Педагог-тәрбиеші қызметінің жүйесі. Педагог-тәрбиеші қызметінің құрылымы
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2014 в 16:23, доклад
Описание работы
Қазіргі мектептегі гуманизация мен демократизация идеясы оқытушы мен оқушыға оқу-тәрбие жұмыстарының тәсілдерін, бағыггарын, ыңғайын, әр түрлі деңгейлердегі бағдарламаларды, диференциялық білім беруді тандап алуға еркіндік құқын беріп отыр. Мұның өзі үлкендер мен балалардың бірлесе отырып еңбектенуіне, бір тәрбие жүйесін екіншісімен ауыстырып қолдануға жағдай туғызады, мектептен тыс жағымды қоғамдық құрылымдардың ықпалын оқу-тәрбие жүйесіне ендіру мақсатында мектеп есігін ашық ұстау принципін ұстанып келеді.
в) гимназистердің
дамуына ықпал ететін қосымша пәндерді,
факультатив курстарды, арнаулы курстарды
енгізу;
г) гимназияда тәрбие
жұмысының жаңа технологиясын және мазмұнын
айқындау;
д) гимназистердің
қоғамдық жұмыстарға араластыру мүмкіндіктерін
қамтамасыз ету. Сонымен,
1. Гимназиялық білім
берудің негізгі міндеттері болып:
— Гимназистердің
табиғи мүмкіндіктерін дамыту;
— Гимназистердің
шығармашылық қасиетін айқындау және
оны дамыту;
— Гимназистердің
өз бетінше дамуына жағдай жасау, түрткі
тудыру; білік, дағдыларын дамытып, қалыптастыру;
— Психологиялық дағдыларын
дамыту.
2. Гимназияда оқытудың
міндеттері:
— Жан-жақты және терең
білім бере отырып, дүниеге көзқарасын
қалыптастыру;
— Ойлау әрекетіне
дағдыландыру;
— Білімін жетілдіруге
өз бетінше дағдыландыру (кітаппен, қосымша
әдебиеттермен өз бетінше іздене жұмыс
істеуге, реферат, баяндама жасауға үйрету);
— Білімін жетілдіруге
өз бетінше дағдыландыру және ғылыми-зерттеушілікке,
еңбекке баулу;
3. Гимназияда тәрбиелеудің
міндеттері:
— Жеке тұлғаның адамгершілік
бейнесін қалыптастыру;
— Қоршаған ортаға
ізгілік қарым-қатынасын қалыптастыру;
— Жеке тұлғаның ішкі
мүмкіндігі бойынша дамуын жетілдіру.
Гимназиялық білім
берудің негізгі ұстанымдары:
1. Білім беруді ізгілендіру.
2. Дамыта оқыту
ұстанымы.
3. Даралап оқыту
ұстанымы.
4. Білім беруді саралау.
5. Білім берудің үздіксіздігі.
6. Білім беруді гуманитарландыру.
7. Білім берудің жүйелілігі.
Гимназиялық білім
берудің негізгі ұстанымдарын басшылыққа
ала отырып, жаңа типті мектеп-гимназияларда
жүргізетін тәлім-тәрбие жұмысының өзіндік
ерекшеліктерін айқындау. Жалпы жаңа типті
мектептердің тәрбие жұмысы гимназистердің
іс-әрекеті негізінде іске асады.
Іс-әрекет құрылымы:
Шындығында оқушының
іс-әрекетін тудыруда негізінен түрткі
болу қажет. Іс-әрекет құрылымының негізгі компоненттері материалдық,
экономикалық, гигиеналық, моральдық-психологиялық,
уақытша жағдайлар негізінде
іске асады. Бұл жағдайлар
іс-әрекеттің құрылымына тікелей кірмесе
де оның іске асуына тікелей жағдай жасайды.
Мектеп дамуында жаңашыл үрдістің, жаңашыл
іс-әрекеттің субъектісі болып: мектеп-гимназия
директоры, директордың орынбасары, мұғалімдер,
ғалымдар, оқушылар, ата-аналар, демушілер,
әдіскерлер, ол жоғарғы оқу орындарының
мұғалімдері, кеңесшілер, білім беру органдарының
қызметкерлері т. б. енеді.
