Өзін – өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 19:02, лабораторная работа

Описание работы

Тұлғаны қалыптастыратын педагогикалық құбылыс «өзін-өзі тәрбиелеу» деген атқа ие болады. Оның мәні – тәрбие субъектісінің орнының ауысуында, енді тәрбиеленушінің өзі мәдени үлгіні мінез-құлықпен сәкестендіреді. Өсіп келе жатқан бала тәрбие жалауын педагогтан алады және оны әрі қарай өзін-өзі жетілдіру жолында алып жүреді. «Өзін-өзі» тәрбиелеу кешегі тәрбиеленушінің субъектілігін көрсетеді, ол бүгін өзін тәрбиелеуші ересектердан босатты және ол өзінің «Менің» өзінің қабылдауымен ойластырылған әрекетінің объектісіне айналдырады.

Файлы: 1 файл

Өзін – өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу 3-4.docx

— 14.89 Кб (Скачать файл)

Қ.ЖҰБАНОВ атындағы АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК 

УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

 

 

Өзін – өзі тәрбиелеу  мен қайта тәрбиелеу

 

 

 

 

 

Орындаған: Казыбаев Н.

 

 

 

 

 

 

Ақтөбе 2013 жыл

Тұлғаны қалыптастыратын  педагогикалық құбылыс «өзін-өзі тәрбиелеу» деген атқа ие болады. Оның мәні – тәрбие субъектісінің орнының ауысуында, енді тәрбиеленушінің өзі мәдени үлгіні мінез-құлықпен сәкестендіреді. Өсіп келе жатқан бала тәрбие жалауын педагогтан алады және оны әрі қарай өзін-өзі жетілдіру жолында алып жүреді. «Өзін-өзі» тәрбиелеу кешегі тәрбиеленушінің субъектілігін көрсетеді, ол бүгін өзін тәрбиелеуші ересектердан босатты және ол өзінің «Менің» өзінің қабылдауымен ойластырылған әрекетінің  объектісіне айналдырады.

Баладағы эмансипация  құбылысы ерте басталады. Ол екі жасында  қолына қасық алып, «Мен өзім» дейді. Есейе келе, ол «Мен өзім білемін, маған өмір сүруді үйретудің қажеті жоқ!» деп те айта бастайды. Бұл заңды құбылыс, яғни субъектінің өзіне-өзі тәрбиеші болуына жағдай жасайды. Бұл әлеуметтік мүмкіндік баланың субъектілігіне қарай әртүрлі іске асады. Максим (5,5 жасар) «бұрышқа» тұрғызылды. Ол өтінішпен айқайлайды: «Бұрыштан шығуға бола ма?» Ата-аналарының жауабын күтпей-ақ өзіне-өзі былай деді: «Жоқ болмайды. Неге кішкентай қызды ұрдың?» Бұл өзін-өзі тәрбиелеудәі өзі емес әрине, бірақ, міне, бастауы бар.

Ал Толстойдың жаман қылықтардан  айрылмаған жағдайда өзін-өзі атамын деп қаруды жұмыс үстеліне қойып  қоюы өзін-өзін тәрбиелеудің классикалық  моделі болып табылады деген пікірдеміз.

Тамақтанумен байланыста аналогияны жалғастырсақ, басында баланы тамақтандырады, сосын оған тамақ  пісіреді, сосын ол өзі тамақ пісіреді, кейін тіпті сол тамақты өзі  сатып алатын жағдайға жетеді, ата-аналардың  қатысуынсыз-ақ тамақтану режимін  орнатады. Бұл ұқсастық тіпті жануарлар  әлемінде де бар, яғни өзін-өзі тәрбиелеуге  негіз бар деген сөз. Бірақ  бұл олай емес. Жануарлар әлемінде субъектілік жоқ, ал өзін-өзі тәрбиелеу  субъектісіз болмайды.

Тек жақсы ұйымдастырылған  тәрбие ғана өзін-өзі тәрбиелеуге  әкеледі, біріншіні екіншісінің  сапасын көрсетеді деп айтуға болады. Бұдан педагог баланы онда өзін-өзі тәрбиелеудің белгілері білінгеннен-ақ тастап кетеді деген емес. Тәрбиенің өзі өзін-өзі тәрбиелеуді қосақтап алып жүреді. Осыған байланысты тәрбиелеудегі заңдармен қатар өзін-өзі  тәрбиелеудің де тетігін педагог жақсы түсіну керек. Бала тәрбиелеуде педагогтар жиі қолданатын «өзін-өзі тану», «өзін-өзі бағалау», «өзін-өзі жетілдіру», «өзін-өзі сену», «өзін-өзі дамытуы», «аутотренинг» терминерін білуі керек. Бұл терминдердің жиынтығы сыртқы әсерді шектейді де, олар назарға алынбайтын сияқты, бұл психологиялық-педагогикалық құбылыстардың қайнар көзі тәрбиеден анықталатын тұлғалық дамудың осы кезеңінде тұрған тәрбиеленушінің өзі болып табылады.

Педагогикада сонымен  қатар «қайта тәрбиелеу» деген термин де педагогикалық әрекеттің осы жағын бейнелейді. «Қайта тәрбиелеу» түсінігіне тұлғаның мінез-құлқы, тұлғалық қасиеттері әлеуметтік тұрғыда мақұлданбайтын деңгейде болса, оның үстіне құқық бұзулар да кезіксе, сол уақытта ғана жүгінеді.

Қазіргі педагогикалық ой-пікірлер мен гуманистік технология баланы сол  қалпында қабылдау, оның жеке басын  сыйлау, оның қалыптасу және даму тарихын  есепке алу ұстанымын дәлелдеп ұсынады. Сол жаңа гуманистік бағыттардан  кейін «қайта тәрбиелеу» термині өткенге саналып жүр. Дегенмен ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысында  алдыңғы қатарлы ойшылдар педагогтық күш-жігері тұлғадағы жетістіктерді қалыптастыруғы бағытталу керек деген пікір айтты. К.Д.Ушинский жақсы әдеттерді қалыптастыру арқылы тұлғаны жаман қасиеттерден арылтуға болады деп есептеген. Бұл ғылыми факт қазіргі уақытта адамның бостандық құқықтарын, тұлғаның жетістіктерін жария ететін жалпы адами мәдениеттің гуманистік тенденцияларына сәйкес келеді.

Ғылыми ұғымдар бүкіл  әлемдегідей, өзгермелі, яғни олардың  мағынасы қозғалысты. Бұл түсініктерді бүгінгіше түсіну бүгінгі анықтамаларды  білдіреді, бірақ ол бүкіл уақыттарда дәл солай бекіп орнықпайды. Басты  түсініктердің осы қозғалысы  педагогтарға тәрбие үрдісінің кез  келген сұрағын зерделеуге, әуелі  бұлардың мағынасын қарастырып, ұғынып алуға итермелейді. Тек осы түсініктің терминологиялық мағынасын түсініп  қана, біз құбылыстың жасырын мәні туралы сұрақ қоя аламыз.

А.С.Макаренко айтқандай, кез келген балаға жақсы мүмкіндік  берсе, ол жақсы бала болып өседі.

«Қайта тәрбиелеу» сөзінің ескіріп қалуында еш әбестік жоқ, бұл ғылыми ақиқат.


Информация о работе Өзін – өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу