Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2014 в 12:35, реферат
Мектеп өмірінде мұғалім - басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырушы әрі ұстазы, ақылшы-кеңесшісі болып саналады. Ол өзіне қатысты сынып оқушылар ұжымын ұйымдастыра отырып, осыған сол сыныпта дәріс беретін пән мұгалімдерін, окушылардың ата-аналарын және жұртшылыктын бала торбиесіидегі ықпалын біріктіріп, олардың балаға деген талаптарын ортактастырьш отырады.
Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1. Сынып жетекші жұмысының міндеттері мен әдістері
2. Білім беру мекемесіндегі сынып жетекшінің ата-аналармен жүргізілетін әдіснамалық негізі
3. Сынып жетекшінің рөлі мен мазмұны
ІІІ.Қорытынды
ІV.Пайдаланылған әдебиеттер
Жоспар
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
ІІІ.Қорытынды
ІV.Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Мектеп өмірінде
мұғалім - басты тұлға. Мектеп мұғалімі
балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен
бірге оларды тәрбиелейді. Ол белгілі
бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын
ұйымдастырушы әрі ұстазы, ақылшы-кеңесшісі
болып саналады. Ол өзіне қатысты сынып оқушылар
ұжымын ұйымдастыра отырып, осыған сол
сыныпта дәріс беретін пән мұгалімдерін,
окушылардың ата-аналарын және жұртшылыктын
бала торбиесіидегі ықпалын біріктіріп,
олардың балаға деген талаптарын ортактастырьш
отырады.
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты
- мектеп окушыларын қоғамның белсеңді
және саналы құрылысшылары етіп тәрбиелеуте
барынша ықпал жасау.
Сыныптағы әрбір жеке мұлғанің
ғылыми дүние танымының қалытыптасуын,
адамгершілік қасиеттерінің, еңбекке
деген сүйіспеншілігінің, жан-жақты
жарасымды дамуына жағдай туғызу.
Сондықтан оның жұмысының мазмұны мен
тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа
бағытталуы тиіс. Атап айтқанда тәрбиенің
негізгі салалары: ақыл - ой, адамгершілік,
эстетикалық, енбек және дене тәрбиесіне,
елжандылық т.б. тәрбие міндетгерін мектеп
пен сыныптың нақтылы өмір жағдайларына
байланысты қарастыру.Сынып жетекшісінің
міндеті - сан алуан. Сол себепті ол жүргізетін
тәрбие жұмысы өзінің психодогиялық мазмұны
жағынан өте күрделі әрі көп ізденісті
талап етеді.
Сынып жетекшісі
жұмысының негізгі міндеттері қандай?
1. Сыныптағы оқушылардың талап тілектері
мен мүдделерін жеке олардың жеке басының
ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп білу.
2. Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін
анықтап, оларды ынтымағы жарасқан, белсенді,
саналы ұжымға ұйымдастыру.
3. Сыныптағы мән мұгалімдері мен мектеп
әкімшілігін жәнс оқушылардың ата-аналарының
тәрбиелік ықпалын үйлестіру, окушыларға
қоятын педагогикалық талаптарының бірлігін
қамтамасыз ету.
4. Тәрбие үрдісінде мектептің, жанұя мен
жұртшылықтың тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз
ету.
5. Оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыс
жасап, жанұядағы бала тәрбиесіне байланысты
педагогикалық оку насихат жұміыстарын
жүргізу.
6. Оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан және
мектепттен тыс әр алуан тәрбие жұмыстарын
ұйымдастыру.
7. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін
қамтамасыз ету.
8. Тәрбие қызметінің тұтастығын, жүйелігін,
тәрбиелік шаралардың бірлігін қамтамасыз
ету.
9. Тәрбиенің негізгі бастауы - ұлттық тәлім-тәрбиені
сынып жетекшісі қызметінің маңызды компонентерінің
бірі ретінде қарастыру т.б.
Сьнып жетекшісінің негізгі міндеттерімен
толығырақ таныс болу үшін "Класс жетекшісінің
жұмысы туралы" методикалық хатпен,
жалпы білім беретін орта мектептердін
Жарғысымен т.б. көптеген құжаттармен
таныс болу қажет. Олардың тізімі әдебиеттер
бөліміндс көрсетіледі.Дұрыс тәрбие -
балаға өмір бойы азық. Сол дұрыс тәрбиені
ұйымдастыратын басты тұлға - мектептегі
сынып жетекшісі. Кеңес өкіметі орнағанға
дейін патшалық Россиядағы оқу мекемелерінде
арнайы тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар
болмады. Оқушыларды тәрбиелеу ісі үйретуші
- ұстаздарға (ерлер гимназияларында),
ханымдарға (әйелдер гимназияларында)
өз оқушыларын бақылап, олардың тәртібіне
жауап беру міндеті жүктелген. Кеңес дәуірінің
алғашқы кезеңдерінде сынып жетекшісі
деген қызмет болмады. Оқушылармен тәрбие
жұмыстарын ұйымдастыру мен өткізу мұғалімдердің
бәріне бірдей жүктелді. Оларды топ жетскшілері
деп атады1934 жылы мектептегі оқу-тәрбие
үрдісінде топтан оқыту тәртібін, сыныптық-сабақ
жүйесіне өзгертуге байланысты, топ жетекшілері,
сынып жетекшісі деп өзгертіліп, олардың
тәрбиелік қызметтерінің міндеттері мен
мазмұны, формалары мен әдістері жаңа
сипатқа ие болды. Сынып жетекшісі туралы
Ережені 1934 жылы 28 маусым күні РСФСР Халық
ағарту Комиссариаты бекітті. Осы Ережемсн
бірге сынып жетекшісінің қызметі де бекітідді.
Білім беру мекемелеріндегі
сынып жетекшінің ата-аналармен атқаратын
жұмыстарының мазмұны мен міндеттері.
Ата-аналармен жүргізетін жұмыстағы
сынып жетекшісінің негізгі міндеттері
мен қызметі. В.А. Сухомлинский оқушылардың
ата-аналарымен жұмыс істеудің маңызына
ерекше назар аударып; «Тек ата-аналармен
бірге. жалпы, күш-жігерді біріктіру арқасында
мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бакыт
беруі мүмкін»,-дейді. Олай болса, отбасы
мектеппен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай
негізгі ықпал ету факторларын жасайды.
