Тəрбие əдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2013 в 22:10, реферат

Описание работы

Тəрбие əдістері –бұл тəрбие көздеген мақсатқа жетудің жолдары, тəсілдері. Мектеп тəжірибесіне орай əдістердің жəне бір анықтамасы – қажетті сапаларды қалыптастыру мақсатымен тəрбиеленушілердің санасына, еркіне, сезіміне жəне қылық-əрекетіне ықпал жасау тəсілдері.

Содержание работы

. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім:
1. Тəрбие əдістері мен тəсілдері жөнінде түсінік
2. Сана қалыптастыру əдістері
3. Іс-əрекет ұйымдастыру əдістері
4. Ынталандыру əдістері
5. Педагогикалық қолдау, оның мəні жəне ұйымдастыру жолдары
6. Тәрбие әдістерін таңдау

ІІІ. Қорытынды.

Файлы: 1 файл

Тəрбие əдістері реферат.doc

— 131.00 Кб (Скачать файл)

 Тəрбие əдістері

 

Жоспары:

 

    І.  Кіріспе.

 

    ІІ. Негізгі бөлім:

1. Тəрбие əдістері мен тəсілдері  жөнінде түсінік 

2. Сана қалыптастыру əдістері 

3. Іс-əрекет ұйымдастыру əдістері 

4. Ынталандыру əдістері 

5. Педагогикалық қолдау, оның мəні  жəне ұйымдастыру жолдары

6. Тәрбие әдістерін таңдау

 

ІІІ. Қорытынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық  Университеті

 

 

 

 

Реферат

 

Тақырыбы: Тəрбие əдістері мен тəсілдері жөнінде түсінік.

                                   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                       Орындаған: ________________________

 

    Тексерген: _________________________

                         

                                      

 

 

Алматы 2011

 

     

 

                         1. Тəрбие əдістері мен тəсілдері жөнінде түсінік.

Тəрбие əдістері –бұл тəрбие көздеген мақсатқа жетудің жолдары, тəсілдері. Мектеп тəжірибесіне орай əдістердің жəне бір анықтамасы – қажетті  сапаларды қалыптастыру мақсатымен тəрбиеленушілердің санасына, еркіне, сезіміне жəне қылық-əрекетіне ықпал жасау тəсілдері.

Əдістер түрі сан-алуан да шексіз көп. Ал оның нақты көрінуі өз шəкірттерінің  білімдік күш-қуаты мен жалпы  мүмкіндіктерін жете танып, оларды өтілетін материал сипатына байланыстырып жəне басқа да көп оқу жағдаяттарын зерделі саралай білген педагог əрекетіне тəуелді. Қай тұлға, қанша тұлға араласса, əдіс формасы да сондай əрі сонша – бұл заңдылық. Əлбетте, əдістердің бəрі бірдей тиімді деп айту қиын. Ол үшін сол əдістің түзілу, қолдану жағдайларын білу қажет. Нақты мақсатқа байланысты дайындалған көп əдістердің ішінен біреуі ғана тиімді болуы мүмкін. Тəрбие тəжірибесі алдымен ежелден келе жатқан дəстүрлі əдістерге арқа сүйегенді тəуір көреді. Алайда, көптеген жағдайларда олардың да тиімсіз болып қалатыны бар, сондықтан да тəрбиеші əрдайым тəрбиенің нақты шарттарына сай келер көздеген мақсатқа үлкен үнем жəне мол табыспен , жылдам жеткізетін жаңа əдістерді іздестіруге мəжбүр. Тəрбие əдістерін құрастыру, таңдау жəне дұрыс қолдану – педагогикалық шеберлік шыңы.

Тəрбие тəсілі – жалпы əдіс бөлігі, нақты жақсаруға жеткізетін жеке əрекет. Көркемдеп айтатын болсақ, тəсіл- тəрбиешінің өз шəкірттерімен  бірге мақсатқа тезірек жету үшін таптап өткен соқпағы. Егер осы тəсілмен басқа да тəрбиешілер пайдалана бастаса, тəсілдер уақыт озуымен даңғыл жолға - əдістерге айналады. Əдістер мен тəсілдер байланысының тығыз екені осыдан көрінеді.

Тəрбие құрал-жабдықтары. Тəрбие жеке ықпалдарды байқатса, құрал-жабдықтар  тəсілдердің жиынтығынан құралады. Мысалы, еңбек –тəрбие құралы, ал көрсету, еңбекті бағалау, жұмыс қателігін білдіру –тəсілдер. Сөз (кең мағынада) – тəрбие жабдығы, ал ілікпе сөз, əзіл ескертпе, ескертпе теңеу – осы жабдық құрамындағы тəсіл. Бұл тұрғыдан кейде тəрбие əдісін көзделген мақсат үшін қолданылатын тəсілдер мен құрал-жабдықтар жүйесі деп те атайды.

