Шағын жинақы бастауыш мектепте оқу үдерірінің ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2015 в 13:32, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі қоғамымыздағы өзекті мәселелердің бірі - өзгермелі әлеуметтікжәне экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын, айналасындағы шынайыөмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын,қабілетті, дербес келген жеке тұлғаны қалыптастыру.

Содержание работы

Кіріспе
Шағын жинақты мектеп ерекшелігі
Шағын жинақты мектептердегі өздік жұмыс
Шағын жинақты мектептегі тәрбие үрдісі
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Шағын жинақы бастауыш мектепте оқу үдерірінің ерекшеліктері.docx

— 41.10 Кб (Скачать файл)

Әр түрлі сабақта балаларға түрлі жұмыс түрдегі және бағыттағы жұмыстар ұсынылады: тексеру, дайындық, оқыту. Өздік жұмысты тексеру білім, білік, дағды және оларды қолдану қабілетін бақылау үшін керек. Ұстаздар оларға оқуға бағыт беруге ұмтылады. Тексере отырып, оқытамыз деген ереже бар. Жұмыстар «қорқынышсыз», қызықты, уақыт үнемделетіндей қалыптасады. Барлық өздік жұмыстың орындалуы міндетті түрде қадағаланады. Сондықтан, оқытудағы тапсырма тура мағынадаоқытумен қатар бақылау қызметін атқарады. Білімді бекіту үшін балалардың жаңа материалды қабылдауы және түсінуі үшін оларға дайындық жұмыстар ұсынылады. Бұл жұмыстар ауызша немесе жазбаша: салыстыру, фактілердің сай келуі, ережелерді қайталау, алдын-ала оқу және бақылау, суреттер мен иллюстрацияларды қарау, суреттеуді құрастыру, мәліметтерді табу және т.б.

Соңғы уақытқа дейін жаңа материалды игеру үшін өздік жұмыс мейлінше аз қолданылды. Педагогикалық тәжірибе бойынша егер оқушылардың оқуда және оны түсінуде мәселелер туындамауға болады. Бұл ретте балалардың танымдық қабілеттері дамиды, ал ең бастысы – өз етімен білім алу дағдылары тиімді құрылады.

Өздік жұмыстардың ұзақтығы көптеген себептермен шартталады. Біріншіден – көлемді және қиын тапсырмалар. Ол үлкен көлемді де болмауы мүмкін, бірақ егер оқушылар жаңа материалды орындай бастаса, онда оны орындау үшін көп уақыт қажет болады және ұзақтық созылады:

1) тапсырманы орындау  үшін техникалық қабілеттілік  төмен деңгейде;

2) жаңа материалды қабылдаудағы  оқушының жеткіліксіз дайындығы;

3) ойшыл және практикалық  іс-әрекеттері рационалды емес  болады.

Оңай тапсырмаларда болады, бірақ тиянақтылықты талап етіледі. Өзіндік жұмыстың ұзақтығы оқушылардың жұмысқа қабілеттілігімен, олардың зейін көлеміне тікелей байланысты. Өзіндік жұмыстың тиімділігі ұйымдастырушылықпен байланысты. Бұнда ұсақ-түйек нәрсе жоқ, кез-келген ойланбай жасалған қадам қызығушылықты, уақытты, күш-қуатты жоғалтуға әкеп соғады. Өзіндік жұмысты жоспарлау мен орындатуда мұғалім:

- мақсатын жақсы түсіну  керек;

- сабақ барысындағы жалпы  құрылымын ашық көру керек;

- оқу материалын қабылдау  деңгейін білу қажет;

- оқушылардың мүмкіндіктерімен  даярлық деңгейін жоғары дәрежеде есепке алу керек;

- белсенді, индивидуальды  және дифференциалды тапсырмаларды қолдану керек;

- оқушыларға көптеген  қызықты өздік тапсырмаларды  беру керек, (викторина, сөзжұмбақ түрінде және т.б).

- өзіндік жұмыстың уақытын  анықтап, уақытты қадағалап отыру керек.

- дидактикалық материалды  дайындау қажет.

- жұмысты тексерудегі  рационалды қабілеттілікті іздеу;

- өздік жұмыстың қорытындысын  айту;

- өздік жұмыста жеткен  деңгейін жобалау керек;

- өзіндік жұмысты мұғалімнің  қадағалауымен дұрыс тексеру.