Сондықтан да педагогикалық әрекетте
мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің
тым кеңдігіне қарамастан, ата-аналармен
жұмыстың маңызы ерекше.
Қазіргі мектепте жағдай көптеп
өзгеруде: Оқу жәнс тәрбие процесінің
құрылымы мен мазмұны соған сай мұғалімдер
мен оқушылардың көзкарастары, олардың
өзара карым-катынасы сабактың формалары
мен өткізу технологиясы, көптеген оку
пәндерін оқытудағы жана көзқарас, сонымен
қатар сыныптан тыс тәрбие жұмысы. Бүгінде
мектептің ата-аналармен жұмысының кейбір
дәстүрлі түрлері өзінің маңызын жоюда:
ата-аналар жиналысы, ата-аналар лекториясы
мен университтері, ата-аналардың ашық
күні, ата-аналардың жұмыс орындарымен
байланыс баланың отбасына бару т .с.с.
Дегенмен де тәжірибелі мұғалімдердің
көз қарастарында, ол олай болуы тиіс емес
еді. Соған орай түйіні шешілмеген мәселелерді
шешуде мұғалімдер мен оқушылар, ата-аналар
мен оқушылар өзара байланыссыз жалпы
қалып отыр. Әсіресе, мұндай жағдай мұғалімдердің
ата-аналармен ынтымақтастық қарым-қатынасына
кері әсерін тигізуде. Бүгінде бала тәрбиесінде
олардың бір-біріне айтар ақыл кеңесі
ауадай қажет болып отыр. Сондыктан да
ата-аналар балаларды тәрбиелеу ісінде
мектеппен қарым-қатынас, тікелей байланыс
жасауды басты міндетіміз деп есептеуі
тиіс, өйткені, олардың өз балаларын тәрбиелеудегі
жетістіктері сынып, мектеп ұжымдарының
оку-тәрбие процесінің мазмұнын, сапасын
және тиімділігін жақсарту үшін отбасы
мен мектептің ынтымақтасып жұмыс істеулерін
кажет етеді.
Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының
бірнеше нысандары бар. Мектеп пен отбасы
байланысының басты формасы ата-аналар
жиналысы. Онда күнделікті өмір, еңбек,
демалыс, оқушылардың бос уакыты, кәсіптік
бағдар, оқу және тәрбие жұмысы, т.б. талқыланып
оларды әрлуан әрі жетілдірудің нақты
жолдары қарастырылады. Сынып ата-аналар
жиналысында ата-аналар комитеті, олардың
төрагасы сайланады. Байланыс нысандарының
бірі-педагогтардың окушылар үйіне баруы.
Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының
тағы бір түрі-педагогикалық насихат,
яғни ата-аналарға педагикалық білім беру.
Қазіргі ата-аналар және қалың бұқара
арасындағы психологиялық және педагогикалық
білімді насихаттаудың маңызы өтс зор.
Насихат жұмысы оқыту мен тәрбие міндеттерін
шешуге әсер етеді. Н.К. Крупская ата-аналарды
педагогикалық минимуммен қаруландырудың
қажет екенін бірінші рет айтқан болатын.
Тәрбие процесінде жеке адамның қалыптасуына
ата-аналардың ықпалы олардың жалпы және
педагогикалық мәдениетіне байланысты.
Осы тұрғыдан педагогикалық-психологиялық
білім негіздерімен міндеттердің бірі.
Мектептің ата-аналар комитеті мұғалімдерге,
ата-аналарға көмектесіп, балалардың тұрған
жеріндегі жұмыстарды ұйымдастыруға қатысып,
ата-аналар жиналыстарын, конференцияларын
пікірталастарды, балалар мерекелерін
өткізуге арналған дайындык жұмыстарына
қатысады.
Мектептің, отбасының, бүкіл
халықтық және мемлекеттің негізгі мақсаты
қазіргі заманның талаптарына сай балаларды
және жастарды тәрбиелеу оларды мамандық
таңдауға, арнайы орта және жоғары оқу
орындарына түсуге халық шаруашылығ ның
салаларында еңбек етуге даярлау.
Мектептің сенімді одақтасының
бірі-отбасы. Отбасы тәрбиесі көзделген
нәтижеге жету мақсатында ата-аналар мен
отбасы мүшелерінің тарапына жасалатын
ықпал процестерінің жалпы атамасы. Әлеуметтік,
отбасы және мектеп тәрбиесі ажырамас
бірлікте орындалатын істері аукымын
кұрайды. Бала үшін отбасы бір жағынан-тіршілік
қорғауы болса, екінші тараптан тәрбиелік
орта. Баланың алғашқы өмірі жағдайындағы
отбасы ықпалы баска жағдайлар мен кейінгі
жас кезеңдерінде болатын ықпалдардан
басымдау келеді. Зерттеу деректеріне
сүйенсек, отбасы - бұл мектеп те, ақпарат
көзі де, қоғамдық ұйымдар да, еңбек ұжымдары
да дос-жарандары да, отбасы-бұл әдеп пен
өнер кілті де. Осыдан педаготар нақты
да дәл тұжырымға келіп отыр: тұлганың
қалыптасу нәтижелілігі ең алдымен отбасына
тәуелді. Неғұрлым отбасы жақсы болып
оның тәрбиелік ықпалы ұнамды келсе, тұлғаның
тән-дене, рухани-адамгершілік, еңбектің
тәрбиесінің өнімі де жоғары. Отбасы оқыту
мен тәрбие жұмысындағы мектептің одактасы.
Ол бала тәрбиесі жөніндегі мектеппен
тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді.
Өйткені, бала тәрбиесінің отбасында мектепте
нәтижелі болуы осындай ынтымақтастықа
негізделеді. Отбасының өзіне тән ерекше
қызметтері бар. Олар халықтың өсуі, адамзат
ұрпағын әрі қарай жалғастыру қажеттілік,
шаруашылық қызметі, отбасы мүшелерінің
өзара және туған-туысқандарымен қатынас
жасау кызметі.Отбасы тәрбиесі-бұл қоғамдық
тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы
ата-аналардың борышы. Отбасында басты
мәселелердің бірі-баланың тіршілік әрекетін
ұйымдастыру. Бұған баланың күн ырғағы,
міндеттері, қойылатын талаптар, оның
үй еңбегіне қатысуы, оку-әрекеті, бос
уакытын ұйымдастыру жатады. Балалардың
күн ырғағы И.П.Павловтың іліміне негізделеді.