Мектеп-гимназиядағы
тәрбие үрдісіндегі жаңашылдық неде дегенге
келетін болсақ, жеке тұлғаны қалыптастыруда
сабақ үрдісінде, тәрбие беруде және
сыныптан тыс уақытта
төрбие беру мәселелері негізгі орын алады.
Мектеп-гимназияның сыныптан тыс жүргізілетін
іс-шараларының негізгі көздеген мақсаты,
бүгінгі қоғамдық ағымға еркін араласатын,
өз ойларын еркін айта алатын белсенді
жеке тұлғаны қалыптастыру. Мектеп-гимназияларының
басқару құрылымы:
Жаңа типті мектептегі
тәрбие жұмысы, аты айтып тұрғандай өзіндік
жаңашылдығымен айшықталуы керек. Яғни,
жаңа типті мектептегі оқу-тәрбие үрдісіндегі
жаңашылдық:
— білім берудің мазмұнында;
— оқу-тәрбие үрдісінде;
әдістерінде; технологиясында; оқу-тәрбие
үрдісін ұйымдастыруда; жаңа типті мектептің
басқару жүйесінде көрініс табуы керек.
Жаңалық енгізудің негізгі
түрі — жаңашылдық (потенциалы) мүмкіндіктері. :
Субъективтік құрылымына
қарай мектеп-гимназия жұмысының қандай
дәрежеде екенін байқауға болады. Кейбір
жағдайда әр түрлі тығыз істерге байланысты
субъективтік құрылымдар өзгеріске ұшырайды.
Жаңашыл
үрдістің мазмұңдық құрылымы: оқыту, тәрбиелеу, оқу-тәрбие
үрдісінде, мектеп-гимназияны басқаруда
өзіндік жаңашылдығымен көрініс табуы
керек. Әрбір компонент өзіндік күрделі
құрылымнан тұрады. Оқу-тәрбие үрдісінде
ол білім мен тәрбие берудің әдістерінде,
түрінде, тәсілінде, құралында және т.
б. жаңашылдығымен көрініс табады.
Жаңа үлгідегі мектеп-гимназияларда
тәрбие жұмысын төмендегі бағыттар бойынша
жүргізу көзделді:
1. Гимназистердің
танымдық белсенділігін дамыту.
Гимназистердің танымдық
белсенділігін дамыту сабақ барысында
және сабақтан тыс уақыттағы жүргізілетін
іс-шаралар өзара байланыста іске асады.
Яғни, сабақ үрдісінде өтілетін материал
гимназистердің танымдық іс-әрекетін,
белсенділігін дамытуға ықпал ету (гимназистердің
шығармашылық ізденуіне түрткі тудыру
арқылы, ойын эрекеті: дикуссия, эксперименттік,
зерттеушілік) негізінде іске асырылады.
Ал, сабақтан тыс уақытта
гимназистердің танымдық белсенділік
іс-әрекетін дамытуға:
— Оқытудың сабақтан
тыс шығармашылық түрі арқылы: пән апталығы,
байқаулар, пәндік олимпиада, турнирлер,
марафондар және т. б.
— Клубтық және үйірмелік
іс-әрекеттер арқылы: драмалық клуб, дискуссиялық
клуб, музыка студиясы, пәндік үйірмелер
— Кітапханаларға,
музейлерге, театрларға, көрмелерге жүйелі
және үзбей бару арқылы жүзеге асады.
Оқушы гимназистердің
ұжымық іс-әрекетінің ұйымдастырылу түрінің
әр түрлілігіне байланысты, олардың топтарының
құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты
тәрбие жұмысы:
1. Сынып ішінде
жүргізілетін тәрбие жұмыстары.
2. Сыныптан тыс уақытта
жүргізілетін тәрбие жұмыстары: а) клуб,
үйірмелерде жүргізілетін тәрбие жұмыстары;
ә) сынып аралық тәрбие жұмысы болып екіге
бөлінеді.
3. Қоршаған ортаға
ізгілік қарым-қатынасын және жеке
тұлғаның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
4. Жеке тұлғаның
бойындағы адамгершілік негіздерді қалыптастыруда
адамгершілік сезім, адамгершілік сана,
ерік, ойлау қабілетін жетілдіру болып
табылады.
