Ұжымдық оқыту тәсілін кәсіптік білім беруде қолдану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2015 в 20:05, доклад

Описание работы

Білім беру саласына «технология» ұғымының енгеніне көп болған жоқ. Білім беруде «технология» термині тек қана жабдықтандыру және кейбір әдістемелер мен оқу әдістерін қолдану процесі емес. Технология өнер мен шеберлік ұғымдарын байланыстыратын педагогикалық қызметтің көпқырлы ұйымдастырылуын бейнелейтін күрделі жүйе. Бұл жүйе оқытушыны педагогикалық ойлаудың анағұрлым жоғары деңгейіне шығарады.

Файлы: 1 файл

баяндама.docx

— 31.11 Кб (Скачать файл)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

 

МӨЖ

(баяндама)

 

 

 

 

Орындаған: Кәсіптік оқыту мамандығының

1-курс магистранты  А.Ж.Қаирбаева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2015 ж

Ұжымдық оқыту тәсілін кәсіптік білім беруде қолдану ( технология немесе информатика пәндері мысалында)

 

Білім беру саласына «технология» ұғымының енгеніне көп болған жоқ. Білім беруде «технология» термині тек қана жабдықтандыру және кейбір әдістемелер мен оқу әдістерін қолдану процесі емес. Технология өнер мен шеберлік ұғымдарын байланыстыратын педагогикалық қызметтің көпқырлы ұйымдастырылуын бейнелейтін күрделі жүйе. Бұл жүйе оқытушыны педагогикалық ойлаудың анағұрлым жоғары деңгейіне шығарады. Технологияның барлық зерттеушілері мен авторлары бір ауыздан оқыту технологиясы оқу процесінің тиімділігін арттыруға, оқу саласын жетілдіруге бағытталған деп түсіндіреді. Қазіргі кезеңде педагогикалық технологиялар арсеналы үнемі байытылып отырады, ал практикаға оқу танымда тұлғаның шығармашылық дамуын жүзеге асыруға бағытталған оқу процесін ұйымдастырудың тамаша үлгілері енгізілуде. Бұл арада бейімдік және диалогтық технологиялардың, оның ішінде ұжымдық оқу әдістерінің мүмкіндігі жоғары.

   Қазіргі білім беру технологиясында оқушы мен оқытушы арасындағы әріптестік қарым-қатынасқа көп көңіл бөлінуде. Әлемдік дидактикада қазіргі кезде осындай әріптестікке үйретудің көптеген әдіс-тәсілдері бар. Оқу серіктестік формасында сабақ беруді алуан түрлі етіп ұйымдастыруға болады. Оқытудың белсенді тәсілдерін қолдану ғылыми білімнің гуманистік мазмұнын, құндылығын көрсетуге, оқушылардың шығармашылық қабілетін, дүниетанымын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мұның бәрі оқытудың мақсаты болып табылатын ұшқыр ойлы тұлға тәрбиелеуге, білімге қызығушылықтың артуына көмектеседі. Білім беру оқушының, ұстаздың, алға қойған мақсатын түсіне отырып, оны бірге жүзеге асыруға бағытталған болуы тиіс.

«Орташа қабілетті адам жеке жұмыс істегенге қарағанда, топпен жұмыс жасау кезінде екі есе артық шешім ойлап таба алады екен... Сонымен қатар, тәжірибе көрсеткендей жеке және топтық ойлауды кезектестіру үздік нәтижелер береді» (Г.Линскии, К.С. Халл, Р.Ф. Томпсон. Жалпы психология хрестоматиясы).

  Топтық жұмыстың технологиялық үрдісі мынандай кезеңдерден құралады:

  • Топтық жұмысты орындауға даярлық:
    • Танымдық міндеттер қою (проблемалық жағдайлар);
    • Жұмыстың сабақтастығы туралы нұсқаунама;
    • Дидактикалық материал үлестіру.
  • Топтық жұмыс:
    • Материалмен жұмыс, топтағы жұмысты жоспарлау;
    • Тапсырманы топ ішінде бөлу;
    • Тапсырманы жеке орындау;
    • Жеке нәтижелерді топта талқылау;
    • Топтың жалпы міндеттерін талқылау (ескертулер, толықтырулар, нақтылау, жалпы қорыту);
  • Қорытынды бөлім:
    • Топтағы жұмыстың нәтижелері туралы хабарлау;
    • Танымдық міндеттерді талдау;
    • Топтық жұмыстың қорытындылары мен қойылған міндеттерді шешу туралы жалпы тұжырым;
    • Мұғалімнің қосымша ақпараттары.

 

Тәжірибе көрсеткендей, егер кіріспе бөлігін бір уақыт бірлігі деп алсақ, онда топтық жұмыс шамамен алты бірліктен, қорытынды бөлімі екі бірліктен тұрады. Топпен жұмыс кезінде мұғалім түрлі функциялар атқарады: топтағы жұмыс барысын бақылайды, сұрақтарға жауап береді, жұмыс тәртібі мен қайшылықтарды реттейді, қажет болған жағдайда топқа немесе жекелеген оқушыға көмек көрсетеді.

Қазіргі кезде қоғамның әлеуметтік-экономикалық өміріндегі түбірлі өзгерістерге байланысты білім жүйесінде және оның мазмұны мен оқыту технологиясында да өзгерістер болып жатыр. 
Соның ішінде, ең бастысы, әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатындағы алғашқы қадамдар жасалып жатыр. Бұл қасиетті істерде мұғалімге қойылар талап та ерекше. Мемлекеттік білім саясаты да осы мұғалім арқылы жүзеге аспақ. Ал бүгінгі таңда мектептің, мұғалімнің ең қасиетті міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған, жеке, дарынды тұлға тәрбиелеу. Әр мұғалімнің алдындағы сәулелі мұраты – өз пәнінен білім беріп қана қоймай, әр баланың “менін” ашу, сол “менді” шығармашылыққа жеткізіп, баланың өзіне деген сенімін туғызу. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиет:

 

  1. Б.Г.Айманова, К.М.Батырова. Білім беру мекемесі басшыларының

    анықтамасы. №9 (45)-2010 ж. -25-27 б.б.


Информация о работе Ұжымдық оқыту тәсілін кәсіптік білім беруде қолдану