Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2014 в 19:44, курсовая работа
Тәрбиенің негізгі мақсаты -қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектілі және әр түрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегі грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына табиғи тума қабілет, қоршаған орта да әсер етеді деп есептеген. Жеке тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық жоне психологиялық-педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын тапқан (Э.Роттердамский, Я.А Коменский, К.А.Гельвеций, Д.Дидро, А.Дистервег, К.Д.Ушинский, К.Маркс, Ф.Энгельс, З.Фрейд, Д.Дьюи, Э. Торндайк, Н. К.Крупская, П. П. Блонский, А. С. Макаренко, Л. С. Вьгготский, Э. И. Моносзон. Л. И. Божович, С. Л. Рубинштейн, В. В. Давыдов т.б.)
Кіріспе .................................................................................................... 4
Тұлға туралы жалы түсінік ................................................................ 6
Жеке тұлғанын қалыптасұынын философиялық-әдістемелік негіздері ............................................................................................ 6
Тәрбие – жеке тұлғаның калыптасуынын шешуші факторы ретінде ............................................................................................. 12
Педагогикадағы тұлғаның дамуына байланысты проблемалар ..... 19
Тұлғаның даму процесі .................................................................. 19
Іс-əрекет жəне тұлға дамуы ............................................................ 22
Қорытынды .......................................................................................... 26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ......................................................... 28
Мазмұны
Кіріспе ..............................
Қорытынды ..............................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..............................
Кіріспе
оьрлрлродло
1 Тұлға туралы жалы түсінік
1.1 Жеке тұлғанын қалыптасұынын философиялық – әдістемелік негіздері
Тәрбиенің негізгі мақсаты -қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектілі және әр түрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегі грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына табиғи тума қабілет, қоршаған орта да әсер етеді деп есептеген. Жеке тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық жоне психологиялық-педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын тапқан (Э.Роттердамский, Я.А Коменский, К.А.Гельвеций, Д.Дидро, А.Дистервег, К.Д.Ушинский, К.Маркс, Ф.Энгельс, З.Фрейд, Д.Дьюи, Э. Торндайк, Н. К.Крупская, П. П. Блонский, А. С. Макаренко, Л. С. Вьгготский, Э. И. Моносзон. Л. И. Божович, С. Л. Рубинштейн, В. В. Давыдов т.б.)
Адам – өзіне тән биологиялық құрылысы бар тіршілік иесі, сондықтан табиғат заңдары оның дамуына да әсер етеді. Қоршаған ортаға бейімделіп, өз тіршілігі үшін дайын заттарды пайдаланатын жануарларға қарағанда, адам өзіне керектіні өз қолымен жасайды. Адам табиғатының өзгеруі адам өмірінің әлеуметтік жағдайларының әсерінен болады, адамның тектілігі тек биологиялық жағынан ғана емес, сонымен қатар тарихи дамуы нәтижесінде де пайда болады. «Әлеуметтік мұрагерлік» адамның қоғамдық тәжірибеге ие болуы нәтижесінде орын алады. Сонымен, адамның жалпы дамуында өзара байланысты биологиялық және әлеуметтік бағыттар әсер ететіндігі байқалады. Адам биологиялық тіршілік иесі болып туады, алайда өз дамуы барысында ғана ол әлеуметтік тіршілік иесіне айналады. Психологияда «жеке тұлға» деген ұғымның әр түрлі түсіндірмелері бар, бірақ олардың көбісі мына түсінікке келіп тіреледі: жеке тұлға дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгісі – оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды (қызметтерді) (болмысқа, адамдарға, өзіне, еңбекке, жалпы қоғамға қатысты) атқаруы. Жеке тұлға, сондай-ақ, психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне ие (темперамент, мінез-құлық, қабілеттілік, ақыл-ой дамуының денгейі, қажеттіліктер, мақсат-мүдделер).
Жеке тұлға – бұл интегративті жүйе, әлдебір ыдырамайтын тұтастық. Алайда, жеке тұлғаны зерттеумен айналысатын ғалымдар бұл тұтастықтың «өзегі» бар деп мойындайды, олар оны «Мен -жүйе» немесе жай ғана «Мен» деп белгілейді. Жоғарыда келтірілген жеке тұлға туралы түсінік жалпылама ұғым болып табылады.
Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері – оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық прогрестің тенденцияларыньщ, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және өзіне тән ерекшелігінің көрініс табуы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Бұл орайда «адам», «жеке тұлға» деген ұғымдардың қатары «даралық» деген ұғыммен толықтырылуы қажет.
Даралық бір адамның басқа бір адамнан, бір тұлғаның басқа бір тұлғадан айырмашылығын, оның ешкімге ұқсамайтынын, өзіне тән ерекшелігі бар екенін сипаттайды. Даралық, әдетте, адамның мінезі мен темпераментінің ерекше белгілері (мысалы, салмақты-жігерлі және мақсатты адам), шығармашылық қызмет-әрекеті мен қабілеттілігінің өзгешелігі арқылы ерекшеленеді. Осылайша, мұғалімнің даралығы оның терең білімдарлығы, педагогикалық көзқарастарының ауқымдылығы, балаларға деген ерекше қатынасы, жұмыстағы шығармашылық ниеті, т.б. арқылы көрінеді. «Даралық» ұғымы бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғаны басқа бір тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән сұлулық пен қайталанбас қасиет беретін ерекшеліктерден тұрады.
Адам қасиетін түсіндіретін тағы бір ұғым – «индивид». Бұл сөз латын тілінен алынған және оның қазақша баламасы -»жекелік». Ұғым ретінде бұл сөз адамзат тұқымының еш қасиеттері ескерілмеген бір өкілін білдіреді. Бұл орайда әрбір адам индивид болып табылады. «Жеке тұлға» ұғымы мен онымен байланысты бір тектес ғылыми категориялардың мәні осында.
Адамның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптасқандықтан жеке тұлғаның «дамуы» мен «қалыптасуы» ұғымдарының мәнін ашу педагогика үшін маңызды мәселе болып табылады. Даму табиғатқа, қоғамға және әрбір жеке тұлғаға тән жалпы қасиет болып табылады. Даму дегеніміз – төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге қарай қозғалыс; сатылай эволюциялық ауысу немесе революциялық секіріс түрінде жүзеге асатын жоғары сапалы күйге қарай спиральды өрлеу процесі. Даму барысында барлық философиялық заңдар жүзеге асады: өзгеру, санның сапаға ауысуы, бір сапаның басқа бір сапаға ауысуы (бұлардың кейбіреуі, теріске шығарылуы мүмкін). Жеке тұлғаның қозғалыс күшіне, яғни қарама-қайшылық күресінің арқасында бұл қозғалыста өзгеріс жүріп жатыр.
Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі. Адам дүниеге келгеннен соң дене жағьшан үлкейеді, яғни оның кейбір дене мүшелері мен нерв жүйесі оседі. Оның тілі шығып, сөздік қоры молаяды. Бала көптеген әлеуметтік-тұрмыстық және моральдық біліктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге ие болады. Алайда, адамның жеке тұлға ретінде дамуындағы ең бастысы – оның бойында болып жатқан сапалық өзгерістер (танымдық, сезім, моральдық-жігерлілік т.б.). Мінез-құлықтың реактивті формалары белсенді түрде қалыптасып келе жатқан іс-әрекеттілікке айналады, дербестік пен өз мінез-құлкын билей алу қабілеттілігі артады. Осы және басқа да өзгерістер адамның жеке тұлға ретінде даму процесін сипатгайды. Сондықтан, даму дегенімізді адамның анатомиялық-физиологиялық жетілуіндегі, оның жүйке жүйесі мен психикасының дамуындағы, содай-ақ танымдық және шығармашылық іс-әрекетіндегі дүниетанымы, өнегелілігі, қоғамдық-саяси көзқарастары мен сенімдерінің кеңеюіндегі орын алатын сандық және сапалық өзгерістердің өзара тығыз байланысты процесі деп түсінген дұрыс. Адамның дамуына ішкі және сыртқы, меңгерілетін және меңгерілмейтін факторлар әсер етеді, олардың арасында мақсатты тәрбие мен білім беру жетекші рөл атқарады. Педагогика мен психологңяда жеке тұлғаның «қалыптасуы» термині жиі қолданылады. Бұл жеке тұлғаның