Шетел тілінен өзіндік жұмысты ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 17:27, статья

Описание работы

В этой статье рассматривается организация самостоятельной работы студента на уроках иностранного языка. Рассматриваемые виды самостоятельных работ при обучении являются основным и главным залогом при приобретении знаний и усвоения иностранного языка.
Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейін білім беру жүйесін дамытудың концепсиясы бүкіл білім беру жүйесін түгелдей қайта құру және жаңарту үрдісіндегі басты әдіснамалық құжат ретінде, қазіргі кезеңде әлемдік кеңістікте жүріп жатқан ағымдардың басты талаптарын басшылыққа алып отыр.

Файлы: 1 файл

ШЕТЕЛ ТІЛІ САБАҒЫНДА СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН.docx

— 20.96 Кб (Скачать файл)

ШЕТЕЛ ТІЛІ САБАҒЫНДА СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН

ҰЙЫМДАСТЫРУ

В этой статье рассматривается  организация самостоятельной работы студента на уроках иностранного языка. Рассматриваемые виды самостоятельных  работ при обучении являются основным и главным залогом при приобретении знаний и усвоения иностранного языка.

Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейін білім беру жүйесін  дамытудың концепсиясы бүкіл  білім беру жүйесін түгелдей қайта  құру және жаңарту үрдісіндегі басты  әдіснамалық құжат ретінде, қазіргі  кезеңде әлемдік кеңістікте жүріп  жатқан ағымдардың басты талаптарын басшылыққа алып отыр.

Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстан  халқына жолдауында жоғары оқу орындары алдында мынадай міндет қойылған: осы заманғы білім беру мен  кәсіптік қайта даярлау, (парасатты  экономиканың) негіздерін қалыптастару, жаңа технологияларды, идеялар мен  көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту.

Жоғары оқу орындары кредиттік  оқыту жүйесіне көшкендіктен, олардың  алдына болашақ мамандарды кәсіби әрекетінде өздігінен шығармашылықпен еңбектене алатындай етіп даярлау мақсаты қойылып отыр. Кредиттік оқыту жүйесінің міндеттерінің бірі - студенттердің өзін-өзі ұйымдастыру, өздігінен білім алу мүмкіндіктерін дамыту болып табылады.

Осындай инновациялық білім  беру жүйесіндегі өзгерістердің  бірі - оқытудың кредиттік жұйесі деуге  болады. Оқытудың кредиттік жүйесіне көшу жагдайындағы басты міндеттердің, қажетттіліктердің бірі- студенттердің  өзіндік жұмысын күшейту болып  табылады. Сондықтан оны ұйымдастыру  және жүргізу әдісіне еркше көңіл бөлуді қажет етеді.

Шетел тілі сабағында студенттің өзіндік жұмысы практикалық міндеттерді  іске асырумен, яғни логикалық ойлауды  дамытуды қамтамасыз етумен, творчествалық  белсенділікті арттырумен, оқу материалдарын  меңгеруде зерттеу тәсілін қолданумен байланысты.

Шетел тілі сабағында студенттің өзіндік жұмысын үлкен екі  формаға бөлуге болады. Бұл -оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің  өзіндік жұмысы, яғни аудиториялық оқу сабағы жүргізілу кезіндегі  студенттердің орындайтын өзіндік  және аудиториялық сабақтан тыс уақыттта студенттердің өзіндік жұмысы.

Студенттің өзіндік жұмысы оқытушының жетекшілігімен аралық бақылау жүргізу кезінде, лекция, семинар сабақтарында жүргізілуге тиісті. Студенттердің өзіндік жұмысы оқытушының тікелей қатысуымен және белсенді болуы арқылы жүргізілуі қажет.

Шетел тілі сабағында студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастыру  және жоспарлау кезінде брінші кезектегі  көңіл аударатын мәселе -үй тапсырмасы, яғни аудиториядан тыс жұмыс.

Студент алда болатын лекцияға үйде, кітапханада бірнеше тапсырманы орындап жасап келуге тиісті. Студент  лекцияның тақырыбымен танысуы  немесе оның негізгі тақырыптарын конспектілеу, глоссарий жасауы және орындауы керек.

