясы кеңейе тусуде. Сондықтан «педагогика — бала тәрбиесі жайындағы ғылым»,
-деп шек қоюға болмайды. Педагогиканың ғылыми таным саласы — тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Педагогика — жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым . Ал тәрбие — жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлап, оларға қоғамдық тарихи тәжірибені үйрету процесі. Педагогика пәнін (зерттейтін) толық түсіну үшін ең алдымен негізгі педагогикалық ұғымдарды қарастырайық.
Әрбір ғылымның өзіне тен зерттейтін саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, философиядағы ұғымдарға «болмыс», «материя», «қозғалыс»; саяси экономияда- «қоғамның өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары», ал педагогикада — «тәрбие», «білім беру», «оқыту»жатады.
Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың байланысын танимыз.
Педагогикалық ұғымдардық бірі — тәрбие.
Тәрбие дегеніміз — адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тежірибені беру процесі. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдағы құбылыс ретінде барлық тәрбие салаларын, атап айтсақ: отбасы, мектепке дегіінга мекеме, оқу тәрбие орындары, еңбек ұжымы, ақпарат құралдары, баспа орындарын қамтиды. Біздің мемлекетте бұл салалар қоғамдық, мемлекеттік мақсатқа қызмет етеді.
Кең мағынада деген ұғымда бүкіл сыртқы әсерлердің, адамды қоршап тұрған, табиғи және әлеуметтік ортаның, тәрбиешілердің мақсатты іс-әрекеттерінің ықпалымен адамды қалыптастыру.
«Тәрбие» ұғымы тар мағынада «Тәрбиеші тәрбиелейді», кең мағынада «Өмір тәрбиелейді’ деп қолданудық тәрбие жайлы ұғымды анықтауда зор мәні бар.
Тәрбие — тар мағынада жеке тәрбиелік міндетті шешуге, жеке адамның белгілі бір қасиетін қалыптастыруға, меселен, эстетикалық талғамын тәрбиелеуге бағытталған жұмыс.
Тәрбие жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы коғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс. Тәрбие -педагогикалық кең мағынада қоғамның арнайы бөлінген адамдары — мұғалім, педагог, тәрбиешілердің басқаруымен жүргізілетін мақсатты үрдіс. Олар арнайы тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жеке адамның қалыптасуына ықпал жасайтын жиынтық факторларды пайдалана отырып әрекше әдіс-тәсілдерді қолданады.
Тәрбие жайлы әр түрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді. Тәрбиені әресек адамдардық балаларға ықпал жасауы деп түсіндіруінілер де бар. Бұл жағдайда бала енжар объект түрінде қарастырылады. Ол педагогикалық процестің субъектісі бола алмайды, яғни, өздігінен ойланып, белсенді іс-әрекет жасай алмайды. Бұдан тәрбиеге бір жақты анықтама беру байқалады.
Білім беру — табиғат пен қоғам жайында жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуі.
Білім беру ұғымын педагогикаға тұңғыш енгізген И. Песталоцци.
Білім беру — оқыту мен тәрбие жұмысын біріктіретін және жеке бастық дамуына ықпал жасайтын процесс.
Оқыту — білім берудің негізгі жолы. Оқыту екі жақты, бір текті процесс:
1. Оқытушы оқушыларға білім берін, іскерлік, дағдыға үйретеді.
2. Оқушы таным міндеттерін жете түсініп, жаңа білімді, іскерлікті, дағдыны игереді және оларды өмірде колданады.
Ал адамның білім алуы тек оқыту процесінің нетижесі емес, оның; білім алуына көпшілік ақпарат құралдары кино, радио, телехабар, т.б. ықпал жасайды.
Сонымен бірге адамның «жетілуі», «даму», «өзін-өзі тәрбие¬леу» ұғымдары да педагогиканың зерттейтін меселелері саласын толықтырады.
Жеке адамның дамуы — бұл ішкі және сыртқы, басқарылатын, басқарылмайтын және факторлардың ықпалымен жеке адамның қалыптасып жетілу процесі. Жеке адамның дамуы мен жетілуінде мақсатты түрде жүргізілетін тәрбие және оқыту шешуіні рөл атқарады.
Жеке адамның қалыптасуында өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы зор. өзін-өзі тәрбиелеу — адамның саналы түрде, белгілі бір мақсат көздеп өзінің бойына қалыптастыратын қасиет, мінез-құлық дағдысына бағытталған жұмыс.
Негізгі педагогикалық, ұғымдар – тәрбие, білім беру, оқыту біріне-бірі теуелді, табиғи байланысты. Бұл ұғымдар жастарды өмірге, тәжірибеге дайындаудың басты құралы.
Педагогиканың шығуы және дамуы.
