Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2014 в 01:09, реферат
Өзін-өзі тәрбиелеу тұлғаның жетілуіне ұмтылу ретінде әрқашан да адамдарға тән болды, және ол өмірлік қажеттік ретінде басқа ұйымдастырылған тәрбие түрлерімен салыстырғанда анағұрлым ерте – адамзат тарихының алғашқы кезеңінде-ақ пайда болды. Өзін-өзі тәрбиелеудің гносеологиялық тамыры алғашқы қоғам дәуірінде жатыр. Сол кезде-ақ адамдардан өмірлік қажетті қасиеттерді (батылдық, тұрақтылық, аштыққа, суыққа төзімділік) дамытуды талап ететін салттар мен сенімдер болды.
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Өзін-өзі тәрбиелеудің құрылымы мен мазмұны
2. Өзін-өзі тәрбиелеудің құрылымдық компоненттері
3. Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Өзін-өзі тәрбиелеудің құрылымы мен мазмұны
2. Өзін-өзі тәрбиелеудің құрылымдық компоненттері
3. Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Өзін-өзі тәрбиелеудің құрылымы мен мазмұны
Өзін-өзі тәрбиелеу тұлғаның жетілуіне ұмтылу ретінде әрқашан да адамдарға тән болды, және ол өмірлік қажеттік ретінде басқа ұйымдастырылған тәрбие түрлерімен салыстырғанда анағұрлым ерте – адамзат тарихының алғашқы кезеңінде-ақ пайда болды. Өзін-өзі тәрбиелеудің гносеологиялық тамыры алғашқы қоғам дәуірінде жатыр. Сол кезде-ақ адамдардан өмірлік қажетті қасиеттерді (батылдық, тұрақтылық, аштыққа, суыққа төзімділік) дамытуды талап ететін салттар мен сенімдер болды.
Қоғамның дамуына байланысты өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі ертедегі ойшылдардың философиялық концепцияларына енді, жазушы, педагог және ғалымдардың назарын өзіне қаратты, педагогикалық, философиялық әдебиеттерде пайда болды.
Біздегі мәліметтер бойынша
алғаш педагогикалық іс-
Б.э.д. II ғ. Үндінің ұлы
данышпаны Панаджали жасаған
йога оқуы әлі күнге дейін өз маңызын
жойған жоқ. Йогада адам жаны – нирвананың
ең жоғары дәрежеге дейін жетілуіне
ерісу жолы анықталған. Йогада адамның
өз психикасы мен
Йогтар жасап шығарған
өзін-өзі тану тәсілдері мен әдістері
адам организмі мен психикасының
жасырынған ішкі резервтерін - өзін-өзі
игеру, басқару, тыныс алуды, дене температурасын,
ас қорыту қызметін реттеу, жүрек-қантамырлар
жүйесінің қызметін, эмоционалдық жағдайды,
сезімдерді, тілектерді, рухани және дене
қажеттіліктерін басқаруды
Өкінішке орай, кәп нәрсе адамның өзіне байланысты екендігін бәріміз бірдей аңғара бермейміз. Талантты өнертапқыш Эдисонның батыл топшылауында шындық бар екені сөзсіз: «Данышпан – бұл 1 пайыз шабыт, ал 99 пайыз – тер төгу». Өзін-өзі тәрбиелеу жолымен әрбір адам үздік жетістікке жетпегенімен, адамның потенциалдық күшінің зор екендігі соншалық, ол өз мүмкіндігін аша білген жағдайда елеулі өзгеріс жасай алады.
Вавилонияда, Ассирияда, Египетте, Үндістанда алғашқы мектептер шіркеулерде (абыздар үшін), сарайларда (ақсүйектер үшін) ашылды.
Шығыстың жоғары дамыған мәдениетінің мұрагерлері - ежелгі гректер оны Еуропаға және бүкіл әлемге жеткізді. Ежелгі шығыс ойшылдарының бірі Демокрит (б.э.д. 460-370 жж.) болды. Оның этикалық шығармаларында мынадай ой жатыр: «өмірден саналы рахаттану – жанның жарық және қалыпты жағдайында, табиғат пен үйлесімділікте, борышты орындауда, барлық нәрсенің өлшемінің болуында, рухтың батылдылығы мен ойлаудың өткірлігінде құрылады». Осындай жағдайға жету, - деп есептеді Демокрит, тек қана оқу мен өзін-өзі тәрбиелеу арқылы жүзеге асады.