Оқытушы силлабусты жасау  барысында лекция сабағында студент  өзін қалай ұстауға және оған қалай  дайындалуға тиісті сияқты сұрақтарға мұқият жауап беріп, жетекшілік жасауы керек. Ал лекцияның оқытылуы проблемалық  тұрғыдан болуы қажет. Лекция оқу  барысында тақырыптың ең күрделі  сұрақтарына, студенттерге түсініксіз мәселелерге ғана тоқталғаны жөн. Аудиториялық уақыттың бір бөлігі ғана лекцияны жүргізуге беріледі де, ал қалған бөлігі-өткен  материалдарды тиянықты меңгеру  үшін оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттердің өзіндік жұмысына арналады.

Шетел тілі сабағында оқытушының жетекшілігімен өткізілетін студенттің өзіндік жұмысы семинар практикалық  лабораториялық сабақтарда жұргізілуі мүмкін. Мұндағы мақсат студенттердің  білімін жақсарту, нығайту болып  табылады.

Кредиттік жүйеде прогрессивті түрде оқытуды ұдайы қолдану  қажеттілігі туындайды. Оқытушының жетекшілігімен өткізілетін студенттердің  өзіндік жұмысына барлық студенттердің  қатысуы қажет емес. Оған аса дарынды  студенттердің қатыспауына болады. Әрине, бұл студенттердің тапсырманы, жұмысты орындауда мүлдем босатылады деген түсінік емес, керісінше  олар оқытушылардан қиын, күрделі  немесе көлемді тапсырма алуы мүмкін және оны үйде, кітапханада дербес орындайды. Олар оқу процессін жүргізуде  оқушылардың көмекшісі ретінде бола алады .

Шетел тілі сабағында оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттердің  өзіндік жұмысының басқа форма  ретінде оқытушының оқу материалдарын  меңгеруде қиналатын студенттерге консультация жүргізілуі

болып табылады. Мұндағы  мақсат-өткен материалдарды студенттердің  дұрыс меңгеруін, түсінуін қадағалау.

Сонымен жоғарыдағы айтқаннан  көретініміз, Шетел тілі сабағында  студенттің өзіндік жұмысын аудиториялық немесе аудиториядан тыс уақытта  ұйымдастыру өзекті мәнділікке ие болуда.

Шетел тілі сабағында оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысының тапсырмасы әртүрлі  болуы мүмкін; ауызша жауап, реферат  қорғау, ойын жүргізу, глоссарий жазу, тақырып бойынша шолу жасау, ситуациялық  міндетті шешу, жеке, топ түрінде  проект жазу, қатені анықтау және т.б. түрінде. Оқытушының жетекшілігімен өткізілетін  студенттердің өзіндік жұмысын  ұйымдастырып, оны жүргізу кезінде  оның белсенді түріне мән берген жөн.

Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттердің өзіндік  жұмысының әдістемесі және формасы  интерактивтік практикалық іс - қимылға  негізделуге тиісті. Ол әртүрлі болуы  мүмкін: іскерлік ойындар, топтық турнир, презентация, брейнг-ринг және т.б.

Осы аталғандардан ішінен студенттердің логикалық ойын қалыптастыратын, теорияны практикамен ұштастыра  алатын, сабақта уақытты тиімді пайдаланатын, активті тану процессін қалыптастыратын, сұрақ бойынша қызығушылық тудыратын  түрлерін таңдап, жүргізілуге тиісті. Сонымен бірге, оқытушы лекция, семинар, аудиториядан тыс студенттерге өзіндік  жұмысты өткізу барысында да мақсаттық  бағытта жұмыс жүргізу арқылы ситуациялық міндетті қоя алады. Оқытушы лекция сабағындағы теориялық  мәселелерді практикамен ұштастырса, дәлелдесе, ол студенттердің қызығушылығын  арттырады. Семинар сабағында жаттығуларды қолдану, студенттердің білім деңгейін анықтауға мүмкіндік туғызады, оның сол материалды дұрыс меңгергендігі  анықталады.

Аудиториядан тыс студенттердің  өзіндік жұмысты орындауында  да әртүрлі жаттығуларды енгізген жөн. Жаттығуларды аралық бақылауға да қолдануға  да болады. Оқытушы студенттермен  жүргізілетін өзіндік жұмысын жүргізуді  жеңілдету және қай түрі тиімді, соны анықтау үшін өзіне кесте  жасап алғаны жөн, онда дағдының іскерліктің, әртүрлі мақсаттық бағыттағы  сабақ түрінің берілетін тапсырманы, әдістердің қалай ұйымдастырылуы және қолданылуы жоспарланады.