Педагогиканың шығуы және дамуы. Қандай да болмасын ғылым салаларының дамуы қоғамның өмірлік мұқтаждығынан, талабынан туады. Педагогиканың пайда болуы қоғамның жас ұрпақты тәрбиелеудің тиімді жолын табу мақсатынан және де өндірісті дамыту талабынан туған. Тәрбие ұрпақ пен ұрпақты байланыстыратын дәнекер болып саналады. Педагогика ғылымы ұзақ тарихи даму жолынан өтті.
Алғашқы педагогикалық ой-пікірлер әртедегі шығыс елдерінің (Мысыр, Вавилония, Унді, Қытай) философиялық жүйесінде дамып, кейін біртіндеп өз алдына жеке ғылым болып дами бастады.
Ежелгі дуние философиясы әртедегі шығыс елдерінің қорытып жиыстырған білім мұрасын дамытқан еді. Сократ, Платон, Аристотель, Демокрит саясат, тәрбие, мемлекет, жеке адам тәрбиесінің мақсаттары мен мазмұны және әрекшелігі сияқты педагогикалық мәселелерді қарастырады. Феодалдық қоғамда (орта ғасырда) тәрбиеге деген көзқарас мүлдем өзгәрді. Әрте дүние педагогтары ұсынған адамның рухани және дене күштерінің қатар дамуы көзқарасының орнына «о дүниелік өмірге» дайындауды ұсынған пікірлер қалыптасты.
ХУ-ХУI ғасыр педагогикасы орта ғасыр педагогикасын сынады. Адамның жеке басының тәрбиесін оның дамуы ойшылдарды толғандырды, мәдениет пен педагогикалық бағыт «гума¬низм» деп аталды (Ф.Рабле, Т.Мор, Т.Кампанелла). Гуманистәр жаңа дәуір үшін жаңа адам қажеттігін дәлелдеді.
Феодализмнен капитализмге өту деуірінде дін шығармауындағы ғылымдар дамып, жеке бөлініп шыға бастайды.
Осы кезде педагогика да өз алдына ғылым ретінде бөлініп шықты. Сол ғасырда педагогиканың жеке ғылым ретінде мәртебесі чех халқының ұлы педагогы Ян Коменскийдің (1592-1670) «Ұлы дидактика» еңбегімен беки түсті.
Қорытынды.
Оқу жұмысының жемісті болуы,
ең алдымен, балада білімге деген қызығушылықтың
нәтижесі болып табылады. Мүмкін бала
өзі оқуға талпынбаса, күшпен зорлап оқыту
мүмкін емес. Қызығуды туғызу үшін оқушыларға
берілетін білімнің мақсаты мен қажетін
түсіндіріп, оларға нақты оқу міндеттерін
үйрету керек.
Қызығуды туғызудың шарттары мен амалдары
көп. Солардың ішінен мына төмендегідей
3 процесті атап көрсеткен пайдалы:
1. Оқу материалының мазмұны /ондағы жаңалық-тар,
қазіргі ғылым мен техникадағы жаңа табыстар,
оның практика үшін пайдасы т.б./
2. Оқуды ұйымдастыру, басқару процесінің
ерекшелік-тері /оның әдістері мен формалары
т.б./. Мысалы оқытудың проблемалық сипаты,
оқушылардың творчестволық және практикалық
жұмыстарды өздігінен орындауы, көрнекі
құралдар мен техникалық құралдар т.б.
3. Мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас-тың
ерекшеліктері. Мысалы, сабақта мұғалім
мен оқушылар арасында жылы шырайлы педагогикалық
қарым-қатынастың болуы, еркін, жағымды
ерекше жағдай, мұғалімнің көңіл-күйі,
ақжарқын болуы, оқушылардың бір-біріне
көмек беруі, өзара ойын-жарыс ұйымдастыру
т.б.
Жаңа оқу материалын танымдық қабылдау
Оқушының білімді меңгеруі жаңа оқу материалын
қабылдаудан басталады. Қабылдау -адамға
тікелей әсер ететін заттардың немесе
құбылыстардың адам санасында бейнелену
процесі. Сабақ үстінде оқушылардың жаңа
материалмен танысуы түйсіктен және қабылдаудан
баста-лады. Ал түйсік сананың сыртқы әлемімен
байланысты. Сезім мүшелерімізге әсер
етіп, оның миымызда бейне-ленуін түйсік
деп атайды.
Білімді жан-жақты меңгеру және түсіну
үшін оқу материалын қабылдау - бақылау
жеткіліксіз. Одан әрі оқушылар қортындылар
жасауға тиіс. Бұл оқушы-лардың білім мазмұнын
жете түсініп, ұғынуы және белсенді де
терең ойлау әрекетінің нәтижесінде ғана
жүзеге асады.
Ұғыну - бұл саналы түрде ғылыми білімді,
заңды-лықтарды ұғу, фактілерді жинақтау
процесі, қорытынды шығару. Ұғыну процесінде
оқылатын материал терең ойластырылады,
дәлелденіледі және бекітіледі.
