Вальдорф метептері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2014 в 16:37, доклад

Описание работы

Ғимарат – сәулет өнерінің белгілі бір үлгі-тәсілімен салынған құрылыс, үй. Оған түрлі үлгідегі (жеке, көптекшелі, т.б.) тұрғын үйлер, қонақ үйлер, әр түрлі мақсатқа арнап салынған сарайлар (мәдениет сарайы, спорт сарайы, оқушылар сарайы, т.б.) мен мәдени-қоғамдық құрылыстар (театр, клуб, т.б.), мекеме үйлері, балабақша, мектеп үйлері мен басқа оқу орындары үйлері, кесенелер мен ғибадатханалар, дүкендер мен сауда үйлері, әр түрлі тұрмыстық қызмет көрсету орындарының үйлері, т.б. архитектуралық құрылыстар жатады.

Файлы: 1 файл

архи.docx

— 22.82 Кб (Скачать файл)

1.Ғимараттар. Ғимараттар классификациясы.

Ғимарат – сәулет өнерінің белгілі бір үлгі-тәсілімен салынған құрылыс, үй. Оған түрлі үлгідегі (жеке, көптекшелі, т.б.) тұрғын үйлер, қонақ үйлер, әр түрлі мақсатқа арнап салынған сарайлар (мәдениет сарайы, спорт сарайы, оқушылар сарайы, т.б.) мен мәдени-қоғамдық құрылыстар (театр, клуб, т.б.), мекеме үйлері, балабақша, мектеп үйлері мен басқа оқу орындары үйлері, кесенелер мен ғибадатханалар, дүкендер мен сауда үйлері, әр түрлі тұрмыстық қызмет көрсету орындарының үйлері, т.б. архитектуралық құрылыстар жатады. Ғимарат (парсыша – үй деген ұғымды білдіреді) салыну мақсатына және әр елдің ұлттық, тұрмыс-салт, кәсіби-мәдени, діни-қоғамдық, шаруашылық жүргізу ерекшеліктеріне сәйкес, сондай-ақ салынатын орнының табиғи жағдайына, сәулетшінің талғамы мен жобасына да байланысты қилы-қилы үлгі мен түрлі кейіпте бола береді. Ғимараттар мен имараттар қызметтеріне байланысты  құрылысты - өнеркәсіптік, азаматтық (тұрғын, қоғамдық және коммуналдық-шаруашылық ғимараттар мен имараттар), гидротехникалық (теңіз және өзен), темір жол, автомобиль жолы, көпірлер және тоннельдер, ауылшаруашылық, мелиоративтік, шахталық, құбырлардың сыртқы тораптары, энергетика және байланыс тораптары, қорғаныстық түрлері бойынша бөледі.

  •  Ғимараттар мен имараттардың жіктелуі оларды жобалау кезінде  экономикалық орынды шешімдер қабылдауға мүмкіндік жасау  мақсатын көздейді. Жіктеудің  негізіне ғимараттар мен имараттарды олардың қызметі мен мәнділігіне байланысты кластарға бөлу алынған.
  •  Ғимараттар  өзінің  қызметтеріне  қарай  - тұрғын, қоғамдық, өнеркәсіптік  кәсіпорындар және ауылшаруашылық ғимараттары болып бөлінеді.

 

2. Іргетастар мен негіздер және оларды жобалау ережелері.

      Іргетас деп- үйдің бойындағы салмақ пен жүктерді жер бетінен белгілі бір тереңдікте орналасқан грунтты негіздерге жеткізіп, таратып түсіруге арналған конструкцияны атайды.

     Іргетасқа сүйенуші және барлық биіктік бойынша өзіне меншікті салмақты көтеруші, бірақ ғимараттың басқа бөлімдерінен күш қабылдамайтын қабырғаны, өзін өзі көтеруші деп атайды.

Профессор Б.И.Далматов іргетастар мен негіздерді жобалау барысында үш принципті ұстауды усынады:

Бірінші принцип. Іргетастардың грунтты негіздерін олардың шекті күйлері бойынша есептеу.

Екінші принцип. Үйдің жер үстіндегі бөлігінің, іргетасының, грунтты негіздерінің бірге бүтіндей бір жүйенің құрамында үйлесімді және берік жұмыс атқаруының қажеттілігін ескеру.