5. Жеке тұлғаның
ішкі қажеттілігі бойынша өзін-өзі
жетілдіруді қалыптастыру.
Өзін-өзі жетілдіру
— жеке тұлғаның адамгершілік қалпын
тереңдету үлгісі. Өзін-өзі тануы және
мінез құлқының дұрыс қалыптасуына байланысты
дағдыларды жетілдіріп отыру.
“Салауатты өмір —
өмір салты” атты 10-11 сынып оқушыларымен
жүргізілетін тәрбие сағаттарының үлгі
тақырыптары.
10 сынып
1. Ұрпақ саулығы — ел
байлығы
2. Денсаулық сыры
неде?
3. Сымбаттылық —
адам сәні
4. Денені шынықтыру
міндетің
5. Спорт пен таза
ауа
6. Нағыз жігіттік
— күште
7. Ұлттық ойынның
— бүгіні мен болашағы
8. Спорт — ақыл-ойдың
шынықтыру көзі
9. Анашаның адам
өміріне зияны
11 сынып
1. Спорт пен еңбек
егіз
2. Дені сау ұрпақ
тәрбиелеу — ел міндеті
3. Адам және табиғат
4. Туған жер табиғаты
— жанға сая
5. Спид — XX ғасырдың қасіреті
6. Тән тазалығы
— жан тазалығы
7. Салауатты өмір
және халықтық педагогика
Жоғары сынып оқушыларының
ар кодексі:
1. Ар, ұят, намыс
— бұл адамның адамгершілік
сапалары, оның игі істері, адалдығы
мен ақ ниеттілігі, ар тазалығы.
2. Ар мен ұят
— ұлы құндылықтар. Жеке тұлғаның
күш қуаты мен өзіндік ерекшеліктері,
даму сатысы мен деңгейі солармен өлшенеді.
3. Ар мен ұят
бізге туа берілмейді, ол ұзақ
мерзімдік өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі
қалыптастырудың жемісі. Арлы адам болу
өз қолында.
4. Арлы адам жоғары
сенім мен қатаң принциптерді ұстайды.
Ол асқақ мұраттарға жетуге талпынады.
Ол көпшілікке еліктемейді, көптің ішінде
өзінің ерекшелігін сақтайды.
5. Адам бір өзі өмір
сүре алмайды, бірақ біреулердің үстінен
күн көру адалдық емес, адамгершілікке
жат қылық. Біреуді бақытсыздыққа үшыратып
одан өз бақытынды таба алмайсың.
6. Мектеп — әр
түрлі жастағы, әр түрлі тағдырлар мен
мінез-құлықты адамдардың басын біріктіретін
біздің ортақ үйіміз.
7. Біздің адамдар
отанды қасиет тұтады, өз ата
бабаларының тарихы мен дәстүрін
құрметтейді, өз
мектебінің ұжымының
құндылықтарын қорғай біледі, оның дәстүрлерін
дамытып, гүлдендіре түседі.
8. Арлы адамдар ақылдылық,
білімділік, зиялылықты жоғары бағалайды.
Адам үнемі білім алуға ұмтылады, өйткені
ол адам. Оған ақыл мен сезімнің, сөз бен
істің үйлесімділігі қажет.
9. Жеке тұлғаның
даму деңгейі ер балалар мен
қыз балалардың қарым-қатынасында
айқын байқалады. Біздің мектебіміздің
жігіттері мен қыздарының қарым-қытынас
өлшемдері олардың шынайы және моральдық
тазалығымен, ар-ұят қасиеттерімен реттеледі.
10. Қиындықтар мен
ауыр жағдайлар жағымсыз мінез-құлықтар
мен әрекеттерді ақтамайды. Тәртіпті адам
кез-келген жағдайда арын сақтай біледі.
11. Әлеуметтік белсенді
тұлға өз айналасындағы өмірді
қызықты ете алады. Егер де
күш-жігерің мен табандылығың
болса, өмірді жақсарт, жоқ болса
— онда қала бер, ең болмаса тәртіпті
бол.
12. Ардан басқа ешнәрсе
де соншалықты қиындықпен келмейді және
ешнәрсе де ар сияқты жоғалмайды. Арынды
жастан сақта.