Ол жұмыс қабілетін толық сақтау үшін
еңбек пен демалыстың кезектесіп өтуін
қажет екендігін көрсетті. Күн ырғағы
баланы жинақылыққа, тіл алғыштыққа, дәлдікке,
мұқияттылыққа үйретеді, денсаулығын
нығайтады, еңбек қабілетін жақсартады.
Күн ырғағын жасауда ата-ана баланың жасын,
үй жағдайын, денсаулығын, мұғалімдер
мен сынып жетекшісінің кеңесін, отбасы
мен мектеп ыргағының бірлігін еске алуы
тиіс. Отбасында күн ыргағының негізгі
құрамды элементтері-еңбек, ойын, сабаққа
дайындалу, тамақтану, ұйкы, т.б Отбасылық
тәрбиенің проблемалары педагогикалық
әдебиеттерде, А.С.Макаренконың, Н.К.Крупскаяның,
В.А.Сухомлинскийдің және басқа да ғалымдардың
еңбектерінде кең түрде баяндалған.Отбасылық
тәрбие бір қалыпты жағдайда іске асырылып
отырмайды. Зерттеу мәліметтеріне қарағанда
отбасылық тәрбиенің сәтсіздікке ұшырауының
басты себебі үлкен адамдардың педагогикалық
көзқарастарының көзқарсыздығынан болады.
Біріншіден отбасыда
болатын өктемдіқ баланы өзін-өзі билеушілігінен
айырады, әрбір қадамына бақылау жасайды,
ол өз күшіне, мүмкіншілігіне сенімсіз
және ішкі жай-күйі төмен болады.
Екіншіден, баланы еркелетушілік,
бетімен жіберушілік ата-аналардың бәрін
кешірушілік сүйіспеншілігіне байланысты.
Баланың жетегіне түсіп еркіне жіберушілік
өзімшілдікке тәрбиелейді.
Үшіншіден, әке мен ананың
және басқа отбасы мүшелерінің тарапынан
біріңгай талаптың жоқтығы. Осының нәтижесінде
ата-аналарды немесе ересек отбасы мүшелерінің
көзқарастарындағы алалықты пайдаланып,
бала екіжүзді және жағымсыз нәрсеге бейім
болып өседі.
Төртіншіден, ата-аналар
балаларды еркімен қарым-қатынас жасаудан,
өмірден аулақтауға тырысады, бөгет жасайды.
Бұл баланың қалыптасуына, дамуына залалды
әсер етеді.
Бесіншіден, егер әке
мен ана өз баласының іс-әрекетіне немқұрайды,
жауапсыздыкпен қараса, онда соны пайдаланып,
кездейсоқ адамдармен танысуға мүмкіндік
алады.
Мектептің ата-аналарымен
жүргізетін жұмысының ерекшелігі осы
екі жақтың байланысы мен әрекеі бірлігінің
тұрактылығынан көрінеді. Бұл тұрақтылыкты
ең алдымен сынып жетекшісі қамтамасыз
етеді. Ол мектеп пен отбасы арасындағы
ынтымақтастықты ұйымдастыруда жетекші
қызмет атқарады. Мектептің баланы тәрбиелеуіне
қатысты саясатын отбасының түсінуі, соның
жұмысына байланысты. Мұндай жағдайда
отбасыны негізгі тапсырыс беруші және
баланы тәрбиелеуде мектеппен одақтас
ретінде қарастырған жөн. Сондықтан да
сынып жетекшінің осы бағыттағы жұмысының
негізіне мектеп пен ата-аналар және балалардың
өзара қарым-қатынасы мен әрекетінде бірлікке,
ынтымақтастыққа қол жеткізу, ол үшін
баланың дамуына жағымды көңіл күй мен
жағдай жасау. Оны нәтижелі шешу мүмкіндігі,
егерде тәрбие жұмысының негізінде сол
ынтымақтастық әрекет орын алған жағдайда
ғана болады. Ол үшін өзара сенім мен кұрмет,
өзара көмек пен қолдау, бір-біріне шыдамдылық
көрсету ынтымақтастықтың негізіне айналуы
тиіс. Дегенмен, мектеп оқушыларымен жұмыс
істеу көп ізденуді, еңбек етуді қажет
етеді. Әсіресе, сынып жетекшісіне жүктелер
жауапкершілік мол. Оны окушылардың ата-аналарымен
тығыз байланыста болған жағдайда ғана
талапқа сай жұмыстар жүргізуге болады.
Сол үшін де ата-аналар өз тарапынан мектепке
тұрақты көмектесуте міндетті.
Сынып жетекшісінің ата-аналарымен
қоян-қолтық жұмыс істеуі мақсатты түрде
өте ұзақ мерзімді қажет ететін процесс.
Ол үшін отбасыны және оның отбасы тәрбиесіндегі
ерекшеліктері мен жағдайын жан-жақты
әр; жүйелі зерттеуді кажет етеді. Олай
болса сынып жетекшісінің ата-аналармен
жұмыс істеу қажеттілігі неде?
- баланың өмірін ұйымдастыруда, оның тәрбиесіне
қатысты мәселелерді шешуде ортақ көзқарастың
болуы;
- баланың отбасы мен мектеп жағдайындағы
дамуын және әлеуметтенуін тиімді ұйымдастыру
мақсатын тэрбиенің біріңғай ұстанымдарын
қою табаланың жан-жақты үйлесімді даму
үшін тәрбиелік ықпалды тиімді және нәтижелі
ұйымдастыруда;
- баланың әлеуметтік-педагогикалық және
психологиялық даму жағдайын ескере отыра,
тәрбиенің мақсаты және міндеттерін дұрыс
анықтау, оларды жүзеге асыру үшін;
- баланы түрлі ортада, әртүрлі жағдайда
жан-жақты жақсы танып білуі үшін;
- балаға ықпал етудің жалпы тәсілі мен
техникасын ойластыруда, әртүрлі өмір
жағдайында оның тұлғасына әсер етуде
күш-жігерді біріктіру үшін;
- сынып жетекшісі, оқушылар және ата-аналардың
жағымды көңіл- күйін, өзара жағымды түсіністік
пен ынтымақтастық қарым-қатынасын орнықтыруда
т.с.с.
