Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2014 в 10:42, реферат
Сабақ мақсаты:
Оқушылардың сабырлылық пен ұстамдылық қасиеттері бойынша білімдерін кеңейту, олардың тыныштық құндылығының мәнін ашуға ықпал ететінін ұғындыру.
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп:Кішкенекөл №1 орта мектебі Мерзiм №
Тақырып:
Құндылық:Сүйіспеншілік
Қасиеттер: сабырлылық,шыдамдылық, ұстамдылық
Мұғалiм: Сейсенбаева Динара Бақытқызы
Сынып:3 Оқушылар саны:19
Сабақ мақсаты: Оқушылардың сабырлылық пен ұстамдылық қасиеттері бойынша білімдерін кеңейту, олардың тыныштық құндылығының мәнін ашуға ықпал ететінін ұғындыру. Міндеттері:
|
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) |
Сабақ барысы:
Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену» Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар.Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін (баяу әуен ырғағымен).
Ойша нұрға бөленгеннен кейін жайымен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!
2.Үй тапсырмасын тексеру№19, «Сабыр түбі – сары алтын»тақырыбында эссе жазу. |
Сабақ барысын талдау: |
3.Дәйексөз.
|
|
Сұрақтар 1. 2. 3. |
|
|
|
|
|
«Кешірім қалай сұралуы керек? «Сабырлы болу үшін не істеу керек?»тақырыбында жадынама жазыңыз. (5-тен кем болмау керек) |
|
Ыңғайланып отырыңыздар,көздеріңізді жұмыңыздар. Бүгінгі сабақта не үйренгендеріңізді іштеріңізден қайталаңыздар.баяу әуен ырғағымен).
«Мен - сабырлымын, ұстамдымын. Мен үйде де, аулада да, мектепте де өзімді сабырлы ұстаймын, еш нәрсеге ренжімеймін.Сабырлы болу – ішкі тыныштығымды орнатады. Әуен дауысы бәсеңдегеннен
кейін көздеріңізді Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар! |
Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылы Семей облысының
Абай ауданынының Шыңғыстау бөктерінде
туған. Әкесінен жеті жасынан жетім қалды
десек те, атақты Құнанбай қажының ерке
немересі, ақылы мен білімі дария Абайдай
ағасы бар бала Шәкәрім материалдық жағынан
да, рухани жағынан жоқшылық пен жетімдік
көрмейді.
Бойында табиғи таланты, ақындық дарыны
бар Шәкәрімнің өмірдегі ұстазы, мектебі,
университеті – Абай болды. Ұстазының
«Ғылым таппай мақтанба, пайда ойлама,
ар ойла, талап қыл артық білуге, артық
ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» –
деген өсиетін бойына сіңіріп, санасына
тоқып өскен Шәкәрім ғылым-білім жолында
бар өмірін сарп етті. Жеті жасынан өлең
шығара бастаған дарынды бала жасы он
бестен асқанда, ақылы кемелденіп, ой өрісі
тереңдеп өсе бастайды, ғылым жолына қарай
ойысып, ақындық өнерін де жарыққа шығара
бастайды. Түрік, араб, парсы, шағатай және
орыс тілдерін жетік меңгерген ақынның
бойынан әлем мәдениетінің озық үлгілерінің
көбін оқығанын байқауға болады.
«Шәкәрімнің өмірі – өлеңінде» деп ғалым
абайтанушы, шәкәрімтанушы, мұхтартанушы
Қайым Мұхамедханұлы айтқандай, «Мұтылғанның
өмірі» деген ғұмырбаяндық дастанына
шолу жасасақ, оның бар-өмірін танып білеміз.
Ақын: «Он жасыма келген соң, домбыра, гармонь
білген соң, мылтық атып жүрген соң, аңшы
боп түстім азапқа» дейді. Жасы он бестен
асқанда, ақылы кемелденіп, ой өрісі тереңдеп
өсе бастаған Шәкәрім ғылым жолына ойысып,
ақындық өнерін де жарыққа шығара бастайды.
Ақындық өнер жолына
түскенде он тоғыз жасында жазған өлеңі
көбінесе жастарға арналған.
Кел жастар, біз бір түрлі жол табалық,
Арам айда, зорлықсыз мал табалық,
Өтпес өмір, таусылмас мал берелік,
Бір білімді данышпан жан табалық…деп,
жастарды Абайдан үлгі-өнеге алып, тәлім
алуға шақырады.