Үшінші принцип. Мынадай деректерге сүйене отырып, іргетастар мен негіздерді жобалауды комплексті /жинақты/ түрде шешу: а) құрылыс алаңының инженерлік-геологиялык және гидрогеологиялық жағдайлары; б) салынатын үйдің грунтты негізінің әркелкі шөгуінің жер бетінен жоғары орналаскан конструкцияларға /үйдің қаңқасына/ тигізетін әсерін бағалау; в) жер казу жүмыстарын жүргізу мен іргетас орнатудың тиімді тәсілдерін қолдану.

 

 

3.  Азқабатты және көпқабатты  көппәтерлі тұрғын үйлер.

Біздің елімізде көпқабатты тұрғын үйлердің заманауи классификациясын үш категорияға бөліп қарастыруға болады: 1) көпқабатты (лифтілі) ғимараттар – 6-9 қабат; 2) аса көп қабатты ғимараттар қабат саны 10-16 (28м үлкен); 3) мұнара ғимараттар -  16 қабаттан жоғары (50 м дейін).  Дүниежүзілік құрылыс саласында бұл катергориялар қабат санымен анықталады: (9-16; 17-25; 25 қабаттан жоғары).

Бұл ғимараттардың құраушы негіздері қаңқалы, қабырғалық не аралас болып келеді. Құрастырмалфы схемаларына қарай тік және көлденең күш көтергіш қабырғалары болады. Аталғандардың ең жақсысы болып ішкі көтеру қабырғалары мен аражабындары темірбетонды панельдер болып табылды.  Сыртқы қабырғалары – темірбетоннан жасалған және жылытқышы бар.  Көлденең қабырғалар адымы -  3,0 м-ден (жіңішке) 72 м (енді) дейін. Ірі панельді ғимараттарлды жобалағанда қабат саны 16-22, жіңішке адым таңдалып алынады.

4.Тұрғылы-арқалықты құралым. Қаңқалы құралымдық жүйе.

Ғимаратта іргетастар, қабырғалар, бөлек тіректер, ригельдер, жабындар негізгі күш көтеруші контрукциялар болып табылады және жиынтықта ғимараттардың негізгі қаңқасын құрастырады. Негізгі қаңқа ғимаратқа ықпал ететін жүктеулерді қабылдауы және барлық мүмкін ыңғайсыз комбинацияларда әсерлі күштерге оның кеңістікті қаттылығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етуі тиісті.

Негізгі қаңқа түріне байланысты көбінесе қолданылатын ғимараттардың конструктивті желілері келесідей бөлінеді:

- сыртқы  және ішкі жүктеу көтеруші  қабырғалы ғимараттар;

- қаңқалы  ғимараттар, бұларда барлық жүктеуді  тіректер жүйесі (бағаналар) қабылдайды.

Соңғылар көлденең байланыстармен бірге (арқалықтар, белағаштар) жиын-тықта ғимарат қаңқасын құрастырады .

Бұл негізгі желілерден басқа аралық және құрастырылған желілер бар.

Бұндай ғимараттардың күштеу көтеру қаңқасы, көлденең және тік диафраг-ма құрайтын, жабындар және ішкі (әсіресе көлденең) қабырғалар арқасында кеңіс-тік қаттылықты қамтамасыз ететін, қорап тәрізді болады. Бұндай күштеу көтеру қаңқаның тұрақтылығы қабырғалар тұрақтылығына, жабындар қаттылығына және осы элементтердің тиісті байланыстарына тәуелді болады.

Бұндай ғимараттардың әдетте кездесетін енінде (9-18 м) олардың жабулары-на ішкі аралық тіректерді міндетті түрде қою қажет, себебі олардың күш көтеруші элементтерінің тіреулері арасындағы қашықтық темірбетон жабындары үшін 5-7 м, ал ағаш жабындар үшін 4,5-6 м шамадан аспауы тиісті.

 

5.Құрама қаңқалардың түрлері: бағаналар, ригельдер, тік және көлденең  диафрагмалар.

Азқабатты тұрғын немесе қоғамдық мақсаттағы ғимараттардың құрылысы  унификацияланған жиналмалы қаңқадан құралады. Көпқабатты қаңқалы ғимараттардыңс әр қабатындағы  бағаналарының қималары 300х300 не 400х400 мм болады. Бағаналардың басқа арқаулармен байланысуы үшін консольдармен және салма детальдармен жабдықтайды. Біраз күш түсетін бағаналарды 600т дейін 500 маркалы бетоннан дайындайды. Бұндай бағаналарды 16 қабатқа дейінгі ғимараттар салуда қолданады.