Барлық пәндер мен сабақтар өзіндік жұмысты ұйымдастыруда бірдей болмайды. Көбіне тіл, математика, сурет және еңбек сабақтарында өтеді. Ән, дене сабақтарында мұғаліммен бірге өтеді. Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда маңызды рольді нұсқау атқарады: алгоритм, сызбалар, нұсқалар. Балалар өздерінің іс-әрекетінің дұрыс, дұрыс еместігін талқылайды. Іс-әрекетті басқарудағы эффективтілігі материалдың сапасымен байланысты. Олар жеке топшамалармен, сызбалармен, кестелермен және тақтаға жалпы нұсқаларды жазу арқылы орындалады. Әдетте, мұғалімдер әрбір өздік жұмыс жасар алдында тапсырмалар және мәтіндер салынған папкалармен конверттерді дайындап қояды. Бұл үйлестірмелі материалдар деп аталады. Ол дайын үлгілерден тұрады, тапсырманы орындау, талқылау және іс-әрекеттен тұрады. Көбіне жаңа түрлі жұмысты қабылдауда көмек қажет болады. Бұндай жағдайда әдіснама жеке топшамалармен немесе тақтаға жоспарды жазып қою керек.

Мұғалімдер өздік жұмысқа қызығушылықты арттырудың жолын іздейді. Бұған тікелей тапсырманы шешу үшін саналы және практикалық іс-әрекет қажет. Тапсырмалар өмірден алынады. Ойдан шығарылған ертегі кейіпкерлері, шындық жағдайларға орын береді. Тапсырмалар тек сананың дайындығы үшін емес, сонымен қатар белсенділігін арттыру үшін жоспарланады. Ойын элементтерімен құрылған өздік шығармашылық тапсырмаларда пайда болды – сөзжұмбақтар, лабиринттер, жұмбақтар, тесттік тапсырмалар. Өздік тапсырмаларды шешудің түрлері өзгереді. Енді олар тек дәптерде ғана орындалмайды. Жинақтар, карталар, құрастырғыштар интеллектінің дамуына және этикалық сапаның дамуына ықпал етеді. Оқушының қызығушылығы жоғарылайды, егер ол қателессе, тапсырма алдында қорқынышты сезінбейді. Мұғалімдер жиі өздерінің жекелей тапсырмаларын орындатады. Қызығушылықтың тұрақты факторы болып барлық жұмысты тексеру болып табылады. Оқушыға тапсырманың қалай шешілгенін білу қажет және мұғалімнің мадағын алу. Оқушыларды бақылап, дәптерлерді қарап, мадақтап, қателігін байыппен түсіндіру. Қорытынды жауакершілікті және қиын тапсырмаларды толықтай бағалайды. Дәптерлерді жинап, қызыл сиямен дұрыстап, баға қойылады, ескерту жасалады. Бұл оқушыларға да, ата-аналарға да маңызды. Өзіндік жұмыс өз-өзін бақылауға мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім тапсырманың дұрыс орындалу үлгісін дайындайды. Сонымен қатар, түрлі перфокарталар қолданылады. Балалардың оқудағы қызығушылығндағы жауапкершілік оқыту кітаптарына жүктеледі. Бастауыш сыныптардың оқулығы өздік жұмыс жасауға арналмаған. Олардың мәтіндері мұғалімдік талқылауды қажет етеді. Мектептерде мұғалім сабақ үстінде жаңа материалды түсіндіреді, ал балалар үйде оқулықпен қайталап, бекітеді. Негізгі мектептерде мұғалім оқулықты ұқыпты қарап, логикасымен, құрылымымен танысу керек. Егер материал қолжетерлік, түсінікті тілмен жазылса, балалардың ойлауы есептелсе, мұғалімнің жұмысы жеңілдетіледі. Осы барлық жұмысты мұғалім өзі орындайды. Уақыт өте бір оқулықты таңдайды, соған қарай бейімделеді. Жиі кітапты ауыстырылады.

Өздік жұмыстардың ұзақтығы көптеген себептермен шартталады. Біріншіден – көлемді және қиын тапсырмалар. Ол үлкен көлемді де болмауы мүмкін, бірақ егер оқушылар жаңа материалды орындай бастаса, онда оны орындау үшін көп уақыт қажет болады және ұзақтық созылады.

1) тапсырманы орындау  үшін техникалық қабілеттілік  төмен деңгейде;

2) жаңа материалды қабылдаудағы  оқушының жеткіліксіз дайындығы;

3) ойшыл және практикалық  іс-әрекеттері рационалды емес  болады.

Оңай тапсырмаларда болады, бірақ тиянақтылықты талап етеді. Өзіндік жұмыстың ұзақтығы оқушылардың жұмысқа қабілеттілігімен, олардың зейін көлеміне тікелей байланысты. Шығармашыл педагог өзінің әр сабағына өмір бойы дайындалады. Мұғалімнің сабаққа дайындалуы – жеке шығармашылық педагогикалық үрдіс. Мұғалім сабаққа дайындала отырып:

- оқу бағдарламсын тағы  бір рет қарап және сабақ  болатын жерді анықтау.

- сабақ материалдарын  бағдарлама бойынша анықтау.