Студенттердің өзіндік жұмысын  ұйымдастыру жоғары оқу орындарының  негізгі нормативтік құжаттарына, жұмыс бағдарламасына, оқу материалдарына арналған пәннің бөліміне сәйкес өзіндік  жұмысты жүргізуді іске асырады. Студенттердің өзіндік жұмысын  кафедра оқытушы - профессорлар құрамы құрастырып жасайды және оған келесі құжаттар кіреді:

пәнді оқытудың барлық кезеңіне сәйкес өзіндік жұмыс графигі;

типтік және жұмыс бағдарламасының  негізгі бөліміне сәйкес тапсырма жүйесі;

реферат, баяндама және творчествалық  жұмыс тақырыптары; негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі; кеңес  берудегі көмек түрі; бақылаудың түрлері;

баға критерийі, жұмыс  көлемінің ұсынылуы, белгілі бір  уақытты белгілеу және оны өткізу және т.б.

Тақырып, тапсырма, өткізу формасы, сағаты көрсетілген студенттердің  оқытушының жетекшілігімен орындайтын өзіндік жұмысы әрбір пәннің силлабусында болады.

Өзіндік жұмыс оқып жатқан студенттерге оқу жоспары бойынша  әрбір пәннен оқу бағдарламасының  негізгі бөлімдеріне сәйкес ұйымдастырылады. Шетел тілі сабағында өзіндік  жұмысты жүргізу түрі-консультативтік, интерактивтік болуы мүмкін.

Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттердің өзіндік  жүмысын ұйымдастыру сабағы келесі жағдайға байланысты жүргізіледі:

Өзіндік жұмысты консультация формасында жүргізу- төмен рейтингісі бар оқитын студенттердің дайындық деңгейін көтеру мақсатында өткізіледі;

Семестрлік тапсырма және курстық жұмыс беріліп, оның орындалуы  бақыланады.

Ал аудиториядан тыс өзіндік  жұмысты жүргізу-библиографиялық  мәліметтермен жұмыс істеу, жазбаша  жұмыс даярлау (реферат, баяндама, бақылау  тапсырмасы, аннотация, дипломдық жұмыстар), виртуалды ақпаратты іздеу (Интернет және локальдық жүйелер арқылы), дербес бейнетаспа (лингафондық жүйе), электрондық курс материалдарын  менгеру (компьютерлік жүйе арқылы ), лабораториялық тәжірибені енгізу (арнайы лабораториялар арқылы), теориялық зерттеулерді апробациялау (ғылыми конференция арқылы) және т.б. арқылы іске асырылады.

Сонымен қатар, өзіндік жұмыс  сабаққа және емтиханға даярлық  процессін де енгізеді. Соңғы нәтижеге жету барысында жүргізілетін өзіндік  жұмыс жазбаша және ауызша формада  болуы мүмкін.

Қорытынды

Білікті, білімді мамандарды даярлауда шетел тілі сабағында  студенттің өзіндік жұмысын жүргізуді жақсарту жолдарын іздестіру - шет тілі әдіснамасының күрделі мәселелерінің бірі.

Шетел тілі сабағында жазбаша  формада өткізілетін өзіндік  жұмыстың нәтижесі конспект, реферат, баяндама, шығармашылық, бақылау, курстық, дипломдық, ғылыми мақала, және т.б. түрде  болуы мүмкін.

Ал ауызша формадағы өзіндік  жұмыстың нәтижесін бақылау- коллеквиум, конференция, іскерлік ойын, баяндама, шығарма, ақпарат, жеке дербес түрде  сөйлесу және т.б. түрде болады.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жодауы. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында Қазқстанның әлемдегі барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. -Астана, 2006 жылғы 1 наурыз\\ Егемен Қазақстан, 2006, 2 наурыз. б.2

2. Кредитная система обучения: Опыт внедрения, проблемы и перспективы7 Под общей редакцией Мырзалиева Б.А. -Шымкент, «Ғасыр-Ш», 2002г.- с.225

3. Садыков А.К. Білім беру әдістемесі: дәстүршілдік және жаңа үрдіс\\ Білім- Образование. -Алматы. 2006.-№4 б.32

4. Тлепина Ш.В. Студенттердің өзіндік жұмысы мәселесі \\ Білім- Образование. -Алматы. 2007.-№5.б.25


Информация о работе Шетел тілінен өзіндік жұмысты ұйымдастыру