    Ригельдер ғимаратттың  аражабын бөлігінен түскен күшті  бағаналарға беретін құрылым. Ол  ғимараттың мақсатына қарай темірбетоннан  немесе болаттан жасалады. Темірбетон  ригельдері платформалық орналасу  кезінде қимасы бағананың өлшемінен  тыс жатқан аражабын жататын  арнайы сөресі бар төңкерілген  тавр түрінде болады.

Ригельдер астыңғы бағананың шеттерріне жатады, ал жоғарғы бағаналар пісіру кезінде байланыстырылатын түйістірілетін ригельдердің ұштарына орналасады.

Қаңқалы ғимараттардың аражабындары әдетте ұзындығы 9м болғанда қалыңдығы 220мм болатын көпқуысты панельдерден болады. Кейде ұзындығы 12м, ал қалыңдығы 300 мм кездері де болады. ТТ типтес қабырғалы панельдер 18м дейінгі аралықты жаба алады.

 

6.Шатыр және оның түрлері.

Шатырлар  түрлері: Асбестоцементті талшықты парақтардан шатыр – олар төзімді, отқа күймейді, аз салмаққа ие және тасымалдауда аз шығын шығады. Парақтар – 1200мм х 678 мм, ал қалыңдығы 5.5мм. Парақтарды қимасы 50х50мм болатын әр 370(500) мм қашықтық сайын ағаш торларына жатқызылады.  Асбестоцемент жазық тақталардан шатыр келесідей артықшалақтарға ие: аз салмақ, төзімділік, отқа төзімділік, эксплуатацияда аз шығындар. Бұл тақталар өте иілгіш. Олар: қатарлық, фриздік және шеттік болады. Тақташалар біртұтас жазық тақтай төсенішке орнатылады. Әрбір тақташаны екі шегемен бекітеді. Саздан жасалған қыш шатыр келесідей артықшылықтарға ие:  төзімділік, отқа төзімділік, эксплуатацияда аз шығындар, әдемілік. Кемшіліктері: үлкен салмақ, орналастыруда көлбеуліктің көп болуы, осыған сай материалдың көп шығыны. Болат парақтардан жасалған шатыр – азғана салмағы бар және айтарлықтай аз ғана көлбеулікті қажет етеді. Бірақ олар эксплуатацияда көп шығынды қажет етеді. Орамалы шатыр – (рубероидты). Артықшылықтары: орналастырудың оңайлығы, азғана салмақ және аз көлбеулікті талап етеді. Кемшіліктері: отқа төзімсіз және күтімді қажет етеді.

 

7 .Жасанды  жарықтандыру.

Интерьерде  жасанды  жарықтандыру  жүйелерімен  тәсілдерін  таңдау  кезінде  барынша  табиғаттық  күйге  жақындау  жарықтық  жағдайды  жасауға  ұмтылу  керек. Жасанды  жарықтандыруды  жобалау  мынандай  үш  маңызды  міндеттерді  шешумен  байланысты:

 қ ы з м е т т і к -  бөлмедегі  көру  жұмыстарының нақты  жағдайларына  арналған  жарықтанушылық  деңгейлерін  қамтамасыз  ету;

с ә у л е т т і к – интерьердің  көркем  айшықтылығын  құру;

э к о н о м и к а л ы қ - шешімнің  алғашқы  екі  міндетті  ескеріп  оңтайлы  нұсқасын  анықтау.

       Жасанды  жарықтандыруды  жобалау  кезінде,  жарықтандыру  жүйесін  көркем  оймен  және  интерьердің  кеңістікті  үйлесімімен (композициясымен)  байластыра,  шырақтардың жарығының спектрлі құрамын үндестіре отырып, жарықтандыру жүйесін, шырақтар типін және олардың бөлмедегі орналасуын таңдау керек .

      

8.Іріпанельді  ғимараттар.

Ғимараттардың қабырғалары мен бөлмеаралық қабырғалары аз қалыңдығы бар ірі элементтерден болса, онда  олар іріпанельді деп аталады.

  Бұндай ғимараттардың  құрылысы құрылыстың индустриялық  бағытқа ауысуына ықпал етті.