- жаңа әдістемелік ойлармен  танысу.

- ескі кестелерді жою.

- өз сабағының әр минутын  қадағалап, жұмыстын қалай орындалуын және балалардың өздік жұмыстарының қалай және қайда орындалатынын қадағалау.

- ертеңгі сабақтың уақытын  ойша еске алып, балалар не  істейді, қандай қиындықтар болады соны ойластыру.

- өз ойын қағазға түсіріп, жоспар құру немесе сабаққа  жоспар- конспект құру.

Шағын жинақты мектептерде сабақ жалпы сыныптық жоспар бойынша жүргізіледі. Мұғалім оқу үрдісін өте жақсы білуі қажет, себебі қиындық туындаған кезде жұмысқа бейімделу үшін. Шағын жинақты мектептерде сабақ жоспар құруда келесі ұсыныстар байқалады. 1 сыныптағы сабақтар небәрі 35 минут болады. Соның 1-2 минуты сабақты құруға кетеді тағы 3-4 минуты денелік жаттығулар. Сонда сабаққа 30 минут қалады. Ең қиыны математика сабағын құру, себебі мұнда 2 сыныптың жаттығуын шешу қажет. Бұл жерде білетін жағдай, бірінші сынып  оқушылары әлі де жаттығу жұмыстарын жазу білмейді, жұмысты жәй орындайды, сондықтан да олар жаттығуды уақытында орындамайды. Кей сабақтар жалпы кезеңдер болуы мүмкін, барлық оқушылар бір жаттығуды орындаса – мұғалімді тындайды, ойнайды, жаттығу орындалады.

Тіл сабақтарында атқарылатын жалпы жұмыстар бөлімдері картиналармен, суреттермен, не кадрлық диафильмдермен; пікірлермен, шығармашылық тапсырмалармен, әртүрлі грамматикалық талдау жасаумен байланысты болуы мүмкін. Математика сабақтарында – ауызша есептеу, бірдей негіздері бойынша есептер құрастыру, есептерді шығару (жылдамдыққа, ойлауға,т.б.). Табиғаттану сабақтарында – бақылау күнделіктерімен жұмыс, диафильмдерден фрагменттер көру т.б. Кейбір жағдайларда мұғалімдер сабақтарды бір ғана тақырыпты өткізуі мүмкін, атап айтсақ бұл бір тақырыпты сабақтар деп аталады. Олардың пайда болуы бағдарламаларда бір тақырыпты қайталанып сыныптан–сыныпқа өткен сайын толықтырылып отырылады. Бұл тақырыптар белгіленіп оларды оқытуға әдістемелер қарастырылады. Мұндай тақырыптарға техникалық құралдармен, көрнекіліктермен жабдықталған пысықтау сабақтары өткізіледі. Олар арқылы оқушылар пікір алмасуға, тыңдауға және жолдастарының жауаптарымен салыстыруға мүмкіндік алады.

Дене шынықтыру, музыка және ән айту сабақтары барлық сыныпқа жүргізіледі, бірақ олардың тақырыптары барлығымен және әрқашан сәйкес келе бермейді. Егер мұғалім оқушылардың денсаулығын, эмоция сезімдерінің дамуына көңіл бөлсе, олардың эстетикалық мәдениеттеріне тақырыптың сәйкес келуі әсер етпейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕГІ ТӘРБИЕ ҮРДІСІ

Шағын жинақты мектептегі тәрбие үрдісі – бұл бірдей мақсатқа бағынушы тәрбиелік жағдайлардың (тәрбиелік жұмыстың) дамушы тізбегі. Ол ортақ принциптерге сүйеніп, ортақ заңдылықтарға бағынады. Я.Корчактің айтуы бойынша «бала - өзін еркін сезінбейді шынжырлар үшін қайғырады, бостандықты сағынады. Бірақ ол оны таба алмайды, өйткені тәрбиелеу формалары өзгергенмен, оның мазмұны тыйым салулармен мәжбүр етулер өзгермейді. Біз ересектердің өмірін өзгерте алмаймыз, өйткені біз құлдықта тәрбиеленгенбіз, біз балаларға бостандық бере алмаймыз, өйткені өзіміз кісендеуліміз». Бірақ ақырында біздің мектептерімізде шынайы жаңа педагогикалық қарым-қатынастар дамуда. Шағын жинақты мектептегі тәрбиелік процесстің ерекшеліктері келесі шарттармен аңықталады:

а) үлкен қалалардан шалғайлықпен;

б) адамдар арасындағы қалыптасқан қарым-қатынаспен;

в) елді-мекендегі басқа да мәдени орталықтардың болмауымен;

г) коммуникациялық тұрақсыздықпен (телевидение, почта).