Əдіс баламалары өте көп. Олар арасынан мақсаттар мен нақты жағдайларға  сай келетіндерін таңдап алу үшін оларды қандай да бір ретке келтіріп, топтастыру, яғни классификациялау қажет. Əдістер классификациясы дегеніміз қандай да белгісі бойынша бір топқа келтірілген əдістер жүйесі. Осы классификацияға арқа сүйеп, педагог барша жүйені анық білуімен бірге оның қажеті мен өзіне тəн сипаттарын тереңірек түсінеді.

Тəрбие əдісі- көп өлшемді құбылыс, оның жүйелесуіне негіз болар белгілер сан-алуан. Солар арасында аса танымал болғандарын атап өтейік. Сипаты бойынша əдістер – сендіру, жаттықтыру, мадақтау жəне жазалау. Мұндағы «сипат» мəні – əдістің бағыт-бағдарын, қолдану аймағын, ерекшеліктерін жəне т.б. білдіреді.

 

2. Сана қалыптастыру  əдістері

  Тəрбие процесінің жалпы құрылымынан байқағанымыздай, дұрыс ұйымдастырылған тəрбиенің бірінші сатысы- оқушылардың өздерінде қалыптасуы қажет əрекет-қылық нормалары мен ережелерін білу (түсіну). Ең алдымен қандай да сапаны туындатып, орнықтыру үшін, сол сапаның мəн-мағынасын жете түсініп алу міндетті. Адамның көзқарастарын, ұғымдарын, наным-сенімдерін кемелдендіруге бағытталған əдістер тұлға санасын қалыптастыру əдістері атамасын алған. Бұл топ əдістері екінші кезеңде іске қосылатын – сезім, көңіл-күй толғаныстарын қалыптастыруда аса қажет. Егер оқушы педагогикалық ықпалға бейтараптылық пен немқұрайлылық танытатын болса, тəрбие процесі шабандайды, мақсатқа жете алмайды. Егер оқушы қабылдаған идеясын өзін толғантқан жарқын бейнеге айналдыра алса ғана, оның бойында ізгі де жарқын сезімдер туады. Өткен жылдар оқулықтарында бұл əдістер тобы сендіру əдістері деп аталған, себебі олардың міндеті – тұрақты наным-сенімдер қалыптастыру болған. Оқушы əрекет-қылығына дем беретін оның білімі мен білігі емес, ең алдымен ол көзделген адами сапаның қоғамдық қажеттігі мен өзіне пайдалылығын танып, оны өз нанымы негізінде əрекет-қылыққа айналдыруы, ал бұл сана қалыптасуымен бірге жүретін психикалық құбылыс. Тəрбие мазмұнымен белгіленген іс-əрекетке бала белсенді араласуға дайын болған жағдайда ғана қолданылатын əдіс өз нəтижесін береді.

Наным-сенімге оқушыны əрқилы əдістермен жеткізу мүмкін. Өткен ғасыр басындағы  мектептерде бұл үшін тағылым-тарихи өсиеттер, хадистер мен мысалдар кең қолданылған. Ал қорытынды шығару баланың өз еркіне берілді. Өкініштісі, бүгінде біз мұндай аса құнды əдістерді пайдаланудан мүлде қалғанбыз, олардың орнына тура, қарабайыр, ойға жетелемейтін уағыздау əдісіне көшкенбіз. Құрғақ уағыз айтып, шексіз бір жақсы көрсетпе-нұсқау беруден түскен өнім шамалы. Сондықтан, ұмыт болған əдістерді жаңғыртып, мұғалімдер өз сабақтарында ислам хадистерін, ақын-жыраулар тағылымдарын, шешен билердің ұлағатты кеңестерін, ғұлама Абайдың «Қара сөздерін» жəне т.б. тағылым-тəрбие көздерін молынша пайдалануда. Сондай-ақ əдептілік-имандылық тақырыбындағы əңгімелер, ұғындыру, түсіндіру, əдептілік сұхбаттары, насихаттау, сендіру, көрсетпе беру əдістері де өз қолданымын табуда. Сендірудің аса маңызды əдісі - өнеге-үлгі. Əдістердің əрқайсысы өз ерекшелігі мен қолданымына ие. Сырт көзге қарапайым көрінгенмен, бұл топ əдістерінің бəрі де жоғары педагогикалық бірлікті қажет етеді əрі жүйелі түрде басқа əдістермен бірге қолданылады.

