Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2015 в 13:38, реферат
Тәрбие әдістері – тәрбие процесінің өте күрделі компоненті. Себебі, тәрбие әдістері қазіргі қоғамның түбегейлі өзгеру жағдайындағы сан – салалы өмір талаптарына байланысты болуы тиіс. Сонымен қатар тәрбие әдістері жан – жақты тәрбиенің мақсатына, принциптеріне, тәрбие жұмысының мазмұнына сай анықталады.
I. Кіріспе.
II.Негізгі бөлім:
1. Тәрбиенің жалпы әдістері, құралдары мен формалары
2. Тəрбие құрал-жабдықтары жəне формалары түсінігі
3. Тəрбиенің негізгі формаларына сипаттама
4. Тəрбие формалары мен құрал-жабдықтарын таңдау
III. Қорытынды.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атыңдағы мемлекеттік университеті
Жаратылыс ғылымдар факультеті
Химия-география кафедрасы
Семей 2014ж
Жоспары:
I. Кіріспе.
II.Негізгі бөлім:
1. Тәрбиенің жалпы әдістері, құралдары мен формалары
2. Тəрбие құрал-жабдықтары жəне формалары түсінігі
3. Тəрбиенің негізгі формаларына сипаттама
4. Тəрбие формалары мен құрал-жабдықтарын таңдау
III. Қорытынды.
Педагогикалық процесті ұйымдастыру жұмысында және елімізде жүріп жатқан жаңарумен байланысты тәрбие әдістерін қолдануда жаңаша ойлануды меңгеріп, дамыту керек.
Тәрбие әдістері – тәрбие процесінің өте күрделі компоненті. Себебі, тәрбие әдістері қазіргі қоғамның түбегейлі өзгеру жағдайындағы сан – салалы өмір талаптарына байланысты болуы тиіс. Сонымен қатар тәрбие әдістері жан – жақты тәрбиенің мақсатына, принциптеріне, тәрбие жұмысының мазмұнына сай анықталады.
Соның ішінде тәрбие әдісінің мәні үнемі тәрбиенің мақсатынан туындап отырады.
Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде тәрбие әдісінің мәні көп қырлы болғандықтан, оған әртүрлі анықтама берілген.
В.А.Сластенин, Ю.К.Бабанский т.б. мектепте тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара байланысты іс - әрекетінің жолдарын тәрбие әдісі деп атайды. Бұл іс - әрекет тәрбиенің міндеттерін шешуге бағытталады.
Оқушыларға тәрбиелік ықпал ету әдістері немесе тәрбие әдістері дегеніміз – тәрбиешінің оқушылардың бойында қоғамдық көзқарасты және мінез – құлық әдеттері мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында, олардың санасы мен ерік күшіне ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы.
Екінші, сөзбен айтқанда, тәрбие әдістері тәрбиеші мен тәрбиеленушінің бірлесе отырып жүргізілетін іс - әрекетінің құралы болып табылады.
А.С.Макаренко тәрбие әдістерін психилогиялық тұрғыдан қарастыра келіп, бұл әдіс баланың жеке басына жанасудың, ықпал етудің құралы болатынын өте дәл сипаттайды. Қазіргі психологтер адамның жеке қасиеттерін зерттеу нәтижесінде адам бойындағы кез келген қасиеттің құрамы негізінен төрт бөліктен тұрады:
- адамның сезімінен;
- санасынан;
- сенімінен;
- мінез-құлық, әдет – дағдыларынан құралатынын көрсетеді.
Мектеп тәжірибесінде тәрбие әдісін қолданғанда тәрбиешілер психологтердің жоғарыда келтірілген дәлелді тұжырымдарын, атап айтқанда, адам бойындағы кез келген қасиеттің құрамы негізінен төрт бөліктен құралатынын әрдайым ескеруі керек.
Сонымен, қазіргі кезде оқыту – тәрбие беру ісі қайта құрудағы белгіленген даму идеясы баланың жеке адам болып қалыптасуында тәрбие әдісін психологиялық негізде қолдану шешуші роль атқаратындығына баса назар аудару қажет екенін көрсетіп отыр.
