Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2015 в 19:53, практическая работа
Сынып жетекшісінің атқаратын қызметтері
• Педагогикалық және әлеуметтік- гуманитарлық
Баланың әлеуметтік қалыптасуы мен дамуына жағдай тудыруға, баланың тұлғалық өзекті мәселесін шешуге, оны әлеуметтік өмірге араластыру және өз бетінше өмір сүре білуіне көмектесуге бағытталған.
• Ұйымдастырушылық қызметі.
Балалардың орынды талап –тілектерін қолдай отыра, ынтымағы жарасқан, саналы да белсенді әрі іскер сынып ұжымын қалыптастыру. Олардың танымдық, еңбек, эстетикалық әрекеттерін және демалысы мен еркін қарым-қатынасын ұйымдастыру.
Сынып жетекшісінің атқаратын қызметтері
Баланың әлеуметтік қалыптасуы мен дамуына жағдай тудыруға, баланың тұлғалық өзекті мәселесін шешуге, оны әлеуметтік өмірге араластыру және өз бетінше өмір сүре білуіне көмектесуге бағытталған.
Балалардың орынды талап –тілектерін қолдай отыра, ынтымағы жарасқан, саналы да белсенді әрі іскер сынып ұжымын қалыптастыру. Олардың танымдық, еңбек, эстетикалық әрекеттерін және демалысы мен еркін қарым-қатынасын ұйымдастыру.
Түзету қызметтері.
Оқу- тәрбие процесін нәтижелі ұйымдастыру үшін, оның жетекші оқушылары тәрбиесінің деңгейі мен өзгеру барысын анықтап отыруды, соған сәйкес оқушылардың тұлғалық және жеке дара ерекшеліктерін зерттеу және оған талдау жүргізуді; сыныптағы келеңсіз жағдайдың себебін іздестіріп, анықтап, оны болдырмаудың тәсілдері мен жолдарын қарастыруды көздейді.
Сынып жетекшісі осындай жұмыстарды атқару барысында, біріншіден, өзінің педагогикалық әрекетінің нәтижесін көре алады. Екіншіден, нақтама, яғни зерттеу жұмысының нәтижесін пайдалануда,оны баланың жеке тұлғасын қалыптастыру және дамыту құралына айналдыру мүмкіндігі туындайды. Бұл процесс оқушылардың жас ерекшілігі мен сынып ұжымының қалыптасу дәрежесіне байланысты жүзеге асады.
Тәрбие жұмысының мақсаты - баланың жеке тұлғасының даму процесін басқару міндеттерін анықтайды. Сондықтан, сынып жетекшісінің мақсат қоюшылық қызметі тәрбие жұмысын жоспарлауда көрініс табады.
Жоспарлау – бұл сынып жетекшісінің педагогикалық және сынып ұжымының оқу-тәрбие процесіндегі әрекетін нәтижелі ұйымдастырудағы маңызды буыны. Жоспардың қызметі - педагогикалық ықпалды жүйеге келтіру, педагогикалық талаптарды орындауды қамтамасыз ету, ондағы белгіленген тәрбие шараларының бірізділігі мен басқару тиімділгін қамтамасыз етуді көздейді. Жоспарлау – мақсатқа жетудің бірден-бір негізгі жолы.
Тұлғаны тәрбиелеуде оның ертеңгі қуанышты күнін, болашағын болжау, оны жобалаудың да маңызы ерекше. А.С.Макаренко адамдағы жақсы қасиет әркезде оны жобалау арқылы келетіндігіне үнемі назар аударған. Сол секілді В.А Сухомлинский де «тәрбиені ғылыми тұрғыда алдын - ала болжамдау, онда ол қарапайым көрініске: тәрбиеші – сауатсыз күтушіге, педагогика- балгерлікке айналар еді» - дейді. Сондықтан, тәрбие процесінің нәтижесін алдын ала жобалау, болжау сынып жетекшісі қызметінің маңызды бір буыны болады. Онсыз тәрбиедегі, біріншіден мақсаттылықтың, екіншіден, тәрбие процесінің өзі де болмаған болар еді.
Сынып жетекшісінің оқушылардың оқу және тәрбие процесіне бақылау жүргізіп және оны түзетіп отыруы – бұл оның нәтижесін, сапасын қадағалауға мүмкіндік беріп, оны үнемі жетілдіріп отыруды қамтамасыз етеді. Бақылаудың нәтижесіне талдау жасау барысында сынып жетекшісі қажет болған жағдайда балалар ұжымы немесе жекелеген оқушылардың әрекеттеріне түзету енгізуді жүзеге асырады. Дегенмен де, сынып жетекшісінің оқу - тәрбие процесін бақылауды және түзетіп отыру қызметі тік оқушылармен және пән мұғалімдерімен бірлескен жұмыстары барысында ғана іске асады.
Сынып жетекшісінің жоғарыда көрсетілген қызметі оның педагогикалық әрекетінің мазмұнын анықтайды.