дамуының нәтижесі дегенді және оньщ пайда болып, тұтастыққа, бір қалыпты касиеттерге және сапаларға ие болғанын білдіреді. Қалыптастыру (қалыптасу) дегеніміз – бір нәрсеге пішін (форма) мен тұрақтылық беру; толықтық пен нақты бір тұр беру. Бұл арада тұқым қуалаушылықтың мәні өте зор – баланың ата-анасынан немесе ата-бабаларынан қалған биологиялық ерекшеліктердің жиынтығы. Тұқым қуалаушылық жер бетіндегі тіршіліктін тарихы және белгілі бір түрдің (біздің жағдайымызда – адамның) өмірінің тарихын анықтайды. Адамның тұқым қуалаушылығын екі түрге бөлуге болады: жалпы адамзаттық (тік жүру бейімділігі, сана, ақыл, сезім мүшелері дамуының бейімділігі, шартсыз рефлекстер, нәсілдік және ұлттық белгілер) және даралық (жүйке жүйесінің түрі, анатомиялық-физиологиялық (нышан) тума қабілеттер). Ағзаның тектілік негізі немесе генотипі төмендегі суреттегідей болып бөлінеді (сурет 1). Жеке тұлғаның қалыптасуына, сонымен қатар, орта: адам және қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық, тарихи қалыптасқан жағдайлар әсер етеді. Орта макро және микро болып бөлінеді. Макро-орта бұл -адамға қажетті әлеуметтік-экономикшіық ықпалдардың мол жиынтығы (өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар деңгейі, өмірдің қаржы жағдайлары, мәдениеттің даму деңгейі, бұқаралық ақпараттар құралдары). Микро-орта бұл – баланың ең жақын қарым-қатынас ортасы, ол – адамды әрдайым коршайтьщ және оның дамуына әсер ететін өзара байланысты заттар, құбылыстар мен адамдар әлемі. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына, белгілі бір мөлшерде, табиғи немесе географиялық орта (климат), табиғат жағдайлары әсер етеді.
1. Табиғи және географиялық орта (климат, табиғат жағдайлары) Бала организмінің мүмкін болатын күштерін оятады.
2. Әлеуметтік орта (макро-орта)
а) өндіріс күштерінің деңгейі;
б) өндіріс қарым-қатынастарының деңгейі;
в) өмір сүрудің материалдық жағдайы;
г) мәдени даму дәрежесі;
д) көпшілік ақпарат құралдары;
е) техникалық құралдар. Адамға талап қояды, мінез-құлық үлгісін береді, санаға әсер етеді, бежілі көзұарас енгізеді. Даму жағдайын қамтамасыз етеді.
3. Микро -орта (үй-іші ортасы, баланы қоршаған жақындарының ортасы, аула, көше әсерлері. Талап-тілектерді анықтайды, құндылыктырды қалыптастырады, қарым-қатынас негізін қалайды.
Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлардың арасында тәрбие ең маңызды орын алады. Кең мағынада тәрбиені белгілі бір әлеуметтік қызметтер атқаратын қоғамдық құбылыс ретінде қарастыру қажет (ұрпақтан ұрпаққа берілетін әлеуметтік тәжірибе, жалпы адамзаттық мәдениет, т.б.), ал шағын педагогикалық мағынада тәрбие дегеніміз – өсіп келе жатқан ұрпаққа жалпы адамзаттық құндылықтарды игерту үшін мұғалім мен оқушылар, балалар мен ата-аналар арасындағы бірлескен іс-әрекеттердің педагогикалық процесін ұйымдастыру.
Ғылымда бұрыңғы заманнан бері келе жатқан жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының биологиялық және әлеуметтік факторларының ара қатынасы туралы пікірталас бітер емес. Осы бір көпғасырлық айтыс нәтижесінде әртүрлі көзқарастар пайда болды. Осы көзқарастардың бірін жақтаушылар адамның дамуын, негізінен, табиғи ерекшеліктер анықтайды деп санайды. Ал тәрбиенің маңызы аз деп есептелінеді.
Жеке тұлғаның дамуын түсіндіретін осындай (биологизаторлық) бағыт ерте заманнан бастау алады. Сонау Платон (427-347 ж.ж. б.з.б.) мен Аристотель (384-322 ж.ж. б.з.б.) өз кездерінде-ақ адамдардың қоғамдық міндеттерін олардың табиғаты анықтайды деп санаған. Аристотельдің пікірінше, туылған сәтінен бастап-ақ кейбір адамдар бағыну үшін, ал кейбіреулері билік ету үшін жаралған.
