Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2014 в 22:27, реферат
Педагогика ғылымы өзінің пәнін зерттей отырып, оқыту-тәрбиелеу процесінің теориясын жасайды. Теориялық білімге ұғым (категория), заңдар, заңдылықтар жатады, оларды зерттеу теорияны жасауға және оқыту-тәрбиелеу жұмысын, педагогикалық процесті ұйымдастыру әдістеріне бағыт береді.
Ұғымдардың көмегімен педагогикалық шындыққа, сонымен бірге біртұтас педагогикалық процеске да сипаттама беруге болады.
Жоғарғы оқу орнында біртұтас педагогикалық процесстің құрамдас компоненттері
Педагогика ғылымы
өзінің пәнін зерттей отырып, оқыту-тәрбиелеу
процесінің теориясын жасайды. Теориялық
білімге ұғым (категория), заңдар, заңдылықтар
жатады, оларды зерттеу теорияны жасауға
және оқыту-тәрбиелеу жұмысын, педагогикалық
процесті ұйымдастыру әдістеріне бағыт
береді.
Ұғымдардың көмегімен педагогикалық шындыққа, сонымен бірге біртұтас педагогикалық процеске да сипаттама беруге болады.
Оқытушы іс-әрекеттің объектісі ретінде студентті емес, педагогикалық процесті есептеуі керек. Мұғалім даярлаудағы мұңдай бағыттың кажеттілігі бірқатар зерттеулерде дәлелденген:
Мұғалім іс-әрекетінің объектісін оқып үйрену тұтас педагогикалық процестің мәнін анықтау керектігін қажет етеді. Диалектикалық материализмнің ұстанымында мән — бұл ең басты ішкі, біршама заттың тұрақты жағы (немесе оның жақтары мен қатынастарының қосындысы). Мән заттың табиғатын анықтайды, одан барлық қасиеттері мен белгілері шығады.
Қазіргі кезендегі тұтас педагогикалық процестің мәні туралы түсінік ғалымдардың бірнеше ұрпақтарының күш салуларының арқасында жинақталды, өйткені педагогикалық құбылыстар компонентері, қасиеттері, зандылықтар туралы дербес білімдері бірте-бірте жинақталады. Бірақ, бөлік туралы білім әлі біртұтас туралы білім емес.
«Педагогикалық процесс» деген термин ғылыми айналымға XIX ғасырдың
екінші жартысында (П.Ф. Каптерев) енгізілгенімен,
ұғымның мазмұндық сипаттамасын тек қана
тұлға теориясы, іс-әрекет теориясының
дамуы арқылы құбылыстарды зерттеуде
жүйелілік тәсіл қолдануды қалыптастыру
арқасында мүмкін болды. Педагогикалық
процестің мәні туралы әртүрлі көзқарастарды
(С.Т. Шацкий, Н.К. Крупская, А.С. Макаренко,
М.А. Данилов, Б. Т. Лихачев, Ю. К. Бабанский,
В. М. Коротов және т. б.) зерттеу жалпы тәртіптегі
қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Аталған
авторлардың назарлары эмпирикалық жолмен
жинақталған педагогикалық процестің
әртүрлі жақтары жайлы білімдер болаы.
Затты теориялық қарастырудың объектісі
болып заттың басқалармен байланысы және
дербес өздері емес, белгілі бір нактылықтың
ішіндегі басқа заттармен заттың бірі
байланысы, оған қатынасы.
Сонымен, педагогикалық процесс дегеніміз – білім берудің міндеттерін шешу мақсатындағы қоғамның, сондай-ақ жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған оқыту мен тәрбиенің құралдарын пайдалану арқылы білім берудің мазмұны төңірегіндегі педагог пен тәрбиеленушілердің арнайы ұйымдастырылған әрекеттестігі.
Педагогикалық процестің заңдарын білу оқытушы іс-әрекетін ұйымдастыруға жол табуға мүмкіндік береді. Зандылықтар мен принциптер педагогикалық процестің қызметін және оны нақгылы жағдайға сәйкес құрауды болжауға мүмкіндік береді. Мұғалімді дайыңдау сапасы тұтас педагогикалық процестің әртүрлі жақтары, қасиеттері мен сапалары туралы теориялық білімдер жайында және міндеттерге қатысы бар аумағы кең кәсіби міндеттерді қолдануға дайындығынан көрінеді.
