Шағын жинақталған мектептерде музыкалық білім беру әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2013 в 16:02, курсовая работа

Описание работы

Еліміз егемендігін алғаннан кейінгі ұлтымыздың жаңа заманға қадам басып, ұлттық сананың қайта жаңғыру сатысында тәуелсіз мемлекет болу тарихынан бастап жеткен жетістіктер айтарлықтай. Соның ішінде, шағын жинақталған мектептердің қосқан үлесі де жоқ емес. Көптеген халық жанашырлары мен зиялылары осы ауылдық шағын жинақталған мектептерде білім алып, тәрбиеленді. Аталмыш мектептердің тарихына үңілсек, шағын жинақталған мектептер алғашында Қазақстан территориясындағы халықтың әркелкі орналасуына байланысты алыс ауылдық жерлерде, уақытша қоныстанған елді мекендерде ашыла бастаған.

Содержание работы

Кіріспе.......................................................................................................................2
1 Бөлім. Қазақстанда шағын жинақталған мектептердің қалыптасуы (тарихи-теориялық аспектілері).............................................................................5
2 Бөлім. Қазіргі кезеңде шағын жинақталған мектептердегі тәрбиелік жұмыстардың өзекті мәселелері..........................................................................10
3 Бөлім. Шалғайдағы шағын жинақталған мектептерде музыкалық-тәрбие жұмыстарын жүргізудің мүмкіндіктері............................................................16
4 Бөлім. Ауылдық шағын жинақталған мектептерде музыкалық тәрбие беру түрлері............................................................................................................23
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................29

Файлы: 1 файл

ШАҒЫН ЖИНАҚТАЛҒАН МЕКТЕПТЕРДЕ МУЗЫКАЛЫҚ.doc

— 461.00 Кб (Скачать файл)

Курстық жұмыс  тақырыбы шағын жинақталған  мектепте музыкалық тәрбие жүргізу  түрлері, яғни тәрбие мәселелеріне байланысты болғандықтан,  еңбектердің авторлары: М.Х. Балтабаев, К.К. Жампеисова , Ш. А. Жалғасова, Л.К. Керимов, Р.М. Қоянбаев, Г.К. Нұрғалиева, Э.И. Шыныбекова және т.б.

2003-2004оқу жылының басында алынған  статистикалық мәліметтерге сүйенер  болсақ, 8160 жалпы білім беретін  мектептердің 4219-ы (барлық мектептің 52%) шағын жинақталған мектептерді құрайды. Ал, ауылдық жерлерде 6182 жалпы білім беретін мектептер орналасса, оның 4072-сі, яғни ауылдық мектеп санының 147-сі ауылдық шағын жинақталған мектеп.

Шағын жинақталған мектептердің Қазақстанда  қалыптасуының әлеуметтік-саяси және педагогикалық алғышарттарына қысқаша тоқталып өтсек.

Қоғамның ырғақты дамуы үшін қажетті алғышарттар сан алуан. Оған экономиканың ұйымдастырылуы, қоғамдық қатынастар, саяси құрылым,геосаяси жағдай, демократия мен заңдылықтың сақталуы, табиғи-климаттық ерекшеліктер бәрі тікелей әсер етеді. Осынау алғышарттар ішінде білімнің алар орны ерекше. Білім экономикалық потенциалдық өсуіне, еңбек өнімділігін арттыруға адамдардың, әсіресе жастардың ой-өрісін, ішкі дүниесін қалыптастыруға пәрменді ықпалы бар шарт екені нақты есептеулермен де, теориялық тұжырымдамалармен де әлденеше дәлеледенді.[27]Мектептердің ішіндегі бәләм берудің дамуында едәуір үлесін қосып отырған ауылдық шағын жинақталған мектептердің дамуына әсер еткен алғышарттарды бірнеше топқа бөліп қарастыра аламыз. Тізбектеп айтатын болсақ: 1) қоғамдық-тарихи; 2) нормативтік-құжаттық; 3) ғылыми-әдістемелік; 4) ұйымдастыру-педагогикалық; 5) материалдық-техникалық және т.б. Қазақстандағы шағын жинақталған мектептердің 1930-1960 жылдар аралығындағы қалыптасуы, дамуына осы алғышарттар себепкер болған еді. Ол қоғамдық-тарихи алғышарттарына қысқаша тоқталар болсақ, тарихи қомақты төңкерістер, саяси бағыттар экономикалық жағынан кесірін тигізді. Ал, нормативтік-құжаттық алғышарттарға ХІХ ғасырдың 60-жылдары Ресейде өткізілген мектеп реформаларына басты орында балаларға бастауыш білім беру мәселелері болды. Қазақстанда және де басқа ұлттық аймақтарда бұл мақсат аздық етіп, мұсылман діні мен мұсылмандардың күшіне қарсы күресуші бастауыш мектептерді құруды қажет еткен болатын.

Осы тұстағы мақсатын жүзеге асыруда, Қазақстанда В.В. Григорьев өзінің жақтастарымен қазақтар арасындағы мұсылмандыққа қарсы күресті  бастауыш мектептен бастауды көздеп, саясатын іске асыруды қазақ балаларын  оқытатын орыс-қазақ бастауыш мектептерінен батаған болатын. [28]Алғышарттардың ең маңыздыларының бірі – ғылыми-әдістемелік алғышарттар. Орыс-қазақ мектептерінде пайда бола бастаған бастауыш мектеп оқушыларының басты пәндері оры тілі мен қазақ тілі болғандықтан, оқулықтар шығару қажеттілігі туа бастады. В.В. Григорьев орыс-қазақ бастауыш мектеп оқушыларына оқулықтар шығаруды Шығыс халқының миссионері Н.И. Ильминскийге тапсырған болатын.  В.В. Григорьев оқулық орыс алфавиті негізінде болуы керек деген мақсаттаН.И. Ильминскийге тапсырма бергенімен, ол оқулықтар орыс-қазақ мектептері ашылуына шығарып үлгермеді.

Осы тұста қазақ балаларын оқулықпен  қамтамасыз етуге қазақтың алғашқы  педагогы, тұңғыш ұстаз Ы. Алтынсариннің  еңбегі орасан зор болды. Қазақ жеріндегі  мектепті ұйымдастырып, «Кел, балалар, оқылық» деген ұстаныммен білім табалдырығына қадам аттатты.

Ы. Алтынсариннің сабақ бағдарламасы мынадай болды:

1) Аудармасын түсіндірумен орысша  кітаптар оқу.

2) Әртүрлі пәндер бойынша орысша  атауларын меңгеру.

3) Орысша әңгімелесу.

4) Грамматикалық талдау мен жеке  фразалардың бірігуі мен келісім  ережелері.

5) Таза жазу.

6) Арифметика: қосу, алу, көбейту,  бөлу.

7) Жер шары туралы кейбір мәліметтер.

8) Әлемнің бөлшектері және Европа  мемлекеттерінің басты қалалары.

9) Қалалар туралы мәліметтер.

10) Татар тілі (жазу мен оқу).

Бұдан басқа Ыбырай Алтынсарин өзінің ұстаздық қызметінің бастамасында, балаларға  отанға деген патриоттық сезімді  сіңіру, еңбекке сүйіспеншілік пен  эстетикалық тәрбиеге үлкен көңіл  бөлді. [29] Біздің қозғап отырған тақырыбымыз тәрбиеге байланысты болғандықтан Ы. Алтынсариннің еңбегін сөз етпей кету қателік болар еді.

1919 жылы «Білім беру жұмыстарына  арналған материалдар» атты басылым  шықты. Бұл бағдарламалық-әдістемелік  материал барлық пәндерді қамтыды  деп айтуға болды. [30]

1920 жылы 8 қазанда Қазақ АССР  Халық Ағарту комиссариаты оқулықтарды  қазақ тілінде құрастырудың өлшемдеріен  қабылдауды ұсынды. [31]

Ұйымдастырушылық-педагогикалық алғышарттар  мектептерді халыққа жақындату  мақсатында олар қыстаулар мен қышлақтар шоғырланған орындарда ашылған. Енді басты мәселені іске асыру басталды. Ол ауыл жағдайында баршаны оқытуды және болыс көлемінде мәдени орындар құруды іске асыру, көшпелі аудандарда негізгі орталық жоғарғы типтегі мектептері мен ауруханасы бар отырықшы ауылдарды көбейту. Бұл қазақ мектептерінің елеулі дамуына және барлық мектеп жасындағы балаларды оқумен қамтуы үшін мңызды тірек болды. Отырықшы ауылдарды құру қазақ мектептерінің санының өсуімен қатар қазақ оқушыларының контингентінің өсуіне де әсер етті. [32]

Білім алу кезіндегі ортаның  әсері де, жағдайының дұрыс жасалғаны  да әсерін тигізеді. Ол техникалық-материалдық  жабдықталуы. Тағы бір алғышарттардың бірі – осы техникалық-материалдық. Бұрынғы мектептерде жағдай жасалмай, балалар еденде отырып, жертөлелерде сабақ өтетін болған. Сынып жиһазы, оқу құралдарымен қамтамасыз етілмеген. Әйтсе де, оқушылар білім жағынан өте мықты және сауатты бола білген.