Тәрбиелік жұмыстардың сапасына елді-мекеннің аз ғана бөлігі мұғалімдермен оқушылар ғана әсер етеді. Сыныптан тыс үйірмелердің жұмысын ұйымдастырушы қызметкерлер жоқ. Осыған орай, мектеп балалармен және ересек тұрғындармен тәрбиелік жұмыс атқаратын орталыққа айналады, ал мұғалім – оны ұйымдастырушы және өткізуші болып табылады.

Шалғай ауылдарда өскен балалар өмірмен тәрбиеленген болып келеді. Оларда қалалық жерде қалыптасуы қиын қасиеттер қалыптасады. Бұл жерде барлық балалар мен ересектер бірін-бірі таниды. Тәрбиелік жұмыстарды жартылай жоюшы ананимділік пен немқұрайлылық жоқ. Балалар тең жасты ұжымда дамиды. Олар жылы шырайлылықпен, ашықтықпен, қарым- қатынасшылдықпен ерекшеленеді. Осы және басқа да қасиеттерді қайтадан қалыптастыруға тура келмейді.

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Педагогикада білім негіздерінен бастау алған білім беру мазмұны күрделі көп аспектілі ұғым. Білім берудің жалпы анықтамасы – тұлғаның өмір жолында өзін-өзі дамытуға, мүмкіншілігін жете білуге бағытталған кең таңдау процессі (А.Г. Асмолов).

Демек білім беру адамның дүниені тану процессін қалыптастыру арқылы жүйелі біліммен іс-әрекет тәсілдерін игеру, дағды, іскерлік, сезім және ақылын дамыту жеке тұлғаны қалыптастыру нәтижесі.

Білімді адам деп – қабілеті өте жоғары дамыған көп жағдайларды түсінетін кей кезде оқығанын қолдана білетін білімді дұрыс ойлай алатын жоғарғы қасиетті адам. Көріп отырғанымыздай білім беру ұғымы тек қана оқытудың нәтижесі білім, іскерлік және дағды ғана емес, сын көзбен қарап ойлай білетін айналадағы құбылыстарды адамгершілік тұрғысынан бағалай білетін адамның өзіне деген қарым-қатынас іс-әрекетін шексіз өрістету

Сондай-ақ танымдық күшін дамыту және тәжірибеге дайындау, оқу-тәрбие жұмысының нәтижесінің жеткен жетістігі. Бұл бағдарлы білім беру тұрғысы мазмұнның мәнін анықтайды. Мұндай жағдайда білім – тарихи тәжірибені іздестіру процесінде жинақталған адамзаттың рухани байлығының көрінісі жеке тұлғаны әлеуметтендіруге мүмкіншілік туғызу адамның социуиға енуі.

Білім беру мазмұнында жаңаруы мектептің күрделі міндетімен байланысты, негізгі кемшілігі сол білім мазмұнының жиі өзгеруі эмпирикалық деңгейде қайта құру теориялық негізсіз, ешбір болжаусыз жүзеге асылуы. Жалпыға бірдей орта білім беру мазмұны қазіргі теориялық тұжырымдама тұрғысынан қоғам талабы, адам нені білу керек, қандай сапалық қасиеттерді меңгеруі тиіс екендігі айтылған. Нақты тарихи, қоғамдық-экономикалық жағдайда жасөспірімдерді дайындауға қойылатын әлеуметтік талап анықталады.

Қазіргі жағдайда қоғамның әлеуметтік тапсырысы, оның жалпылама түрде халықтың көпшілігі ғылым жетістіктерімен, мәдени құндылықтармен, сапалы жоғары білімді адамдардың ақыл-ой дене еңбегі жағынан қоғам өміріне белсене араласатын жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастыру.

 

 

Әдебиеттер тізімі:

1. Селевко Г. К. Современные  образовательные технологии. - М.:

Народное образование, 1998.

2. Беспалько В. П. Педагогика  и прогрессивные технологии обучения.

- М., 1995.

3. Ильина Т.А. Развитие  концепций педагогической технологии  в

современной дидактике за рубежом // Хозяинов Г.И. Формирование

дидактической теории. - М.: Знание, 1984.

4. Кларин М.В. Инновации  в обучении. - М.: Наука, 1997.

5. Власова В.Н. Технология  «открытых форм» // Педагогика личности.

Вып. 2. - Ростов н/Д, 2002.

6. Педагогические технологии: Учебное пособие для студентов

педагогических специальностей / Под общей ред. B.C. Кукушина. - Серия

«Педагогическое образование». - М.: ИКД «МарТ»; Ростов н/Д:

Издательский центр «МарТ», 2004. - 336 с.

7. Краевский В.В., Хуторской  А.В. Основы обучения. - М., 2007 48

Информация о работе Шағын жинақы бастауыш мектепте оқу үдерірінің ерекшеліктері