Іріпанельді құрылыстың артықшылықтары:

  • Массасы шамамен 3тн болатын дайын элементтердің монтаж краны арқылы құрылыс индустриясының жоғары дәрежесі;
  • Құрылыс уақытын төмендету (2-3) ай;
  • Кірпішті монтаждау уақытына қарағанда монтаж уақытында еңбексыйымдылығын екі есе азайту;
  • Құрылыс құралымының салмағын 2,5-3 азайту;
  • Құрылыс құнын төмендету.

Қаңқасыз іріпанельді ғимараттардың құралымдық схемалары:

  • Ішкі тік немесе көолденең бөлмеаралық қабырғалары және күш көтергіш сыртқы қабырғаларымен;
  • Үш тік күшкөтергіш қабырғаларымен;
  • Сығылуға жұмыс істейтін көлденең орналасқан күшкөтергіш бөлмеаралық қабырғалары бар.

Қаңқалы іріпанельді ғимараттардың құралымдық схемалары:

  • Толық көлденең қаңқалы;
  • Толық тік қаңқалы;
  • Кеңістіктік қаңқалы.

9.Деформациялық  тігістер

          Ұзындығы ұзын болатын ғимараттар сыртқы ауаның ауытқуынан, топырақтың отыру әсерінен немесе сейсмикалық және т.б. ауытқулар әсерінен деформауияға түсуі мүмкін. Аталған жағдайлардың барлығында ғимараттың эксплуатациялық қасиетін төмендететін аражабын, қабырға, т.б. ғимарат бөліктерінде жарықтар және жарықшалар, опырылулар және т.б. келеңсіздіктер пайда болады. Осындай келеңсіздіктерді алдан ала байқап болдыртпау үшін ғимараттарды деформациялық тігістер қолданылады, олар ғимаратты бөліктерге бөледі. Оларды мақсаты мен тағайындалуына қарай: температуралық, шөгулік және антисейсмикалық деп бөледі.

          Температуралық тігіс ғимаратты жер деңгейінен бастап шатырға дейін,іргетасқа тимей, бөліктерге бөледі. Ғимаратта қауіпті деформациялардың алдын алу үшін шөгу тігістері салынады. Бұл тігістің температуралықтан айырмашылығы ғимаратты іргетасымен қоса бүкіл биіктігін кеседі. Егер ғимаратта тігістердің әр түрін қолдану қажеттігі туындаса, қажеттілігіне сай температуралық-шөгулік тігісті пайдаланады. Антисейсмикалық тігістер жер сілкіну қауіпі бар құрылыс аймақтарында салынады. Иіну тігістері құймалы бетон түрлеріненің барлық түрінде, сонымен қоса сазбетон түрінде де қабырғаларды жасалады. Бетонның қатуы кезінде құймалы бетон, яғни сазбетонның  көлемі кішірейеді. Бұл жағдайда материалдың толық иінуі болады, яғни жарықшалардың пайда болуына әкеліп соқтырады. Құймалы қабырғалардың қатуы кезінде иіну тігістерінің ені ұлғаяды, яғни иіну аяқталған соң қабырға тігістерін беттейді.

 

10.Жылутехникалық есептің мақсаты

Жылутехникалық есептің мақсаты қоршаудың ішкі жоғарғы бетіндегі температура санитарлық-гигиеналық талаптарды қанағаттандыратын, қоршау конструкцияларының қалыңдығын таңдау мен анықтау, сонымен қатар, қоршаудың жылу беруінің нақты коэффициентін анықтау болып табылады.

Ғимараттардың архитектуралық композицияларының принциптері мен қызметтері.

Функционалды шарттар архитектуралық сипаттамаларға, соның ішінде бөлек өнеркәсіптік ғимараттар мен өндірістердің кейпіне өте қатты әсер етеді.

Өнеркәсіптік ғимараттар өзіне сәйкес әртүрлі факторлардың әсерінен қалыптасатын бейнеге ие. Ең алдымен бейне берілген өндірістік үрдіске қатысты берілген үрдістің технологиялық белгілеріне сәйкес анықталады, өндірістік ғимарат және үймерет топтары немесе өнеркәсіптік ғимараттың көлемді-аумақтық композициясында өз сипатын табады.

 


Информация о работе Вальдорф метептері