Тәрбие әдісінің теориясында тәрбие әдісімен қатар тәрбиенің құралдары, тәрбиенің тәсілдері, ұғымдары айтылады.
Тәрбие құралдары – дегеніміз арнайы тәрбиелік міндеттерді шешуге арналған, мақсат көзделіп ұйымдастырылған әдістемелік жолдар.
Ал, тәрбие тәсілдері педагогикалық ситуацияға байланысты жеке әдісі, тәрбие тәсілі ретінде қолданылады.
Тәрбие тәсілі – тәрбие әдісінің жеке бір бөлігі. Ал нақтылы жағдайда тәрбие тәсілі, тәрбие әдісінің әрекетін, қажеттілігін, тәрбиелік мәнін айқындайды.
Педагогикалық процесс барысында тәрбие тәсілі тәрбие әдісіне тәуелді болады. Мәселен, бірінші сыныпе оқушысына мұғалім мінез – құлық ережесін, жолдастарымен қарым – қатынас жасау ережесін, үйде, мектепте, қоғамдық орындарда өзін тәрбиелі ұстау ережесін үйрету керек. Мұғалім бірінші күнен – ақ мектеп, сынып, парта, кітап, коридор, басқыш, спорт зал, т.б. таныстырып, пайдалану, жүру, шығу, отыру, т.б. ережелерді үйрете бастайды. Әр оқушы мұны әртүрлі орындайды. Нақтылы педагогикалық ситуация болған жағдайда тәрбие әдісі мен тәсілі бірін – бірі алмастыра алады.
Кейбір педагогикалық мәселені шешуде тәрбие тәсілін тәрбие әдісі ретінде қолдануға болады.
Мәселен, әңгіме – ол адамның көзқарасы мен сенімін қалыптастыру әдісінің негізгі бір құрамды бөлігі болып есептеледі. Сонымен бірге үйрету, жаттығу әдістерін жүзеге асырудың кейбір кезеңдерінде әңгіме методикалық тәсіл ретінде қолданылады.
Тәрбие әдісінің өз алдында жеке бір бөлігіне тәрбие құралдары жатады.
Тәрбие құралдарына әр салалы іс - әрекет түрлері (ойын, оқу, еңбек, өнер, спорт, т.б.) сонымен қатар педагогикалық жұмысқа қажетті материалдық және рухани шығармалар, заттар жиынтығы (көрнекті құралдар, саяси, көркем және көпшілікке арналған ғылыми әдебиеттер, бейнелеу өнері, музыкалық шығармалар, көпшілік ақпарат құралдары т.б.) жатады.
Тәрбие әдісінің тиімді болуы барлық әдістердің, тәсілдердің, құралдардың, тәрбие процесін ұйымдастыру формаларының өзара байланыстылығымен анықталады. Сонымен бірге мұғалім балалардың жеке – дара типологиялық ерекшеліктері мен тәрбиелік дәрежесін және баланың қандай нақтылы педагогикалық ситуацияда болғанын ескеріп, тәрбие әдісін қолдануына тәрбиенің нәтижелі болуы тікелей байланысты.
Барлық тәрбие әдістері бірін – бірі толықтырып, ықпал етудің толық мүмкіндігін туғызуы керек.
Педагогика ғылыми зерттеушілердің еңбектерінде тәрбие әдісі түрліше топтастырылады. Ғалым педагогтер Н.И.Болдырев, Н.К.Гончаров, Ф.Ф.Королев т.б. тәрбие әдісін классификациялауда сендіру, жаттығу, мадақтау және жазалау әдістерін жеке бөліп қарастырады. Ал, Т.А.Ильина, И.Т.Огородников т.б. тәрбие әдісін топтастыруда сендіру әдісімен қатар оқушылардың іс - әрекетін ұйымдастыру әдісін және олардың мінез – құлықтарын ынталандыру әдістерін қоса қалыптастырады. Г.И.Шукина өзінің оқулығында тәрбие әдістерін қазіргі теориялық негіздерге сүйеніп талдау жасайды. Ю.К.Бабанский, В.А.Сластенин тәрбие әдістерін мынадай төрт топқа бөліп қарастырады.