«Жиырмадан өткенде,
азғана ғылым оқыдым, Алғыздым кітап шеттен
де, көңілге біраз тоқыдым деген ақынның
жиырма жасында жазған өлеңдері көбіне
жастық, махаббат өлеңдері болды.
Ол алғашқы жинағы «Қазақ айнасындағы»
(1912) өлеңдері қамтитын тақырыптың бастысы
– адам тағдыры, адам өмірінің мәні, адамгершілік
тәрізді философиялық ой-таным. Жанға,
тәнге, көңілге, өлім мен өмірге байланысты
өлеңдер («Өзіме», «Өмір», «Талап пен ақыл»,
«Адамшылық», «Адам немен», т.б.) Шәкәрім
поэзиясының желісі. Өлеңдерінде ой-тереңдігі,
ақындық танымның кеңдігі көзге айқын
шалынады.
«Жиырма мен қырықтың арасы: жас өмірдің
сарасы, бос өткенін қарашы»,-деп налиды.
«Туған елім надан бұл» деп қапалана отырып,
өз мінін ашық айтып аяусыз сынайды. Яғни,
бұл кезде Шәкәрім Құнанбай әулетінің
дәстүрімен болыстыққа сайланады.
Шәкәрім өзінің жазған өмірбаянында ойлаған
ойын, сезім-сырын, наным-танымын, істеген
ісін, қысқасы, бар шынын – жасырмай да
асырмай, қалқысыз көңілмен айқындап,
ашық айтады.
Ақын қажылыққа барған сапарында Стамбул
кітапханаларында болып, көптеген ғалымдармен
жолығады. Сапар мақсатын «Мұтылғанның
өмірі» деген өлеңінде ұзақ айтады:
Он үш күн боп Стамбулда,
керек кітап табылғаны-ай!
Парижда да оқыған жан,түрік, шеркеш һәм
үндістан…
Сол ойды бес жыл жаздым,арыдым, шаршадым,
аздым.
Көп инемен құдық қаздым, сырым, ойым, жайым
сондай,-дейді.
Міне, сонау қиын-қыстау тар заманда дүниеге
келген, арнаулы білімі жоқ ақынның адам
ретінде, азамат ретінде қалыптасқан қабілетіне,
табиғат бойына аямай берген талатының
тереңдігі мен данышпандығына тәнті боласыз.
Шаһкәрім – философ.
Ол тек қазақ халқының ғана емес, барлық
туыстас түркі халықтарының, тіпті барлық
Шығыс мәдениетінің, одан қалды орыс халқымен
барлық Еуропа елдерінің философиялық
ой-танымдарын зерлеп, өз халқының ұлттық
дәстүріне негіздей отырып, жетілдіріп,
философиялық ойымызды, дүниетанымымызды
әрі қарай дамыта түскен ойшыл.
Ақын «Көп білімім жоқ бойымда, шын мақтан
жоқ ойымда, кеш сөзімнің кемдігін»,-деп
өзінің білімінің аздығына кешірім сұрайды.
Дегенмен, ойшылдың өз бетімен ізденіп,
қол жеткен білімі аз болмаған. Әдебиет,
өнер жағын былай қойғанда, дүние жүзіне
аты әйгілі философтардың біразын оқығаны
байқалады. Мысалы, ХІХ ғасырдың екінші
жартысында бүкіл Еуропаға кеңінен тараған
неміс философы Шопенгауэрді оқып, оның
пессимистігін сынап, өз ойын айтады:
- Шопенгауэрдің
дүние – дозақ, бұл дүниеде
тыныш өмір сүруге болмайды
дегені дұрыс емес, – дей келе:
дүние – дозақ емес, бейіс, бейісті
дозақ етіп отырған адам
Әлемнің інжу-маржандары:
Аристотель, Ибн-Сина, Ұлықбек, Кант, Платон,
Сократ, Әбунасыр сияқты философтарының
еңбектерін оқып, зерттеген Шәкәрімнің
философиялық ой-танымына таңданбасқа
болмайды.
Шәкәрімнің көп өлеңдерінде адамның көңіл-күйі,
ішкі сезім әсерлерін сипаттайтын философиялық
тақырыптар елеулі орын алған.
Шәкәрімнің өмірі
мен шығармашылығы – өте күрделі құбылыс.