Осыдан барып мектеп пен жанұя тәрбиесінің
жағымды факторларға негізделген өзара
кызметінің маңыздылығы түсінікті.
Ата-аналармен жүргізілетін
жұмыстағы сынып жетекшісінін мегізгі
міндеттері.
1. Ата-аналармен тұрақты байланыс орнату. Ондағы мақсат:
отбасыны, оның мүшелерінің өзара қарым-қатынасы
мәдениет деңгейін, жанұяның жеке басқа
ықпалын, ата -ананың педагогикалық білім
дәрежесінің жай-күйін анықтап, кеңес
беріп, оларды бала тәрбиесіне ортақтастыруды
көздейді.
2. Отбасы мен мектептің
балаға қоятын талаптарының бірлігін
қамтамасыз ету. Ондағы мақсат:
өмір сүріп отырған қоғамға сай белгілі-
бір мінез-құлық нормаларын балаға үйрету,
жаттықтырудың жүйелілігін, тұрақтылығын
қамтамасыз ету. Сол сыныптағы дәріс беретін
мұгалімдерді ата-аналармен ортақ іске
ұйымдастыру.
3. Ата-аналар ұжымын құру. Бұл күрделі,
әрі жауапкершілігі мол маңызды міндет.
Бұл бағытта ата-аналар комитетін құру
оның жұмыс жоспарын жасау, оларда мектептегі
қоғамдық жұмыска қатыстыру, атқарылатын
істерге талдау жасап отыру т.б жұмыстарды
міндеттейді.
4. Ата-аналардың педагогикалық білім дәрежесі
мен мәдениетін үнемі арттырып отыру. Ол үшін ата-аналардың
жаппай педагогикалық білім алуларын
ұйымдастыру. Бұл бағытта баспасөз беттерінде,
радио, көгілдір экран арқылы, педагогикалық
білімдер жетілдіру университтетерінде,
лекторияларды, семинарларда ғылыми-практикалық
конференцияларда, ата-аналар жиналыстарында
педагогикалық бітімдерді насихаттау.
Ата-аналармен атқаратын
жұмыстарында сынып жетекшісінің қызметі.
Сынып жетекшісі жоғарыда аталған міндеттеріне
сай 5 қызметті аткаруы тиіс.
1. Ата-аналарды сыныптағы оку-тәрбие процесінің
мазмұнымен және әдістемесімен таныстыру.
Сынып жетекшісі ата-аналар жиналысының
бірінші отырысында осы мәселеге қатысты
өзінің ұстанымы мен педагогикалық көзқарасын
баяндайды. Оның мақсаты және міндеттерімен,
соған сай өзінің әрекет ету бағдарламасы
және тәлімімен тәрбие жоспарымен таныстырады.
Ата-аналармен бірлесіп оны жүзеге асыру
жолдарын қарастырады. Осындай отырысқа
сол сыныпта сабақ беретін пән мұғалімдерін
және мектеп әкімшілігінде шакыру мүмкіншілігі
қарастырылады. Мұғалімдер өздері жүргізетін
пәндердің ерекшеліктері, мазмұны мен
әдістемесі және оқушылардың үй тапсырмасын
орындау жұмыстарына қатысты мәселелермен
ата-аналарды таныстырады.
2. Ата-аналармен педагогикалық және психологиялық
ағарту жұмыстарын ұйымдастыру. Сынып
жетекшісі бұл бағытта ата-аналардың педагогикалық
және психологиялық білімдер жүйесін
меңгеруіне, балаларды әлеуметтік ортадағы
мінез-құлкын жақсы білуіне сай, оларға
ағартушылық қызмет атқарады. Қазіргі
мектеп жағдайында ата-аналардың жалпы
білім деңгейі сөзсіз артуда. Бұл олардың
педагогикалық көзқарастарында қателіктіктің
болмауына сенімдерін орныктырады. Дегенмен
де педагогикалық және психологиялық
зерттеулер нәтижесі ата-аналардың психологиялық
-педагогикалық мәдени деңгейлерінің
төмендігіне үнемі назар аударады. Сол
үшін, бүгінгі таңда қоғамның және ата-аналардың
оған деген сұранысы күннен-күнге артуда.Осы
орайда әрбір сынып жетекшісінің алдында
тұрған міндет ата-аналар және мектеп
жағдайына тура келетін жұмыс істеу формаларын
таңдау. Сондықтан, мұнда мектеп тәжірибссіндс
ата-аналармен педагогикалық және психологиялық
ағарту жұмыстарына қатысты өзін-өзі ақтаған
кейбір дәстүрлі формаларды атаймыз.
3. Ата-аналарды балалармен бірге әрекетке
қатыстыру. Мұнда тәрбиелеу ортасын кеңейту,
оқушы тұлғасының дамуына ықпал етуөорісін
арттыру, сабақтан тыс тәрбие әрекетін
ұйымдастыру, осы әрекеттер барысында
мұғалімдер, ата-аналар мен балалардың
өзара қарым-қатынасын жақсартуды көздейді.
Мектеп тәжірибесінде ата-аналарды балалармен
бірге әрекетке қатыстырудың әртүрлі
формаларын қолданылады:
- сабақтан тыс әртүрлі тәрбиелік шараларға
қатыстыру (мәдени жорық, саяхат, кеш,спорттық
жарыстар т.с.с);
- жалпы мектеп көлемінде өткізілетін
дәстүрлі шараларға қатыстыру (мектеп
бітірушілермен кездесу соңғы қоңырау,
жаңа жыл шыршасы, халықаралық әйелдер
мейрамы. Наурыз оушылардың жазғы демалысын
өткізу т.б,);
- балалардың сабақтарына, олимпиада, кештерге,
апталықтарға, ата-аналардың ашық есік
күніне т.б:
- мектептің кәсіптік бағдар жұмыстарына
қатысу (еңбек адамдарымен кездесу, өндіріске
саяхат, кәсіби бағдар бөлмесін жабдықтау
жұмыстары);
- өздерінің мамандықтарына сай факультативтік
және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру;
- балалардың аула клубтарын құруға; .