Ұғым, қарапайым және ғылыми ұғым болып
екіге бөлінеді. Қарапайым ұғым дегеніміз
баланың оқудан емес, өмірден көріп - білгендерінен
туатын әртүрлі құбылыстар жөніндегі
түсінігі. Ғылыми ұғымдар тек оқыту процесінде
жинақталатын мәліметтер, қағидалар мен
құбылыстар туралы білім, түсінік.
Ұғымның қалыптасуы - өте күрделі процесс,
ол - оқушылардан белгілі ойлау амалдарын
қолдануды талап етеді. Ойлау - талдау
/анализ/, синтез, дерексіздендіру /абстракция/,
жалпылау сияқты операциялардан тұрады.
Оқушыларда ұғымды қалыптастыру үшін
мұғалім оларды осындай ойлау операцияларын
қолдануға үйретеді.
Абстракциялау деп заттардың негізгі
қасиеттерін, оның екінші дәрежелі қасиеттерінен
бөліп алып, жалпылап қарауды айтады.
Білімді бекіту
Оқыту процесінде оқушылардың алған білімдерін
бекітіп отырудың маңызы ерекше. Бекіту
- бұл оқушылардың білімді берік ұғынуының
тиімді әдіс-тәсілі. Сабақта жаңа материалды
қабылдаудан кейін, бекіту әр түрлі практикалық,
лабораториялық жұмыстар негізінде жүзеге
асады.
Бекітудің бұдан да басқа әдіс-тәсілдері
бар. өтілген оқу материалын бөліктерге
бөліп қайталап отыру: күнделікті қайталау,
тақырыптық қайталау, есте қалдырудың
тәсілдерін үйрету т. с. с.
Білім мен дағдыны практикада қолдану
Білімді жан-жақты меңгеру, оны практикада
қолдануды қажет етеді.. Білім мен дағдының
сапасы мен нәтижесінің көрсеткіші практика.
Егер оқушы білімді практикада қолдана
алмаса, бұл оның білімді үстірт қабылдағандығынан,
жете түсінбегенінен болады. Білімді практикада
қолданудың оқу процесінде екі түрі жиі
кездеседі. Бірінші - білімді жаңа материалды
ұғыну үстінде қолдану, екіншісі - жаңа
оқу міндеттерін шешу үстінде қолдану.
Бұл кезде оқушы бұрын алған білімін жаңа
мәселелерді шешуге байланыстырып, өздігінен
әрекет жасай алады.
Білім мен дағды оқыту процесінде түрлі
практикалық және лабораториялық жұмыстарда
кеңінен қолданылады. Мұндай жағдайда
оқушылар өздігінен бақылау, тәжірибе
жасау, іздену әрекеттеріне негізделген
жұмыстарды орындайды.
Оқушылардың білімі мен дағдысын тексеру,
оны талдау және бағалау. Оқыту процесінде
бұл жұмыс өз алдына дербес практикалық
буын болып табылады және оқытудың әрбір
кезеңінің құрамынан да орын алады.
Оқытудың білім алудағы жетістіктерін,
табыстарын және мүмкіндіктерін талдап,
айтып берудің және оны бағалаудың маңызы
ерекше. Мұғалім мен оқушы үшін мұндай
жұмыс, кибернетикалық тілмен айтқанда
кері байланыс болып табылады. Мұны мұғалім
оқытудың әрбір кезеңінде: жаңа білімді
қабылдау, оны ұғыну, бекіту, практикада
қолдану кездерінде іске асырады. Сонымен
қатар бұл жұмыс оқыту процесінің белгілі
кезеңіндегі /тоқсан және жыл аяғында/
дербес буын ретінде де қолданылады.
Бағаны дұрыс қоюдың оқушылар үшін тәрбиелік
маңызы ерекше: ол - оқуға деген стимул,
мотив функцияларын атқаруы мүмкін.
Оқыту процесінің жоғарыда айтылған жеке
буын-дарының маңызы мен орнын білумен
қатар, олардың бір-бірімен өзара тығыз
байланысты болатынын, біртұтас процесс
екенін ұмытпау керек. Сондықтан оқушының
білім мен дағдыны меңгеру жолын біртұтас
процесс деп қараған жөн. Ол - қабылдау,
түсіну, бекіту, қолдану сияқты өзара байланысты
құрамнан тұрады.
Пайдаланған әдебиеттер
1.Алдамұратов Ә. Жалпы психология. Алматы, «Білім», 1996
2.Теплов Б.М. Педагогика. «Советтік оқу құралдар». Алматы, 1949
3. Джонсон–Лэард және Возон “Адамдар – нағыз логикаға ие емес тірі жандар” 1977
4. Ғаламтор мәліметтері.
Информация о работе Педагогикалық қызметтің маңызы туралы түсінік