Этикалық тақырыптағы əңгіме – инабаттық мазмұнға негізделген деректер мен оқиғалардың үлкен көңіл көтеріңкілігімен əсерлі баяндау əдісі. Сезімге ықпал ете отырып, əңгіме моральдық бағамдар мен əрекет-қылық нормаларының мəнін түсініп, ұғуға жəрдемдеседі. Ол адамгершілік ұғым, түсініктерінің мазмұнын ашып қоймастан, оқушылардың инабаттылық талаптарына сəйкес болымды тұлғалық əрекеттеріне деген ұнамды қатынас өрбітіп, мінез-құлықтың оңды өзгерісіне ықпал жасайды. əдептілік əңгімелері бірнеше қызмет жасайды: 1) білім көзі; 2) тұлғаның адамгершілік сапаларын басқалардың имандылық қасиеттерімен толықтырады; 3) тəрбиелік ұнамды үлгі-өнегені өрнек ретінде ұсынады.

Əдептілік əңгіме тиімділігі келесі шарттарға байланысты:

- əңгіме оқушылардың əлеуметтік  тəжірибесіне сəйкес болу қажет.  Ол – қысқа, түсінікті, балалар толғаныстарына орай;

- əңгіме көрнекілік əдісін бірге  қолдану арқылы жүргізіледі (көркемөнер  туындылары, көркем фотосуреттер, халық  қолөнер бұйымдары), əңгіме мазмұнын  қабылдауға əн-күй үлкен жəрдем  береді.

- əдептілік əңгіме өткізу үшін қолайлы үй-жай, жағдай қажет.

Қоршаған жай-жағдайлардың əсемдігі мен ондағы дүние заттары, олардың  адам көңіліне көтеріңкі əсері əңгіме тақырыбы мен мазмұнына сəйкес болуы  қажет шарт. Педагогикалық құрал-жабдықтар  қорында қай жағдайда да жарасымды əңгімелер молшылық (шеру алаулары төңірегі, автокөлікті саяхат барысында, кең дала төсінде не жайлы бөлмеде, үлкен қала алаңында немесе көктем бағында).

- əңгіменің əсері кəсіптік дайындыққа  байланысты. Ебедейсіз, дөрекі тілді  адамнан шешен əңгімеші шықпайды, ондайдан бала құлағы тынып, қашуға мəжбүр болады.

- əңгіме мазмұны тыңдаушыларды  еліктіруі шарт. Одан алған əсер  көп уақытқа дейін ұмытылмауы  тиіс.

Ұғындыру – тəрбиеленушілерге  эмоционал-сөздік ықпал жасау əдісі. Бұл əдістің қолданылуы сынып  ұжымы мен əр баланың тұлғалық сапаларын танып, білуге көзделген. Бастауыш мектеп балаларына қарапайым тəсілдер мен құрал-шараларды пайдаланудың өзі жеткілікті. Кіші жастағы оқушы «Осылай істеу керек», «Осылай істеп жатыр» - деп жай ескерткеннің өзінде-ақ, педагог айтқанына ере салады. Ұғындыру əдісі, егер тəрбиеленуші қандай да талаптың мəніне жете алмай жатса, жаңа адамгершілік сапа жөніндегі ақпарды ой елегіне түсіріп, қабылдауға қиналса, яғни қалай болғанда да оның санасы мен сезіміне түрткі салу қажетінде қолданылады. Ал мектепте қоғамдағы жай, айқын да ақиқат ережелерді ежелеп түсіндіре ұқтырудан аулақ болған жөн, мысалы, партаны сызба, тұрпайы сөз айтпа, еденге түкірме жəне т.б. Бұл орайдағы ұғындыру емес, шектеу əдістерін қолданған дұрыс. Аталған əдіс негізінен: а) жаңа моральдық сапа мен əрекет-қылық формасын қалыптастыру əрі бекіту үшін; б) тəрбиеленушілердің қандай да болған қылыққа дұрыс көзқарас-қатынасын қалыптастыру ниетімен - қолданылады.

Қандай да ұғымның орнығуы, баланы оған сендіре білуге байланысты. Сенім кейде мұғалім сөзін сын-сарапқа сала алмаудан шалыс, қателікті болуы мүмкін. Сенімнің санаға еніп жатқанын адам сезе бермейді, осыдан ол ырықсыз сеп-түрткілер жетегінде қалып, тұтастай тұлғалық сапаларын өзгертуіне тура келеді. Педагог сендіру əдісін оқушыға нақты нұсқау-талапты қабылдату үшін, басқа тəрбие əдістерінің ықпал əсерін күшейту мақсатында қолданады.

Тəрбие тəжірибесінде ұғындыру мен сендіруге қоса үгіттеу əдісіне  де жүгінуге тура келеді. Үгіттеу əрекеті  тəрбиеші ұстанған қатынас формасына түгелдей тəуелді. Үгіттеу арқылы педагог тəрбиеленуші тұлғасында ұнамды қалыптарды жобалайды, жақсылық сезімін ұялатады, жоғары нəтижелерге жететініне сендіреді. Үгіттеуден болатын тиімділік тəрбиеші абыройына, оның жеке адамгершілік болмысына тəуелді, өз сөздері мен əрекеттерінің дұрыстығына кепіл бола алған жағдайда ғана оның үгіті мақсатына жетеді. Бала тəрбиесінде ұнамды үлгі-өнегеге арқа сүйеу, мадақ, өз қадірін сезіну, ар-намысты қолдан бермеу секілді алғы шарттарды пайдаланған педагог қай күрделі жағдайда да үгіт жұмысының өз нысанына жетіп, жемісті боларына толық сенуіне болады.