Қандай да болмасын қиыншылықтарды, кәсіби міндеттерді шешуде маман еңбек процесіндегі әртүрлі элементтер, бөліктер арасындағы байланыстылықты анықтай отырып, оның жалпы құрылымын көре алады деген сөз. Мұғалім үшін мұның маңыздылығы тұтас педагогикалық процестің жүйелі-құрылымдық сипаттау, алда болатын іс-әрекеттің ойша моделін жасауға, нақтылы жағдайды ескере отырып, ұстаздар-оқушылар жүйесінің жағдайының дамуын болжауға мүмкіндік беретіндігімен анықталады.
Әлеуметтік жүйенің кез келген түрі сияқгы педагогикалық процесс те ашық болады, яғни ортаның ықпалын сезеді, бірақ ішкі белсенділік пен өзін-өзі реттеушілігімен көзге түседі. Осыған байланысты әлеуметтік жүйенің бір түрлілігі сияқты педагогикалық процес те солардың тегіндегідей белгілері болады (Абрамова Н.Т., Афанасьв В.П., Блауберг И.В., Садовский В.Н. және т.б.):
Көрсетілген
белгілер не себепті әрбір жеке бөлініп
алынған педагогикалық деректі тек кана
сипаттауға болатындығын, бірақ егер басқалардың
арасыңда оның орнын анықтауға және «ұстаздар-студенттер»
жүйесінде жеке бөліктерінің өзара әрекеттері
туралы анық түсінік болмаса, қандай шешім
қабылдауға қиын болатындығын түсінуге
көмектеседі.
Педагогикалық процестің ерекшеліктері оның құрамындағы бөліктерінің ішкі байланыстарында бейнеленеді. Процесс (латынның prosessis – қозғалыс) «алға басу» 1) «жағдай»; 2) белгілі бір нәтижеге жетудегі бірізді әрекеттердің бірлігін білдіреді. Көрсетілген «процесс» деген ұғымның мағынасы «ұстаздар-студенттер» жүйесіндегі түпкі мақсатқа бірізді әрекеттер бірліктері арқылы жету ұстаздан қандай нақтылы жағдайды өзгерту және осыған сәйкес қандай әрекет істеу керектігін білуді талап етеді. Бұл сұрақтарға жауап өз тарапынан сол байланыстармен оның болатын, өз арасындағы бар байланыстарымен және мұғалімнің педагогикалық процестің бөліктері мен құрылымын білуге тікелей байланысты болатын зандылықгарымен байланысты.
Процесс ұғымының мәні «педагог-студент» жүйесіндегі оқытушыға бірізді ұйымдастырылған әрекеттер жиынтығы негізінде соңғы нәтиже қандай болуға тиіс екендігін, ол үшін қандай өзгерістер жасау керектігін нақты білуді талап етеді.
Қазақстанда педагогикалық процестің негізін қалаған Н.Д.Хмель болатын. Сондай-ақ педагогикалық процесстің мәнін айқындау оның көптеген элементтерін айқындаумен тікелей байланысты.
Қазіргі кезеңде біртұтас педагогикалық процестің мәні өте зор, өйткені, қоғамдық-өндірістік қатынастың дамуы оқыту мен тәрбие бірлестігі принципінің толық іске асуын талап етеді. Білім беру мен тәрбие міндеттерін толық шешу үшін сабақ үстінде әрбір тақырып бойынша оқуды тәрбиемен үйлестіріп өткізу – оқу-тәрбие процесінің басты шарты.
Педагогикалық процесті ұйымдастыру барысында студент және студенттер ұжымы бір жағынан, тәрбие объектісі, екінші жағынан тәрбие субъектісі болады. Тәрбиенің субъектілері мен объектілерінің арасында әр түрлі байланыстар пайда болады.