Бірінші топ – жеке адамның қоғамдық санасын қалыптастыру әдістері (көзқарасы, сенімі, идеясы).
Екінші топ – іс-әрекеттерді ұйымдастыру, қарым – қатынас жасау және қоғамдық мінез – құлықты қалыптастыру әдістері.
Үшінші топ – іс-әрекет пен мінез – құлықты ынталандыру әдістері.
Төртінші топ – іс-әрекетке бақылау жасау, өзін - өзі бақылауды ұйымдастыру және баға беру әдістері. Сонымен әр топтағы көрсетілген тәрбие әдістері екі жақты тәрбие әдістерін сипаттайды: бір жағынан бұл әдістер жеке адамның әлеуметтік адамгершілік ережелерді саналы меңгеруіне ықпал жасауды көздейді. Екінші жағынан, тәрбиеленушілердің әр түрлі іс - әрекетте, мінез – құлықта қарым – қатынас жасауда белсенді азаматтық позицияда болу қажеттігінен туындайды.
Педагогика теориясында тәрбие әдістерінің методологиялық және теориялық негізі ретінде адамның қоғамдық мәні мәселесі және жеке адамның қалыптасуында іс - әрекеттің ролі туралы ілімнің қағидалары алынған. Бала жеке адам тек іс - әрекет үстінде ғана қалыптасады. Бұл үшін баланың өмірі үнемі іс - әрекет арқылы ұйымдастырылуы керек. Ол іс - әрекет нақтылы мақсатты шешуге бағытталып, қажет болған жағдайда арнайы ситуациялық іс - әрекеттер де ұйымдастырылуы қажет.
Тәрбие әдісінің бірінші тобы – оқушылардың санасына, сезіміне, ерік – жігеріне жан – жақты ықпал жасауды қамтиды. Бұл әдістер оқушыларға сенімді қалыптастыруды және іс - әрекеттің бірлік принципін жүзеге асыруды көздейді. Бала жеке адам болып қалыптасу процесінде тек қана сыртқы әсер арқылы ғана емес, ішкі жан дүниесінің, жеке сананың әрекетінің ықпалы арқылы да дамып жетіледі.
Жеке адамның қоғамдық санасын қалыптастыру әдістеріне: түсіндіру, әңгімелер, лекциялар, пікірталастар, үлгі - өнеге жатады. Көптеген ғалымдар бұл топтағы әдістерді қалыптасқан дәстүр бойынша сендіру әдістері деп те атайды.
Мұндай көзқарасты, жалпы адамзаттық мораль талаптарына сай қасиеттерді қалыптастыру мақсатында тәрбиеленушінің сана – сезіміне, еркіне, мінез – құлқына ықпал жасау жолдары мен тәсілдерінің жиынтығы сендіру әдісі деп аталады.
Сендіру дегеніміз – оқушылардың ақыл – ойы мен сезімін жандандыру, адамгершілік жайлы түсініктер мен ұғымдарын қалыптастыру және жағымсыз қылықтарын жою мақсатында олардың санасына, сезімі мен ерік қайратына жан – жақты әсер етуді айтамыз.
Сенім – тек моральдық түсінік, ұғым ғана емес, ол адамның мінез – құлық, іс - әрекетінің тұрақты жетекшісі.
Сенім деген ұғымды анық дифференциялап алу керек. Мұнда сенім, біріншіден: жеке бастың психикалық сапасы – тәрбиенің жемісі, нәтижесі ретінде анықталады; екіншіден, сенім, сендіру жеке бастың санасына, еркіне сезіміне ықпал жасайтын әдіс, құрал ретінде анықталады.
Сендіру әдісінің негізгі қызметі, ерекшелігі – ол арқылы жеке бастың сенімі қалыптасады.
Сендіру – оқушының тек қана санасына, сезіміна ықпал жасау ғана емес, әрі оның мінез – құлқына, әрі әрекетіне де ықпал жасауды көздейді.
