Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 19:47, реферат
Осы төрт анықтамадан түйіндейтініміз – адамның өз өмірінің негізгі процестерін бастан кешіретін кіші әлеуметтік топ отбасы болып табылады. Отбасындағы әрбір адам өмірінің онымен тығыз байланыстылығы сонша, ол әрбір отбасы мүшесінің дамуына шешуші әсер етеді.
Қандай да тұйық, жабық отбасы болғанымен ол қоғамсыз өмір сүре алмайды. Өйткені оның мүшелері жан-жақты әлеуметтік топтарға, яғни өндірістік, оқу ұжымдарына, балалар ұйымдарына, қоғамдық ұйымдарға, сонымен қатар сауда, денсаулық орындарына қатысты, ондағы адамдармен тығыз байланыста болады.
Сонымен қатар отбасы қоғамдық қарым-қатынасқа оның барлық өмірінің үрдісіне ықпалын тигізе алады. Отбасы адамдарға қажеттілігін қанағаттандырып қана қоймай, бірқатар әлеуметтік функциялар орындалып, қоғамның әлеуметтік құрылымы, бір элементі болып табылады.
Отбасы мүшелелері бір-бірімен тығыз байланыста, ерекше жанашырлық, сүйіспеншілік сезімде болады. Олар бір-бірінің өміріне, тағдырына елеулі ат салыса алады. Бұл жерде бір немесе бірнеше ұрпақ отбасы болып іріктелінеді. Екі ұрпақты отбасыда: әйелі мен ерінің, әке мен шешенің, балалардың, ағалардың және қарындас, сіңлілердің рөлі негізделеді. Ал, үш ұрпақтық отбасыда ата мен әженің, ене мен атаның, күйеу бала мен келіннің, қайындар мен балдыздардың рөлі қосылады.
Отбасындағы ата мен баланың
қарым-қатынасына ешкімнің күмәні жоқ.
Ана баланы өмірге әкеледі, ақ сүтімен
тамақтандырып, әлдилейді, өсіреді. Ал,
әке мен бала арасындағы қарым-қатынасқа
әртүрлі көзқарастар мен
Ғалым-педагогтар мен психологтардың
ойынша балаға әке-шешесінің қарым-қатынасы
мен олардың берген тәрбиесіне жететін
өмір жоқ. Балалардың дұрыс қалыптасуы
олардың отбасындағы
Сонымен отбасының өзіндік даму тарихы бар. Отбасы - кішігірім мемлекет, әлеуметтік топ. Ол алғашқы адам баласы пайда болған кезеңнен бері қарай дамуда. Ертеде отбасын құру - күнкөріс қамынан, ерлі-зайып қатынасынан, ұрпақ әкелуден туындаған.
Бүгінде отбасыға мынадай анықтама беруге болады: қазіргі заманғы отбасы – ерлі-зайыпты екі адамның арасындағы некеге құрылған негізгі әлеуметтік топ, отбасыға сонымен бірге ұрпақтары (ұл-қыздары) да кіреді. Отбасының функциясы бала тауып, тәрбиелеп өсіру, ерлі-зайыптылардың жыныстық, эмоциялық сезімдерін және басқа (әлеуметтік, экономикалық) қажеттерін өтеу.
Отбасы нақты қоғамда өмір сүреді, сондықтан отбасының жалпы сыйпатымен қатар өзі өмір сүретін қоғамдық қатынастардың мазмұнына сәйкес ерекше белгілері де болатыны түсінікті.
Отбасы туралы философ, педагог, психолог, әлеуметтанушы, мәдениеттанушы, т.б. ғалымдар анықтама беріп, еңбектер жазып, осы проблеманың негізін қалаған.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1.Қазақ Совет энциклопедиясы, Алматы, 1976
2.Қазақ Совет энциклопедиясы, Алматы, 1974
3.Қазақ Совет энциклопедиясы, Алматы, 1978
4.Қазақ Совет энциклопедиясы, Алматы, 1977
5.Сб. Проблемы социологии, М,. 2006
6.Энгельс Ф. »Отбасының,
жекеменшіктің және
7.»Мысли и изречения», М,. 1965
8.Морган Л. «Ежелгі қоғам», Алматы, 1956
9.Бегалиев Т.Б. «Педагогика» Лекциялар курсы, Тараз, 2002
10.Латышина Д.И. «История педагогики» М, 2003
11.Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, Алматы, 2006