1930 жылы Қазақстанға Россиядан  250 мәдени бригада оңтүстік, орталық,  батыс өңірлерінде сауатсыздықты  жою үшін келіп мектеп ісін жобаға келтіруге көмегін көрсетті. [33]

1931 жылы бастауыш білім берудің  тәжірибесі оң нәтижелер беріп,  қалыптасудың бір кезеңі болды.  Осы 1931 жылдың жазында бүкіл  Қазақстан бойынша жаппай бастауыш  мектепті міндетті оқытылу жобасы іске асырылатыны нақты белгілі болды. Кейбір мәліметтерге сүйене отырып, шағын жинақталған мектептердің хронологиялық дамуын 3 кезеңге бөліп қарастырсақ:

1 – кезең 1930-1940 ж.ж. Осы жылдар  аралығында бастауыш мектептерді  міндетті білім беру саясаты  мықты қарқындап, одан әрі дамуы жүре бастады.

2 – кезең 1941-1945 ж.ж. аралығында  жүрді. Ұлы Отан соғысының тұсындағы  шағын жинақталған мектептердің  қиын кезеңге қарамастан сақталып, сонымен бірге «жылмалы мектептердің»  де жұмыс жасауы осы жылдардың  ерекшеліктерінің бірі болды.

3 – кезеңді 1946-1960 жылдар аралығын  қамтиды. Осы жылдар аралығында  шағын жинақталған мектептер  аясында көптеген жаңалықтар  болды. Ол өзгерістер соғыстан  кейінгі білім беру ісінде  үлкен жаңалық болды, Н.С. Хрущевтың  теріс саясатына байланысты шағын жинақталған мектептердің жабылуы мен көптеген басқа да өзгерістерімен сипатталды.

Осы үш кезеңдердегі мектептердің, оның ішінде ауыл мектептерінің даму динамикасын  келесі кестеден[34] көруге болады:

 

 

Кесте1. 1930-1960 жылдар аралығындағы мектеп жүйесінің даму динамикасы

 

                Жылдары 

Мектеп

1930

1940

1950

1960

Барлық мектептер

оның ішінде ауылдық

3927

3601

7790

6967

9087

7887

9592

7899

Бастауыш мектеп

оның ішінде ауылдық

3747

3516

5289

4950

5971

5399

5212

4528

Толық емес орта

оның ішінде ауылдық

122

73

1770

1596

2446

2111

3054

2609

Орта мектеп

оның ішінде ауылдық

47

11

698

419

659

376

1310

758


 

 

Қазақстан Республикасында 1960 жылдан кейін мектептер қарқынды қалыптасып, дами бастады. Мектептер қарқындап  өсе бастады. Соғыс жылдарынан кейінгі Отанына оралған қандастардың өз ауылдарына қоныстаныуына байланысты шағын жинақталған мектептер көбейе түсті. 1991 жылы Қазақстан тәуелсіз мемлекет болып жарияланғаннан соң білім беру саласына көптеген өзгерістер енгізді. Қазақстан Республикасы шағын жинақталған мектептердің мәселелерін шешу үшін 2003-2005 жылдар «Ауыл мектебі» деген бағдарламасы қабылданып, іске асырылды. Ауылдық мектептерге ден қойылып, мәселелерін шешу жолында жұмыстар жасалынды. 

Шағын жинақталған мектептер қалыптасып, саны арта келе өзекті мәселелер көлемі де кеңейе түсті. Қоғамда білім беру мен тәрбие ісіне үлкен мән беріле бастағандықтан, мектепке басты назар аудырылды. Білім ордалары көбейіп, мектептің айнасы ұстаздарға да талап жоғарылады. Шағын жинақталған мектептерді қаржыландыру мәселесі де өзекті тақырып болды. Мемлекет мемлекет болып қалыптасқаннан кейін білім деңгейіне басты назар аударылып, мектептердегі тәрбие жұмыстары көкейкесті мәселеге айналды. Осы өзекті мәселелерді келесі параграфта қарастырамыз.

