Жалпы медициналық білім беруде ішкі аурулардың маңызы. Пропедевтикалық клиниканың мақсаты. Ауру тарихының схемасы. Науқасты сұрастыру жә

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 10:16, реферат

Описание работы

Ішкі аурулар пропедевтикасында аурудың симптомдары мен белгілерін және оларды анықтаудың әдісін оқытады; студент диагноз қою логикасын меңгеруі керек.
Диагностика – медициналық ғылымның бір бөлімі, тиісті емдеу және алдын алу шараларын тағайындау мақстаымен дәрігердің науқасты зерттеу барысы және ауруды тану, науқастың жағдайын бағалау.
Диагноз – аурудың және науқас жағдайын тану туруалы дәрігердің қысқаша қортындысы.
Ауруды тану үшін оның көрінісін білу, ағзадағы тек оның өзіне тән өзгерісін табу керек. Аурудың әртүрлі көріністерін анықтау және үйрену үшін ұқсамаған зерттеу әдістері қолданылады.
Диагностикалық зерттеу әдістері негізгі және қосымша болып бөлінеді.

Файлы: 1 файл

1-jalpi medi.doc

— 80.00 Кб (Скачать файл)

ДЕНЕ ТЕМПЕРАТУРАСЫ қолтық атсы шұңқырынан өлшенеді, қалыпты жағдайда 36 - 37ºС арасында ауытқиды. Температураның төмендеуі сирек кездеседі, арықтарда, жүрек қызметі жеткіліксіздігінде, кейбір улануларда.

37 – 38ºС субфебрильді, 38 - 39ºС орташа қызу, 39 – 41ºС  жоғары қызу, 41ºС-тан жоғары гиперпиретикалық деп аталады.

Денен қызуының жоғарылауының  себептері әртүрлі болып, жиі  кезедесетіні инфекциялық үрдіс. Алайда бейинфекциялық қабыну үрдісіненде  пайда болады, кейде себебі анықталмайды. Орталық жүйке жүйесінің зақымдалуынан да болады, оның ішінде таза функциональдық себепте бар, бірақ бұл кезде 38ºС-тан аспайды, ол терморегулияторлық деп аталады.

Температураны тік ішектен  өлшеудің өзіндік маңызы бар. Оны  кейде гинекологияда қолданады, әйелдердің етеккір айналымының  екінші жартысында дене температурасы субфебрильді деңгейге көтеріледі.

 

КЛИНИКАЛЫҚ  АНТРОПОМЕТРИЯ

Сыртқы морфологиялық  көріністің сандық бағасы бойы мен  дене салмағын өз ішіне алады.

Ересек адамдардың бойын  өлшеп оның дене салмағымен қатынасын  табудың маңызы бар. Сирек жағдайда бірнеше жылдан кейін бойының аласаруы аурумен байланысты – омыртқаның деформациясы – анкилозды спондилоартрит (Бехтерев ауруы).

Дене салмағын тәртіпті өлшеп тұрудың маңызы зор. Дене салмағының жоғарылауы жүрек, бүйрек, бауыр ауруларының салдарынан ағзада су жиналуының нәтижесі, сондай-ақ артық тамақтанудың, зат алмасудың және эндокринді жүйе қызметінің бұзылуының салдары.

Дене салмағының төмендеуі  келесі жағдайларда кездеседі:

  1. Тамақтанудың жетіспеушілігі;
  2. Сіңірудің бұзылысы – диарея (іш өту);
  3. Эндокринді – алмасудың бұзылысы (қантты диабет, тиреотоксикоз);
  4. Ісіну қайтқан кезде;
  5. Қатерлі ісік;
  6. Жүрек жеткіліксіздігі;
  7. Созылмалы жұқпалы аурулар (туберкулез, бронхоэктатикалық ауру, созылмалы қабыну үрдісі – дәнекер тіндердің жүйелі аурулары).

Дене салмағының бойға қатынасы жеткіліксіздікті немесе артып кеткенін айқындайды. Қарапайым формуласы:

Бойы(см) = 100+дене салмағы (кг)

Егер алынған нәтижесі бой көрсеткішінен үлкен болса, дене салмағы артып кеткені, кіші болса жетпегені. Дене салмағының артып кетуі жүректің ишемиялық ауруының қауіпті факторы.

Дене салмағының артуын анықтау үшін жалғасты оның коррекциясын жасау мақсатымен дене салмағы индексі (МВІ) – кетле индексін қолданады. Бұл көрсеткіш эпидемиологиялық зерттеу жүргізуге қолайлы, ол дене салмағы/бойдың квадраты (м2), қалыпты жағдайда 20-25 кг/ м2, семірудің алғашқы сатысында 25-30кг/ м2, егер 30-дан асып кетсе семіру болып есептеледі. Дене салмағының артып кетуі салмақты аурулардың қатерлі факторы.

 

Иллюстративті материал: слайдтар, плакаттар.

 

  1. Ауру тарихының схемасы.
  2. Конституциональды түрлері.
  3. БД-де науқастың мәжбүрлі жағдайы.
  4. Жүрек ауруы бар науқастың мәжбүрлі жағдайы.
  5. Топографиялық сызықтар.
  6. Сколиоз.

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиет:

Негізгі

    1. Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы : Оку қуралы / Айтбембет Бегалы Нурманұлы. - Алматы : Кітап, 2005. - 568 с
    2. Пропедевтика внутренних болезней: учебник / Н. А. Мухин, В. С. Моисеев. - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2009. - 848 с
    3. Ішкі аурулар пропедевтикасы клиникалық дәрістері : оқу құралы / Қ. Ж. Ахметов. - [б. м.], 2009. - 210 с
    4. Терапиядағы мейірбике ісі – Астана «Фолиант», 2007

 

Қосымша

    1. Непосредственное исследование больного : Учеб.пос. [для практ.занятий] / Гребенев, Андрей Леонидович, Шептулин А.А. - М. : МЕДпресс-информ, 2005. - 170 с
    2. Пропедевтика внутренних болезней : Учеб.пос.для медвузов / Полушкина, Надежда Николаевна, Клипина Т.Ю. - М. : ВЛАДОС, 2005. - 288 с. - (Конспекты лекций для медицинских вузов)
    3. Ішкі аурулар клиникасында ауру тарихыны жүргізілу үлгісі : студенттерге арналған оқу-әдістемелік құралы / [и др.] ; КГМУ. - Қарағанды, 2009. - 36 б.
    4. Методика и техника обследования больных с заболеваниями сердечно-сосудистой системы: учебно-метод пособие. - Караганда.- 2010-44с.
    5. Основы диагностики внутренних болезней : Учеб.пос.для вузов / Богатырев, Валерий

 

Бақылау сұрақтары (кері байланыс):

 

  1. «Пропедевтика» деген не?
  2. «Ауру» ұғымына не кіреді?
  3. Субъективті зерттеу әдістеріне не жатады?
  4. Объективті зерттеу әдістеріне не жатады?

 

 


Информация о работе Жалпы медициналық білім беруде ішкі аурулардың маңызы. Пропедевтикалық клиниканың мақсаты. Ауру тарихының схемасы. Науқасты сұрастыру жә