XVI ғасырда пайда болған преформизм (латынша – қайта құру, өзгерту) деген философиялық ағым төмендегідей ойды ұстанған: адамның ұрығында болашақ жеке тұлғаның барлық қасиеттері бар, ал даму олардың тек сандық жағынан артуын ғана білдіреді. Бұл орайда әлеуметтік факторлар мен тәрбиенің маңызы жоққа шығарылған.
Бихевиоризм бағыты да жеке
тұлғаның дамуының биологиялық бастауларьш
жақтайды. Осы бағыттың негізін салушы
американдық психолог және педагог Э.
Торндайктің (1874-1949 ж.ж.) пікірінше, жеке
тұлғаның барлық қасиеттерін (соның ішінде
сана-сезімін, қабілеттілігін) тек тектілік,
тұқым қуалаушылық қана анықтайды. Оның
ойынша, ақыл-ой қабілеті балаға «көздері,
тістері және саусақтары» сияқты дүниеге
келгенінен-ақ беріледі. Ол адамды ұрпақтан
ұрпаққа сол қалпында берілетін және
жеке тұлғаның барлық қасиеттері мен келешегін
толығымен анықтайтын «гендердің жинағы
немесе батареясы» ғана деп санаған. Жеке
тұлғаның дамуын биологизаторлық жағынан
түсіндіру прагматизм бағытына да тән.
Прагматизм грекше – прагма дегеніміз
– іс-әрекет, тәжірибе. Бұл бағыттың негізін
салушы – Джон Дьюи (1859-1952 ж.ж.).
Ендігі бір көзқарастың негізін классикалық түрде ағылшын философы Джон Локк (1632-1704 ж.ж.) салып, француз материалистері оны ары қарай дамытқан. Бұл бағыт бойынша адам өмірінің жағдайлары мен тәрбие жеке тұлғаның қалыптасуынын шешуші факторы деп есептелген. Д. Локктің белгілі бір пайымдауы бойынша баланың жаны дүниеге келген сәтінде таза тақтаға ұқсас (tаЬиІа rаsа) болып келеді және тек оның өмір жағдайлары мең тәрбие ғана жеке тұлғаның белгілі бір қасиеттерінің пайда болуына себепші болады. Осыдан кейін бұл көзқарас социологизаторлық бағыт болып қалыптасты, ал оның өкілдері жеке тұлғаның қалыптасуына әлеуметтік ортаның әсерін бірінші орынға қойып, оның дамуының ішкі заңдылықтарын жоққа шығарады. Олар адамның рөлін төмендетеді.
Жеке тұлғаның дамуындағы тұқым қуалаушьшық пен ортаның ықпалын бірінші орынға қойып, тәрбиенің күшін жоққа шығаратын бұл теориялар ХІХ ғасырдың аяғында психологиялық-педагогикалық зерттеулердегі ерекше бір бағыттың пайда болуына себепші болды, бұл бағыт «педология», яғни тура аударғанда «балалар туралы ғьшым», «балатану» деген атқа ие болды. Қазіргі уақытта ғалымдардың көбісі педологияны индивидтің сәби, жас өспірім, жастық шағындағы дамуының жалпы заңдылықтары туралы ғылым ретінде қарастырады. Социалистік құрылыс жағдайларында біздің елімізде педология өкілдері баланың дамуының биогенетикалық заңын белсенді түрде насихаттаған және соған сүйене отырып балалардың әлеуметтік теңсіздігін түсіндіруге тырысқан. Осы мақсатта оқушылардың ақыл-ойының дамуын зерттейтін кең көлемдегі жүйе құрылған болатын. 1936 жылы ОК БК(б)П «сол заманғы педологияның теориясы мен практикасын» «жалған ғылыми антимарксистік ережелерге» сүйенген деп айыптаған. Бұндай ережелерге, ең алдымен, сол заманғы педологияның басты заңы – балалардың тағдырының биологиялық және әлеумеггік факторлармен, тұқым қуалаушылықтың бір тұрақты ортаның ықпалының фаталистік түрде алдын ала анықталып қойылу заңы жатады. Сол уақыттарда балалардың психологиялық дамуын зерттеуде сауалнама және тест жүргізу сияқты әдістер ерекше сенімсіздік туғызған. Шынында да тәжірибесіз практик-педологтар қодданған бұл әдістер сол уақыттарда көп зиян келтірген. Алайда педологияны ғылым ретінде түбегейлі шектеу қате болған еді. Педология баланы барлық жағынан және жанама зерттейді, бұл туралы өз кезінде К. Д. Ушинский: «Егер педагогика адамды барлық жағынан тәрбиелегісі келсе, онда оның адамды барлық жағынан тануы да керек», – деген болатын.