Үгіттеу арқылы кейде оқушыны өз қылығынан ұялу, өкіну сезіміне келтіруге  болады. Педагог баланың мұндай сезімдерін оятып қана қоймастан, келеңсіз əрекеттерін  түзетудің жолдарын да көрсетеді. Бұл жағдайларда орынсыз əрекеттің, оның салдарының мəнін дəлелді ашып берумен бірге тəрбиеленуші мінезіне ұнамды ықпал жасаушы тəрбие көздерін тауып, қолданады. Кейде орынсыз қылық білместіктің салдарынан болады. Мұндайда үгіт ұғындыру жəне сендірумен бірге қолданылып, оқушы өз қателерін мойындап, мінезін оң қалыпқа келтіргендей əсерде жүргізіледі.

Əдептілік сұхбаты - екі тарап өкілдері – тəрбиеші жəне тəрбиеленуші қатысуымен болатын жүйелі де бірізді білімдер талқысы. Сұхбаттың əңгімелеу мен көрсетпе беруден айырмашылығы - тəрбиеші өз сұхбаттасы – тəрбиеленушінің пікірін тыңдайды жəне онымен есептеседі, олармен болған өз қатынасын құқық теңдігі жəне қызметтестік принциптері негізінде түзетеді. Əдептілік сұхбаттарының негізгі арқауы адамгершілік, инабаттық-имандылық проблемалары. Сұхбат мақсаты – ізгілік ұғымдарын нығайту, тұрақтандыру бұл бағыттағы білімдерді қорытындылау жəне бекіту, адамилық көзқарастар мен сенімдер жүйесін қалыптастыру.

Əдептілік сұхбаттары тəрбиеленушілерді  өздерін толғантқан барша сұрақтар бойынша дұрыс баға беріп, пікір жүргізуге жəрдем береді. Болған жағдай, оқиғалар мен əрқандай қылықтарды талқыға сала отырып, балалар олардың мəн-мағынасын жеңіл түсінуге мүмкіндік алады. Көп жағдайларда əдептілік сұхбаттарды да өткізуге нақты дерек, оқиға, балалардың қылығы себеп болады. Мұндай сөйлесулерді болған оқиғалардың «ізін суытпай» не сол оқиғаның кінəкəрі сəл өзіне келіп, «жүрегі орнына» түсіп, мəн-жайды аңғаратындай болған соң ұйымдастырған жөн.

Əдептілік сұхбаттарының тиімді болуы келесідей маңызды шарттарға тəуелді:

1. Сұхбаттың проблемді сипатта  болғаны өте маңызды. Осыдан  көзқарастар, идеялар, пікір сайыстары  өрбиді. Тəрбиеші тосын, қалыпқа  келмейтін сұрақтардың туындауына  себепші болып, өз шəкірттерін  оларға жауап іздеп, табуға баулиды.

2. Сұхбаттың жаттанды дайын не  үлкендердің құлаққа салған жауаптары  бойынша өтуіне жол бермеңіз. Балаларды не ойлағанын ашық  айтуға тартыңыз, басқалар пікірін  сыйлауға үйретіңіз, шыдаммен  дəлелді тұжырымдар топшылауға  жетелеңіз.

3. Сұхбатыңыз тəрбиеші көпіре  сөйлеп, тəрбиеленушілер үндемей  тыңдайтын дəрісбаянға айналып  кетпесін. Сұхбат барысында ашық  та анық айтылған пікір балаларды  дұрыс қорытындыға келтіреді.  Əңгіме-сұхбат нəтижелілігі екі  адам ортасындағы көңіл табысудан,  пейіл жылуынан шығады.

4. Сұхбат үшін таңдалған материал  тəрбиеленушінің эмоционалдық кейіпіне  сай болғаны жөн. Талқыланатын  тақырып оқушыларға жете түсінімді  болмай, олардан сөз-жарыс, пікір-  талас белсенділігін күту не  талап етуге болмайды. Шынайы  тəжірибеге негізделген сұхбат қана өзінің болымды нəтижесін береді.

5. Сұхбат барысында барша көзқарастарды  айқындап, салыстыра білу қажет.  Ешкімнің де пікірін жоққа  шығаруға болмайды – бұл əділдік  шынайылылық, қатынас мəдениетінің  ізгілікті белгілері. 

Информация о работе Тəрбие əдістері