Сендіру әдісі жалпы адамзаттық моральдың нормаларын, ережелерін кеңінен түсіндіру, оны іс - әрекетпен байланыстыруды көздейді. Тәрбиеленушілердің белсенді позицияда болуын өз көзқарастарын қорғай білу, өзінің де, жолдастырының да мінез – құлқына, іс - әрекетін дұрыс баға беруді, талқылауды қамтитын әдіс. Сендіру әдісінің тиімділігі оқушының санасына әрі сезіміне, көңіл – күйіне ықпал етуді бірімен – бірі ұштастырылған жағдайда жоғарлай түседі. Сезімнің, эмоцияның көтеріңкі болуы ескерілмеген жерде мораль ережелеріне терең сенім тумайды.
Тәжірибелі педагогтер тәрбие әдістерінің тұтас жүйесін пайдалануға ұмтылады, жеке бір әдісті қолданумен шектелмейді.
Түсіндіру. Оқушыға адамгершілік, эстетикалық, саяси, еңбек тәрбиесі ұғымдары туралы түсінік беріледі. Оқыту процесінде әр пәннің оқу материалына байланысты айтылумен қатар арнайы тәрбиешілік мақсат көзделіп, оқушыларға патриотизм, гуманизм, парыз, міндет, ар – намыс, парасаттылық, кішіпейілділік, қайырымдылық, жауапкершілік, тәртіптілік, ынта – ықылас, ерік – жігер т.б. туралы түсіндіріледі.
Түсіндіру формалары алуан түрлі: әңгіме, көрсету, оқушылар шығармалары.
Өткізу методикасы тұрғысынан алғанда түсіндіру формаларының ең күрделісі – этикалық әңгімелер.
Этикалық әңгімелер – мораль мәселелері туралы кең түрде, еркін пікірлесуді көздейтін, оқушылардың санасына, сезіміне сөз арқылы ықпал жасайтын, тәжірибеде кеңінен қолданылатын сендіру әдісінің ең тиімді түрінің бірі. Этикалық әңгіме әдісінің негізгі мақсаты оқушыларды қоғамдық өмірде болып жатқан оқиғаларға, іс - әрекеттерге, әртүрлі жағдайларға баға беруге, соның негізінде өзін қоршаған әлеуметтік ортаға адамгершілік міндеттерге жауапкершілігін тәрбиелеу.
Әңгіменің негізінде қоғамдық өмірдің әлеуметтік адамгершілік немесе эстетикалық, еңбек т.б. салаларының әр қырынан ашып көрсететін деректер алынуы керек.
Әңгімелесудің тақырыбы, мазмұны танымдық, саяси, эстетикалық мәселелерге арналады.
Бұл әдістің негізгі мәні – теориялық қағидаларды баланың санасына жеткізу, сол арқылы өмірде меңгере бастаған мінез – құлық, іс - әрекеттерінің барысын талдау, жинақтау, баға беру.
Пікірталас дегеніміз – пікір таластырамын, талқылаймын деген мағынаны білдіреді. Оның этикалық әңгімелерге біршама ұқсастау болғаныменөзіндік міндеті бар. Бұл өте күрделі, сонымен бірге оқушылар санасына тиімді ықпал ететін әдіс.
Пікірталас оқушылардың сенімдерін ой елегінен өткізуге, дербес пайымдауға үйретеді, оқушылардың ойын, сөйлеу логикасына негіздей білуге тәрбиелейді. Көкейкесті мәселелерді талқылау арқылы оқушылар өз көзқарастарының дұрыстығын не бұрыстығын түсінеді. Пікірталас әдісі көбіне жоғарғы сыныптарда кеңінен қолданылады.
Тəрбие құрал-жабдықтары жəне формалары түсінігі.
Тəрбие құрал-жабдықтары –
бұл əлеуметтік тəжірибенің педагогикалық
тəуелсіз көздері. Ниеттеген мақсатына
жету жолындағы, субъектке тəрбиелік ықпал
жасаушы əрқандай заттың бəрі тəрбие құрал-жабдығы
есептеледі. Қоршаған болмыстың қалаған
нысаны: зат, мүлік, дыбыс, аң, жануарлар,
өсімдіктер, шығармашылық туындылары,
құбылыстар, оқиғалар, өмірлік сəт көріністері
жəне т.б. – тəрбиелік ықпалға ие. Тəрбие
құрал-жабдықтары тəрбиеленушіге өздігінен
əсер етеді, сонымен бірге оларды тəрбиеші
мақсатты бағытта пайдалануы да мүмкін.
