Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2014 в 12:23, реферат
Қазіргі заманда бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі, баланы тәрбиелеу деген сөз – ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Отбасы – қоғамның бір бөлшегі. Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі-өнеге көрген бала ержеткенде сол әдетін сақтайды. Әдепті, инабатты, адамгершілігі мол, сыпайы бала тәрбиелеуде балабақшамызда «Ізгі сөздер патшалығы» этностудиясы жұмыс жасайды. «Ізгі сөздер патшалығына» енген балалардың сөзіне қылығы сай болуын, қарым-қатынас кезіндегі инабаттылық, әдептілік, мәдениеттілік, ізет білдіру сияқты қасиеттерді бойларына сіңіре отырып, мәдениетті, әдепті, қылықты, кербез болуға талпынады. Бойында көркем, нақышты сөйлей біле, сұлулық сырын тілмен жеткізіп, оймен өре білу өнерінің алғышарттары қалыптасқан бүлдіршін балаларды тәрбиелеу.