Сократтың өзін-өзі тәрбиелеу идеясы оның философиялық жүйесінен келіп шығады: адам өз іс-әрекетін үйренгеннен кейін ғана ол өзін-өзі басқара және жетілдіре алады.
Сократтың шәкірттерінің
бірі Платон (б.э.д. 427-347 жж.) да философиялық
еңбектерінде өзін-өзі тәрбиелеу
мәселесіне назар аударған. Оның ойынша
өзін-өзі тәрбиелеу адамның
Платонның шәкірті Аристотель (б.э.д. 384-322 жж.) еңбектерінде грек философиясы жоғары деңгейге жетті. Оның адамгершілік тәрбиесі жайлы айтқан пікірлері өте құнды болып есептеледі. Аристотельдің айтуынша, адамды тәрбиелеудің негізі адамда ерік күшін, белсенділікті дамыту қажет. Адамның еркі мен мінез-құлқын қалыптастыру – оның өзінің ісі. Іс-әрекет үдерісінде ерік ақылға аффекттер мен құмарлықтан үстем тұруға көмек береді. Адам өзінде шыдамдылық, адалдық, жоғары интеллектуалдық сияқты қасиеттерді дамытуы керек.
Ежелгі Элладаның соңғы
көрнекті ойшылы Эпикур болды. Демокриттің
жалғасшысы ретінде ол да өзін-өзі
тәрбиелеу мен өз үстінде жұмыс
істеу әдістемесін жасау
Ежелгі Римде стоицизмнің жарқын өкілдері – Сенека, Эпиктет, Марк Аврелий болды.Олардың өзін-өзі тәрбиелеу саласында айтқан пікірлері өте құнды. XVII ғ. бастап педагогикалық үдерісс заңдылықтары, педагогика ғылымының негіздері жасалына бастады. Бұлардың қайнар көзі славян педагогы Я. А. Коменскийге барып тіреледі. Ол өзінің «Өмір ережелері», «Жастық шаққа арналған адамгершілік жайлы пікірлер» еңбектерінде өзін-өзі тәрбиелеу мәселесіне тоқталып өткен. Осы кезеңнің көрнекті өкілдері Джонн Локк, Ж. - Ж. Руссо, Монтескье, Гельвеций, Дидро т.б. еңбектерінде жастар тәрбиесіне, өзін-өзі тәрбиелеуге қатысты мәселелер көтерілген.
Америка қоғамында ірі қоғам қайраткері Вениамин Франклиннің (1706-1790) «Автобиография» атты кітабы ерекше маңызға ие болды. Онда Франклиннің өз үстіндегі жұмысы бейнеленеді. Ол қоғамда жаппай өзін-өзі тәрбиелеуді ұйымдастыруды армандады.
Ресей ғалымдары мен педагогтарының ішінен М.В.Ломоносов, А. Н. Радищев, А. И. Герцен, В. Г. Белинский, Н. А. Добролюбов, Н. Г. Чернышевский, т.б. атап өтуге болады.
Біздің еліміздің көпұлтты мәдениетінің тарихында қазақ ағартушылары Ы. Алтынсарин (1841-1889) мен А. Құнанбаев (1845-1904) маңызды орын иелейді. Олар өз халқының мүмкіндіктері мен қабілеттеріне, сарқылмас күшіне сенді, мәдениет пен ағартушылыққа өздерінің күш-жігерлерін жұмсады.
Ы. Алтынсариннің ойынша адам тек еңбек тек еңбек арқылы ғана бақытқа еріседі. Еңбекке деген сүйіспеншілік оның адамгершілігін нығайтады.
Өз халқының еркіндігі мен мәдениеті үшін А. Құнанбаев жалынды күрес жүргізді. Оның шығармашылық мұраларында біз оның «Қара сөздер» философиялық-этикалық пікірлерін табамыз. Оның ойынша, өмірдегі басты мақсат – рухани қасиеттер, тірі жанмен мейірімді жүрек, адамның қайғысына ортақ болу.