- мектептің және сынып кеңестерінің жұмыстарына;
- мектептің немесе сыныптың жөндеу жұмыстарына,
ауланы көгалдандыруға қатысу кітапхана
қорын молайтуға, көрмелер ұйымдастыруға;
- мектептің немесе сыныптың әртүрлі шараларын
ұйымдастыру және оларды өткізуге өндіріс
және фирмалар арқылы материалдық көмек
көрсету т.б.
4. 0тбасы тәрбиесіне ата-аналарға педагогикалық-психологиялық
кеңес беру. Бұл бағытта кейбір отбасында
бала тәрбиесіне қатысты туындап отырған
мәселеге қатысты көмек көрсету, ақыл
кеңес беру.
5. Ата-аналар белсенділермен жұмыс жәнс
ата-аналардың әртүрлі қоғамдық ұйымдарымен,
жұртшылыкпен өзара әрекеттесуі. Сынып
жетекшісінің бұл бағыттағы жұмыстары
ата-аналардың комитетін құрып, оның мүшелеріне
белгілі бір бағытта тапсырмалар беру,
олардың жұмыстарын ұйымдастыруға кеңес
беру, көлкабыс көрсетуден басталады.
Кейбір ата-ана өз балаларының сыныпта
атқарып жүрген қоғамдық жұмыстарына
барынша қолдау көрсетеді. Мысалы, баласы
спорттық шараға, мәдени жорыққа жауапкер
болса оның ата-анасы да өз мүмкіндігінше
баласына отбасында ата-ананың балаға
ықпалын арттырудың педагогикалық шарттары
Қазақстан Республикасының Конститудиясында
"Балаларына қамқорлық жасау және оларды
тәрбиелеу - ата-ананың табиғи құкығы әрі
парызы" деп отбасының міндеті анық
көрсетілген. "Қазакстан-2030" бағдарламасында
балаларымызды алыс болашақта қандай
сапада көруіміз керектігі айтылған. Сонымен
бірге "Отбасы туралы Заң", "Жоғары
және орта білім тұжырымдамасында"әрбір
отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға
қосу міндеті жүктелген. Сөйтіп,отбасының
әуел бастан-ақ өзіне тән киелі міндетін
орындау қажеттілігін бекемделе түсті.Отбасы
- баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы
қатарында өмірдің мақсаты, оның құндылықтарын
біліп өзін қалай ұстау керектігі туралы
алғашқы мағлұматтарды береді және онда
басқалармен қарым-қатынас орнатуына
іс жүзінде дағдыланады. Сөйтіп, өзінің"кім"
және "қандай" екенін, басқалардың
"кім" және "қандай" екенін практикада
сынап байқап кереді. Отбасында әр түрлі
жағдайлар мен төтенше ахуалдарда өзін
ұстаудың нормаларын, мінез-құлқын реттеудің
өлшемдерін меңгереді. Ата-ананың үгіт-насихаты,
түсіндіруі олардың үлгі-өнегесі, үйдегі
ахуал, отбасының психологиялық тынысы
арқылы балалардың әдеті, мінез-құлқы,
жақсы-жаманды бағалау уәзіндері (критерий)
қалыптасуымен бірге қандай қылықтары
үшін сөгіс алып, не үшін жазалынатынын
әділдік пен адалдық туралы ұғынып түсінеді.Қазіргі
заманда отбасының құрылымы өзгеріп ондағы
мүшелер саны азайып, бала саны да кеми
түсті. Қоғамдағы әлеуметтік, мәдени, эконимикалық
жаңғырулар, әр түрлі сипаттағы әлемдік
деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы мүшелерінің
арасындағы қарым-қатынас сипатына да
өз әсерін тигізіп отыр. Өйткені әкеге
бағыну, өзінен үлкен апа, ағаны сыйлау
қазақ арасында жоғалмағанмен әлсірей
түсті. Ендігі кезде отбасын асыраушы
әке ғана емес ана да оған елеулі үлес
косу себепті олардын ролдік кызметі тенеліп,
бұнымен байланысты жауапкершілік сипаты
да өзгермелі күйге түсті. Көп жағдайда
әке жауапкершілігі әлсіреп, керісінше
аналар отбасы үшін жауапкершілікті әз
мойындарына алудаОсы заманның тағы бір
ерекшелігі: толық емес отбасылар көбейіп,
ата, әке, қайын жұрт, нағашы жұрт секілді
т.б. туысқандық байланыстар әлсіреді.
Сондықтан олардың бала тәрбиесіне туысқандық
сипаттағы жауапкершілігі де төмендеді.
Осылардың барлығы отбасындағы қарым-қатынасқа,
өз кезегінде ондағы бала тәрбиесіне әсерін
тигізіп отыр.