Ал енді біртұтас педагогикалық процесстің бөліктеріне (компоненттеріне) келер болсақ, педагогикалық процестің жеке дара бөліктері (компонентері) туралы түсінік оның теориясын жасаудан біраз уақыт бұрын практикада жеткілікті дәрежеде жақсы белгілі болған. Олардың кейбір бөліктері (мақсат, міндеттері, мазмұны) өзгеру барысындағы қоғамдық өмірге мектептің әлеуметтік тапсырма ерекшеліктеріне байланысты қайта-қайта жаңадан қаралып жетілдіре түседі. Көрсетілген мәселені В.Е.Гмурман, В.С. Ильин, Б.Т.Лихачев және т. б. зерттеген. Г.К. Костюк ұстаздар мен оқушыларды педагогикалық процестің бөліктеріне жатқызады.
Педагогикалық процестің элементтерін алғашқы енгізген А.Г.Калашников болды. Ол педагогикалық процестің құрылымын (компоненттерін) төмендегідей қарастырады. Олар: мақсаты, міндеті, мазмұны, формасы, әдіс-тәсілдері. Бұл компоненттер бір-бірімен тікелей байланысты түрде іске асырылады, демек, педагогикалық процесс сонда ғана татымды нәтиже береді.
Тәрбие мен оқыту процестері бірте-бірте өзін-өзі тәрбиелеу және өз бетімен білім алу процестеріне ұласады. Сондықтан тұтас педагогикалық процесті оқыту, тәрбие, білім беру және даму процестерінің табиғи бірлігі деп қарастырған жөн.
Педагогикалық процестің нәтижелі болуы оның ішкі қозғаушы күштеріне байланысты. Қозғаушы күш деп қойылатын талаптармен оларды орындауға оқушылардың мүмкіншілігі арасындағы қайшылықты айтады. Егер қойылатын талап оқушылардың мүмкіншілігіне, яғни даму деңгейіне сай келсе, онда қайшылық даму процесінің көзіне айналады.
Қоғамның экономикалық мүмкіншілігі өскен сайын тұлғаны әржақты дамытуға үлкен жағдай жасалады, университеттің материалдық базасы жақсарады, тәлім-тәрбие, білім беру жұмысының сапасы жоғарылайды. Қазақстан Ремпубликасының субъектісі «Білім беру» туралы Заңында (1992 жылғы 18 қаңтар): «Мемлекет ... білім беру мекемелерін дүниежүзілік деңгейге бағдарланған нормативтер бойынша қаржыландыру және материалдық-техникалық жағынан жабдықтау жолымен білімділік мәртебесін арттыруға кепілдік береді», - деп жазылған.
Оқыту мен тәрбие тұтас педагогикалық процесте табиғи өзара байланысты. Бұлардың бірлігін бір-бірінен ажыратуға болмайтындығын дәлелдейді. Осындай тұтастық педагогикалық принциптердің жүйесін қалыптастыруға мүмкіншілік береді.
М.А Даниловтың көрсетуінше педагогикалық
процестің ішкі серпілісі оның негізгі,
басты өзегі, тәрбиенің мақсаты болады.
Жорамалдау бойынша, қандайда болмасын
мақсатқа белгілі бір мазмұнды іс-әрекеттер
міндеттерін шешу арқылы жетуге болады.
Сондықтан педагогикалық процестің (әлеуметтік)
бөліктеріне ұстаздарды және оқушыларды
(студенттерді) жатқызған жөн. Бұл педагогикалық
процестің адамзатгық факторы болады.
Олардың іс-әрекеттерінің бөліктерін
(мақсат, міндеттер, мазмұны, құрал, форма,
әдістер мен тәсілдер, нақтылы тапсырманың
түрі), маңыздылығы олардың оқушыларды
оқытудың мәнінің құрамына кіруінде.
Педагогикалық процестің мәнін терендеу және жан-жақты түсіну үшін тек бөліктер құрамын ғана емес, сонымен бірге олардың әрбірінің ерекшеліктерін білу керек. Педагогикалық процесс бөліктерінің ерекшеліктерін түсіну нақтылы оқу орнындағы педагогикалық процесіндегі солардың арасындағы объективті өмір сүретін ішкі байланыстарын анықтауға мүмкіндік береді.
Тұтас педагогикалық процестің мақсаты, міндеттері, мазмұны, формалары және әдістері қоғамның әлеуметтік, экономикалық талаптарына, саясатына байланысты.