Жеке тұлғаның даму факторлары туралы философиялық және психологиялық-педагогикалық ойдың тарихы материалистік ілімде және онын бір бағытында – материалистік диалектикада өз жалғасын тапқан. Бұл бағыттың өкілдері жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторларды тереңірек зерттеп қана қоймай, сонымен қатар ол факторлардың өзара байланысымен олардың адамның даму процесіне ықпал ету тетіктерін де ашып көрсетті. Қоғамның тарихын талдай отырып, олар адамдардың шығармашылық-қайта құру әрекеті өндірістің дамуы мен көркеюіне, әлеуметтік қатынастардың қалыптасуына, ғылыми білімнің молаюына, рухани өмір мен өнегелілік-эстетикалық мәдениеттің баюына себепші болды деп көрсетті. Осылайша қоғамдық игілікке ие болып және оны дамыта отырып, адам әлеуметтік тіршілік иесі ретінде, жеке тұлға ретінде қалыптасады.
Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына сыртқы, қоршаған орта ықпалының мәні зор екендігіне сене отырып, философ-материалистер адамның биологиялық табиғатын жоққа шығармады. Олардың ойынша, адам тікелей табиғи тіршілік иесі, сондықтан ол бойына біткен нышандар ретінде көрініс тапқан табиғи күштерге ие деп сенді. Алайда ол нышандар оның бойында тек лайықты орта мен мақсатты тәрбие бар кезде ғана дами алады. Сонымен қатар, адамды әлеуметтік тіршілік иесі деп қарастыра отырып, философ-материалистер тұқым қуалаушылық бағдарламасымен еш байланысы жоқ индивидтің «әлеуметтік тұқым қуалаушылығы» туралы ойды ұстанады. Егер биологиялық нышандар адамға да, жануарларға да тән болса, әлеуметтік тұқым қуалаушылық тек адамға ғана тән. Материалистік философия орта мен биологиялық нышандар қатарында тәрбиеге ерекше орын бөледі, тәрбие – жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының үшінші факторы. Бұндағы айта кететін жағдайдың бірі – материалистік түсінікте жеке түлға тек объект ретінде ғана емес, сонымен қатар, ең бастысы, тәрбиенің субъектісі ретінде, өзіндік қайта қүру қызмет-әрекетінің субъектісі ретінде қарастырылады.
Тұқым қуалаушылық, орта және тәрбие жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының негізгі объективті факторлары болып табылады. Бұл орайда тұқым қуалаушылыққа(биологиялық факторға) жалпы адамзаттықпен қатар тұлғалық гендік қордыда қамтиды. Іс-әрекеттің кез-келген түріне деген анатомиялық-физиологиялық нышандар жеке тұлғаның дамуы мең қалыптасуында ерекше рөл атқарады.(мысалы, есту мүшелерінің құрылысы, ойлау қабілетіндегі ерекшеліктер, т.б.). Олар баланың қабілеттілігі, дарындылығы және дарыны дамуының алғышарттары болып табылады. Кейбір жағдайларда бұл нышандар өте ерте (сәби кезінде және мектепке дейінгі жасында), кейбір жағдайларда кешірек, ал енді бірде, ер жеткен кезде ғана көрініс бере бастайды. Биологиялық нышандар мен қасиеттердің дамуы адамның функционалды пісіп жетілуі мен қалыптасу процесін сипаттайды, содан кейін оның сүйектері, бұлшық еттері, сонымен қатар ішкі мүшелері мен жүйелері дамиды. Адамның биологиялық пісіп жетілуі мен өзгеру процесі оның дамуы мен мінез-құлығының жас кезеңдерінде көрініс табады. Адамға табиғи берілген белгілерді дамьпуда ең маңыздысы, жанұяда болсын, қоғамдық тәрбиелік- білім беру орындарында болсын, оларға дер кезінде сауаттьи диагностика беру болып табылады. Қазіргі уақытта баланың іс-әрекеттің қандай түріне бейімділігі бар екенін анықтайтын алуан түрлі әдістер бар. Олардың ішінде тест әдістері кеңінен қолданылады.