Қарым-катынас — адамзат өмірінін аса
манызды және негізгі сферасы болып, соның
нәтижесінде тұлға аралық байланыс орнығып,
өзара мәміле қалыптасып дамиды. Қарым-қатынас
дегеніміз өзара пікіралмасу, сезім әлемінде
бірлесіп ләззаталу, қайғы, қуанышта ортақтас
болу секілді кең аукымды эмоция спектрлерін
қамтиды. Қарым-катынас барысында екі
не бірнеше психологиялық жүйе, екі немесе
бірнеше рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім,
мінез-құлық, қылық жорыктар арасында
келісім, не өзара түсіністік тұрғысында,
не болмаса қақтығыс талас - тартыс, қарама-қайшылық
тұрғысындағы мәміле үрдісі іске асады. Отбасы
қарым-қатынасында, олардың ішінен келісім,
өзара түсіністік, бірінің екіншісін құптауы
секілді қарым-қатынасының қазіргі кездегі
басты ерекшелігі - әр тұлғаның мейлі балалары,
мейлі ересектері болсын, мағлұмат байлығы
(информаиионное богатство) болып, өзара
қарым-қатынас осы мағлұмат алмасу кезінде
өте тығыз орнығуы ықтимал. Өзара мағлұмат
алмасу отбасы мүшелеренің рухани кемелденуіне
алып келсе мұндай отбасының болашағы
бар. Отбасы мүшелерін қарым-қатынас аркылы
біріктіретін, өзараТуыскандық байланыстарын
нығайта түсетін аса манызды сфера - мақсатты
(отбасын материалдық қамсыздандыру мақсатындағы)
бірлесіп еңбек ету, нәтижесіне ортақтасу,
бөлісу. Мұндай қарым-қатынас алдымен,
отбасы иелері -әке мен шеше ортасында
түсіністікпен орнаса, сонын өзі балаға
өнеге болатыны өмірден белгілі. Бұдан
басқа әке мен ұл, анасы мен қызы бір туғандардың
бірлесіп, бір мақсатта енбектенуі өзара
түсіністікті нығайтатын аса манызды
құрал — қарым-қатынас екені педагог,
психолог ғалымдар тарапынан дәлелденген.Қарым-қатынас
барысындағы біреудің екінші бір адамға
әсерін, не болмаса өзара қарым-қатынас
нәтижесіндегі ықпалдастықтың әдіс-тәсілдері
педагогикалық сипатта болғанымен, ішкі
тетіктері (механизмдері) адамның психологиялық
ахуалына, сезімі, ой- санасына, қылық-жорығы,
жүріс-тұрысына тікелей, жанама сөз арқылы
әсер ету болып саналады.Отбасы педагогикасында
ықпал етуші мен ықпалға түсушінің орыны
алмасып отырады, Мәселен, бірде ересектер
балаға ықпал етсе, енді бірде балалар
ересектерге әсер етіп отырады. Отбасы
қарым-қатынасында ата-ана балаға ыкпал
етудегі мақсатын, өзінің талаптарын,
оған түрткі беріп отырған ішкі мотивтерін
қанағаттандыру үшін және мұны кейде тікелей,
кейде жанама түрде іске асыруға тырысады.
Олардың мүдделері де белгілі: балаға
нақты әдет, дағдыларды менгерту, іскерлікке
баулу, ұкыптылыкка, ерінбеуге т.б. дағды
мен әдет қалыптастыру. Ықпал ету ересектер
тарапынан өз күшін көрсету, бағындыру,
баланың әлсіздігі не білместігін пайдаланып
билігін жүргізіп, содан ләззат алу секілді
теріс психологиялық мотивтерден туындауыда
мүмкін.
Жалпы тәрбиелеу әдістері педагогикада
сана-сезіміне ықпал ету іс-әрекетін ұйымдастыру,
ынталандыру болып топтастырылған. Отбасы
тәрбиесіне байланысты ғылыми-педагогикалық
практикалық бағыттағы, отбасы тәрбиесінің
психологиясына байланысты әдебиеттерді
зерттеу және өзіміздің практикалық жұмыстарымыздың
нәтижесінде ата-ананың балаға ықпал ету
әдістерін:
- ықпал ету аркылы баланың өзіне сенімін
нығайту;
- ыкпал ету арқылы баланың психикасын
тежеу;
- ықпал ету арқылы қуаныш сезімін ояту;
- ықпал ету арқылы теріс әрекеттерге итермелеу
деп топтастырдық.
Бала тәрбиесіндегі ата-ана беделінің
маңызын дұрыс түсінбеу және оны қолдану
тәсілдерін психология-педагогикалық
тұрғыда зерделей алмауы салдарынан отбасы
тәрбиесінде жансақтықтар кетіп жатады.
Ата-ананың балаға ықпал ету әдістерін
топтастыру
Қазак халқы әсіресе өмір гүлін үздіксіз
егетін ананың ақ сүтін, адал еңбегін айрықша
атайды. "Ажалды ана жеңеді, ана жеңбесе
бала жеңеді" деп ана арқылы өмір желісі
үзілмейтінін, бала арқылы жалғасатынын
парасаты биік, білгір халық бейнелеп
білдіріп отырады. Сондықтан "Анасың
сүйгеннің баласын сүй", "Ата-ананың
қадірін балалы болғанда білерсің"
деген мақал да балғын жасқа анау- мынау
арзан әңгіме болмаса керек. "Өзіне
дейінгіні сыйламасан, өзіңнен кейінгі
сені де сыйламайды", Бұл – ұмытуға
болмайтын аталар ескертпесі. Тәртіп -
жалпы жеке адамның, не топтың алдына қойған
мақсатқа жету үшін іс-әрекетін ұйымдастыру
сипаты болып, ол құлықық мәнге ие болады.
Сынып жетекшісі,
оның міндеттері мен жұмысының мазмұны
Мектеп өмірінде мұғалім - басты
тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды оқытып
қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелсйді.
Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оку-тәрбие
жұмысын ұйымдастырушысы әрі ұстазы, ақыл-кеңесшісі
болып саналады. Сондықтан да ол қиын да
әрі жауапты міндетті іс. Соған қарамастан
мұғалімдердің кейбіреуі бұл міндетті
өздерінің білім беру қызметіне қосымша
іс ретінде қараса, ал басқалары оны негізгі
педагогакалық әрекеті ретінде қарастырады.
Дегенмен, сынып жетекшісінің тәрбиелік
қызметі қаншалықты қиын болғанымен де,
әрине ол балаларға өте қажет. Себебі,
мектеп құрылымындағы ең негізгі буын
ол - сынып, Мұнда оқушылардың таным әрекеті
ұйымдастырылып, олардың өзара әлеуметтік
қатынастары қалыптасады. Балалардың
болашақ әлеуметтік жағдайға бейімделуі,
олардың демалысына , қатысты мәселелері,
алғашқы ұжым болып қалыптасу дәрежесі,
соған сәйкес сыныптың жағымды көңіл-күй
жағдайы жүзегс асырылады. Олай болса,
сыныпта оқушылардың оку-тәрбие әрекетін
ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың ықпалын
үйлестіру тек сынып жетекшілеріне жүктеледі.