Келтірілген адамзат тарихының
барлық кезеңдеріндегі ойшылдар мен
ағартушы-ғалымдар, педагогтар, ақын-жазушылар
мен қоғам қайраткерлерінің зерттеулері
мен ой-пікірлері өзін-өзі
Өзін-өзі тәрбиелеуге
бағытталған жеке тұлғаның белсенділігін
қарастыра отырып, өзін-өзі тәрбиелеу
туралы айтылған біршама философиялық-
Өзін-өзі тәрбиелеу түсінігін
анықтау үшін алдымен осы үдерістің
мақсатқа бағытталған сипатын ескеру
керек. Мақсат адам іс-әрекетіндегі қажетті
жағдайларлардың бірі болғандықтан,
бұнда негізгі рөл атқарады. Яғни,
«мақсат қана адам іс-әрекетінің әдісі
мен сипатын заң секілді
Осы тұрғыда айта кететін
бір жәйт, өзін-өзі тәрбиелеу мен
өз бетімен жұмыс істеу
А. Г. Ковалев өзін-өзі
тәрбиелеу түсінігін басқаша
түсіндіреді: «Өзін-өзі тәрбиелеу
дегеніміз – жеке тұлғаның қазіргі
және болашақтағы іс-әрекетінің жемісті
болуы үшін өз бойындағы жаңа қасиеттерді
қалыптастыру мен жетілдіру мақсатында
өзімаен жүйелі, жоспарлы, саналы түрде
жұмыс істеуі». Бұл анықтамасында
ол өзін-өзі тәрбиелеудің мақсатқа
бағытталған сипатын осы
Осы айтылғандардан мынадай қорытынды шығаруға болады: өзін-өзі тәрбиелеу дегеніміз – адамның өзін-өзі жетілдіруге жұмсаған мақсатты іс-әрекеті.
Кейбір авторлар өзін-өзі тәрбиелеу түсінігін адамның санасында дұрыс бағаның болуы деп санайды. Мәселен, А. Я. Ареттің пікірінше, өзін-өзі тәрбиелеу дегеніміз бұл адамның өзі немесе ұжымның көмегі арқылы өзінің жағымды қасиеттерін дамытуы және де жағымсыз қасиеттерін өзгертуі. Бірақ өзін-өзі бағалау шынайы қалыптасып жатқан қасиеттердің объективті маңыздылығымен ұдайы сәйкес келе бермейді. Тіпті кейде сол қасиеттерді басқа адамдар жағымсыз деп тануы мүмкін. Негізінен, А.И.Кочетовтың тұжырымына сенсек, өзін-өзі тәрбиелеудің жағымсыз мотивтері болмайды, егер өзін-өзі дамытудың жағымсыз сипаты болса, онда бұл тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуі емес, жоғалтуы, бұзуы.
Олай болса, өзін-өзі тәрбиелеу дегеніміз – адамның өз бойындағы жағымсыз қасиеттерін жеңіп, жағымды қасиеттерін жетілдіру және дағдыға айналдыру жолындағы жүйелі де саналы іс-әрекеті.
Тұлғаның өз бетімен қабылдаған
шешімдерін тұрақты орындауы, күнделікті
іс-әрекетіндегі кездескен қиыншылықтарды
жеңуі, өзіне көп не аз мөлшерде болсын
талап қоюы өзін-өзі тәрбиелеуге
итермелейді. Өзін-өзі тәрбиелеудің
алғашқа элементтері мектеп жасына
дейінгі сәбилер мен естияр балаларда
байқалады. Бұл кезеңде баланың
өз қылығына қоршаған ортасындағы ересек
адамдар негативті реакция
Жасөспірімдік кезеңнің басты ерекшелігі тұлға ересек адамдарға еліктеп, өз қылықтарын түсінуге, өз ісінің дұрыстығын дәлелдеуге ұмтылады, яғни жеке қылықтары арқылы қасиетін танытады. Осылайша өзін-өзі тәрбиелеудің алғашқы міндеттері алдынан шығады.
Балаң жастағы бала үшін өзін-өзі тәрбиелеудің негізгі мотиві «өзіңді-өзің жаса», әлеуметтік және кәсіптік қарым-қатынасты толық өзін жүзеге асыруға қажеттілігін қамтамасыз ету болып табылады. Осы кезеңдегі тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуге деген қызығушылығын педагог қолдай отырып, өз тәрбиеленушілерінің құлықтық тәрбиеге деген сенімін бекітеді.