Шәкәрім еңбектері – өмір мен қоғамның
қыр-сырын сала-сала етіп мазмұндық баяндауда
да, сол мазмұнға философиялық, ғылыми
мән беруде де, мазмұн мен бірлігін көркемдік
тұрғыда өрнектеуде де көп жүйелі, терең
мағыналы туындылар. танытатын өлеңдерді
де көптеп жазды. Оларда азаматтық сарын
басым болып келеді. «Қазағым», «Қазақ»,
«Тағы сорлы қазақ», «Партия адамдары»,
«Бостандық туы жарқырап», «Бостандық
таңы атты» өлеңдерінде ой тереңдігі арқылы
замана шындығын ашудағы ізденістері
байқалады.
Ғылымның түпкі атасы – Таза ақыл мен
ойлану дейді.
Шәкәрім кітаптан жан деген не? Дін деген
не? Барша ғалам қалай жаралған? деген
сияқты сұрақтарға жауап іздеген.
Адамдардың өмірдегі қарым-қатынасы, ақыл-парасаты,
ой тазалығы адамның уайым-қайғыға бой
алдырмай, саналы түрде өмір сүруіне бағыт
жасайтынын айтады.
Сыр айтайын мен сізге, Әр түрлі жай бар
басымда.
Елімнен кеттім елсізге, елуден асқан
жасымда, -деген ақын ой қуып елсіздегі
Саятқорасына кеткен ақынды сол кездегі
солақай саясаттың адамдары оның бұл жалғыздығына
күдіктеніп, «бандамен байланысы бар,
қажының баласы» деп ақыры мерт қылады,
сөйткен асыл ағамыздың денесі отыз жыл
бойы құрқұдықта жаты.
Бұл тарихта кешірілмейтін күнә.
Уалиханов ауданы
Кішкенекөл№ 1орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Сейсенбаева Динара Бақытқызы
Менің шынайы көшбасшым
Өмірлік жан- жарым.
Өмірге шыр етіп дүниеге келгеннен-ақ, өмірдің иісін,ана махаббатын ,әке махаббатын сезіну табиғаттын бір бөлшегі деп білемін.Өмірдің ақ-қарасын ажырата білуге үйренесің.
Әйел адам табиғат заңдылығымен отбасын құру, басына қоңғын бағынды қадірлеу,аялау әр пенденің парызы деп есептеймін.
Мен-адаммын.Өмірдегі үлкен әлемге қадам бастым.Шын ниетімен,жүрек қалауыммен өмірлік жарыммен қосылып,бақытты ғұмыр кешудемін.
Әр адам үшін мақтан тұтатын көшбасшысы болады деп ойлаймын.Менің де өмірдегі шынай көшбасшым –жан жарым деп санаймын.
Біріншіден,біреудің сүйікті баласы,тірегі,арқа сүйер ағасы болса,екіншіден балаларымның сүйікті әкесі,қамқоршысы ,үшіншіден жан жолдасым,шаңырақ иесі –Сарқытжаным.
Балаларыма ікелерінің қаншалықты тамаша жан екенің,инабатты,ақылды.үлкенге -құрмет,кішіге- ізеттілігін білдіретінін,сыпайлылығымен елінің беделді,сыйлы,туған-туысқандар
Құдай қосқан жарымды шыр етіп дүниге әкелген ақ жаулықты,түн ұйқысын төрт бөлген анасына ізгілік білдіріп,басымды иемін.Себебі,өз жолын таппағанша,баланы,соншалықты ақылды,инабатты,жүрегін мейірімділікке толтырып,еңбексүйгіштікке тәрбиелеп ер жеткізген.
«Алла,бала бер,бала берсең сана бер!» -деп,бекерге айтпаған.Жолдасымның жақсы қасиеттері көп.Сыпайлылығымен,әр мәселені ақылмен шеше алатынын,қайырымдылығымен ешкімге қиянат жасау білмейтін,қиындыққа тап болған жанға әрдайым қол ұшын беріп тұрады.
Мысалға,бір оқиғаны баяндасам деймін.Жолдасым адал жолмен нанын тауып жүрген қарапайым жандардың бірі ғой,ауылдағы тұрмысы нашар отбасыларға үнемі, аямай барынша көмек беріп жүреді.Наурыз қарсаңына жеті отбасына тамақ су,киім кешек,отынмен қамтамасыз етті.Бұл қылығын үлкен ерлік,қайырымдылық деп есептеймін.Бұл әрекеті жолдасымның қаншалықты мейірімді екеніне тағы бір көзім жетті.
Бұл –ақиқат .Адам бойында болатын бес қасиеті бар қазақ елі әр уақытта мықты да,берекелі ел болар олар,
1. Сүйіспешілік
2. Қайырымдылық
3. Еңбексүйгіштік
4. Сыпайлылық
5. Жанашырлық