Ол оқушыларға қатысты мектеп өміріндегі
мәселелерді шешуде нақтылы көмектесуге
жәнс оларды тартымды әрі қызықты ұйымдастыруға
тырысады. Ол өзіне қатысты сыныпта оқушылар
ұжымын ұйымдастыра отырып, осыған сол
сыныпта дәріс беретін пән мұғалімдерің,
оқушылардың ата-аналарын және жұртшылықтың
бала тәрбиесіндегі ықпалын біріктіріп,
балаға деген талаптарын ортақтастырып
отырады.Сынып жетекшісі жұмысының негізгі
мақсаты -мектеп оқушыларың қоғамның белсенді
және саналы азаматы етіп тәрбиелеуте
барынша ықпал жасау. Сыныптағы әрбір
жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының
қалыптасуын адамгершілік қасиеттерін,
еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз
етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай
туғызу. Сондықтан оның жұмысының мазмұны
мен тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа
бағытталуы тиіс. Атап айтқанда тәрбиенің
негізгі салалары: ақыл-ой, адамгершілік,
эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесіне,
елжандылық т.б. тәрбие міндеттерін мектеп
пен сыныптың нақтылы өмір жағдайларына
байланысты қарастыру.Сынып тәрбиешісі
қызметі 1871 жылғы "гимназиядағы сынып
тәрбиешісі" Жарғысында ресми түрде
бекітеді. Соған сәйкес сынып тәрбиешілері
мұғалімдер есебінсн тағайындалып, олар
білім берумен де айналысты. Сынып тәрбиешілерінің
міндеттерінің аукымы кең болады: сабақта
тәртіпті сақтауға ықпал ету, сабаққа
қатысуды қадағалау; мектеп іс-қағаздарын
жүргізу; оқушылардың дамуын, таным қабілеттерін
бақылап зерттеу; сол сыныпта сабақ жүргізетін
оқытушылармен ай сайын мәжіліс өткізу.
Сонымен қатар сынып тәрбиешілері тәрбиеленуішілердің
мемлекеттік зандарды және оларды орындаушыларды
сыйлауға, Отанға және мемлекетке берілгендік
сезімдерін тәрбиелеуге міндетті болды.
Мұнда діни сезімге көптеп көңіл аударылды.Бірақта,
іс жүзінде сынып жетекшілерінің әрекеті
тек тәрбиеленушілерді бақылау және тәртіпті
сақтаумен ғана шектедді. Себебі, оқу мекемелеріндегі
мұндай қызметтің мәртебесі онша жоғары
болмады. Әрі онда негізінен оқуға көптеп
көңіл бөлінді. Сондықтан, сынып тәрбиешілерінің
тәрбие жұмысымен айналысуға уақыттары
да аз болды.XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың
бастапқы кезеңінде қоғамдағы кейбір
өзгерістерге сай баланың жеке тұлғасына
деген көзқарас өзгеріп, оның қажеттілігі
мен қызығушылығына көңіл бөле бастады.
Дегенмен де сынып тәрбиешілерінің қызметі
1871 жылғы Жарғыға сәйкес өзгеріссіз қалды.
Олардың манызды міндеті - оқу процесін
ұйымдастыру болып есептелді: сабақта
тәртіп орнату; сабаққа қатысуы; қосымша
сабақ ұйымдастыру; үй тапсырмасын орыңдату
т.с.с.XX ғасырдың басында оқушылардың сабақтан
тыс жұмыстарын, демалысын, әртүрлі пәндер
бойынша қосымша сабақтарын және әдеби
кештер мен дене қимылы (гимнастика) үйірмесін
ұйымдастыруға мақсатты түрде көңіл бөліне
бастады.1913-1914 жылдары сабақтан тыс жұмыстардың
жаңа формалары пайда болды: тілдік, сурет
салу. музыка, балшықпен жабыстыру ісімен
шұғылданатын үйірмелер: қойылым (спектакль)
қою, әдеби-музыкалық, би кештерін. көрме
жұмыстарын ұйымдастыру; саяхатқа бару.
Осындай жұмыстарды атқару барысында
сынып тәрбиешілері тағы да негізгі ұйымдастырушы
және оларға қатысушы бола алмады. Олардың
міндеті бақылаудан аспады. Кеңес дәуірінің
алғашқы кезеңдерінде де сынып жетекшісі
деген қызмет болмады. Оқушылармен тәрбие
жұмыстарын ұйымдастыру мұғалімдердің
бәріне бірдей жүктелді. Оларды той жетекшілері
деп атады. Негізгі міндет -коммунистік
идеология аясында оқушылардың саяси
тәрбиеіне көптеп кең болу. Оқушылардың
бастауыш ұйымдарында жалпы мектептік
өзін-өзі басқаруды ұйымдастыруды мақсат
етіп қойды. Іс жүзінде тәрбие жұмысына
онша көңіл бөлінбеді. Мұғалімдердің кызметі
оқушылар және олардың ата-аналары жайында
мәліметтер жинастыру, сабаққа қатысуын
қадағалау т.с.с. болды.1928 жылы сынып тәрбиешісі
қызметі ресми түрде жойылып, оқушылардың өзін-өзі баскару
ұйымына басымдылық береді. Дегенмен
де бұл бағытта да оң нәтижеге қол жеткізу
мүмкін болмады.20 жылдардың ортасында
оқушылар ұйымы дағдарыс жағдайына болды.
Ондағы себеп, балаларда ұйымдастыру жұмыстарына
қатысты тәжірибенің жетіспеушілігі,
олардың мүмкіндігін артық бағалау және
өзін-өзі басқару мәселесінде мұғалімдердің
ролін өз дәрежесінде бағаламау. Мұндай
жағдайдан шығудың бірден-бір жолы мұғалімдерді
оқушылар тобына — бастауыш ұжымға бекіту,
олардың міндетіне оқушылардың өзін-өзі
басқару ұйымдарына жетекшілік ету (негізгі
міндеті), оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру,
оқушылардың жеке басын жәнс өмір жағдайын
зерттеу, ата-аналарымен жұмыс істеу болды.1930
жылдары отаңдық метепте өте маңызды өзгеріс
болды: оқу процесіне сыныптық сабақ жүйесін
енгізу, оқушлардың жеке-дара білімдерін
жүйелі түрдс есепке алу, тұрақты оқу бағдарламалары
мен оқулықтарды жасау т.б. Осыған байланысты
топ жетекшілерінің де жағдайы өзгерді.1934
жылы "Жалпы енбек мектебінің" Жарғысы
мен Ережесінің қабылдануы, мектептердегі
оқу-тәрбие процесін топтап оқыту тәртібіне
көшіруі, сыныптық-сабақ жүйесіне өтуге
байланысты, топ жетекшісі, сынып жетекшісі
деп өзгертіліп, олардың тәрбиешілік кызметтерінің
міндеттері мен мазмұны, формалары мен
әдістері жаңа сипатка ие болды. Соған
сәйкес сынып жетекшісі туралы Ережсні
1934 жьшы 28 маусым күні РСФСР Халық ағарту
Комиссариаты бекітті. Осы Ережемен бірге
сынып жетскшісінің қызметі де бекітілді.1947
жылы сынып жетекшісі туралы жаңа ереже
қабылдаңды. Онда сынып жстекшілерін тағайындаудың
жаңа тәртібі белгіленіп, олардың қызметі
нақтыланды. Сонымен бірге тәрбие жұмысын
жоспарлау және есеп беру формалары туралы
нұсқау берілді. Бастауыш сынып ұжымын
ұйымдастыру және оны қалыптастыруға,
ондағы тәрбие жұмысының негізі оқушылардың
идеялық саяси тәрбиесіне аса мән берілді.