 

2 Бөлім. Қазіргі кезеңде шағын жинақталған мектептердегі тәрбиелік жұмыстардың өзекті мәселелері

 

Өскелең ұрпақ бойында көркем мінез-құлық  беру арқылы тәрбиелеу ата-бабамыздың мақсат-мұраты болып табылған. Ал көне дәуірдің ұлы ойшылдары Демокрит, Платон, Сократ, Аристотель, шығыстың ұлы ғұламалары Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Ахмет Яссауи еңбектерінде тәрбиелік жұмыстарды жүргізу мәселелеріне тереңірек көңіл бөлінген.

Қазақтың ағартушы-педагогтары  Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедов, Ж.Аймауытов және т.б. жас ұрпақ бойында мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу мәселесіне аса көп көңіл бөлінген. [35]

Осы тұста шағын жинақталған  мектептердегі тәрбиелік жұмыстардың, оның ішінде музыкалық тәрбие жұмыстарының дұрыс жолға салынып жүргізілуі басты назариядағы өзекті бола тұра, қосалқы көкейкесті мәселелерді де тыс қалдырмау қажеттілігі туындайды:

-шағын жинақталған мектептерде  қазіргі заманға сай оқытуды  қамтамасыз ететін оқу-әдістемелік  кешеннің болмауы;

- заманның талабына сай қаржының бөлінбегендігінен, шағын жинақталған мектептердегі кітапхана қорының нашар болуы, инновациялық технологиялардың ақсауы;

- кадрлардың тапшы болу себебінен шағын жинақталған мектептер мұғалімдерді таңдап алмай, келген мұғалімдердің жұмысқа қабылдануы;

- музыка сабағы 5-7 сағаттан аспайды,  ал мұндай сағатқа жұмыс жасауға  мамандардың келіспей, көрші мектептің  мұғалімі қосымша ретінде келуі;

- мәдениет үйлерінің аз болып,  сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының  да аз жүргізілуі шағын жинақталған  мектептердегі жоспарланған тәрбиелік іс-әрекеттерді жүзеге асыру қиындығы;

- ауыл балалары мен олардың  отбасыларының әлеуметтік жағынан  қорғалмауы және ең бастысы  музыкалық тәрбие беруінің нашарлығы.

Шағын жинақталған мектептердің проблемалары тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ Батыс Еуропа, Австралия, АҚШ, Канада, Қытай, Жапония, Ресей, Өзбекстан және т.б. елдерде де өзекті болып табылады.

Біздің елімізде дешағын жинақталған  мектептер туралы мәселелер өте  көкейкесті болып табылады.

Қазақстан Республикасында шағын жинақталған мектептерді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасында көптеген мәселер көрсетілген. Соның ішінде ең біріншіден жалпы мәселелерді атағымыз келеді:

1. Оқу-тәрбие процесін  ұйымдастыру;

2. Кадрлық қамтамасыз ету;

3. Нормативтік-құқықтық және бағдарламалық-әдістемелік қолдау;

4.Материалдық-техникалық жағдай.

Осы негізгі мәселелерді тарқатып көрсететін болсақ:

1.  Оқу-тәрбие процесін  ұйымдастыру:

- аз толтырылған сыныптарда оқытудың дәстүрлі әдістемелерінің артық болуы;

- гипербақылауға және нәтижесінде білім алушының мазасыздануына алып келетін педагогикалық процестің нәтижелерін бағалаудың тиімсіз жүйесі;

- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды нашар пайдалану;

- білім алушылар санының аздығына байланысты сапалы бейінді оқытуды ұйымдастыру мүмкіндігінің жоқтығы;

- қосымша білім беру ұйымдарының және мәдени орталықтардың жоқтығы.

2  Кадрлық қамтамасыз  ету:

- педагогтердің, пән оқытушыларының толық оқу жүктемесімен қамтамасыз етілмеуіне, басқа мамандық иелерінің пәндерді жүргізуіне себепші болатын жоғары оқу орындарында, арнаулы оқу орындарында мұғалімдерді даярлаудағы мамандандырудың бір бейінділігі;

- педагогтерді даярлау, қайта  даярлау және олардың біліктілігін  арттырудың арнайы білім беру  бағдарламаларының жоқтығына негізделген шағын жинақталған мектеп жағдайында білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктеріне мұғалімдердің дайындықсыздығы;

- шағын жинақталған мектеп  мұғалімдерінің бірнеше пән бойынша сабаққа дайындалу және біріктірілген сынып-комплектілеріндегі білім беру процесінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін жұмсалатын уақыттары мен интеллектуалдық ресурстарына сай еңбекақы төлеу, ынталандыру және қолдаудың болмауына байланысты педагогтер ынтасының төмендігі.

Информация о работе Шағын жинақталған мектептерде музыкалық білім беру әдістемесі