Бөліктердің ерекшеліктерін қарастырайық. Отандық
педагогикада тәрбиенің мақсаты жан-жақты
тұлға дамуындағы, гумандық бірізділік
идеясы тұрғысынан анықталады. Педагогикалық
процестің мақсаты мен міндеттері тандап
алынатын іс-әрекеттің мазмұнын анықтайды.
Тұлғаның қальптасуы адам тегінің (тек
қана адамға тән) құралдарын, іс-әрекеттерін
меңгермейінше мүмкін емес. Әлеуметтік
тәжірибеде заттың өзінің жеке-дара элементін
адамзат іс-әрекетіне ауысуы, яғни адам
өндірісте қалыптасқан іс-әрекетті айқындау
(затсыздандыру). Мұғалім бұл тәжірибе
қандай іс-әрекет әдістері арқылы жасалынғанын
анықтайды. Ал индивидтің іс-әрекет тәсілдерін
меңгеру сол индивид тұлғасының өзгеруіне
әкеледі (заттандыру).
Іс-әрекет педагогикалық міндеттері шешу көзқарасы жағынан ықпал ету құралы болып табылады. Туған кезінен бастап даму үстіндегі индивидтің өміріне мынадай іс-әрекеттердің түрлері жүйелі кіреді: қарым-қатынас, ойын, еңбек (тұрмыстық, ақыл-ой, дене, өндірістік), өнер және табиғатты қорғау.
Сонымен, педагогикалық процестегі студенттердің іс-әрекеттерін қарастыра отырып, педагогикалық мақсатта ұйымдастырылған іс-әрекет олардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыру жағдайы болатындығына көзіміз жетті. Әдеттегі іс-әрекеттер түрлері (қарым-қатынас, ойын, еңбек) ортаның белгілі бір жақтарына бағытталған. Сондықтан педагогикалық ықпал етуді калыптастыру барысыңдағы тұлғаның ортамен (тек әлеуметтік қана емес, сонымен қатар табиғаттық, материалдық, рухани) алдын-ала қойылған мақсатқа байланысты өзара әрекетін реттеу маңызды.
Тұлға іс-әрекет барысында қалыптасады, іс-әрекет қандай болса, тұлға да сондай екені белгілі. Әртүрлі жас ерекшелік кезеңдерінде бір ғана іс-әрекет түрлері маңызды болып қалмайды, іс-әрекеттің езі барлық адамның саналы өмір кезендерінде маңызды.
Жоғары айтылғандарды жинақтай келе мынадай қорытынды жасауға болады:
Бірақ мұғалім студенттерді іс-әрекеттерге қосудың барлық мүмкіншіліктерін қолдануға қызықпауы мүмкін емес, сонымен бірге ол студенттердің нақтылы өзара әрекеттерін қамтамасыз етуі керек. Демек, бұрын барлық педагогикалық ықпал ету құралдары туралы айтылғандар педагогикалық процестегі нақтылы жұмыстың формасы, оған қатысушылардың өзара әрекеттерін ұйымдастырудың ерекшеліктерін көрсетеді деген қорытынды жасауға негіз бола алады.
Біршама консервативтік болғанмен, яғни уақыт өткен сайын аз өзгеретін таңдап алынған жұмыс формасы қойылған міндеттерді шешуге белгілі бір әдіс-тәсілдерді қолдануды талап етеді. Нақтылы педагогикалық процесте бұл әрқашанда нақтылы тапсырмаларды (жүктелген міндет, іс) орындаумен байланысты. Ұстаз үшін «еңбек затын» талдау (ол үшін оқу еңбегінің мазмұны болады) оқылатын материалды меңгеру үшін оқушылардың танымдық іс-әрекет тәсілдері ерекшеліктерін айқындау кажет. Студенттер үшін таным іс-әрекетінің «еңбек құралдары» (әдістер мен тәсілдер) олардың оқи алуы үшін, енді үйренуге керекті заттар. Сонда олардың педагогикалық процестің оқу және оқудан тыс аймақтарына белсенді қатысу мүмкіншілігі шындыққа айналады.
Информация о работе Жоғарғы оқу орнында біртұтас педагогикалық процесстің құрамдас компоненттері