Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2014 в 17:15, реферат
Бар әлемге шын танылдық міне, біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан – Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.
Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
1-жүргізуші:
Бар әлемге шын танылдық міне, біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан – Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.
Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.
Елбасыны құрметтейтін ерекше
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік! Біздің Психология және Педагогика факультетінің “Бір Отан, бір тағдыр, бір Елбасы” атты мерекелік іс-шарасына қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:
Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,
Қазақ елін мойындауда дос таңдап.
Елбасының еңбегімен нұрлана
Қазағымның мерейі тұр аспандап.
Елі үшін олжа салып қиырдан,
Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.
Мерекеңіз құтты болсын көпшілік
Елбасының құрметіне жиылған!
1-жүргізуші:
Ардақты ағайын, 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім. Яғни, өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 1 желтоқсан – мемлекет тарихының мерейлі күні саналуы лайықты.
2-жүргізуші:
Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, бұл баршамыз үшін қуанышты оқиға болды. Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлік іс - шараға айналуға орны бар екенін шынайы сезіммен айтып өтуге тура келеді. Биыл міне, тағы да осы мерекені тойлағалы отырмыз.
Елі үшін көтеріп нар жүгін де,
Сенімі нық сезілетін үнінде.
Аты озған дүниедегі дүбірде
Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?!
1-жүргізуші:
Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік іс-шарамызды ашық деп жариялаймыз. Елді ел қылар – тағдыр емес, ағайын!
Елді ел қылар – жас ұланның намысы!
Ендеше халайық, жүрекке ыстық, құлаққа жұмсақ тиер ҚР мемлекеттік әнұранын орындайық!
Гимн
2-жүргізуші:
Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күні мерекесіне байланысты құттықтау сөз Психология және Педагогика факультетінің деканы Айдналиева Назгүл Аманжолқызына беріледі.
1-жүргізуші:
Бір басында кемеңгерлік, даналық,
Елін сүйген елі үшін жаралып.
Сол кісідей болса - болсын әр алып
Адамдықтың аласармас үлгісі
Бір өзінен жатқаны шын таралып
Бүгін Тұңғыш Президенттің күніне
Әсем әнді шырқата бір салалық!
Назарларыңызға «Мектепке дейінгі оқыту
және тәрбиелеу» мамандығының 3-курс студенті
Балтабаева Ботагоздің орындауындағы
2-жүргізуші:
Жаңа тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасының дамуы, барлық атрибуттары – ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік басқару және биліктің бүкіл тармақтарының өзара әрекет ету жүйесі – бар ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуы Назарбаев есімімен тығыз байланысты.Осындай өзінің ерен еңбегімен Қазақстан Республикасына көп еңбек сіңірген Президентіміздің қысқаша өмір жолы жайлы баяндамаға кезек берелік.
(президенттің өмір жолы
1-жүргізуші:
Қазақ елі желбіреп көк байрағың,
Гүлге оранды ауылың мен аймағың,
Нұрсұлтаның биіктерге бастады,
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын,-дей келе
биіне кезек берелік.
2-жүргізуші:
Ауыр күнді артымызға тастауы
–
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы,-дей келе,
елбасымыздың құрметіне арналған өлең
жолдарын назарларыңызға ұсынамыз.
1-жүргізуші:
Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған
ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Қазір тәуелсіздігімізді алдық, біз – бақытты елміз.
2-жүргізуші:
Әнге толсын барлық қала ауыл
бар
Қағылсын бір барабандар, дабылдар
Тұңғыш Президент күнін ардақтау
Бәріміздің борышымыз, бауырлар!-дей келе,
келесі кезекті
ән шашуына береміз.
1-жүргізуші:
Жыр жазам деп талпынады жас балаң.
Тәй-тәй басып келе жатқан жас қалам.
Жүрегінің түкпірінен шығарып
Әннен шашу болды оған,міне,бір арман – деп келесі кезекті студенттердің президент құрметіне арнап шығарған туындыларына береміз.
2-жүргізуші:
Кең байтақ қой Қазақстан картасы,
Астанамен айшықталған ортасы.
Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
Бұның бәрі Елбасының арқасы - дей келе,
келесі кезекті биге береміз.
1-жүргізуші:
Нұрсұлтан Назарбаев — мемлекеттігімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы. Аумалы-төкпелі заманда мың өліп, мың тірілген қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да, арманына да Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұсында жетті.
2-жүргізуші:
Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ біздер жақсы білуіміз керек.
1-жүргізуші:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – ата-анасын қатты құрмет тұтатын,ұлттық дәстүрде тәрбиеленген, халқының бар қадір-қасиетін бойына жинаған, тілін, тарихы мен мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін жетік білетін, ұлтын жан тәнімен сүйетін, оның мәртебесін өсіріп, халқының үміті мен сенімін, ақтап келе жатқан қалың елінің жанашыры, мұңдасы, тағдырласы бола білген ұлтжанды азамат.(Келесі кезек күй орындайтын студентке беріледі).
2-жүргізуші:
Алдарыңызда өнер көрсеткен
Елбасы — халықаралық қауымдастыққа кеңінен танылған, өркениетті елдердің басшылармен терезесі тең, сөйлескенде сөз алатын, елдескенде мейірімін шашатын саясаткер.
1-жүргізуші:
Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол Тәуелсіз Қазақстан! Тәуелсіздік барлық Қазақстандықтар үшін аса қасиетті құндылық. Жұмыла отырып, біз тәуелсіз, өркендеген, саяси тұрақты Қазақстанды құрудамыз. «Мен өз халқымды сүйемін, оның мәні бала кезімнен сабыр мен парасатқа баулығанын мақтаныш тұтамын» деді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Енді келесі кезекті сіздерге берейік. Біз сіздермен сұхбат жүргізсек. Сұрақ:
Болашаққа саяхат «Егер де мен………»
Президент болсам….
Көрермендердің ой-пікірін тыңдау.
2-жүргізуші:
Мемлекетіміздегі жоғарғы лауазым президенттік қызмет елдің, халықтың үміті мен сенімін, бабалар аманатын арқалаған ең жауапты, ең қиын міндет.
1-жүргізуші:
Ел тынысын тереңінен танып
кең,
Шарапаты бар адамға дарып тең.
Елбасының есімі бұл тарихта
Қалар анық өшпес алтын әріппен.
2-жүргізуші:
Ғасырларға жалғастырып елдікті,
Дақ түсірме ата – баба рухына.
Үлгі бізге аталардың ерлігі,
Ұлағаты, өнегесі, еңбегі.
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Бүгінгі ұрпақ – болар елдің ертеңі.
Екі жүргізуші бірге:
Тұңғыш Президент күні баршаңызға
құтты болсын! Тәуелсіздік туы әрдайым
биікте желбірей бергей! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз
еңселі болғай!Сау болыңыздар!