Пионер және комсомол ұйымдарымен жұмыс
істеу, оқушылардың "Оқушылар ережесін"
үйренуі міндеттелді.Осыдан 1971 жылғы жаңа
"Сынып жетекшісінің Ережесіне" дейінгі
мерзімде сынып жетекшілерінің міндеттерінде
айрықша өзгеріс болмады. Соңғы жылдары
кейбір мектептерде "Сынып жетекшісінің"
орнына тек тәрбие мәселелерімен айналысатын
дербес "Сынып тәрбиешісі" деген
қызмет пайда болуда. Оның себебі, біріншіден, бүгінгі таңдағы
әлеуметтік өмірдің барлық саласындағы
маңызды өзгерістердің ықпалы. Олар қоғамдық
және тұлғалық қатынастарға кең көлемде
ықпал етуде. Бір жағдайда, бұл қатынастар
субъект ретінде бәсекеге төтеп бере алатын
барлық оған қатысушыларға тым қатаң талап
қойса, екінші жағдайда, адамның қоғамдағы
өз тағдырын өзі еркін шешуге, әлеуметтік
мәселелердің тәсілдерін таңдауда оған
мүмкіндік береді. Мұңдай көзқарас мектептегі
педагогикалық процеске қатысушылардан
жаңа ізденімпаздықты талап етеді. Соған
орай тек білім беру саласында ғана емсс,
сонымен бірге ұстаздар мен оқушылар,
мектеп әкімшілігі мен педагогикалық
ұжым арасыңда қызықты жобаларды қарастыру,
оларды педагогикалық процеске ендіру
қажеттігі басымдылық танытуда. Олардың
негізіне ынтымақтастық жәнс тең құқықтық
серіктестікті жатқызу көзделіп отыр.
Екіншіден, білім беру жүйесінде жаңа
сипаттағы оқу орындарының пайда болуы:
гимназия, лицей т.с.с. Соның барысында
кейбір классикалық тұрғыдағы білім беретін
жалпы орта мектептерінің педагогикалық
әрекеті өзгеріске ұшырауда. Соған сәйкес
сынып жетекшісі қызметінің мазмұны мен
сипаты да өзгеруде:
- пән мұгалімі, бір мезгілде сынып жетекшісінің
қызметін атқарушы;
- сынып жетекшісі, аз мөлшерде оқу жүктемесі
бар пән мұғалімі;
- сынып жетекшісі, тек тәрбие жұмысымен
айналысатын мұғалім;
- сынып тәрбиешісі (кейбір оқу мекемелерінде
пайда болған жаңа қызмет).
Қорытынды
70-80 жылдардағы мектептің өгешелігі,
тәрбиенің ықпал ету күші негізінен баладан
тысқары байланыста болғаны. Бүгінде көптеген
сынып жетекшілерінің ол жөнінде көзқарастары
басқаша. Яғни, тәрбиені баланың ішкі жан
дүниесін дамытуға жағдай жасау деп түсінеді.
Осыдан барып тәрбие жұмысының бағыты
мен жүйесі өзгереді. Мұңдай көзқараста
баламен жеке жұмыс жасау мүмкіншілігі
күшейеді. Ол әрбір баланың дене және психикалық
дамуын қамтамасыз етумен байланысты
болады. Мұндай жағдайда, бірінші кезекте,
негізінен сыныптың ішкі көңіл
күйін көтеруге, оңда жағымды психологиялық
жағдай туғызуға, балалардың өзін-өзі
басқаруын қалыптастырып, дамуына, әрбір
жеке баланың өзін-өзі танып, қоршаған
ортаға қатысты ашылуына жағдай туғызуға,
оқушыларды шынайы әлеуметтік әмірмен
қарым-қатынас жасауға аса көңіл бөлінеді.
Осындай жіктеуге қарамастан, сынып жетекшілерінің,
тәрбиешісінің қызметі. құкығы мен міңдеттері
өзгеріссіз қалуда. Себебі, мектептің
педагогикалық қызметі оның Жарғысы бойынша
әрекет етеді, яғни сынып жетекшісінің
тәрбие қызметі де осы құжатқа негізделген.
Дегенмен, баланы тәрбиелеу ісі оның әлеуметтік
ортамен өзара тікелей белсенді әрекеті
жағдайында жүзеге асады. Мұңдай жағдайда
сынып жетекшісінің қызметі оқушылардың
әлеуметтік өмірде өздерін-өздері тани
білуінс, сынып жәнс мектеп ұжымында өз
орындарын таба білуіне көмектесе отырып,
олардың дамуына қолайлы жағдай туғызу.Бүгінде
қоғамды реформалау жағдайында мектепке,
оқушылар мен мұгалімдерге қойылатын
талаптар да жаңа сипатка ие болуда. Дегенмен,
сынып жетекшісі қызметінің маңыздылы
жойылған жоқ.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.
Қаламқалиев М. Балалардың
2.
Ибраева С. Оқушылардың шығар-
3. Математика бағдарламалары (1-4 сыныптар) / Т.Қ. Оспанов, Ш. Құрманалина, Ж.Т. Қайыңбаев, М.Е. Ералиева – Алматы: РОНД, 2003. – 32 б.
4. Әбдікәрімұлы Б., Әлібекова М. Білім берудегі педагогикалық технологиялар. // Педагогикалық ізденіс– 2002. - №4. – 200-203 б.
Информация о работе Сынып жетекші жұмысының міндеттері мен әдістері