Тəрбие құрал-жабдықтары қандай да
тəрбие мақсатын іске асыру үшін іріктеледі.
Мұндай да таңдау тəрбие əдісіне орайлас
орындалады. Құралдар өмір құбылыстарын
көз алдына келтіреді, тəрбиеленушілердің
белсенділігін көтереді, материалды- техникалық
тұрғыдан қамсыздандырады, психологиялық
көңіл-күй шуағын береді, іс-əрекет сайманы
ретінде қолданылады, қандай да қызметтің
астарлы рəмізін айқындай түседі, т.с.с.
Құрал-жабдықтар белгілі гигиеналық, эстетикалық,
экономикалық, инабаттылық, құқықтық талаптарға
сай болуы шарт. Педагог даралығына негізделген
əдістер мен құрал-жабдықтар бірлігі тəрбиелік
іс-əрекеттер формасына арқау болады.
«Форма» терминінің мəні:
1) тəрбие процесінің сырттай көрінісі;
2) тəрбиелік жұмыстардың сырттай көрінуін қамтамасыз ететін ұйымдастыру тəсілдері мен тəрбиелік шаралардың бірлікті жиынтығы;
3) тəрбиеленушілердің ұжымдық
жəне жеке-дара іс-əрекеттерін жоспарлы
ұйымдастыру жүйесі. Сонымен, форма –
бұл тəрбиелік істер процесіндегі тəрбиеленушінің
тəрбиешімен ықпалды қатынас түзу көрінісі.
Тəрбиелік жұмыстар өз кезегінде төмендегі
аталған тəрбиелік қызметтерді орындайды:
- ұйымдастырушылық: ұйымдастыру ісі тəрбиелік
жұмысқа қатысушылардың өзара ықпалды
əрекеттерінің қисынын (логикасын) бейнелейді;
- реттеушілік: қандай да форманың өзі
оны пайдалану процесінде əлеуметтік
қатынастар нормаларын қалыптастырушы
тəрбиешілер мен тəрбиеленушілер арасындағы
өзара байланыстарды реттеп, түзетіп баруға
мүмкіндік береді;
- ақпараттық: тəрбиеленушілердің игерген
білімдерін ғана біржақты хабарлауына
мүмкіндік ашып қоймастан, олардың өзіндік
тəжірибелеріне арқа сүйеп, бұрыннан меңгерген
ақпараттарын іске қосуына жол ашады.
Тəрбиенің негізгі
формаларына сипаттама
Тəрбие жұмыстары формаларын түрліше
топтастыру мүмкіндіктері бар. Бір форманың
басқаларынан ерекшеленуі төмендегі шарттарға
тəуелді:
- уақыт ұзақтығы: қысқа мерзімді (бірнеше
сағат, минут); ұзаққа созылған (бірнеше
күн, апта);
- тəрбиеленушілер қызметтерінің түрі:
оқу, еңбек, спорт, көркем өнер;
- педагогтың ықпал жасау тəсілі: тікелей,
жанама;
- нəтиже: ақпарат алмасу, жалпы тұжырымға
келу, қоғамдық мəнді өнім;
- қатысушылар саны: жеке-дара (тəрбиеші
–тəрбиеленуші), топтық (тəрбиеші –оқушылар
тобы), жаппай көпшілік (тəрбиеші –бірнеше
топ) формалары.
Қатысушылар санымен ажыралған тəрбиелік
жұмыстардың кейбір формаларының ерекшеліктерін
қарастырып көрейік.
Жеке-даралықты тəрбие
формалары: əңгімелесу, сыр бөлісу,
кеңес беру, пікір алмасу, нақты жұмыс
бойынша жеке жəрдем, проблема шешімін
бірлікті іздестіру.
Информация о работе Тәрбиенің құрал-жабдықтары мен формалары